Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Белок қоры және оның гидролиттік өнімдері



бет25/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Белок қоры және оның гидролиттік өнімдері


Өсімдікте азотты қор заттар негізінде белок күйінде жинақталады. Бұл заттар молекуласы өте күрделі, кем дегенде құрамында 5 элемент түрі болады: “С” , “О” , “Н” , “N” , “S” , және “P” енеді. Азот мұнда 15 тен 19% дейін. Белок заттары полисахаридтер сияқты ірі молекулалы, сол се бепті коллойдтық қасиетті, оңай гидролизденіп, оңай кристалданатын қарапайым заттар түзеді. Бұл заттар енгізінен амин қышқылдары. Бұдан белок молекулалары біренше амин қышқылдарының бір-бірімен қосылу нәтижесінде түзілген зат деп тану керек. Белок молекуласын түзетін амин қышқылдарының 20-дан астам түрі бар. Белок молекулалары әртүрлі амин қышқылдарынан түзілетіндіктен, оның түрлері де көп.


Тұқымда қор заты ретінде жиналған белок алейрон дәндерін құрайды. Жер асты өсімдік қор зат қоймалары, мысалы картофельдің тамыр түйініндебелок кристал пішінді болады. Белоктың гидролиздік затында амин қышқылдарынан басқа, аз мөлшерде аммиакты және көмірсуларды кездестіруге болады.
Белоктың классификациясы олардың құрамына байланысты болуы керек, бірақ осы күнге дейін ондай тиімді (рациональды) классифкация табылған жоқ. Сол себепті белокты ескі классификация бойынша бөліп жүр. Белокты заттар қарапайым немесе протейндер, күрделі- протейдтер деп 2 топқа бөлінеді. Екінші топтағы заттар: белок молекуласына байланысқан затқа қарай, егер ол зат көмірсу заты болса глюкопротеидтер, ал нуклеин қышқылдары болса нуклеопртейдтер деп аталады. Нуклеопротеидтер клетканың ядро құрамының негізін құрайды. Амин қышқылдары түрлі электролиттер тәрізді. Амин қышқылдарының амфотерлік қасиеттері бар.


R- CH- COOH cyда R-CH -COO +H2O

NH3 +
NH2 HCI+
+ KOH
R-CH-COOH R- CH- COOK

NH3CI NH2


Амин қышқылдары орын алмастыру реакцияларына да түседі.
Нуклеопротедтер клетка ядросынның негізін құрайды. Ал қарапайым топтағы белоктар өз алдына мынадай болып бөлінеді.
1/ Альбуминдер – суда ериді.
2/ Глобулиндер- суда ерімей, әлсіз бейтарап тұз ерітінділерінде ериді.
3/ Проламиндер – суда да және тұз ерітінділерінде де ерімей, 70%спиртте ериді.
4/ Глютелиндер – жоғарыда аталған еріткіштердің барлығында ерімей, тек әлсіз сілтіде ериді.
Өсімдікте қор ретінде жиналатын белоктар негізінен қарапайым белоктар тобына енеді. Оның ішінде альбуминдер өсімдік клеткаларында болмайды. Оның өте аз мөлшері астық дақылдары мен бұршақ тұқымының құрамында ғана болады.
Глобулиндерге бұршақ және басқада бұршақ тұқымдас өсімдіктер тұқымдарының құрамында лебулин вециллин, ал лобияда, бөрі бұршақта фазеолин, люпинде – конглютин, сорада – эдестин бар.
Проламиндерге жататын белоктардың маңыздыларына мыналар: глиадин бидайдың желімдік затында, гордеин арпада, зеин жүгері тұқымының құрамына енеді.
Глютелиндер тобына: глютенинді атауға болады. Ол бидайдың кілегей затының құрамы.
Өсімдік клеткасының ядро және протоплазма құрамына енетін белоктар, қор заты ретінде жиналған белоктан өзгеше болады. Бұл белоктар негізінен күрделі белоктар протейдтер. Осы протейдтерді, әсіресе нуклеопродейдтер толық зерттелген . Бұл, протоплазма және ядроның негізгі белок түрі. Нулеопротейдтердің құрамы өте күрделі, жануарлар қарын сөліндегі пепсинмен әректтестіргенде нулеопротейдті белок тобының негізін нулейнмен ажыратады. Ал бұдан әрі нуклейн затын гидролиздеитін болсақ, белок тобынан нулейн қышқылы бөлінеді, бұл заттың белокқа тән ешбір қасиеті болмайды. Нулейн қышқылы гидролиздену нәтижесінде фосфор қышқылына, көміссуға, пурин және перимедин негіздеріне айырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет