Кутикулалық транспирация – Судың тікелей жапырақ бетінен булануы кутикулалық транспирация деп аталады. Устицалар ашық болған жағдайда судың кутикула арқылы булануы жалпы транспирациямен салыстырғанда мардымсыз болады. Бірақ, устицалар жабық болса мысалы қуаңшылықта, кутикулалық трнаспирация көптеген өсімдіктердің су алмасу процесінде маңызды орын алады. Кутикулалық транспирацияның қарқындылығы жалпы транспирацияның 50 пайызға дейін ғана жетуі мүмкін. Бұндай деңгей кутикуласы жетіліп қалыптаспаған жас жапырақтарда ғана байқалуы мүмкін. Толық жетілген жапырақтардың кутикуласы да қалыптасқандықтан кутикулалық транспирация жалпы транспирацияның 1/10 –дей шамада болады. Көлеңкеге төзімді өсімдіктерде кутикулалық транспирация 50 пайызға дейін жетеді. Мәселен; қайынның жас жапырағында кутикула 51%, ал устицалық 49%. Ал оның ескі жапырағында кутикулалық 15,4%, устицалық 84,6%тең болады.
Лекция № 12
Тақырыбы: Өсімдік организміндегі су жолы.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Судың топырақтан тамыр арқылы сіңуі.
2.Тамырдың құрылысы және өсуі.
3.Тамырға судың сіңірілуіне сыртқы жағдайлардың әсері.
4.Апопласт пен симпласт тасымалдау жолдары.
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Достарыңызбен бөлісу: |