Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Апопласт және симпласт тасымалдау жолдары



бет38/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Апопласт және симпласт тасымалдау жолдары.
Тамыр жасушаларының сору күші әдеттегі жағдайда топырақ ерітінділерінің сору күшінен 5 – 6 атм артық болады. Топырақтан сіңірілген су өсімдіктің тамыры мен сабағындағы бірқатар тірі жасушалар мен іші қуыс түтіктер, трахея мен трахеидтер арқылы өтеді. Сондықтан судың өсімдік тамырының ұшынан жапырақтың буландыру бетіне дейінгі өтетін бүкіл жолы мынадай екі аралықтан өтеді: 1) тамырдың тірі жасушалары мен жапырақ пренхимасы; 2) ксилеманың, трахея мен трахеидтер дің түтіктері.
Тірі жасушалар арқылы судың жүретін тірі протопластар немесе жасуша қабықшалары арқылы өтеді. Жасуша қабықшасы бойымен судың қозғалуы пассивті түрде өтеді, оның негізінде дифуфузия құбылысы жатады және ол бос кеңістік арқылы жүзеге асырылады. Бос кеңістіктің көлемі ұлпаның жалпы көлемінің 8 – 10%- ын құрайды. Жасушаның бос кеңістігі қабықша целлюлозасының микро- және макрофибриллалар аралықтарынан тұрады. Олар жасуша аралығымен бірге бірыңғай байланысқан жүйе құрайды. Су және онда еріген ұсақ молекулалар бұл жүйеге пассивті түрде өтеді. Бос кеңістік меристемалық жас және өсуі жетілген жасушалардың қабықшаларынан, тіпті ақырғы өзгеріске ұшыраған ксилема жасушаларының қабықшаларынан да табылған.
Су және еріген заттардың өсімдік бойымен өтетін жола апопласт және симпласт жолдары болып екіге бөлінеді. Жасуша қабықшасында бос кеңістік жасуша аралықтарымен бірігіп, біртұтас апопласт тасымалдау жолын құрайды. Оларға ксилема мен оның қабықшасндағы бос кеңістігіде қосылады.
Тірі жасушалардың протопластары плазмодесма арқылы бірігіп, біртұтас симпласт кеңістігін құрайды. Тірі жасушалар арқылы өтетін су апопласт және симпласт жолдарымен қозғалады.
Лекция № 13
Тақырыбы: Өсімдіктердің құрғақшылықққа төзімділігі.
(1 сағат)
Жоспары:
1. Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі.
2.Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін арттыру.
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет