Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет69/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Тыныс алу және жарық. Тыныс алуға жарықтың әсері әліге дейін жете зерттелмеген. Дегенмен, жарықтың өсімдік организміндегі барлық процестерге әсерін тигізетіндігі ешқандай күмән туғызбайды. Жарықтың әсерінен жапырақта тотықсыздырғыштар (аскорбин қышқылы,т.б.) пайда болады, ұлпалардың тотықсыздырғыштық қабілеті күндіз жоғарылайды да, түнде төмендейді. Түнгі мезгілде жапырақта, әсіресе лимон қышқылыныңмөлшері көбейеді.
Түнгі тыныс алуда фотосинтездің алғашқы өнімдері өсімдіктің құрылыстық бөліктеріне айналып, белок молекулаларының құрылысын жаңартады,клеткадағы иондық айырмашылықтарды сақтайды.
Тыныс алуға температураның әсері. Тыныс алу негізінен биохимиялық-ферменттік процесс болғандықтан басқа процестерге (фотосинтез) қарағанда температураның өзгеруіне сезімталдау келеді. Оның қарқындылығы орта температурасы тіршілікке жағымсыз шекке дейін жоғарылаған сайын үдей түседі. Бірақ, осылайша өзгеру өсімдіктердің түрлерінде ғана емес, жеке өсімдіктің жеке мүшелері мен ұлпаларында да біркелкі болмайды.
Сонымен, өсімдіктердің жеке түрлерінде, органдарында тыныс алудың белгілі ең төмен (мүмкін), қалыпты және өте жоғары (максимум) температурасы болады. Қыстайтын өсімдіктердің тыныс алуы фотосинтезге қарағанда анағұрлым төмен (-250С) температурада байқала береді. Қоңыржай аймақтың өсімдіктерінің көпшілігінде тыныс алудың қалыпты температурасы 30-400С шамасында, яғни, фотосинтезбен салыстырғанда 5-100С жоғары болады.
Тыныс алуға ылғалдың (судың) әсері. Тыныс алу қарқындылығы өсімдік ұлпаларының ылғалдығына да байланысты өзгереді. Бұны бидай дәнінің әртүрлі ылғалдықта тыныс алуынан айқын байқауға болады.
Тыныс алу химизмінің өзге жолдары - Гликолиз және одан кейін келетін Кребс циклі жолымен жүзеге асатын химизм тыныс алудың бірден-бір ғана әдісі емес. Глюкоза пентозофосфат циклі бойынша тотығуы мүмкін. Бұл циклдің ерекшелігі –мұнда глюкоза триозаға ыдырамастан бірден фофоглюкен қышқылының лактонына дейін тотығады, ал лактон бұдан соң гидратация және тотығу дикарбоксилдену процесіне ұшырайды. Осы реакциялардың нәтижесінде түзілген рибулеза-5-фосфат бірқатар басқа моносахаридттрге айналады. Тыныс алудың пентозофосфат циклі кезінде NADH-тың 12 молі түзіледі, бұл глюкозаның 1 моліне АТР-ның 36 молі келетінімен сәйкес болады. Энергетикалық жағынан пентозофосфат циклі гликолиз бен Кребс цикліне тең. Өсімдіктердің көпшілігінен пентозафосфат циклінің барлық ферменттері табылған. Өсімдіктердің әр түрінде тыныс алу химизмі екі типте жүруге болады деуге болады. Тыныс алудың екі типінің арақатыныс өсімдіктердің түр ерекшеліктеріне және өсіп жетілу кезеңдеріне байланысты болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет