Бағалау компоненті - іс-әрекет мақсатына жетудің өлшемі. ұлға орындаган іс-әрекетінің табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді.
Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы сана мен іс-әрекеттң бірлігі деген психологиялық теорияға негізделеді.Бұл теорияны түбегейлі меңгеру болашақ; мұғалімдер үшін өте маңызды. Неліктен? Оны негіздеу үшін мынандай мысалды қарастырайық. Кез келген дәстүрлі сабақты көз алдымызға елестетейік. Сол сабаққа қызыға белсенді қатысып отыратын және керісінше, оқу-танымдык іс-әрекетке мүлде қатыспай, сабақтың тез аяқталуын асыға күтіп жұмыссыз отыратын балалар да кездесетіні белгілі. Оқушылардың барлығына мұғалім жаңа тақырыпты бірдей түсіндіреді, бірақ олардың сабақтағы қызығушылықтары мен тақырыпты меңгеру нәтижелері әр-түрлі болып келеді. Мұның себебі неде? Мұғалім сабақ мақсатын ойластырғанда, балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін жоспарлағанда нені ескермеді?
Кез келген іс-әрекеттің нәтижесі оның мақсатының қалайша анықталғанына байланысты. Мұғалім сабақ мақсатын өз тұрғысынан анықтайды, балалардың танымдық іс-әрекеттерін, іс-қимылдарын ұйымдастыруды жоспарлайды, бірақ ол мақсаттар балалар санасына сәйкес емес, түсініксіз, немесе оқушылар үшін кызықсыз болуы да мүмкін. Сондықтан оқушылардың барлығы бірдей оқу-танымдык іс-әрекетке қатыса бермеуінің негізгі себептерінің бірі-сабақ максатының бала санасына толық сәйкестендірілмеуі. Сонда мұғалімнің сабаққа дайындығы бекер болғаны ма, еңбегі нәтижесіз далаға кеткені ме? Бұл мысалда іс-әрекет мақсатының ұғынықты, қызықтырарлықтай болуы кажет екендігі меңзеледі.
Ал жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттің басқа да компоненттері қаншама. Міне, осындай педагогика және психология жағынан терең ойластырылмаған, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастырылмаған оқу-тәрбиелеу үрдісінде балалар да сабақка немқұрайлы қарайды. Ал сабақ үстінде кейбір оқушылар уақытының бостан-бос мағынасыз өтіп жатуының, олардың жұмыссыздыққа бейімделуінің қауіптілігі туралы,және осы жағымсыз құбылыстардың бала жанына әсері туралы В.А.Сухомлинскийдін мынандай ойына тоқталып өткен орынды болар. «Партадагы жұмыссыздық, күн сайынғы жұмыссыздың, айлар мен жылдарға ұласқан жұмыссыздық - міне бұл аса қатерлі қауіп. Ол адамды аздырады, моральдық тұргыдан мугедек етеді; ең маңызды саладагы, адам еңбекқор болуга тиісті ой-сан асаласындағы олқылықтың орнын ештеңе де - мектеп бригадасы да, мектеп учаскесі де, шеберхана да толтыра апмайды» - деген ұлы педагогтың сөздері күні бүгінге дейін өзекті.
Сонымен, білім берудегі іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы бойынша әр бала мектеп жасынан оқу-танымдық іс-әрекетке саналы, белсенді қатысуы аркылы өзін-өзі іске асыруы, табысқа жетуі мүмкін.
Кәсіби білім беру барысында да осы іс-әрекеттік бағытқа көп көңіл бөлініп, қазіргі кезде «табысты іс-әрекет», «іс-әрекет табыстылығы», «табысты кәсіби іс-әрекет» ұғымдары терең зерттелуде. Себебі кез келген іс-әрекет нәтижесі табысты да, табыссыз да болуы мүмкін. Білім алушылардың табысты кәсіби іс-әрекетке даярлықтарын қалыптастыру - бүгінгі кәсіби педагогиканың өзекті мәселелерініңбірі.
Егер адам үнемі біреудің айтқанымен ғана жүріп, біреудің айтқанын ғана орындайтын болса, онда ол толықканды дамыған, өзін еркін сезіне алатын тұлға бола алмайды. Педагогтар да әр бала тұлғасы үшін не маңызды, не құндыекенін ескерулері қажет. Сондықтан құндылықтық тұрғыдан тәрбиелеу және оқыту бағытын қарастырайық.
3) Білім берудегі аксиологиялық (құндылықтық) бағытта жас ұрпаққа ұлттық, жалпы адамзаттық құнылықтарды меңгерту, адамгершілік құндылықтар негізінде адам тұлғасын жетілдіру, оның әлеуметтік қатынастарға икемделу мәселелері маңызды болып табылады.
Аксиология (грек тілінің «ахіа» - кұндылық және «logos» - ілім) – құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім. .
Құндылық ұғымы философияда, әлеуметтануда, психологияда кеңінеи қарастырылған. Философияда «құндылық» ұғымы - тұлға үшін маңызды, пайдалы, өзін жетілдіруге және адамзат қоғамының дамуына септігі бар адамның шынайылыққа деген қатынасының мәні
Психологияда құндылықтар қоғамдағы моральдық қатынастардың формасы ретінде қарастырылады. Біріншіден, құндылық - жеке тұлғаның (нвмесе әлеуметік топтың, ұжымның) адамгершілік мәні, абыройы жэне қоғамдык институттардың (отбасы, мектеп, балабақша, қогамдық ұйымдар, университеттер т.с.с.) адамгерішлік сипатгары болып қарастырылса, екіншіден, моральдық санаға қатысты көзқарастар: моральдык нормалар, принциптер, жақсылық пен жамандық, адалдық, бақыт туралы түсініктер.
Көптеген зертгеушілер құндылықтың мынандай белгілерін атап көрсетеді; маңыздылығы, пайдалылығы, жагымдылығы, абыройлығы, әлеуметтік мәні.
Педагогикалык құндылықтар жалпы адамзаттық құндылықтармен тыгыз байланысып, өріліп жатыр деуге болады. Әлеуметгік өзгерістерге байланысты қоғамның да, тұлғаның да, мектептің де құндылық бағдары өзгеріп отырады. Бірақ тамырлары тереңде жатқан, көп ғасырлар бойы адамзаттың дамуына бағдар беріп келе жатқан гуманизм, адалдык, адами борыш, табиғатты аялау, сұлулық сезімдері сиякты мәңгілік құндылықтар педагог мәдениетінің негізін қалайтын іргетасы. Ал педагогикалық аксиологияның мәні педагогикалық іс-әрекеттід өзгешелігімен, тұлғаны қалыптастырушылық және әлеуметтік мәнімен анықталады.
Педагог іс-әрекетіне байланысты құндылықтарды В.А.Сластенин төмендегідей жұйелейді:
- тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортадағы өзінің рөлін анықтауымен байланысты құндылықтар {педагог еңбегінің әлвуметтік мәні, педагогикалық іс-әрекеттің жоғары багалануы, т.б.);
-қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыратын құндылықтар және оның шеңберінің кеңейе түсуі (балалармен сүйіспеншілік қарым-қатынас, әріптестерімен, ұжыммен үйлесімді қарым-қатынастары, рухани құндылықтармен алмасу т.б.);
- дербес шығармашылықты дамытуға бағыттайтын құндылықтар (кәсіби-шығармашылық іскерліктерді дамыту мүмкіншілігі, әлемдік мәдениетке қызығуы, өзін үнемі жетілдіруі т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: |