Қарама - қайшылықтар педагогикалық процестің қозғаушы күштері ретінде.
Педагогикалық процесс - бұл «мұғалім-оқушылар» жүйесінің үздіксіз қызметі, ол осы жүйе жағдайының, алмасуынан көрінеді. Бұндай мүмкіншілік қарама-қайшылықтарды түсінумен оны дұрыс шешетін қажетті жағдай жасауға боғытталған, ол осы нақтылы процесстің қозғаушы күші болады. Педагогикалық процестің қозғаушы күштерін білу мұғалімге оның белгілі бағытта дамуына, қоғамның әлеуметтік заңдылығына байланысты жеке тұлғаға қажетті қасиеттерді қалыптастыруға әсер етеді.
«Даму қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен оны жеңбей мүмкін емес. Заттар мен құбылыстардың өз-ара байланыстылығын, олардың қозғалысы, дамуы мен өзгеруін қарастырғаннан бастап, ал бұнсыз табиғат пен қоғамды зерттеуде ғылыми дұрыс амал мүмкін емес, - біз онсыз қарама-қайшылықтар аймағында қалып қоямыз. Табиғат пен қоғамда әрқашанда бірдеңе пайда болып дамиды, бұзылады немесе өмірден өтеді».
Совет ғалымдарының қозғаушы күштердің қарама-қайшылықтарын зерттеудегі жұмыстары белсенді болды. М.Л. Данилов өзінің «Процесс обучения в советской школе» деген монографиясында оқыту процесінің қарама-қайшылықтарының ерекшеліктерін жан-жақты қарастырып, оның бірқатар қарама-қайшылықтарын тұжырымдап, оның ерекшеліктеріне сипаттама берді, және оларды шешу, оқытудың тиімділігін қалай арыттыруға әсерін тигізетіндігін көрсетеді. Бірқатар жұмыстар жарық көрді, онда оқыту процессінің қозғаушы күштерін зертеу жалғасады (М.Н. Алексеев, Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский, И.Я. Лернер, Б.Т. Лихачев, М.Н. Скаткин, Л.Ф. Спирин және т.б.). Танымдық іс-әрекеттің қарама-қайшылықтары В.С. Ильиннің, Г.И. Щукинаның назарларын аударды. Бірқатар ғалымдар адамгершілік тәрбиесінің қарама-қайшылықтарын (И.С. Марьенко), коллективтің қарама-қайшылықтарын (Л.И. Новикова), тәрбие процессінің қарама-қайшылықтарын (тәрбиелік процесті) (В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев) зерттеді, әлеуметтік тапсырыс пен жалпы білім берудің мақсатының, ара қатынасын зерттген Г.Н, Батурина, қоғамның мүдесіне сай келетін жеке тұлғаларды жасап шығаруға байланысты бірқатар қарама-қайшылықтар пайда болатындығын көрсете отырып
Педагогика ғылымында жинақталған қозғаушы күш туралы материалдарды талдау бізге теориялық бағытта бірнеше маңызды қорытынды жасауға мүмкіншілік береді;
- қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдауға болмайды, олар зерттелетің объектінің мәнінен туады және өзі белгілі бір нақтылы жүйе ретіндегі педагогикалық процесті көрсететің жүйе болып саналуы керек;
- ұсаздар мен оқушылардың іс-әрекеттерін көрсететің қарама-қайшылықтарды «белгілі бір жүйемен» бейнелеу керек;
- қарама-қайшылықтарды дәлелдеу және оны шешу жолдары педагогикалық процестің өңделген мазмұндары, мұғалімдер мен оқушыларға арналған оқу құралдарында болуы керек;
- тек педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар жүйесін бірқатар
қарама-қайшылықтарды шешу орта білім берудің мазмұнын бір шама қайта жасау арқылы жүзеге асу мүмкіншілігін айқындайды. Ю.К. Бабанскийдің жасаған тұжырымдамасы: «Бұл қайшылықтар жиі кездейсоқ тәртіппен сиппаталады, оқыту процесінің жоспарлау, ұйымдастыру мен басқару тәртіптері сақталмайды және соған байланысты олар оқыту процесін ұстаздар мен методистердің жоспарлы құрастыруында ескерілмейді». Бұған қосатын бір ой, ол, ішкі және сыртқы қайшылықтар көп жағдайда өзінің әрекетті жағынан тең мағына ретінде қарастырылуы керек.
Бұл тұжырымдамалар біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштеріне қатысты біздің ұстайтын бағытымызды анықтауға қажетті алғашқы анықтама ретінде қызмет етеді. Элементарлық бірлікті («клеточканы») педагогикалыкқ процесті сиппаттау тәртібіне енгізу, педагогикалық процестің өзі құрамында бірқатар қосымша жүйелер бар, ұстаздар-оқушылар жүйесінің қызметі екендігін көзімізді жеткізді.
Жеке тұлға әлеуметтік ортаға араласып кете қоймайтын автономиялық бірлік, яғни микро жүйе ретінде көрінеді. Педагогикалық процестің мақсаты әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Демек, қарама-қайшылықтардың бірінші және негізгі топтары - бұл даму үстіндегі жеке тұлғаның қарама-қайшылықтарың әлеуметтік тәжірибені объективтік заттың өзіндік әлемінен адамзаттың іс-әрекетіне айналдыруға (распредмечивание), яғни оны оқушының қалыптасу барысында меңгеруімен тығыз байланысты. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобы даму барысындағы жеке тұлғаның қарама-қайшылықтары ретінде жеткілікті дәрежеде совет психологтары ашып көрсеткен. Олардың санына мына қарама-қайшылықтар жатады;
- жаңа мұқтаждықтар, мүдделер ұмтылушылықтар мен жеке тұлға мүмкіншіліктерінің дамуының жеткен деңгейі арасындағы;
- жаңа танымдық практикалық, міндеттер мен бұрын қалыптасқан ойлау әдістері арасындағы;
- жеке тұлға дамуындағы жеткен деңгейі мен оның тұрмыс қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесіндс алған орнымсн, атқаратын к^зметі арасындағы;
жағымды жетістіктерге жету ұмтылушылықтары мен қиыншылықтарды шешудегі қорқыныштары арысындағы;
- тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірбиенің жеткіліксіздігі арасындакы;
- салғырттық, стереотиптілік, тұрақтылық тенденциясы мен ширақтылық, құбылмалылыққа ұмтылушылық арасындағы;
- жеке тұлға әрекетінің еріктілігі мен қоғамдық қажетті іс-әрекет арасындағы 1.
Қарама-қайшылықтарды білу Г.С. Костюктің көрсетуінше педагогикалық әрекеттердің бағдарламасын жеткілікті дәрежеде шебер жасауға мүмкіндік береді: «Тәрбие қарама-қайшылықтарды жеңіп шығуға ықпал етеді, ол жеке тұлғаға сай қоғамдық талаптарды табуға көмектесе отырып және оның дербес идеал түрі тәуелсіздікке, жеке тұлға ретінде қабылданып бекітілуінен көрінеді. Дұрыс шебер басқарылмаған бұл процес жағдайында қоғамдық талаптар мен жеке адамның ұмтылушылығы арасында қайшылық пайда болады, ол жиі өте күшті дау жанжалға әкеледі. Қарама-қайшылықтар шешілмесе, дамуда кідіріс пайда болады, оны жиі дағдарыс дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |