Лекция № 27
Лекцияның тақырыбы: Гормандар туралы түсінік. Фитогормондар.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары:
1.Фитогормондар.
2.Ауксиндер. Гиббериллиндер.
3.Цитокининдер. Этилен. Абсциз қышқылы.
4.Өсуді реттеуші химиялық заттар.
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты: Гормандар туралы түсінік.
Лекция мәтіні: Фитогармондар - Өсімдіктің өсу процестері арнаулы заттардың әсерімен реттеліп отырады. Олар өсуді ретттеуші заттар деп аталады. Кейбір өсуді ретттеуші заттар организімнің өзінде түзіледі, сондықтан оларды фитогармондар дейді. Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер,этилен, абсциз қышқылы (АБК) жатады. Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қогсылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды.
Ауксин барлық жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда түзіледі. Мысалы, ананас өсімдігінің құрғатылмаған 1кг салмағында 6 мг ауксин болады.
Ол өркендердің ұштарында, жапырақтар мен тұқым жарнақтарында, өсіп келе жатқан ұрықта түзіледі. Өсімдік тозаңында да ауксин көп кездеседі. Ауксиннің тасымалдануы үшін энергия қажет, тыныс алу тежелгенде оның тасымалдануы тоқтайды. Ауксин жасушаның созылуы кезеңіне жағдай туғыза отырып, өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Бұл жағдайда ауксин қабықшасының қасиетін өзгертіп, оеы жұмсартады, ондағы пектиннің мөлшерін артттырады, сондай-ақ қабықшаға неғұрлым созылмалы, серпімді және су өткізгіштік қасипет береді. Цитоплазмада осымен бір мезгілде ақуыздар синтезделуі жақсарады, ал митохондрияларда тыныс алу процесі күшейіп, цитоплазманың тұтқырлығы мен өзгергіштігі өзгереді. Ауксиндер өркендер мен жемістердің өсуін күшейтеді, бірақ тамыр жүйесі мен жапырақтарға шамалы әсер етеді. Концентрациясы аз болған кезде ауксин өсу процесін күшейтеді, ал концентрациясы жоғары болғанда тежейді. Жасушаларда ауксин глюкозамен, аспарагин қышқылымен және ақуызбен байланысты болуы мүмкін. Мұндай қосылыстар ұлпаларда ауксин көп болған жағдайларда түзіледі. Ауыл шаруашылығы практикасында ауксин қалемшелерді түптендіру және томаттың жеміс салуын арттыру үшін, гүлдердің, түйіндер мен жемістердің түспеуі үшін қолданылады.
Гибберллин. 1938 жылы фузар саңырауқұлағының тіршілік өнімі ретінде гибберллин бөлініп алынады да, кейінірек оның химиялық табиғаты анықталды. Бұл фитогармон кейін жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Қазқіргі кезде гибберллиннің 30-ға жуық түрі белгілі.
Гибберллиннің ең жақсы зерттелген және ең активті түрі А3 гибберллині, оны гибберллин қышқылы деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде гибберллиенге ұқсас заттар да кездеседі, тіпті бір өсімдіктің өзінде гибберллиннің 2-3 түрі кездеседі. Өсімдіктердің дамуы барысында ондағы гибберллиеннің жиынтығы өзгеріп отыруы мүмкін. Гибберллин өркендер мен тамырдың ұштарында, жас жапырақтар мен ұрықта түзіледі. Ол өзі синтезделген жерлерден фломаны бойлай отырып қозғалады. Бұл фитогармон жасушаның бөліну және созылу кезкеңдеріне әсер етеді. Алайда ауксинге қарағада ол жасуша қабықшасына әсер етпейді, түйіндердің, жапырақтар мен жемістердің түсіп қалуына кедергі жасамайды. Гибберллин қосалқы тамырдың түзілуін тежейді, алайда сабақтың өсуіне жағдай жасайды. Ол тіпті сабағы өте қысқарған жертаған өсімдіктердің негізгі өркендерінің күшті өсуіне себепші болады. Гибберллин жапырақтың өсуі мен тұқымның өсуіне қолайлы әсер етеді. Ол өсімдіктің дамуын тездетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |