Бақылауға арналған сұрақтар
1.Оқыту ұстанымы дегеніміз не?
2.Оқыту процесін түсіндір.
3.Дидактика дегеніміз не?
4."3аңдылық" ұғымы нені білдіреді?
5.Оқыту процесіне қандай белгілер тән?
6.Таным мен оқыту процестері өзара қалай байланысады?
7.Оқытудың заңдылықтар мен ұстанымдары қандай қарым-қатынаста болады?
8.Оқыту мен дамудың өзара байланысы қандай?
9.Оқытудың мәні мен ұстанымдарының өзара байланысы қандай?
10.Оқытудың негізгі қызметтерінің мәнін ашыңдар.
16-тақырып. Қазіргі мектептегі білім мазмұнының ғылыми негіздері
20 дәріс.
1.«Білім мазмұны» ұғымы.Білім мазмұнының теориялары.
2. Білім мазмұнының негізгі компоненттері.
3.Білім мазмұнынақойылатын талаптар.Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама.
4. 12-жылыдық мектепке білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау.
1. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізі теориялары XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында қалыптасты. Олар материалдық және формалдық деген атқа ие болды. Біріншісі - дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп аталған. Ол бағыттағы
ұстананымдарда білім берудің негізгі мақсаты, оқушыларды ғылымның әртүрлі саласымен қайткенде де мол үлкен көлемде білім беру. XVII ғасырдың чех педагогі Я.А. Коменский "Дидактика" деген еңбегінде білім мазмұнын қарады.
XIX ғасырдың көптеген педагог ғалымдары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырымдама бүгінде құнын жоймай кейбір оқу жоспары мен оқулыққа талдау жасауда оқушылардың меңгеруі қиын жағдайда да көп көмегін тигізіп отыр. Дидактикалық формализм немесе білім мазмұнының формальдық теориясын қайта жасау оқушылардың танымдық қызығушылығын және даму қабілеттілігін оқытуды қарастыруы оку пәндерін таңдауда негізгі өлшем ретінде оқу пәнінің дамытушылық қызметі болып табылады, әсіресе классикалық тілдерде, математикада.
Дидактикалық формализмнің теориялық негізі бір іс-әрекет аймағынан келесіне алынған білім мен дағдының ауысуы туралы ережені құрайды. Оны жақтайтындар ерте кезден белгілі, оған Героклит оның айтуынша "Көп білім, ақылды етпейді"- деген. Цицерон да оны жақтаған. Қазіргі кезде дидактикалық немқұрайдылық теориясының қағидалар негізі - И.Кант, Песталоцци философиясы. Оның айтуынша оқтудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс ойлауын жақсарту осы ойға жақын А.Дистервег өзінің 1850 жылғы "Неміс оқытушыларына басшылық"-деген еңбегінде өз көзқарасын білдіреді. Білім беру мазмұнын қарастырған кезде оқушылардың таным әрекетінің қызығушылығының қабілетіне, көңіл қоюы, есі, ойлау қабілетін ескеру қажет. Бұл теорияның кемшілігі оқу бағдарламасында пәннің тіліне көңіл бөлу.
Пәнді игеруде окушының ойлау қабілетін қалыптастыру. Бұл екі жақты дидактикалық тәуелділікті білім беру мазмұнында энциклопедизм өкілдері жеткілікті түсіндіре алмады. Формализмді оқытуды жақтаушылар да оқытудың субъекгивтік жағының мәнін асыра бағалады. Бұл екі теорияда К.Д. Ушинскийдің сынына ұшырады. "Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді"-деді. Оның ойынша мектеп адамды білім жағынан сусындататын және де сол терең білімді игеруге үйретуі тиіс дейді. Білім беру мазмұнын таңцағанда материалдық және формальдық әдістердің бірлігін қамтамасыз ету идеясын К.Д. Ушинский ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |