Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет67/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Лекция мақсаты: Тыныс алу процесіне әр түрлі жағдайлардың әсері мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Өсімдіктердің тыныс алуы үнемі өзгеріп отыратын процесс, ол көтеген ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты. Тыныс алу субстраттары, физиологиялық процестердің жалпы активтігі, өсімдіктердің жасы, ұлпалардың түрлері және олардың орналасуы, өсімдіктердің географиялық щығу тегі осындай жағдайлар болып табылады. Сыртқы жағдайлардың ішінен оттегінің болуы, температура, жарық түсу жағдайлары, ортаның ылғалдылығы тыныс алуға әсер етеді.
Тыныс алу процесінің дең гейі көп жағдайда ұлпалардың мүшелерінде орналасу ретіне де байланысты. Мүшелердің сыртқы бетіне жқын орналасқан және оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілген ұлпалардың тыныс алу қарқыны едәуір жоғары болады. Картоптың тыныс алу қарқыны 1г құрғақ салмағына бөліп , тәулік ішінде өлшесек, ол жұмсақ түйнегінде 3,8 мг, қабығында 11,3 мг, көзшелерінде 13,8 мг СО2- ге тең болады. Лимон жемісінің тыныс алуқарқынында да осындай айырмашылықтар бар. Оның тұтас жемісінің тыныс алу қарқыны 12,4 мг СО2, жұмсақ етінде – 10,6, ал қабығында 69,3 мг СО2-ге тең болады. Ұлпалар қаншама тереңдікте орналасса, оттегін соншама аз қабылдайды және тыныс алу қақыны соншама төмен ьолады.
Отогенз барысында өсімдіктің дамуына байланысты оның тыныс алу қарқыны да өзггеріп отырады. Тыныс алу қарқыны өсімдіктің өсе бастауынан оның толық қалыптасуынан дейін үздіксіз арта береді. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде ол максимум шамаға жетеді де, біртін деп кемиді.
Өсвімдіктің тіршілігін қамтамасыз ету шегінде оның температурасының артуы тыныс алу процесін күшейте түседі. Мұнда тыныс алуға қажетті минимум, оптимум және максимум температураны ажыратуға болады.
Тыныс алу процесінің барысында басқа да көптеген факторлар бір мезгілде әсер етеді, сондықтан тыныс алу қандайда болмасын бір фактордың өзгерісіне тәуелді болмайды. Тыныс алу процесі үшін маңызды болып табылатын көптеген факторлардың тиімді ұштасып келуі де осындай себептерге байланысты тұрақсыз болады. Өсімдіктерге аэробтық, сондай-ақ анаэробтық тыныс алу процесі тән. Алайда, өсімдік ұзақ уақыт анаэробтық жағдайда бола алмайды. Ұлпаларда анаэробтық тыныс алу өнімдері – этил спирті мен СО2 жиналады да, біртіндеп өсімдікті уландырады. Дегенмен, оттегінсіз ортаға едәуір бейімделген өсімдіктер де бар. Оларға батпақты жерлерде немесе оқтын-оқтын су басып кететін жерлерде өсетін өсімдіктер жатады. Тал тұқымдастардың кейбір түрлері, жолжелкен, күріш өскіндері оттегі жетіспеушілігіне айтарлықтай төзімді келеді.
Өсімдіктердің тыныс алу процесіне жарық айтарлықтай әсер етеді. Қараңғыдан жарыққа көшіргенде көптеген өсімдіктердің тыныс алуы күшейе түседі, ал өсімдіктердің енді бір тобында жарық бұл процесті баяулатады. Мұндай жағдайға әсіресе көлеңкеде өсетін жапырақтар сезімтал келеді, жарық әсер еткенде олар тыныс алу процесін тез арада күшейтеді. Басқа мүшелермен салыстырғанда жапырақ жапырақты өте сезгіш болады.
Ұлпалардың сумен қамтамысыз етілу деңгейі белгілі дәрежеде тыныс алу процесіне әсер етеді. Өсімдіктердегі су мөлшерінің азюы мен олардың солуы көптеген өсімдіктерде тыныс алуды күшейтеді. Тұқым ылғалдылығының ерекше зор маңызы бар. Астық тұқымдастар тұқымының ылғалдылығы 12% болғанда, олардың болар-болмас тыныс алатыны байқалады, мұнда өсу процесі тежелген, тұқым тыныштық күйде болады. Көп жыл бойы сақталатын тұқымдардың тыныс алу процесі өте баяу өтеді. Тұқым ылғалдылығы өскен сайын, оның тыныс алу қарқыны да күшейе береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет