Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Тұқымның өнуі кезінде белок қорының ыдырауы және оған қатынасыушы ферменттер



бет27/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Тұқымның өнуі кезінде белок қорының ыдырауы және оған қатынасыушы ферменттер

Тұқым құрамындағы белоктық қор заттары басқа қор заттары сияқты гидролитикалық ыдырауға ұшырайды, белок молекуласын ыдыратушы ферменттерді протеолитикалық ферменттер немесе оларды протеаз деп атайды. Бұл ферменттің қызыметі нәтижесінде амин қышықылы мен аммиак тмөлшері артады. Мысалы: бір тәжірибеде жүгері тұқымының құрамындағы азот затының 96%-ті белок түрінде, ал тұқым өнгеннен 2күн кейін оның мөлшері 78% , 4 күннен кейін 61%, 8 күннен кейін 57% белок түрінде ғана қалған, оның орнына пептон мен амин қышқылдарының мөлшері артқан.


Кейінгі кезде пептонды тек трипсин ыдыратып қомай, ерекше қасиетті эрипсин ферментіде жүргізетіндігі белгілі болды. Бұл ферменттің трипсиннен айырмашылығы бүтін белок молекулаларына әсер етпейді. Сондықтан жануарлар денесінде белокты ыдыратушы бірінен кейін бірі кезектесіп отыратын /ыдыратушы/ 3 түрлі ферменттер болады: пепсин, трипсин және эрипсин. Өсімдіктер денесінде протеаз ферменттері кейінгі кезде ғана анықтал ды. Белок молекуласына күшті әсерін тигізуші ферментке, яғни протеазға- папайотинді атауға болады. Бұл фермент қауын ағашының /дынное дерево/ жеміс сөлінен бөлініп алынады.
Кейінгі жылдардағы жүргізілген зерттеу жұмыстары протеаз ферменттеріне көптеген жаңалықтар енгізді. Қазіргі кезде протеаз ферменттерін 2 үлкен топқа бөледі:
І – Протеин аздар – тікелей белок молекуласына әсерін тигізетін ферменттер.
ІІ – Пептидаздар - белокқа әсер ете алмай, тек пептондарға, полипептиттерге әсер ететін ферменттер.
Протеиназдардың өзі 3 ке бөлінеді:
1/ күшті қышқыл ортада әсер ететін – пепсиназдар.
2/ Әлсіз қышқыл немесе бейтарап ортада әсер ететін- папайназдар.
3/ Сілтілі ортада белсенділігі артатын- триптаздар.
Пептаздар және триптаздар негізінен жануарлардың ас қорытуға қатынасатын бездерінде болады. Бұл ферменттерді жануарлар денесінен бөліп алғанда өз қызметін атқармайды. Бұл ферменттер тек насекомдармен қоректенетін өсімдіктердің ерекше “бездерінде” болады. Қызметін тек тірі денеде ғана жүргізетін мұндай ферменттерді – эндоферменттер деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет