Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
4. Білім беру саласындағы тұлғалық-бағдарлық теориясының мәні неде?
5. Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде?
6. Аксиология дегеніміз не?
7. Әлеуметтендіру ұғымын қалай түсінесіз?
8. Білім беру саласындағы құзіреттілік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде?
9. Білім берудегі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттың маңыздылығы неде?
Әдебиеттер:
1. ҚР «Білім туралы» заңы. Астана. - 2007.
2. Гсршунский Б.С. Философия образования для XXIвека. - М. 1998.
3.Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік //Ғыл.жетекш. жасаған және жалпы ред. Басқарған проф. Ш.К.Беркімбаева, проф А.Қ.Құсаинов. - Алматы; 2007. - 248 бет.
4. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебное пособие. -СПб., 2007. - 304 с.
Лекция №2
2-тақырып. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы.
Ақпараттық дәріс
Жоспар:
1. Кәсіп және мамандық туралы түсінік.
2. Педагогикалық іс-әрекеттік кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын талаптар.
3. Педагогикалық іс әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны.
Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген сөздің этимологиясына тоқталып өтейік. Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда «paida» - бала, «gogas» - жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу - адамзат тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс. Ежелгі Грецияда педагогтар деп баланы мектепке жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін күтуші адамдарды атаған.
Ал кейінен қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу, және оларды еңбек етуге даярлау қажеттілігі педагогтық кәсіптің пайда болуына негіз болды. Сондықтан педагогтар деп балалардың өмірлік жетекшілері ретінде тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған
Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің негізінде пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты еңбек құралдары да өзгере түсті.
Саналы түрде еңбек құралдарын дайындау процессінің күрделенуіне байланысты жас ұрпаққа ол тәжірибені арнайы үйрету үшін қауымдағы ақсақалдар, жастары ұлғайған адамдар шағын әлеуметтік топ құрып балаларды еңбек құралдарын, тұрмысқа қажет заттар мен әшекей заттарды жасауға үйретіп, оларды қоғамдық өмірге дайындау және тіршілік ету үшін еңбек іс-әрекетімен айналысқан.
Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат қоғамының әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырған.
Тарихи мәліметтерге негізделетін болсақ ең алғашқы сандар, әріптер, жазулар б.э.д. 2500 жыл бұрын пайда болған екен. Міне сол кездің өзінде жаза алатын адамдар өз білімдерін жас буындар арасындағы таңдаулы балаларға меңгертіп отырған.
Құл иеленушілік қауымдық құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері жайлы, әр-түрлі пәндер туралы көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі философ-ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады.
Педагогикалық ойлар философия, дін, қоғамдық саясат негізінде дамып отырған. Қасиетті діни кітаптарда адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптар, ата-ана міндеттері мен бала құқығы, адамдардың қарым-қатынас ережелері, тәртіптері жайлы, жақсы мен жаманды ажырата білуге байланысты ақыл-кеңестер жазылғаны белгілі.
Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі орын алатыны анық.
Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті. Аты әлемге әйгілі шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астраном, лингвист, логик, музыка өнерінің зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар тәрбие, тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын алады. Оның «Әлуметтік этникалық трактаттар», «Бақытқа жету жолдары», «Азаматтық саясат», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» сияқты еңбектері әлі күнге дейінпедагогикалық білімнің, тәрбиенің қайнар көзі деуге болады.
Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары құнды педагогикалық идеялар Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат та-түрік», Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік», Ибн Сина рубайлары, Әбу Райхан әл Бирунидің тарихи тәлімдік, матиматикалық пікірлері, әл – Хогрезмидің төрт ғасырдан Еуропа елдерінде оқу құралы ретінде қолданылған «Ал- Джебр» еңбегі, Фирдеусидің «Шахнамасы», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүні», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуни хикметі» тағы басқа тәлім- тәрбиелік еңбектері жастарды білім ғылымға шақыруға, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы асыл мұра, құнды мирас.
Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі діни сипсты болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болысымен –ақ ұстаздарға білімді берумен қатар тәрбиешілік міндет те жүктелді. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рөльдерді қамтитін болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбиемен оқыту процестерін ажыратпас біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінін рухани негіздерін қалайды. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деген әл- Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамызда да өзекті болып отыр.
Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке дайындалуын объективті қажеттіліктері анықталады деуге болады. Педагогиканың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына XIIV ғасырда өмір сүрген чех педагогы Я.А. Коменскийдің қосқан үлесі өте зор. Ол мектептерге арналған ондаған оқулықтар, 200 ден астам педагогикалық еңбектер жазып оқытудың сынып – сабақ жүйесі жасаған адам. Қазіргі кезде сынып сағат жүйесі, каникулдар, оқыту процестері осы педагоктың атымен тығыз байланысты. Жалпы педагогикалық ғылымның дамуында, жетілуінде И.Г. Песталоции, Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций, Д.Дидро, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, В.А. Сухомлинский сынды педагоктар есімдері ерекше орынға ие.
2. Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы «адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.
Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысыретінде қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: «Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі» - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі.
Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушыныңөзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық.
Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қкарайтын болса оның жұмысында сәтсіздіккеұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін. Осы ойға байланысты А.В.Луначарскийдің: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдіріп алса, оны қайта балқытып қрюына болады. Егер багалы тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып қалуы мүмкін, алайда ең бағалы деген жаунар тастың өзі, жаңа туган адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үпкен қылмыс, немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет»- деген сөздері тәжірибелі педагогтардың жадында.
Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін. Француз жазушысы
Антуан де Сент-Экзюпери: «Өмір сүру - демек баяу өсіп-өну. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қогамымыздың болашагын — үйлесімді жеке тұлғаны тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды» - деген екен.
Осындай мәртебеге ие болу үшін мұғалім өз бойында ілтипаттылық, балаға сенім арта білу, байқағыштық, әділдік, сабырлық, шыдамдылық сияқты қабілеттерді дамытып жетілдіруі қажет, солардың негізінде ғана оның ерен еңбегі кәсіби табысқа жеткізуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |