Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Оқытушы мамандығын әр түрлі мінезді, әр түрлі темпераментті адамдар меңгеретіндіктен, қарым-қатынас стилі де әр түрлі болып келеді. Қарым-қатынас стилі ұғымына В.А.Кан-Калик: “Қарым-қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық арақатынасының жеке-типологиялық ерекшеліктерін айтамыз: а) мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері; ә) педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қалыптасуы; б) педагогтің шығармашылық тұлғасы; в) оқушы ұжымының ерекшеліктері” деген анықтама береді.
Қарым-қатынас стилі дегеніміз - педагог пен оқушылардын, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері.
Педагогикалық қарым-қатынас түйіндеп айтқанда мұғалімнің әзіндік қол таңбасы.
Педагогикалық қарым-қатынастың жалпы және жеке стилерін ажыратуға болады.
Педагогикалық қарым-қатынастың мынадай стилдері болатындығын атап айтуға болады.
Бірлескен творчестволық іс-әрекетке әуестенуге байланысты.
Қарым-қатынас, шекаралық (дистанциялық) ыңғайластыққа.
Қорқытып-үркітуге негізделген қарым-қатынас.
Әзіл-калжыңы араласқан қарым-қатынас.
Осы аталған қарым-қатынас стилдерін жеке-жеке атап танитын болсақ:
а) Бірлескен творчестволық іс-әрекетке әуестенуге байланысты қарым-қатынас - педагогикалық процеске қатысушылардың барлығы үшін ең тиімдісі. Өйткені оқушылармен бірлескен шығармашылық ізденіске әуестенушіліктің табысты болуы мұғалімнің коммуникативтік қызметінің негізіне ғана емес, оның тұтастай алғанда педагогикалық қызметіне деген көзқарасына да байланысты. Оның өзі бірлескен оқу-тәрбие қызметінде едәуір табысқа жеткізеді. Бұл стилдің тиімділігін ескере отырып, оның да белгілі бір шегі болатындығын ескеруіміз керек. Ымырашылдық, ағайынгершілікке жібермеу керек.
ә) Шеңбер шекті аралық (дистанциялық) қарым-қатынас оқушының тәрбиеге көнігуі, ықпалға көнуі және педагогтардың жетекші ролінің көрсеткіші ретінде көрінеді. Егер оқушы мұғалімнің жетекшілік ролін сезінсе және оның ақыл-кеңесіне ден қоятын болса, онда педагогпен озара қатынас жүйесінде оның дистанциялық (әлсіретушілік) элементтері шектеледі. Тәжірибеде бұл дистанциялық (шеңбер-шекті) қарым-қатынасты жас мұғалімдер де, тәжірибелі мұғалімдерде қолданады. Жас мұғалімдер бұл қатынасты қолданған уақытта өзін білетін педагог ретінде танытамын деп есептейді де, олар бұл стилді белгілі бір шама оқушыларымен, сондай-ақ педагогтармен тіл табысу құралы ретінде пайдаланады.
Мұғалімде болатын бедел дистанцияны (өзінің мұғалімдік шегін) механикалық жолмен орнату арқылы емес, бірлескен шығармашылық процесс арқылы, яки педагогтың шығармашылық жұмысының мазмұны мен нәтижесі балаларды өзіне баурап алу қабілеті арқылы орнығуы тиіс.
Кейбір кездерде мұндай дистанциялық (шеңбер-шекті) қатынаста өзін көрсетпек болып "Сен білмейсің, оны мен білемін''деген принципіне апарса, мен үлкенмін менің айтқаным дұрыс, мені ғана тындауың керек деген принципке апарса, ол бір жақты ұғым болады және нәтижелі аяқталмайды.
б) Қорқытып-үркітуге негізделген қарым-қатынас. Дистанциялық қарым-қатынасты шығармашылық нәтижесімен жандандырмаса, өзінің "таза түрінде" қорқытып-үркіту түріндегі қарым-қатынасқа ауысады.
Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату көбінесе істі дұрыс үймдастыра алмайтын жас мұғалімдерде кездеседі. Негізінде бұл қатынастың ешқандай пайдасы жоқ. Мұндай қарым-қатынас сабақта күйгелектік, эмоциялық қолайсыздық жағдай туғызады. Балалардың шығармашылық ізденісіне, жұмыс істеу мүмкіндігіне, өзара түсіністікті, педагогикалық қарым-қатынасты татулықты жояды. Творчестволық іс-әрекетте кері кетіреді. Ол мынадай сипатта айтылады: "Сен мені тыңдап отыр!", "Тындамасаң екі қоям!", "Сен тақтаның алдына тұрғызып қоям" т.б.
в) Әзіл-қалжыңы аралас қарым-қатынас.
Бұл қарым-қатынастың да көптеген қолайсыз жағдайлары бар. Мұндай қарым-қатынас түрі жалған беделге ие болуға тырысудан туады. Муның өзі қарым-қатынасты ұйымдастыра білмеу тәсілінен тәжірибесіз мұғалімдерде болады. Балалармен тез тіл табысуды көздегенмен шын мәнінде кәсіпкерлік білгірліктің жетіспей жатқанын байқатады. Әзіл-қалжын, кейде мәнсіз бос сөзге ауысып кетуі жиі кездеседі. Кейде негізгі тақырыптан басқа жаққа ауып кетеді де, оқушы ынта қойып тындамайды.
К.К. Левин қарым – қатынастың бірнеше тәсілдерін көрсетті:
- Әміршілдік қатынас– қол астындағылармен қатал қатынаста болу. Бұл жағдайда олар тек орындаушылар рөлін атқарады, қандай да болсын шешім қабылдауға қатыспайды;
- Демократиялық қарым-қатынас, ол ұжым алдындағы міндеттерді талқылап бірлесе шешім қабылдауға мүмкіндік тудырады;
- Либералды қатынас – жетекшілікпен ғана шектеледі. Бұл жағдайда талап қоюшылық, бір жүйе байқалмай әркім өз бетінше жүреді.
Педагогикалық-кәсіптік қарым-қатынастар стилін сөз еткенде ең негізгі мәселе қатынастағы мұғалімнің өзіндік стилді түсінуінің мәні зор. Егер өзіндік стилдің мәнін түсінген уақытта ғана әр педагогтың творчестволық дербестігі болатындығын білеміз.
Педагогтың өзіндік дербестігіне сәйкес келетін педагогикалық қарым-қатынас стилі дұрыс табылған жағдайда комплексті міндеттерін шешуге мүмкіндік туады, аудиториямен қарым-катынасы жеңілдетеді, әрі тиімді болады, информация берудің тиімділігі арта түседі, қарым-қатынас кезеңі эмоциялық қолайлы жағдайда өтеді.
Сондықтан да жас мұғалімдердің маңызды міндетгерінін, бірі қарым-қатынастың дербес стилін іздестіру болып табылады.
Қарым-катынастың дербес стилдерін қалыптастыру методикасын мынадай кезендерден тұрады.
Ең әуелі мұғалімдік кәсіпке дайындалып жүрген студенттер өзін-өзі сынау, қарым-қатынас стилдерін зерттеу, бір-біріне мінездеме беру "Мен өзім балалармен қалай қарым-қатынас жасаймын" деген шығарма жазу.
Жеке қарым-қатынас стилі негізінде педагогикалық қарым-қатынас элементгерін меңгеру сияқты жұмыстарды ұйымдастыру керек.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін жүзеге асыру жолдары.
1.Қарым-қатынас барысында тиыштықты, татулықты, қошамет көрсете білушілікті сақтай білу жолдары.
а)Айтып отырған адамды тындай білу.
ә) Сұрақ қоя білу.
б)Айтылған сөзге дұрыс талдау бере білу.
в)Әуел бастан-ақ тыңдаушылармен байланыс орната білу.
г)Қарым-қатынастағы адамды түсіне білу.
д)Байқалған ситуациялық жағдайларға баға бере білу, шеше білу.
2.Байқағыштық контактілі байланыс орната білуге ұмтылу тәртібі:
а) Сіз алдыңыздағы сөйлеушіге назар аударыңыз.
ә) Тыңдаушылардың көңіл-күйін тусіне білу.
3.Қызықтыра білу, сөйлеуге тарту.
а) Сөйлегенде ешбір қағазға, конспектілерге сүйенбей еркін сөйлеу.
ә) Оның сыртқы пішінен-ақ сөйлеуге деген дайындығын, икемділігін танып білу.
б) Өзінің катынасын сыртқа хабарлаушыға білдіре білу.
Достарыңызбен бөлісу: |