Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет19/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Су тапшылығы. Солу - Өсімдік пен топырақ және атмосфера арасында үздіксіз су байланысы болғандықтан кезкелген ауытқушылық күйдегі барлық ылғалдың қайтадан бөлініп таралуын қажет етеді. Ылғалдылықтың ең жиі өзгерісі атмосферада, ең аз өзгерісі топырақта болады. Әдетте, атмосфералық қуаңшылық топырақ қуаңшылығын туғызады. Ылғал жетіспеушілігі жағдайында атмосфералық қуаңшылық біртіндеп топырақ қуаңшылығына айналады. Қуаңшылықтың соңы көп жағдайда аптап жел-аңызаққа ұштасады.
Әдеттегі жағдайдың өзінде өсімдіктердің суды сіңіруі мен буландыруы арасында алшақтық туады. Күн радиациясы мен температурасы барынша жоғары болатын тал түсте өсімдіктер транспирациясы күшейеді, осының нәтижесінде жапырақтар ылғал қорының едәуір бөлігін жұмсайды да, тургор қысымының айырылып, сола бастайды. Топырақтан сіңірілетін су өсімдіктің жер бетіндегі бөліктерінің жұмсайтын су шығынының орнын толтыра алмайды. Сөйтіп, су тапшылығы пайда болады. Өсімдіктің толық қанығуына жетпей тұрған су мөлшері су тапшылығы деп аталады. Су тапшылығы өсімдіктің әр түрлі мүшелерінде түрліше болуы мүмкін. Түнде өсімдіктің барлық бөлігінде су тапшылығы бірдей болады. Ең жоғары су тапшылығы транспирация қарқынды жүріп жапырақтарға тән. Күн сәулесі тікелей түспейтін жапырақтарда, сондай-ақ әдетте транспирациясы аз жемістерде де су тапшылығы шамалы болады. Мәселен, жаздың әдеттегі күнінде темекінің ұшы мен тамырға жақын жапырақтарының су тапшылығы шамасының айырмашылығы 8-22% болатыны анықталған. Су мүшелері мен ұлпалары арасында бөлініп таралады. Суды аз буландыратын жемістер белгілі дәрежеде ылғал резервуары болып табылады. Мақта өсімдігінде су қауашақтардан жапырақтарға ағып келеді. Жас жапырақтар суды кәрі жапырақтардан, одан соң сабақтардың өсіп келе жатқан ұштарымен тамырдан сорып алады. Су жекелеген өркендер арасында да бөлініп таралады. Қатарласа өскен өсімдіктердің тамырлары бір-біріне шырматылып, олардың арасында да ылғал бөлінісі болады. Осындай әдіспен өсімдіктердің тұтас бір тобы өзара байланыса алады.
Су тапшылығы тіпті бір жапырақтың көлемінде де байқалуы мүмкін, бұл оның пішініне, жартылай көлеңкеленуіне байланысты.
Түнге қарай трансперацияның кемуі немесе толық тоқтауы нәтижесінде өсімдіктердегі ылғал қоры толықтырылады, сөйтіп су тапшылығы жойылады. Күндіз пайда болып кешке қарай немесе түнде толықтырылатын су тапшылығы күндіз су тапшылығы деп аталады.
Атмосфералық қуаңшылық күннен-күнге арта отырып, өсімдіктер мен топырақтың бойындағы ылғалдың едәуір қорын әкетеді, сөйтіп топырақ қуаңшылығы басталады. Мұндай жағдайдағы су тапшылығының орны түнгі мезгілде толықтырыла алмайды. Таңертең өсімдіктің бойында біраз қалдық су тапшылығы болады, ол күндіз одан әрі арта түседі. Бұл кезде ұзақ мерзімдік су тапшылығы пайда болады. Күн сайын қайталанып, күшті арта түсетін ұзақ мерзімдік су тапшылығы тургордың толық жойылуына, өсімдіктің солып қалуы мүмкін, сондықтан да солудың екі түрін ажыратады. Су тапшылығының уақытша түрі де, ұзақ мерзімдік түрі де физиологиялық және биохимиялық процестердің барысына әсер етеді.
Су тапшылығы кезінде протоплазма өзгерісінің екі кезеңі байқалады. Оның бірінші кезеңінде протоплазманың құрылымы өзгереді. Бұл өзгеріс протоплазма тұтқырлығының кемуіне ұштасады. Екінші кезеңде протоплазмада жаңа құрылым пайда болады. Егер су тапшылығы біртіндеп басталып, жедел өнетін болса, онда бұл өзгерістердің бәрі де қайтымды болады. Протоплазма құрылымының екінші кезеңіндегі өзгерісі ақуыздық алмасуға байланысты. Су тапшылығы ұзақ мерзім сақталатын болса, көптеген ферменттер активтігінен айрылады. Су жетіспеушілігі жағдайында тыныс алу қарқындылығы алғаш арта түседі де, одан соң біртіндеп кемиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет