Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру басталған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинскийде назар аударған. Ол өзінің "Адам тәрбие пәні" атты еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өз өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготскийде зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
-оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
-оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;
-оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
-оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.
Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінін шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:
-Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептеді;
-Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленская, Е.А. Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;
-Б.Г.Ананьев, А.А.Любинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;
-Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;
-П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;
-Т.В.Кудрявцев, А.М.Мотюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың рөлін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.
Психологиялық және педагогикалық теорияларды қортындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі түсініктер енгізілді:
-даму-бұл организмнің жүйке жүйесінің психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерісінің көрінісі;
-оқыту-қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты жеткізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруді ұйымдастыру процесі
Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлттық, көпқырлы дәстүрі, ұлттық психологияны сипаттайды.
Тәрбиеленетін де оқытылатын да адам абстрактілі емес. Ол барлық уақытта әдетте ұлттық сана мен өзіндік санасының, ұлттық танымының, сезімінің және еркінің ерекшелігін адамдардың басқа бір адамдармен өзара қатынастары мен қарым-қатынастарындағы ұлттық келбетінің идеялық ерекшеліктері тән болатын қандай да бір ұлттың өкілі.
Ұлттық психологиялық ерекшеліктер оқыту мен тәрбиенің мазмұнын тікелей байланыстырады, сондықтан олар белгілі-бір ұстанымдарға негізделе отырып іске асырылады. Біріншіден, педагогикалық әсердің этноспецификалық детерменизм ұстанымы. Екіншіден ұлттық сана және ұлттық өзіндік педагогикалық іс-әрекеттердің бірлігі ұстанымы. Үшіншіден, ұлттық идаелмен сәйкестігі нақты өмір мен еңбектің жағдайындағы педагогикалық әсердің ұстанымдарын ескерусіз қалдыруға болмайды. Төртіншіден, ұлттық бейімделген мүмкіндіктерді педагогикалық әсерде дамыту ұстанымы.
Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын психологиялық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементер жиынтығын құрайды. Жүйенің сипаттамасы мақсаттың, білім мазмұнының, дидактикалық процестердің, оқытудың әдістері, құралдары, формаларының және оның ұстанымдарының сипаттамаларына сәйкес. Дидактикалық тұжырымдамалардан үшеуін бөліп алу қажет: дәстүрлі, педоцентристикалық және дидактиканың қазіргі жүйесі.
Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты рөлді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменский, И.Пестолоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.
Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты рол оқуға баланың іс-әрекетще беріледі. Бұл тәсілдің негізінде Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің еңбек мектебі, В.Лайдың XX ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теориясы жатыр. Г.Кершенштейнер халықтың "еңбек мектебі" баланы қазіргі мемлекеттің талабына үйрету және әлеуметтік шығу тегіне сәйкес алдағы кәсіби іс-әрекетке дайындауы керек деген ұғымына сойкес "азаматтық тәрбие" тұжырымдамасын жасады. В.Лай тәрбие мен оқыту оқушыларға сырттй әсер ету мен олардың оған сурет, модельдеу, сызу, ән-күй, би сабақтары, түрлі ауызша және жазбаша жұмыстар мен жануарларды бағып-қағу түріндегі жауапты реакцияларының кезектесуі рстінде қарастырылуына сәйкестендірілген "әсер ету" формуласына негізделген "әрекеттегі педагогика" тұжырымдамасын ұсынды.
Қазіргі таңдағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу - оқытудың іс әрекетін құрайды, ал олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Қазіргі таңдағы дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған тұжырымдаманы (Л.В. Занков, З.И. Калмыкова, Е.Н. Кабанова-Миллер)және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы (Г.А. Цукерман, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, С.А. Смирнов) ерекше атауға болады.
Л.В.Занковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды:
-қиыншылықтың жоғарғы деңгейінде оқыту;
-бағдарламалық материалды оқытудың жоғарғы қарқындылығы;
-бастапқы теориялық білімнің маңызды рөлі;
-оқушылардың оқу процесін ұғынуы;
-барлық оқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.
З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі.Өнімді ойды оқып білім алудың негізі деп қарастыра отырып З.И.Калмыкова өнімді ойлаудың ерекшеліктерінің сырттайғы көрінісі - жаңа білімді өзбетінше игеру және оны іс-әрекетте қолдана білу деп біледі. Мұндай ойдың негізгі көрсеткіштері:
-ойдың жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;
-ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және дамуы;
-мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімі;
-ойдың жүйріктігі - кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігінде пайда болатын ассоциациялық идеялардың саны.
З.И. Калмыкованың дәлелдеуі бойынша, дамудағы оқыту төмендегі дидактикалық ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:
а)оқытудың мәселелігі;
ә)оқытудың жекелігі және даралығы;
б)ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақтылық және абстрактылы және теориялық) үйлесімде дамуы;
в)ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;
г)есте сақтау әркеттерін арнайы ұйымдастыру.
Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасы, өзі оқу жұмысының тәсілдері деп атаған, ойлау операцияларын қалыптастырумен байланысты. Оқу жұмысының тәсілдеріне салыстыруды, қортындылауды, себеп-салдар байланысын ашуды бақылауды, зерттеліп отырған құбылыстың сипаттамасын құрастыруды, ұғымның мөнді және мәнсіз белгілерін ажыратуды кіргізеді.
Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасындағы шарттары ретінде төмендегілер белгіленеді:
1.Оқытудың барлық қатары оқушыларда түрлі деңгейлерде толықтырылған оку жұмысының тәсілдерін қалыптастыру идеясына сәйкестендірілуі керек;
2.Әрбір оқу пәнінде оку жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы және оларды оқушыларда қалыптастыру маңызды;
3.Оқушылар жағынан өздерінің оқу әрекеттерін басқару тәсілдерін қалыптастыру қажет.
Сонымен жоғарыда қарастырылған тұжырымдамалар жалпы психиканы дамыту мақсатында оқушылардын психикалық қызметін (негізінен ойдың) дамытумен (Л.В.Занков), шығармашылық ойын дамытумен ( .И.Калмыкова) немесе ойлау операцияларын қалыптастырумен (Е.Н.Кабанова-Миллер) байланысты. Оқу әрекеттерін ұйымдастыруға бағдар ретінде оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту тұжырымдамасы кең таралған.
Г.А.Цукерман тұжырымдамасына сәйкес, оқытудағы маңызды міндеттердің бірі - оқушыларды оқу бірлестігі дағдыларына оқыту. Оқу процесі мұғалім мен баланың бірлестігінің негізнде жасалады. Ол оқу бірлестігіндегі үш класты сипаттамаларды ажыратады:
-өзара әсердің симметриясыздығы (бала үлкен адамды қабылдамайды, ол өзіне қажетті білімді іздестіреді, ал мұғалім баланың ізденісін ретттеп, тиімдендіреді);
-баланың танымдық инициативасы;
-жаңа білімге нақты сұраныс жасау.
В.В. Давыдовтың Д.Б. Элькониннің тұжырымдамалары бойынша оқушыларды дамыта оқытудың негізінде теориялық білімді сараптау, жоспарлау және рефлексия арқылы меңгеру процесінде оқу әрекетін оның субъектісінде қалыптастыру теориясы жатыр. В.В.Давыдовтың және Д.Б.Элькониннің тұлғаны дамыта оқыту тұжырымдамасы, бірінші оқушылардың шығарма-шылығын дамытуға бағытталған.
Берілген шығармашылықтың әдістемесін бейнелейтін, С.А.Смирновтың тұжырымдамасында, педагогоикалық процестің негізгі мақсаты ретінде, әлеуметтік тәжірибенің қарқынды жинақталуымен және баланы ішкі психологиялық тыныштық пен өз-өзіне деген сенімді қалыптастыру үйлесіміндегі қабілетін мүмкіндігінше дамытудың шарттарын жасау жағдайы қарастырылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:
-оқушының мұғаліммен және бір-бірімен өзара
әрекеттерін ұйымдастыру;
-сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кейіннен пайдалану;
-оқтушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру.
Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сақтау, ойлау және ұғым қалыптастыру, теориялық толықтыру және ақыл-ой инициативаларын) дамытуға ерекше көңіл аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |