Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Витаминдердің адам денсаулығына әсері



бет9/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Витаминдердің адам денсаулығына әсері.
Витамин В1- адам организімінде жетіспегенде бери-бери деген ауру туғызады. Бұл жүйке жүйесінің ауруын, бұлшық еттерін нашарлатады, қимыл-әрекеттерін бұзады, сезімді шатастырып психикаға әсер етеді. Ақырында жүрек қызыметінің жетімсіздігінен (жетіспеушілігінен) адам өлімге тіреледі. Жас адамдарға тәулік бойы 1,5 – 2,5мг витамин В1қажет. Витамин В1 ертеде, балықта, ас бұршақта, тазартылмаған дәндерде көп болады. Осы тағамдар арқылы витамин В1 қажетті мөлшерде организімге жеткізіледі. Ақ бидай ұнында, макаронда, ақ нанда витамин В1 өте аз. Арақ ішкіш адамдардың психоздары, жүцке жүцесінің қызыметінің бұзылуы, есінен айырылу ақаулары тиамин жетіспеуінен.
Никотинамид – бұл витамин өте маңызды тағамдар арқылы қабылданады. Тағамдарда жеткіліксіз болсапеллагра деген ауру туғызады. Пеллаграда тері ауруы – дерматит, ақыл сезімнің толыспауы, диарея пайда болады. Пеллагра кедей елдерде, адамдар қоректерінде негізінен жүгері молырақ , ал ет пен балық азырақ пайдаланатын елдерде көп кездеседі. Тәулік бойында адамдарға14-18мг никотинамид қажет. Никотинамид көп мөлшерде етте, бұршақта, жаңғақта, балықта болады. Ақ нанда, мақаронда, жүгеріде никотинамид өте аз.
Аскорбин қышқылы – витамин С адам организіміне жеткіліксіз жағдайда цига ауруын тудырады. Цинганы көкөністер, алма, лимон және тағы басқа цитрустар емдейді, себебі жемістерде витамин С көп. Сонымен бірге бұл көкөністерді қайнатқан кезде, ерекше тұщы суда, витаминнің көп мөлшері ыдырап жарамсыз болып кетеді. Темір немесе мыстан жасалған ыдыстарда витамин С сақталмайды. Ет, жұмыртқа, балық, қайнатқан сүт, кептірідген дәндерде витамин С жоққа тән. Тәулік аралығында адамға жеткілікті мөлшері 50-60 миллиграммға тең. Бала емізуші аналарға, қарт адамдарға үнемі көкөністер, жемістер қабылдауы қажет.
Рибофлавин – витамин В2жеткіліксіз кезде бет терісі, еріндер жырылып құрғап кетеді, анемия пайда болады. Рибофлавиннің көп мөлшері сүт, бауыр, жұмыртқа, ет, сары түсті көкөністер құрамында болады.
Өте кең тарағаны фолий қышқылының жетіспеушілігімен байланысты. Фолий қышқылы жасыл жапырақтан бөлініп алынған, өте кең тараған. Жетіспеген кезде анемия ауруын тудырады.
Фолий қышықылының жетіспеушілігі тропик аймақтарындағы елдерде кең тараған. Өте кедей отбасылар және қартайған адамдар фолий қышқылының жетіспеуін сезеді. Бұл витамин жапырақты көеөністерде, бауырда, еттерде көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет