Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Адамның әлеуметтiк тәрбиесiнiң қоғамдағы орны мен рөлiн анықтау оның "даму", "әлеуметтендiру" процестерi арқылы анықталады



бет35/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

2. Адамның әлеуметтiк тәрбиесiнiң қоғамдағы орны мен рөлiн анықтау оның "даму", "әлеуметтендiру" процестерi арқылы анықталады.
Әлеуметтену категориясы тұлғаның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесiне енуi мен әлеуметтiк тәжiрибелердi игеру процесiн түсiндiредi. Басқаша айтқанда, әлеуметтенудi баланың немесе тұлғаның өмiрге бейiмделуi деп түсiндiруге де болады. Ата-аналардың өмiрлiк тәжiрибелерi, сондай-ақ, қоғамдық тәжiрибелер балаға тұқым туалаушылық жолмен берiлмейдi. Сондықтан оны өзi өмiр сүретiн қоғамның әлеуметтiк жағдайларына бейiмдеп, тәрбиелеймiз.
"Әлеуметтiк" деген сөз латын тiлiнен аударғанда "қоғамдық" деген мағынаны бiлдiредi яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады.
Әлеуметтiк педагогиканың тұлғалық бағыттары Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, Ф.Ницше және т.б. философиялық көзқарастары арнасында қарастырылған. Аталмыш бағыттың бастауы - "даралық" педагогикасы болып саналады. 19-ғасырдың екiншi жартысында адамнан жоғарыны қалыптастыру концепциясы пайда болды. (Ф.Ницше) Бұл бағыт педагогтар алдына адамның өзi үшiн тәрбиелеу мәселесiн шешудi мiндет еттi.
Тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуы педагогикасы адамның табиғат заңдары бойынша дамитын әлеуметтiк жан ретiнде әрi әлеуметтiк орта, қоғам, индивидтiң белгiлi бiр қабiлеттiлiктерiн ескеру негiзiнде тәрбиеленедi деген тұжырым бередi. Бұл бағыттың өкiлдерi К.Магер, М.А.Галагузова, А.В.Мудрик және т,б. Адам өз даралығына сай әлеуметтiк тұрғыда қалыптасады (iшкi тұлғалық бағалаушылық); әлеуметтiк жағдайларға байланысты қалыптасады (ортаға байланыстылығы); нақты қоғамның, әлеуметтiк мәдениет, өмiр сүру салтының талаптарына сәйкес әлеуметтiк тұрғыда қалыптасуына бағдарланады (сыртқы әлеуметтiк байланыстылық).
Адамның әлеуметтiк өзiндiк дамуы өте күрделi процесс, дегенмен әлеуметтiк даму жағдайлары, бағыттары және қарқындылығы өзгерiс үстiнде болады. Адамның тұлға ретiнде қалыптасуы тiкелей әлеуметтiк өзiн-өзi жетiлдiру процесiне қатысты болады. Индивидтiң әлеуметтiк өзiндiк дамуы туралы бiлiмнiң болуы тәрбиешiнiң әлеуметтiк даму процесiнiң өту барысына ықпал ету мүмкiндiктерiн iздеу, оның динамикасын болжауға жол ашады. Әлеуметтiк педагогиканың қолданбалы бөлiмiнiң мәнi де осында, өйткенi, әлеуметтiк даму мен тәрбиенiң қайта тәрбиелеу, түзету, тәрбиелiк iс-әрекетiн жөндеу, нақты адамның педагогикалық реабилитациялау мүмкiндiктерi зерттейдi.
Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтiк ауысулар педагогикасы адамның, жеке топтардың дамуы мен тәрбиесiндегi әлеуметтiк ауытқулардың себептерiн, олардың алдын-алу және жеңу мүмкiндiктерiн зерттеумен айналысады. Бұл бағыттың өкiлдерi ( И.Г.Песалоцци, Е.Молленхауер, Ф.А. Дистервег, А.С.Макаренко, В.И.Сокока-Росиский және т.б.) адамның қалыптасу процесiндегi әлеуметтiк ауытқуларға жкек дара бейiмдiлiк факторлары, өмiр сүру ортасы ықпал ететiнiн көрсетедi.
Әлеуметтiк қалыптасу адам мен ортаның өзара әрекеттестiгiнiң стихиялы түрдегi нәтижесi емес, мұнда әлеуметтiк тәрбиеге ерекше орын берiледi. Бұл, шынтуайтқа келгенде, тәрбиешiнiң тәрбиеленушiмен қарым-қатынасына қатысты арнайы жағдайларды жасауға бағытталған iс-iрекетi.
Баланың қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет.(ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адам заттық мәдениет, т.б.) ал тар мағынада тәрбие дегеніміз – өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғаліммен оқушылар, балалармен ата аналар арасындағы бірлескен іс- әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыруы. Баланың дамуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер етеді, адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік – экономикалық, тарихи қалаптасқан жағдайлар.
Әлеуметтену процесiне бiрнеше негiзгi факторлар әсер етедi. Олар: мегофакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар және микрофакторлар болып табылады.
Мегофакторларға (мего- өте үлкен, жалпы деген мағынаны бiлдiредi.) космос, планета, әлем және т.б. жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет