Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет21/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Лекция мәтіні: Зат алмасу тіршіліктің негізгі көрсеткішінің бірі. Тірі дене сыртқы ортадан үздіксіз зат қабылдап, ол қабылдаған затын өзінің денесін құратын затына айналдырады /ассимиляция/, сонымен қатар ол заттарды ыдыратады /диссимиляция/. Тірі организімде бұл екі процесс бір мезгілде /бір уақытта/ өтіп организмнің сыртқы ортасымен қатынас жасайды.
Организм мен сыртқы орта жағдайлары біртұтас, себебі организм сыртқы орта жағдайларынсыз тіршілік ете алмайды. Сыртқы орта жағдайларының өзгеруі организмнің тіршілігін өзгертеді, ал ол зат алмасуды өзгертеді.
Өсімдік денесіндегі заттардың алмасуымен танысу тек өсімдік тұқымында емес, сол сияқты қор заттарының жинақталатын, қыстап шығатын мүшелерін алуға да болады. Мұндай өсімдік мүшелері: тамыр тү йінде, жуалар мен жуашықтар, өсімдік тамырлары және көп жылдық өсімдіктердің құрылымдық бөліктері, бұтақ қабықтары мен өзек терін атауға болады. Заттардың алмасуына мысал, гетеротрофты қоректенетін төменгі са тыдағы бактерияларды да алуға болады. Өсімдік денесінде жиналатын заттар түрі өте көп және алуан түрлі химиялық құрамды. Бұларды негізгі үш топқа бөлуге болады: май заттары, қантты яғни көмірсулар және белок заттар.
Алғашқы қор заттарының екі түрінің химиялық құрамы өте қарапайым болып, негізінен олар көміртегі, сутегі, оттегінен тұрады. Бұл екі топтағы қосылыстар құрамында азот болмайды, сондақтан олар азотсыз қосылыстар деп аталады. Ал белок тобына жататын заттардың құрамы күрделі болып, оларды жоғарыдағы 3 түрлі элеметтерден басқа азот, күкірт, ал кейбіреулерінде фосфор элеметтерінде болады. Өсімдік мүшелерінде қор зат ретінде қант, май және белок заттарынан басқа да қосылыстар да болады, оған: глюкозидтерді, фосфатидтерді, алколоидтар мен кейбір органикалық қышқылдарды атауға болады.
Өсімдік тұқымының құрамындағы қосылыстардың кездесу мүшелері әртүрлі қатынаста болады. Оның құрамында азоты жоқ заттардың мөлшерін алсақ бұлардың біреуі басым, ал екіншісі аз мөлшерде болады. Мысалы, өсімдіктердің тұқымдары көмірсулы болып келсе, онда май аз болып, керісінше майы көп болса, онда қантты заттары аз болады. Өсімдік тұқымындағы қорлық заттардың кездесу табиғатына қарай майлы немесе крахмалды болып екіге бөлінеді. Майлы тұқымдағы май 30-60%-ке дейін жетеді. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет