Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет53/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Кальций - өсімдіктерде көп мөлшерде кездесетін элементтердің бірі болып табылады. Мысалы, астық дақылдардың бір гектарінан алынатын түсімі 20ц болғанда құрамында 20кг Са болса, беденің 60ц пішенінде – 140кг, күнбағыс дәнінің13 ц/га түсімінде – 135кг, қырыққабаттың 1 гектардан алынатын түсімі 500ц болғанда300 кг Са болатындығы анықталды. Осыған байланысты өсімдіктер кальцийге құмар (кальциефилдер) және кальцийді жақтырмайтындар (кальцифобтар) деп бөлінеді. Бірінші топқа эспарцет, беде, жоңышқа, қант қызылшасы т.б,екінші топқа бөрібұршақ, шәй жатады. Бұршақ тұқымдастарда, қарақұмықта, күнбағыста, картопта, т.б. өсімдіктерде Са өте көп мөлшерде болады да, астық дақылдарда, зығыр қант қызылшасында аздау болады. Кальций, әсіресе, тамырдың өсуіне пайдалы әсер етеді Кальцийсіз ортада тамырдың өсу аймағы бұзылады. Кальций жетіспегенде, ең алдымен, жас меристемалық, ұлпалар және тамыр жүйесі зардап шегеді. Бөлінген клеткаларда жаңа клеткалық қабықтар қалыптаспайды да, көп ядролы клеткалар пайда болады. Жанама тамырлардың және тамыр түкшелерінің қалыптасуы тоқтап, тамырдың өсуі нашарлайды. Кальций тапшылығынан пектинді заттар бөрітіп, клетка қабықтары сілемейленіп, клеткалар бұзылады. Нәтижесінде тамырлары жапырақтары, сабағышіріп, кұріп кетеді. Жапырақ ұштары мен жиектері алдімен ағаріп, соңынан қараяды да, алақаны қыңырайып, шиыршықтанып қалады.
Магний - атмосферадағы таралу жағынан магний сегізінші орын алады – 2,1%. Топырақ құрамындағы мөлшері – 05% шамасында ғана. Топырақтағы Mg минералдар, алмасқыш, топырақ ерітіндісінде иондар күйінде кездеседі. Өсімдік тамыры еріген және алмасқыш магнийді оңай сіңіреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердегі магнийдің мөлшері 0,02-ден 3,1 %-ке дейінгі аралықта болады. Балдырларда – 3,0-3,5 %. Қысқа күндік өсімдіктерде (жүгері, тары, картоп, қызылша, темекі, бұршақ) көбірек мөлшерде болады. Өсімдіктің жас мүшелері мен ұлпаларында көбірек жиналады. Магнийдің тапшылығынан пластидтердің қалыптасуы да нашар. Жапырақтың жасыл жүйкелерінің араларында ашық-жасыл, соңында сары-ақшыл түстеніп, дақтар және жолақтар пайда болады. Жапырақ жиектері сары, сарғыш-қызыл немесе қызыл-қоңыр түстеніп өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет