Лекция №14.
Тақырыбы: Нанотехнологияны енгізудің экономикалық және әлеуметтік әсері.
Жоспар:
Электроника және ақпараттық технологиялар.
Наноматериалдар және оларды өңдеу әдістері.
Нанотехнологиялар және қоршаған орта мен энергетика проблемалары.
Қоршаған ортаға тигізетін энергетиканың экологиялық мәселелерін шешудің жаңа жолы ол- нанотехнология (экология туралы толық мәліметтерді мына сайттардан алуға болады: www.tabisland.ne.jp/future/.
Ең маңызды экологиялық мәселелердің бірі біздің ғаламшарымыздағы атмосфераның орташа температурасының ұзақ өсуін айтуға болады. 1960-2000 жылдары бұл шама шамамен 0,50 С өсті, бұл өсу өткен жүз жылдықтың 80-ші жылдарында ерекше орын алды. Ғалымдар мұндай жоғарлаудың негізгі себебін (тас, көмір,мұнай) өнеркәсіптік қондырғылардың, автокөліктердің және т.б. көбеюімен түсіндіріледі. Жанатын өнімдерден (көміртектің екі тотығы, метан және т.с.с) және атмосфера температурасының (парникте өскен эффект) өсуінің негізгі факторларының өзара әрекеттесуі күндегі шағылысу әсерінен пайда болады.
Сондықтан экологияның басты мәселесі қазып алынатын отынның (мұнай, көмір) тұтыну деңгейінің төмендетілуі, атмосфераға тасталған көміртегі тотығының және жанудың т.б өнімдерінің көлемін кішірейту болып табылады. Сондықтан энергия көздерін және энергияны сақтау оны берудің тиімді әдістерін іздестіру (мысалы, күн батерияларын, жаңа үлгідегі зиянсыз жанармай жасау) ғылыми-техниканың маңызды мәселесіне айналды. Соңғы уақытта, күн энергиясын қолдануда пайдалы әсер коэффициентін жоғарлату үшін көміртекті нанотүтікшелерді қолданғаны туралы анықталды. Батерия және отындық элементтерге қатысты зерттеулер жүргізген кезде көміртегі нанотүтікшелер сутегінің үлкен көлемін адсорбциялауы мүмкін екендігі анықталды. Экологиялық қауіпсіз көлік құралдарын және өнеркәсіппен байланысты жаңа энергия құрал көздерін шығаруға, нанотехнологияның дамуына ең ірі жапондық автомобилдік концеріндері («Тойота», «Хонда» және т.б.) көніл аударды. Бұдан басқа экологиялық мәселенің бірі, күндегі ультракүлгін шағылысуында ғаламшардың беткі қабатын қорғауда және 20 км биіктікте орналасқан атмосфераның озон қабатын сақтау болып табылады. Соңғы жылдары озон қабатының бұзылуы өндірісте және күнделікті тұрмыста көптеген химиялық реагенттердің қолданылуында. Озон қабатының бұзылу процесінде маңызды рөлді «табиғи емес», әр түрлі мақсатта өндірілетін (аэрозоли, хладагенттер, ауа кондиционер қондырғылар және т.б) химиялық жасанды өнім фреон болып табылады.
Қышқыл жаңбырмен күресудің оңтайлы құралы мұнай мен көмір жандыруда жаңа қауіпсіз энергия көзіне өту болды. Нанотехнология табиғи энергияны қолдануда мысалы (күн энергиясын) орнатылған төмен пайдалы әсер коэффициентті қондырғылардың ашылуы кең етек алды, сонымен бірге көптеген энергиялардың құралдарын жетілдіруге және жасауға (мысалы, батерия, жанармай элементтерінің дамуына) арналған.
|