Білімді бақылауға арналған сұрақтар:
Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері қандай?
«Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің мәтелімен келісесіздер ме?
ІІІ бөлім.Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы
11 дәріс.
1. «Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (Ф.Каптеров, Н.Д Хмель, В.А Сластенин).
2. Үдеріс ғылыми категогрия ретінде. «Педагог-оқушы» жүйесіндегі ТПҮ компоненттері мен құрлымның ерекшеліктері.
3. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер).
4 Педагогикалық үдеріс қызметінің негізгі заңдары. Педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама.
Әдебиеттер:
Педагогический процесс как объект профессиональной подготовки учителя. Под ред Н.Д. Хмель. — Алма-Ата; Мектеп, 1984.
Хмель Н.Д, Методическая разработка к спецкурсу. «Информация о педагогическом процессе»: Часть II. — Алма-Ата: КазПи им. Абая, 1982.
Педагогикалық процесс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктерімен тікелей тығыз байланысты. Біздің еліміздегі әдебиеттерде «педагогикалық процеске» ең алғаш анықтаманы П.Ф.Каптерев берді. Ол оны басқа анықтамалармен бірге - «білім беру процесі» ретінде қолданды. Терминнің авторы оны әртүрлі қасиеттері мен қырлардан, құралдардан тұратын біртұтас үлкен бір құбылысты көрсетуге болатындығын және оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау ж.т.б. сияқты кезеңдері болады. ынбар сәттер болатын оқыту және білім беру, үйрету, тәрбие, даму, бағыт беру, жандандыру, жазалау т.с.с. деп тұратын үлкен біртұтасты көрсетуге қолдануға болады. Ұсынып отырған ұғымның тартымдылығы сондаП.Ф. Каптерев бойынша педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие біртұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде. Сонымен бірге, бұнда кейбір бөлшектердің күрделі қатынастары туралы ой байқалады, ол арқылы мұғалім мен оқушылар арасындағы өз-ара қатынастарды түсіндіру мүмкін емес,бірақта соның негізінде тәрбие мақсатына жету қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық процестің мәні туралы түсініктің дамуына советтік мектептің алғашқы қалыптасу кезінің өзінде-ақ, революцияға дейінгі пікірге толық қарама-қарсы қомақты үлкен үлес қосылды. Мысалы, жаңа мектептің қалыптасуына көп үлес қосқан С.Т. Щацкийдің ойынша, педагогикалық, процесс бірқатар көптеген элементтердің нәтижесі боп саналады, оның ішіндегі негізгілері әлеуметтік-экономикалық орта, іс-әрекеттср мен ықпал ететін объектінің психофизиологиялық ерекшеліктері, және ұстаздардың іс-әрекеті болып есептеледі. Бұл педагогикалық процестің мәнін түсінуде П,Ф. Каптеревтің берген анықтамасымен салыстырғанда, педагогикалық процестің әлеуметігін қамтамасыз ететіндігі және мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері оның дамуның шарты болатындығы айқын көрсетілген. Тұтас бір тарауды педагогикалық процеске арнаған алғашқы советтік педагогика оқулықтарыныңавторының бірі А.П. Пинкевич, педагогикалық процестің мектептің қоғамдық өмірдегі рөлмен туатын әлеуметтік және психолого-педагогикалық аспектілерінің бірлігінен тұратындығын көрсетеді.
Жалпы сипаттама
Диалектикалық материализімнің позициясы бойынша мән - бұл заттың ең басты, ішкі, біршама тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының жиынтығы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан оның барлық басқа жақтары мен белгілері қарайды. Осы анықтамаға сүйене отырып, мысалда көрсетілгендей элементарлық кереге көз арқылы талдау негізінде педагогикалық процестің мәні, екі жақты сипатылынады — ең әуелі, жұмыс істеп тұрған әлеуметтік жүйе ретінде, содан соң өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде.
Әлеуметтік жүйенің бір түрі ретіндегі педагогикалық процесте оларға тән ұқсас белгілері болады:
- жүйе жалпы мақсатқа ие болады, оның жұмыс істеуі мақсатқа лайықты жүреді;
- өз-ара байланысты элементтерден тұрады (бөліктерден);
- жүйені шектеуге әкелетін қоршаған ортада өмір сүреді;
- оның жұняысын қамтамасыз ететін белгілі бір қорға ие болады;
- ішкі құрылым жүйесінің қоршаған орта мен байланыстылығының және деңгейлерінің тәуедділігін көрсетеді;
- жүйе өзінің ішкі қарама-қайшылықтарына байланысты дамуға қабілетті;
- ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.
«Процесс» деген ұғымның мағынасы педагогикалық процесте түпкі нәтижеге жету қозғалысы бір ізді әрекеттердің жиынтығы арқылы қандай нақтылы әрекеттер керектігін және қандай жағдайларды өзгерту қажеттілігін ұстаздар жақсы білуі керектігін талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап педагогикалық процестің құрылымын білумен тікелей байланысты болады, бұл өз тарапынан педагогикалық процестің бөліктерінің еркешеліктерін жеткілікті тиянақты білуімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |