Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктері



бет47/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктері.
Көп уақыт бойы педагогикалық процестің тәрбиелік әсерінің мәні не екендігі, бұл мәселеге арналған ғылыми ізденістің аз болуынан түсініксіз болып келді. Дегенмен, бірқатар авторлар (К.Д. Ушинский, С.Т. Щацкий, Н.К. Гончаров және т.б.) оқыту дегеніміз тек қана тәрбиенің құралы болады, яғни, кім жақсы оқытса, ол жақсы тәрбиелейді деген ой айтқан болатын, бұл бір қарағанда түсінікті анықтамадан ең негізгі ой түсініксіз: егер педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс жұмыстардың бірлігі болса, онда тәрбиенің мақсаты, идеалды моделі және мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетерінің нәтижесі болуы үшін мұғалім не істеуі керек.
Педагогикалық процестің тәрбие проблемаларын шешу мәселерін зерттеуде біршама өз үлестерін қосқан А.П. Пинкевич, М.М. Пистрак, С.Т. Щацкий сияқты ғалымдар және т.б. болды. 30-шы жылдардың өзінде ақ тәрбиенің басты бағыты оқушылар коллективімен байланыстырылды.
Бірақ тек қана педагогикалық әдебиеттерде ғана емес, сонымен бірге мектеп практикасында да коллективтің тәрбиелік мүмкіншіліктері негізгінен оқудан тыс іс-әрекеттерде жүзеге асырылады деп есептелінді. Көп жылдар бойы мектеп оқушылар коллективін ұйымдастыру мәселесін зерттеуге арнаған Т.Е. Конникова өзінің монографиясында (Организация коллектива учащихся в школе. - М.: Учпедгиз, 1957) мектеп коллективінің оқудан тыс іс-әрекеттерін баса көңіл бөліп карастырады, бірақ оның ойынша оқушылар коллективінің оқушы оқу жұмысы барысындағы тәрбиелік күшін зертеу арнаулы ғылыми ізденісті талап етеді.
Бірінші дұрыс жауапқа жақын келгендер, оқушылардың оқудан
тыс жұмыстарының мазмұндары мен ерекшеліктерін немесе оқушылардың оқитын пәндерінің мазмұнының қандай тәрбиелік тиімділігінің байланыстылығын анықтауға арналған алғаш зерттеулер болды (З.И. Васильева, А.И. Дулова, И.С. Марьенко және т.б.)
Зерттеушілердің анықтауынша, оқу пәндерінің мазмұндарының тәрбиелік күшті әсері үш кезеңмен байланысты; біріншіден, қандай дәрежеде бұл мазмұн қоғамның азды-көпті даму деңгейі мен мүдесіне сай келетіндігі; екіншіден, оқушыларды бұл мазмұн қоғамның және адамның ойлауы мен табиғаттың дамуының объективтік заңдылықтарымен қаншалықты қаруландырады, және оң ақырында, оқу (соның ішінде гуманитарлық) пәндерінің мазмұндары арқылы адамгершілік нормаларының мәнің қаншалықты меңгеріледі.
Әрине, оқу және оқудан тыс жұмыстардың мазмұндары оқушылардың көзқарасын қалыптастырудың жалпы ғылыми негізін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, білім берудің мазмұндық жағының тәрбиелік мағынасын мүлдем абсолюттендіруге болмайды. Демек, педагогикалық процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушылардың педагогикалық процесте қалыптасқан қатынастарының кеңестіктерінен іздеу керек. «Ұстаздар - оқушылар» жүйесінде, оқушы мектептің жұмыс істейтін педагогикалық процеспен және оған қатысты от басы педагогикалық процесінде оған маңызды адамның үш категорияларымен - ата-аналармен, мұғалімдермен, өзінің оқу және оқудан тыс іс-әрекеттердегі жолдастарымен қатынаста болады.
Егер мұғалім жеке тұлғаның қалыптасуында қатынастың маңыздылығын түсінбесе, онда оқушылардың көп бөлігіне олардың қалыптасуы мүлдем стихиялы іс болып табылады 1. Бұнда тұрақты және ұзақ уақытқа бағытталған мақсатты педагогикалық басшылқтың қажеттілігін біздің елімізде үш бағытта жүргізілген ғылыми ізденіс - мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өз-ара қатынастарын, педагогикалық такт, жеке тұлғаны коллективте қалыптастыру, коллектив және жеке тұлғаны қалыптастыру сияқты жұмыстар дәлелдейді..
Ұзақ уақыттар бойы мұғалім мен оқушылардың өз-ара қатынастарының тәрбиелік әсерін мұғалімнің тәрбиеленушілерге тұлғалық ықпалы ретінде қарастырылды. Көрсетілген кеңістікте бұл сұрақты қарастыру сөзсіз жеке бастық қатынастарға әкеліп соқтырады. Шындығында мұғалім мен оқушылардың жеке мүделік қарым-қатынастары бірлескен іс-әрекет барысында қалыптасатын қатынастармен салыстырғанда, екінші ретте болады, яғни мұғалім мен оқушылардың өз-ара қатынастары жұмыс ынтымақтастығы ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұнда мұғалімнің сол ынтымақтастықтың ерекшелігінің мәнін түсінуге деген мүддесінің болуының маңызы зор.
«Авторитарлық типтегі» мұғалімдерге ең бастысы оқушылардың бұлжытпай орындаушылығы, егер осы болса бұндай мұғалімдер өзінің іс-әрекетінің сәтті болатындығына күмәнденбейді; бәрі дұрыс жүріп жатқанына «солай болатындығына» күмәнденбейді.
Мұғалімнің оқушылар мен қатынасына деген бұндай сенімділігі бір қарағанда тартымдылығына қарамастан, біріншіден тәрбиенің - творчестволық белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатына қарама-қайшы; екіншіден, тек қана осы қарама-қайшылық мектеп пен семья тәжирбиесінде келіспеушілік пен жанжал тудырады: балалар олармен санаспайтындықтан пікірлерін ескермеушілікке, тек орындаушылық роль ғана берілгендігіне келіспейді.
Келесі кең тараған мұғалімдер типі ол өз қатынастарын пікірін зорлап міндеттеу «керек емес», балалардың өздері өалай қаласа «солай болсын» деген негізде орнатады. Бұл авторитарлық типке мүлдем қарама-қарсы. Үстүрт қараған бақылаушыларға қатынастарда демократизм бар екен сияқты көрінеді және бұл жасы үлкен адамдардың қатынастарында жеткілікті дәрежеде жақсы, бірақта мұғалімдердің және олар басқаратын балалардың қатынастарына мүлдем жеткіліксіз - балаларды тек қана құрметтеу, олардың ұмтылысын басып тастамау жеткіліксіз, оларды көп нәрсеге оқыту керек. Егер балалар көп білсе, онда олардың қандайда бір істегі дербестігі де жоғары болады.
Мұғаліммен оқушылардың іс барысындағы ынтымақтастығында балаларға дербестік берумен, оқушыларға іс-әрекеттер тәсілдерін меңгерудегі оқу барысындағы тактылық көмектің арасында өте нәзік тепе теңдік керек. Мұғалімнің жұмысының мағынасы тек осымен ғана қортындылады. Балалар мұғалімнің тәжірбесімен біліміне сенеді, олармен ақылдасуға асығады, егер олар мұғалім мен барлық кездескен жағдайларда, үлкендер тарапынан болатын сөзсіз құрметтеушілік пен тактылық көмек тапса. Бұл мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өз-ара қатынастарындағы тәрбиелік әсердің негізгі мәні болады.
Егерде мұғалім мсн оқушылардың қатынастары өз-ара құрметеушілік пен сенім, өз-ара жауапкершілік арқылы жүзеге асса (жақсы от басылары сияқы), онда мұғалімнің барлық істегендері жақсы қабылданып басқа жағдайлардың да қосымша әсері, сонымен бірге тәрбиешінің өзінің жеке тұлғалық ықпал күші артады. Мұғалімнің өзіне деген қатынасы, ол беретін пәнге деген қатынасқа мұғалімнің қалай болғанда да бөліп көрсететін кластастарына деген қатынастарына, өз байланысын үзбеген ата-аналардың мұғалім мен қатынастарына да, мұғалімнің өз ісімен, сөзіменде қорғайтын әртүрлі рухани байлықтарға да тарайды.
Оқушылардың өз-ара қатынастарының айтарлықтай тәрбиелік маңызы бар. Балалар арасындағы қатынастардың тәрбиелік әсерінің маңыздылығы туралы ой XIX ғасырдағы ғылыми ізденістерде пайда болған. Буржуазиялық батыс Европа мектептерінде XIX ғасырдың аяғында осы мақсатқа арнаулы (балалар арасындағы өз-ара қатынастардың тәрбиелік әсерлерін пайдалану үшін) балалармен жас өспірімдер ұйымдары - бойскауттер және т.б. құрыла бастайды.
Совет мектептептерінде осы айтылған тетіктеріе сүйену керектігі туралы ойды кезінде Н.К. Крупская айтқан болатын. Тәрбиенің мақсаты туралы мәселені қарастыра отырып Н.К. Крупская, мектепте ол «жан - жақты дамыған адамдармен, саналы және ұйымдастырылған қоғамдық инстинктермен» тығыз байланысын көрсетеді. Жас өспірімдердің тұла бойы «тұтасымен сіңген» «коллектившілдік инстинктер» болуы керек. Барлық мектеп өмірін Н.К. Крупская, балаларды өмірдің қойып отырған проблемаларын коллективтік тұрғыда шешуте оқытуды ұйымдастыру бейнесінде көреді. Н.К. Крупскаяның пионерлерге жазған хаттарынан, коллективтің тәрбиелік роліне үлкен маңыз бергенін көруте болады. А.С. Макаренко «Адамды тәрбиелеу бөліктерден емес, ол жан-жақты әсерлердің жиынтығының синтездік туындысы болады», «Мұғалімнің жұмысы барыснда алғашқы коллективке жақын болуы керек, онымен тығыз достықта жолдастық тәрбиеде.... оның жұмысы отрядтың белсенділігін арттыруға, коллективтің әрбір жеке тұлғасына талаптарды дамытуға бағытталған» деп санайды.
Демек, балалар коллективінің іс-әрекеттерін ұйымдастырудың деңгейі жоғары болған сайын, соғұрлым мұғалім әрбір оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына, сонымен бірге адамгершілігіне де, ықпал ету мүмкіншілігін кеңінен қамтамасыз етеді. Балалардың негізі ғылымдардан барысында мораль саласы, өнер саласынан алған білімдер қоры коллективтік іс-әрекеттер процесі формалды болып қалмайды, ол жеке тұлғаның барлық көріністерінің дамып жетіле түсуінің фундаменті болады.
Тәрбие тетіктерінің мәнін зерттеу оқушылардың өз-ара әрекеттерінің бір-бірімен байланыстығын көрсетеді, және бұл тетікте бірінші сияқты (мұғалім мен оқушылардың өз-ара қатынастары), іс-әрекет болған жағдайда ғана пайда болып өз қызметін атқарады, сондай-ақ іс-әрекеттің коллективтілік және мұқият ұйымдастырылғандығын баса көрсету керек, тек сонда ғана іскерлік қатынастағы ынтымақтастық пен жауапкершіліктің байланыстылығының қалыптасуына алғы шарттар жасалынады. В.А. Сухомлинский де көп жылдар бойғы тәжірбиесінің нәтижесінде осындай қорытынды жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет