Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет47/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Фотосинтез және түсім


Өсімдік құррамындағы заттарға анализ жасау нәтижесінде бұл заттардың 90-95%-ы фотосинтез процесінде түзілетіні анықталды. Демек, өсімдіктерде фотосинтез неғұрлым активті өтетін болса, өсімдіктің салмағы соғұрлым артады да, түсім соғұрлым жоғары болады.
Алайда органикалық заттардың тыныс алуы, мүшелер мен ұл палардың табиғи жойылуына,сондай-ақ тамырдың топыраққа заттар бөліп шығаруына жұмсалуы фотосинтездің түсімін кемітеді.
Органикалық заттар энергия бөліп шығару арқылы ақырғы минералдық өнімдерге дейін ыдырай отырып, тыныс алу процесі барысында жұмсалады. Фотосинтездің әлсіз өтуі кезінде түзілген органикалық заттардың бәрі де тыныс алуға жұмсалуы мүмкін. Мұндай жағдай жапырақтың түсуі жеткіліксіз болған кезде ұшырасады. Тыныс алуға жұмсалатын заттардың мөлшері фотосинтез кезінде түзілетін заттардың мөлшеріне тең болатын мұндай жарық түсу күші компенсациялық нүкте деп аталады. Фотосинтез кезінде әдетте мүшелер мен ұлпалардың тыныс алуына қажетті шамадан артық мөлшерде заттар жиналады. Алайда, тыныс алуға жұмсалатын заттар шығыны айтарлықтай шамаға жетеді. Мәселен, қыша өсімдігі егіс тік жағдайында тыныс алуға бүкіл органикалық заттардың 27%-на дейінгі мөлшерін жұмсайды, бұл одан алынатын ақырғы түсімді кемітеді. Ағаш тектес өсімдіктер де органикалық заттарының осындай мөлшерін тыныс алуға жұмсайды.
Онтогенз барысында мүшелер мен ұлпалар біртіндеп қартаяды да,өсмідіктер ескі жапырақтарының біразын түсіреді, қабығынан, сабағынан, түйіндерінен айырылады. Өсімдіктердің мұндай табиғи шығындары да олардың фотосинтез нәтижесінде жинаған органикалық заттарының жалпы мөлшерін кемітеді, бұл оның ақырғы түсімінің мөлшеріне әсер етеді.
Түсімнің екі түрін ажаратады;
1.Биологиялық түсім – Тбиол. өсімдіктің жалпы құрғақ салмағын қамтиды.
2. Шаруашылық бағалы бөлігінің түсімі – Тшар. биологиялық түсімнің белгілі бір бөлігін құрайды.
Лекция № 17
Тақырыбы: Өсімдіктердің минералдық қоректенуі.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Өсімдіктердің минералдық заттар мен қоректенуі.
2. Минералдық элементтердің өсімдіктегі мөлшері.
3.Өсімдіктердің азотпен қоректену ерекшеліктері.
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет