Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Пиридин, биотин және пантотен қышқылы



бет10/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Пиридин, биотин және пантотен қышқылы деп аталатын үш витамин табиғатта кең тараған, сондықтан адамдар олардың жетіспеушілігін сезінбейді. Арақты көп ішетін адамдардың денесінде бұл витаминдер ыдырап, жетіспеушілік тудырады.
В12 витамині анемия ауруларының қалыптасуын шектейді. Адамның ішек- қарынында жайласқан бактериялардың бір түрі осы ви таминді синтездеп, онымен адамды жеткілікті мөлшерде қамтиды. Өзге жануарлар, өсімдіктер бұл витаминді өндірмейді. Адам бауырында витамин В12 бірнеше жылға жеткілікті мөлшерде жинақталып сақталады. Сондықтан, бұл витамин сырттан сирек қолданылады.
Витамин А жетіспеушілігі көз қызыметін нашарлатып ксерофтальмия ауруын туғызады, теріде, көздің қарасында артық мөлшерде кератин деп аталатын ақуыздың түрі жинақталыды. Сондықтан витамин А жетіспеген кезде адамның көзі нашарлайды. Сонымен бірге, витамин А-ның артық мөлшері бауырда жинақталыды, қажетті мөлшерден 20-30 есе артық болса, онда адамды уландырады. Арктиканың суық суларын жайлайтын балықтардың, ақ аюдың бауырында витамин А өте көп болады. Ақ аюдың бауырын жеген адам уланып өліп кетуі мүмкін.
Витамин D жетіспегенде сәбилерде рахит ауруы пайда болады, ересек адамдарда остеомаляция ауруын туғызады. Бұл витамин кальций алмасуын реттейді. Кальций жетіспегендіктен адам сүйектері жұмсарып иіліп кетеді.
Витамин D3 адам терісіне күн сәулесі әсерінен 7- дегидрохолестеролдан түзіледі. Күн сәулесі жетіспейтін солтүстік аймақтарда сәбилерге балық майын, етін жегізеді. Рахит ауруында барлық сүйектер өзгереді: сәбилердің бас, кеуде, аяқ сүйектері әдеттегі пішіннен өзгереді. Ересек адамдарға тәулік бойы витамин D-ның қажетті мөлшері 10 микрограммға тең, артық мөлшері улы әсер етеді.
Витаминдер Е, К әдеттегі жағдайда адамдарға жеткілікті. Витамин Е тәулік аралығындағы қажетті мөлшері 10-30мг. Витамин К жас балаларға, операцияға ұшыраған ересек адамдарға беріледі. Артық мөлшері өте улы.

Лекция №5


Тақырыбы: Клетка органеллалары мен цитоплазма құрылысындағыдағы мембрандық принципі.
(1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет