Лекция мақсаты: Өсімдіктердің минералдық заттар мен қоректенуі мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Осы бағытта алғашқы болып тәжірибелік зерттеулер жүргізгендердің бірі голландия ғалымы Я.Б. Ван- Гельмонт болды (1629) ж. Ол өз тәжіребесінде талдың бір кішкене өркенін алып, ішіне белгі мөлшерде топырақ салынған жәшікке өсімдік отырғызып , бес жыл бойы өсімдікті әлсін -әлсін жаңбыр суымен , немесе қайнатылған сумен суарып өсірді. Тәжірибенің соңында өсімдік пен топырақты қайта өлшеп , өсімдік салмағының 33 есе артқандығын , ал топырақ салмағы небәрі 50-60 грамға кемігенін байқады. Осыған байланысты өсімдік негізінен сумен ғана қорек тенеді деген қорытынды жасады.
Оның тәжірибелерінің нәтижесі өсімдіктің сыртынан қабылдаған заттары денесінде күрделі өзгерістерге түсетіндігі туралы көзқарас туғызды ,
Содан бастап , өсімдіктің қоректенуіне ең маңызды орта – топырақ екендігі туралы деректер жинақталды.
Батыс Еуропада XVIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың алғашқы кезеңдерінде қоректенудің тағы бір түрі “ гумустық (қара шіріктік ) теориясы ” кең орын алаы. Осы теорияны негізгі жақтаушылардың бірі неміс ғалымы А. Тэер топырақтың құнарлығы қарашірікке (гумусқа) байланысты , себебі ол су мен қатар өсімдік үшін негізгі қорек болып есептеледі деді .
Тэер және осы теорияның басқа жақтаушылары топырақтағы минералдық заттар органикалық қосылыстардың ыдырауы жеңілдетіп, олардың өсімдікке оңай сіңетін күйге ауыстырылатын қосалқы маңыз атқарады деген қорытынды жасады .
Сол кездердің өзінде ғана Буссенго, Шпенгель және Либих сияқты ғалымдар гумустық теорияға қарсы шықты .
Буссенго өзінің “азоттық теориясын ” дамытты. Ол өзінің жеке меншік шаруашылығында 1836 жылдан бастап ауыспалы егістік тәжірибелерін жүргізіп, егілген дақылдарджың түсімін есептеп, құрамындағы көміртегінің , азот және күлдің мөлшерін анықтады . Нәтижесінде түсім құрамындағы көміртегінің мөлшерін қарашіріктегі мөлшеріне байланыссыздығын және азоттың мөлшері ауыспалы егістікте бұршақ тұқымдастардың үлесі көп болған сайын көбейетіндігін байқады.
Неміс ғалымы Шпенгель өсімдіктер және ауадан сіңірген анорганикалық заттардан жылудың электрлік қуаты және ылғалдың көмегімен органикалық заттар құрастырылады деген маңызды қорытынды жасады .
Неміс химигі Ю. Либих гумустық теорияға қарсы шығып , 1840 ж. өзінің “химия в приложинии к земледелию и физиологии ” деген еңбегінде “өсімдіктердің минералдық қоректену ” теориясын ұсынды Бұл тиеория бойынша топырақтың құнарлығын негізінен минералдық заттар қалыптастырады . Оның ойынша қарашірік аналық тау жыныстарының ыдырауын жылдамлатып,СО2 пайда болу үшін және топырқтың минералды қабатын қалыңдату үшін қажет. Ол бірінші болып топыраққа тыңайтқыш ретінде минералдық заттар қолдануды ұсынды . Өсімдіктердің қоректенуінде минералдық элементтердің маңызы дұрыс бағалаған мен Ю.Либих өсімдік азотты ауадан аммиак күйінде қабылдайды.
Сонымен қатар ол дақылдардан алынған түсім құрамындағы минералды заттарды жыл сайын топыраққа қайтару қажеттігін ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |