Лекция №1 Тауартасымалы жүйесінде тауарлардың таралары және қаптамалары



бет2/5
Дата11.07.2016
өлшемі455 Kb.
#190684
түріЛекция
1   2   3   4   5

Туба (тюбик) бір рет қолданылатын тара, корпусы ішіндегі өнімді қысу арқылы шығаруға болатындай жұмсақ материалдан жасалады, аузы тар болады. Колпачокпен жабылады. Түбі тюбикті толтырғаннан кейін герметикалық түрде жабылады.

Пробирка (трубка) – пробкамен жабылатын ұсақ тара, цилиндр трубка түрінде жасалады, аузының диаметрі корпус диаметрімен бірдей болады. Сиымдылығыдо 0,05 дм3-қа дейін. Эфирлік майлар, духи және т.с. үшін қолданылады.

Ампула – цилиндр корпусы және ұзыншақ келген аузы бар бір рет қолданылатын тара. Өнім құйылғаннан кейін герметикалық түрде пайкалау арқылы жабылады. Дәрілер, косметика препараттары және т.с. үшшін қолданылады.

Лоток – әдетте формасы төртбұрышты, периметрі бойынша аласа бортиктері бар бір рет қолданылатын тара. Лотокты қаптама материалдарымен (пленкалармен) жабады. Негізінен оралған тағам өнімдері үшін қолданылады.

Пакет (кулек, мешочек) – жең түріндгі корпусы бар бір рет қолданылатын тара. Түбі және ашық аузы болады. Сиымдылығы – 20 дм3-ға дейін.

Қорапша (коробка) – корпусы алуан түрлі, түбі жазық, клапан, алынатын немесе шарнирдағы қақпақпен жабылаытн бір рет қолданылатын тара. Обечайка түріндегі қақпақпен жабылатын қорапшаны «пенал» деп атайды.

Пачка – разовая тара с корпусом в форме клапанмен жабылатын параллелепипед формалы корпусы бар бір рет қолданылатын тара.

Корзинка – алуан түрлы формалы «плетеная» тара, негізінен өсімдік шикізаттары үшін қоданылады.
Тұтынушылық қаптама

және оның тауар жылжуына көрсетенін ықпалы
Тұтынушылық қаптаманың тауар жылжуындағы (өтуіндегі) ролі өте маңызды болып табылады, себебі – қаптама тауардың «тілі» болып табылады.

«Тауар жылжуы» ұғымы солардың көмегімен шығарушы (сатушы) өз тауары туралы ақпарат беру арқылы нарыққа, яғни тұтынушы алдына шығатын шаралар мен әдістер коплексін ауқымдайды. Басқа сөзбен айтқанда, тауар жылжуы тұтынушыға әсер етудің соңғы фазасы және маркетинг стратегиясының маңызды элементі болып табылады. Тауар жылжуын сатуды әртүрлі акциялар өткізу, жарнама (танымал тауар белгісі, шағарушының аты және т.с.), тауардың сипаттамалары және PR (public relations) арқылы белсендіру шаралары кешені ретінде қарастыруға болады.

Қаптама және тауар жылжуы арасындағы өзара байланысты үш фазаға бөлуге болады.

1. Жарнама жариялау. Жарнама болашақ сатып алушыларды қызықтырады және тауар жөнінде ақпарат береді, сонысымен тауар сауда орындарына түспей жатып сатып алушыны оны сатып алуға ынталандырады. Бұл жерде қаптаманың ролі зор болып табылады, өйткені тауар қаптама арқылы адамға әсер көрсетеді, соның негізінде тауар туралы алғашқы пікір қалыптасады.

2. Сатып алу кезіннде қаптама «тілсіз сатушы» ролін атқарады. Был жерде қаптам белгілі функциялар атқаруы керек: ол көз тартатындай болуы керек, шынайы ақпатар беруі керек, жарнама ролін атқару керек.

3. Сатып алғаннан кейін қаптама тұтыншының таңдауы дұрыс болғандығына көз жеткізуі керек, тауардың сапалық сипаттамаларымен үйлесіп, солардың куәсі болуы керек.

Қаптама әр фазада сатуды белсендіру, жарнамалық функциялар мен тауарды жекешелендіруді қамтамасыз етуі керек.

Жарнама және қаптама бірдей ақпарат беру керек. Болмаған жағдайда тауары сатып алғаннан кейін тұтынушын айырмашалақтарын көріп, екінші рет таварды алмай қоюы мүмкін. Қаптаманы арзан жарнама деп есептейді, бірақ соңына келгенде сатып алушы қаптамаға қарап тауарды алу-алмау туралы шешімге келеді.

Тұтынушылық қаптамаға оралған тауар шығарушы кім екенін білдіру керек, оның имиджіне жұмыс істеу керек, бір өндірушіні екенші өндірушіден ажыратуға мүмкіндік беруі керек, тауар балгісінің есте қалуын қамтамасыз ету керек.

Тұтынушылық қаптамаға төмендегідей талаптар қойылады:

• жарық, көз тартатындай болуы керек;

• сиымдылығы (салмағы) бойынша алуан түрлі болу керек;

• берік, тығыз жабылартын (герметичной) және тауар сақталуының кепілі болу керек;

• пайдалануда ыңғайлы болу керек (эргономикалық жағынан);

• иөнім салмағы мен қаптаманың салмағы максималды үйлесімді болуы керек;

• маркировкада берілген мәліметтер жақсы оқылуы керек, ақпарат толық және швнайы болу керек;

• электронды түрде оқу және тауарды жекешелендіру үшін штрих-коды болу керек;

• иқаптамадағы тауарды сақтау және қолдану жөнінде нұсқаулық болуы керек;

• қайта қолдану және утилизациялау мүмкіндігі болу керек.
Лекция № 7,8. Дайындау материалы бойынша таралар мен қаптамалардың түрлері. Полимерлі материалдар
Полимерлі қаптаманың кеңінен қолданылуы оның мынадай артықшылықтарымен:

• үлесті (удельная) массасы төмен, ал тығыздығы салыстырмалы жоғары;

• химиялық реакцияларға түспейді;

• сыну қабілеті төмен (оңай сынбайды);

• жеңіл бояланады;

• технологиялылығы жоғары;

• өзара алмастырылады.

Бірақ тараның бұл түрінің кемшіліктеріде бар:

• ауа оттегісінің, агрессивті орталардың, күн сәулесінің әсерінен ескіреді;

• өнімде қаптамадан бөтен иіс пайда болады;

• полимерлерді утилизациялау кезінде жекешелендіру қиынға түседі ;

• өнімге органикалыкалық заттардың көшу мүмкіндігі (поливинилхлорид, полистирол және т.с.).

Полимерлі қаптаманың үш негізгі түрі кездеседі:

• пластмассадан жасалған қатты тара;

• полимерлі және комбинирленген материалдардан жасалған жартылай қатты және жұмсақ тара;

• полимерлі материалдардан жасалған комбинирленген тара.

Гигиеналық қасиеттері бойынша полимерлі тараның түрлері:

• тағам өнімдері үшін;

• тұрмыстық тауарлар үшін;

• техникалық арналудағы тауарлар үшін;

• улы химикаттар, дезинфициялау құралдары, тыңайтқыштар, үй қоқыстары үшін және т.с.
Полимер материалдарының жалпы сипаттамасы.

Полимер тара жасау үшін қолданылатын материалдарды табиғи және синтетикалық материалдарға бөледі



Табиғи полимер материалдарына целлюлозаның туындылары: регенерирленген целлюлоза және целлюлоза астаттары жатады.. Орағыш материалдар көбінесе регенерирленген целлюлоза – вискозадан жасалады..

Целлюлоза пленкаларының пайдалы қасиеттері болып оның шыныдан кем емес мөлдірлігі, жоғары беріктігі (мықтылығы), майлар мен иістерді өткізбеуі табылады.



Вискозадан жасалған пленка (целлофан).

Целлофан – арзан мөлдір буып-түю материалы қағаз және картон негізіндегі дәстүрлі буып-түю материалдарынан айырмашылығы, ол мөлдір тара дайындауға мүмкіндік береді.

Табиғатта кездесетін целлюлоза химиялық - техникалық процесс нәтижесінде сульфитті целлюлоза түрінде жиі қолданылатын мөлдір пленкаға айналады. Бұл мағынада целлофан пластмассаға жатпайтын және түрленген табиғи материал.

Целлюлозаларды буып-түю үшін қолдану мәні, ол мөлдір және арзан, соған қарамастан оның ультракүлгін сәулелерді өткізуі басқа мөлдір пленкаға қарағанда жоғары. Мұны жарық сезгіш заттар, май, дәруменді өнімдерді буып – түю кезінде есепке алу керек.

Негізгі шикізат – целлюлоза ағаш қалдықтарын каустикалық содамен өңдеу арқылы алынады. Вискоза пленкасының алуан түрлері кездеседі, оның ішінде суды өткізбейтін және оны өткізетін, термосваркаланатын және сваркаланбайтын, бір немесе екі жағынан қапталған және т.б.

Су өткізетін целлофан пленкасы өнімді шаңнан, майлар мен зең түсуінен қорғау қажет болғанда қолданылады. Оған конфеттерді, жаңа пысқан көкөністер мен жемістерді, сосискаларды орауға болады.

Су өткізбейтін вискоза пленкасы нан-тоқаш және кондитер өнімдерін, сигареттерді, жаңа сойылған етті орау үшін қолданылады. Полиэтиленмен қапталған целлофан қақталған етті, сырды және басқаларды вакуум жағдайында орау үшін қолданылады. Бұл жерде целлофан газдардың өтпеуін, ал полиэтилен – сварка тігісінің мықтылығын және ылғалдың өтпеуін қамтамасыз етеді. Бұндай пленкаға печенье, чипсы орауға болады.



Целлюлоза ацетаттары. Ацетат пленкалары вискозадан жасалған пленкалардың қасеттерінің көбіне ие, сонымен бірге қыздырылған күйінде жеңіл майысады (термопластикалы), жақсы формаланады және бүктеледі. Көп қабатты ламинаттардың сыртқы қабаты түрінде қолданылады. Пленка ылғал жібермейді, ал бу және газ жібереді, сондықтан «тыныс ала алатын» орамдық материал ретінде көптеген жас тағамдарды орау үшін қолданылады. Бүктеп желімдеу немесе формалау арқылы конфеттер, шоколад салуға арналған әр түрлі сиымдылықтар мен коробкалар жасауға келеді.
Синтетикалық полимер материалдарына олефин гомологтық қатарының газдарын – этилен, пропилен, бутен, винил полимерлері – поливинилхлорид, иономерлер, стирол полимерлері, полиамидтер және т.б. полимеризациялау өнімдері жатады.

Тығыздығы төмен полиэтилен – полиэтилен низкой плотности (ПЭНП). Этиленді полимеризациялау арқылы алынады.. ПЭНП пленкалары мықты болып табылады және мықтылығын – 70 0С температураға дейін сақтай алады. Ылғал және бу өткізбейді, бірақ газ өткізеді сондықтан тез тотығатын өнімдерді буып-түюге келмейді. Химиялық тұрақты болып табылады, әсіресе қышқылдар, сілтелер және анорганикалық еріткіштерге қарсы, бірақ көмірсуларға, майларға қарсы тұра алмайды.

ПЭНП буып-түюге арналған пленкалардың 75%-ын құрайды. Бұл материал полиэтилен пакеттері түрінде әр түрлі тағам өнімдерін салу үшін қолданылады. Төменгі температураларда беріктігін жоғалтпауына байланысты мұздатылған тағам өнімдерін орау үшін қолданыла алады.



Тығыздығы жоғары полиэтиленполиэтилен высокой плотности (ПЭВП). ПЭВП-дан жасалған пленкалар 120 0С температуралаға дейін шыдайды, сондықтан одан жасалған тара бумен стерилизациялауды көтереді. Химиялық тұрақтылығы ПЭНП пленкаларының тұрақтылығынан жоғары б.т..

Радиациялық-модификацияланған полиэтилен. Кәдімгі ПЭНП пленкаларын жоғары жиіліктігі электр тогы өрісінде ұстау арқылы алынады. Тиісті тұрақтыландырғыш (стабилизатор) қолдана отырып 105 0С температураға, ал қысқа мерзім ішінде 230 0С температураға шыдайтын полиэтилен алуға болады.

Полипропилен. Пропиленнің синтетикалық полимеры болып табылады. Полиэтиленге қарағанда пропиленнің тығыздығы төмендірек, жоғары температураға шыдайды. Тағам өнімдерін орауға арналады.

Полибутен-1 (ПБ). ПБ плёнкасы ПЭНП-ға қарағанда қатты және мықты б.т., жоғары температураға шыдайды. Оны ыстық өнімдерді орау үшін қолдануға болады. Буды өткізбейді бірақ газды жақсы өткізеді. Термосваркаланады.

Бұл пленкадан сүт құятын пакеттер жасалады.



Поливинилхлорид (ПВХ). Винилхлоридты полимеризациялау арқылы алынады. Пленка қатты және мықты б.т. Печенье және кондитер өнімдері салынған қорабтардың ішіне жайу үшін қолданылады.

Поливинилиденхлорид (ПВДХ). Винилиденхлорид және винилхлорид сополимеры б.т. Плёнка жарық өткізеді, мықтылығы жоғары 120... 158 °С температурада сваркаланады. ПВДХ пленкаларының бу- және газ өткізгіштігі өте төмен. Көп қабатты пленкалар шығарғанда және қағаз, целлофан, полипропилен пленкаларының бетіне жағылады.

Ветчина, сыр, құс өнімдерін орау үшін қолданылады. Осы плёнкадан жасалған қаптар сырларды жетілдіру кезінде қолданылады.



Иономерлер. Полимерлердің бұл тобы коваленттік және иондық байланыстарға ие болады.. Иономерлерді «Дюпон» швейцар фирмасы зерттеп дайындаған және олар Сурлин А деп аталады.

Сурлин А пленкалары этиленде негізделген және көптеген қасиеттері бойынша полиэтиленге ұқсас болып табылады. Иономерлер жарықты жақсы өткізеді (прозрачность) үй температурасында кез келген органикалық еріткіштердің әсерінен өзгермейді және жоғары температурада да бір де бір еріткіште ерімейді. Термосваркамен формалау арқылы дайындаратын тара шығару үшін қолданылады. Экструзия арқылы ламинирлеу үшін де қолданыла алады.



Стиролдың полимерлері және сополимерлері. Стирол 145 °С температурада қайнайтын химиялық сұйық болып табылады. Полимеризациялау өнімдеріне полистирол және оның модификациялары, акрилонитрил, бутадиен және стиро­л сополимерлері жатады..

Полистирол (ПС). Полистирол пленкасы өте сынғыш болып табылады және модифициялаусыз орау материалы түрінде қолданыла алмайды. Полистирол орташа деңгейде газ өткізгіштікке және жоғары бу өткізгіштікке ие. Күшті қышқыл және сілтелерге қарсы тұрақтылығы бар.

Модифицирленген полистиролдан әр түрлі стаканчи­ктер, подностар, қатты тубалар және т.б. жасайды..



Полиамидтер (ПА). Барлық полиамидтер қатты, төзімді материалдар болып табылады. Бумен 140 °С температураға дейін стерилизайиялауды көтереді. Төмен температурада сынбайды, соққыны жақсы көтереді, жеңіл свараланады. Буып түю материалы ретінде полиамидтер мынадый қасиеттерге ие: майлар мен сілтілерге қарсы тұрақты, газ және ауаны, иістерді жақсы өткізеді. Кемшіліктері: ылғылды жақсы сіңіреді және бу өткізеді..

Полиамид плёнкалар тағам өнімдерін вакуум жағдайында буып-түю үшін қолданылады.



Поликарбонат (ПК). Көмір қышқылының полиэфиры болып табылады. Поликарбонат плёнкалары жоғары термотұрақтылық, тұтқырлыққа ие, жарықты жақсы өткізеді. Қасиеттері температураның әсерінен көп өзгермейді. Өте төмен температураларға да шыдамды. Импульстік, ультрадыбыс және кәдімгі жылу сваркалауға жарамды. Формаға оңай келтіріледі.

Ыстық тамақты орау үшін қолданылады. Автоклавтарда стерилденетін өнімдерді және микротолқын пештері үшін оралатын өнімдерді орау үшін қолданылады.

Әдетте синтетикалық және табиғи материалдардың көбісі нақты мақсатта пайдалану үшін қажетті барлық қасиеттерге ие болмайды. Материал химиялық тұрақты, бірақ мықтылығы төмен болуы, газдарды өткізбеуі бірақ суды өткізуі мүмкін. Барлық қасиеттерге ие бірақ қымбат болуы мүмкін және т..с.

Қазіргі жағдайда техниканың дамуына байланысты қажетті қасиеттерге ие көп қабатты полимер және комбинирленген материалдарды шығаруға болады.



Көп қабатты полимер материалдары. Әр түрлі полимер плёнкаларын біріктіру арқылы бастапқы пленкалардың қасиеттерінен едәуір жоғары қасиеттерге ие көп қабатты материалдар алуға болады. Әдетте полимердің екі-үш түрін екі-үш қабатқа біріктіру оптималды деп есептеледі.


Полимерлі тараның жіктелуі.

Көп түрлігі және функционалдық арналуы бойынша полимерлі тара тұтынушылардың талаптарын толығынан қанағаттандырады, сондықтан оны алуан түрлі өнімдерді: сұйық, сусымалы, паста тәрізді, қатты; газгаздалған сусындарды, жанар-жағар материалдарды, тағамдық және химических өнімдерді ыдыстау үшін қолданады

Қолданылатын материалдың түріне байланысты полимер тара және бумалар полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид және т.б. тараға бөлінеді. Егер тараны жасау үшін бірнеше материал қолданылатын болса, бұндай тара немесе бума комбинирленген деп аталады.

Конструкциясы бойынша тұтынушылық полимер тару қораптарға, банкаларға, флакондарға, тубаларға, стаканчиктерге және т.б. бөлінеді. Сондай-ақ полимер тара өлшемдерінің тұрақтылығымен (қатты, жартылай қатты, жұмсақ), формасымен (төрт бұрышты, цилиндртәрізді, жағық, конустәрізді және т.с.) және т.б. қасиеттерімен сипатталады.

Шығару технологиясына байланысты үрлеп жасалған, құйып жасалған, престеп жасалған, пісіріп (сваркалап) жасалған тара мен бумалар кездеседі.
Үрлеп жасалған тұтынушылық тара.

Үрлеп жасалатын тұтынушылық тара былай жіктеледі:

- конструкциясы бойынша (бөтелкелер, флакондар, банкалар, ка­нистралар және т.б.);

- жасап шығару тәсілі бойынша (экструзия әдісімен, инжекция әісімен, инжекторлық-экструзиялық формалау әдісімен, құю және экструзиялау әдісімен);

- аузының диаметрі бойынша (тап ауызды – ауызы көлденең қима ауданының 20 % аудан құрайтын және кең ауызды - 50 % артық аудан құрайтын).

Төменде үрлеу әдісімен жасалған кейбір тұтынушылық тараның сипатталған:

бөтелке – синымдылық диапазоны 0,05...2,0 л; төмен қысымды полиэтиленнен немесе қатты поливинилхлоридтен жасалады; химикаттарды, әр түрлі сүйық өнімдерді құю үшін қолданылады;

квадрат флакон - сиымдылығы 0,1...2,5 л; жоғары қысымды полиетилен, төмен қысымды полиэтилен, пропилен немесе қатты поливинилхлоридтен жасалады; химиялық реактивтерді құю үшін қолданылады;

цилиндр банка - сиымдылығы 0,25...2,0 л; жоғары қысымды полиэтиленнен жасалады; сусымалы, тұтқырлы тағамдық емес өнімдерді құю үшін қолданылады;

конус тәрізді безендіру элементі бар цилиндр банка - сиымдылығы 0,9 л; қатты поливинилхлоридтен жасалады; кофе, маринадтар, соустар және т.б. өнімдерді құю үшін қолданылады;

тұтқасы бар квадрат банка - сиымдылығы 3,5.. .4,5 л; жоғары қысымды полиетилен, төмен қысымды полиэтиленнен жасалады; тұрмыстық химия тауарларын құю үшін қолданылады;
Құю және престеу әдісімен жасап шығарылған полимер тара.

Бұндай тараны қысым істінде құю және престеу арқылы жасайды. Бұндай жағдайда бұйымның сыртқы және ішкі өлшемдері дәл болып шығады.

Бұл әдіспен тараның мынадай түрлері шығарылады.

Банкалар - сиымдылығы 50 - 5000 см3 жоғары қысымды полиетилен, төмен қысымды полиэтиленнен, полипропиленнен жасалады; теңіз өнімдерінен жасалған тағамдарды, кулинар өнімдерді, косметиканы буып-түю үшін қолданылады.

Қораптар - жоғары қысымды полиетилен, төмен қысымды полиэтиленнен, соққы көтеретін полистиролдан жасалады; кондитер өнімдерін, парфюмерия, даналап шығарылатын бұйымдарды буып-түю үшін қолданылады..

Стаканчиктер – соққы көтеретін полистиролдан, полипропиленнен жасалады; сүт өнімдерін, сусындарды, медицинлалық препараттарды буып-түю үшін қолданылады.


Газбен қанықтырылған материалдардан жасап шығарылған тұтынушылық тара.

Газбен қанықтырылған полимерлердің ішінен тара жасау үшін негізінен пенопласттар қолданылады.

Пенопласттан жасалған тара көбінесе буып-түйілген өнімді соққылардан, механикалық зақымдалудан, температураның өзгеруінен, ылғал өтуінен, микроағзалардың әсерінен сақтау қажет болған жағдайларда, сондай-ақ салмағын аса көтермеу, ұзақ сақталуын қамтамасыз ету және бағасын төмендету мақсатында қолданылады. Бұндай тара -60... +75 °С температура диапазонында формасын және қасиеттерін сақтай алады. Тұтынушылық тараны корап, кювета, лоток, банка түрінде жасайды.

Лотоктар пенополистиролдан (ППС), пенополиуретаннан (ППУ), пенополиэтиленнен (ППЭ) және т.б. жасайды; жаңа мұздатылған өнімдерді буып-түйеді. Кюветалар пенополистиролдан, пенополиуретаннан, пенополиэтиленнен жасалады, жеміс-жидектер, теңіз өнімдері буып-түйіледі..


Лекция № 9,10. Дайындау материалы бойынша таралар мен қаптамалардың түрлері. Шыны тара
Шыны тара негізінде тұтынушылық тара болып табылады.

Артықшылықтары:

• жоғары гигиеналық қасиеттері;

• мөлдірлігі жоғары;

• химиялық тұрақтылығы (реакцияларға тұспейді);

• өнімнің дәмі (ароматы, иісі) сақталады;

• қысқан кезде жоғары мықтылығы (қысымға шыдамдылығы);

• көп мәрте қолданылады;

• эстетикалық қасиеттері жоғары;

• қайта өндіру мүмкіндігі;

• лқалдықтар ішінен жеңіл табылуы.



Кемшіліктері:

• оңай сынады (сынғыштығы);

• үлестік массасы жоғары (қаптама бірлігінің);

• жасап шығару ақаулары кездеседі.

Шыны тара былай классификацияланады:

• сұйық тағамдар үшін бөтелнелер;

• сұйық тағамдар үшін банкалар;

• балалар тағамдары үшін банкалар және бөтелкелер;

• тұрмыстық химия тауарлары, химиялық реактивтер және аса таза заттар үшін банкалар және бөтеленлер;

• парфюмерия и косметика өнімдері үшін банкалар және флакондар;

• медициналық препараттар үшін бөтелкелер.

ГОСТом Р 52022-2003 стандартына сәйкес төрт түрлі шыны маркалары бекітілген: түссіз шыны, жартылай ақ, жасыл және қоңыр.


Шыны тара шығару үшін шикізат.

Шыны тара шығару үшін қажетті шикізаттар негізгі және қосалқы (қосымша) деп бөлінеді.

Негізгі шикізатқа төмендегі қышқыл және сілтілі қосылыстар жатады: кремнезем (кремний диоксиді Si02),бор ангидриді (B2О3), алюминий оксиды (Al2O3), натрий сульфаты (Na2SO4), содa (Na2CO3), поташ (K2CO3), известняк (СаС03), доломит (СаС03 . МgС03).

Қосымша шикізатқа шыны қайнату үшін қажетті компоненттер жатады:


  • әр түрлі бояғыштар (металл оксидтері, мыстың, алтынның және т.б. металдардың коллоидтық-дисперленген қосылыстары);

  • шыныға ақ түс беру үшін қолданылатын заттар, мысалы фосфор, қалайы қосылыстары;

  • тотықтырғыштыр және тотықсыздандырғыштар – арнайы тотығу-тотықсыздану ортаны қалыптастыру үшін;

түссіздендіргіштер және ағартқыштар – ақ және түссіз шыны алу үшін;

қорғасын оксиді РbО немесе барий оксиді ВаО - хрусталь сортты шыны алу үшін (қорғасын хрусталі немес барий хрусталі).

Шыны тараға қойылатын талаптар арнайы мемлекеттік стандарттарда көрсетілген.
Шыны тараны жасап шығару

Шыны бұйымдарды ыстық күйдегі стекломассадан жасап шығарады. Өндіру процесі төмендегі кезеңдерден құралады:

шихтаны қалыптастыру;

• шыныны пісіру;

• шыны бұйымдарын жасап шығару;

• күйдіру.



Шихтаны қалыптастыру. Шихта – майда ұсақталған шыны қайнатуға арналғаг шикізат компоненттерінің қоспасы. Қайнату процесін жылдамдату және екіншілік шикізатты пайдалану мақсатында шихта құрамына құрамы шығарылатын шынының құрамына сәйкес келетін шыны сынықтарын қосады. Металл қосындыларды механикалық әдіспен бөліп алады (магниттік сепарация), темір қосылыстарын химиялық байыту әдісімен кетіреді. Түссіз және жартылай ақ шыны шығарғанда тотықтырғыштар қолданылмайды. Түссіз шыны алу үшін түссіздендіргіштер (селен және кобальт монооксиді) қосылады және Na2SO3 мөлшері көбейтіледі. Түссіз шынының құрамында оған қою жасыл түс беретін Fe2O3 ең аз мөлшерде (0,1 %-тен көп емес) кездеседі.

Қасиеттеі қалыптастырылған және қоспалардан тазартылған бастапқы материалдар мұқият араластырылады да пешке жібереді.



Шыныны пісіру процесі периодтық және үздіксіз істейтін шыны қайнатуға арналған пештерде жүргізіледі. Жоғары температураның әсерінен шихта сұйық стекломассаға айланады. Жоғары температурада (1300-1460 °С) шихтаның компоненттері өзара әрекеттеседі, нәтижесінде сілтелі металлдардың силикаттары түзіледі.

Шыны бұйымдарын жасап шығару төмендегі әдістермен жүзеге асырылады:

• пресстеу (қарапайым формы бұйымдар үшін);

• пресстеп үрлеу;

• вакуумды машина-автоматтар және арнайы формалардың қолданылуымен үрлеу;

• формаларға құю;

• қолмен үрлеу әдісі.



Күйдіру бұйым жасап шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Мақсаты – пісіру процесінде орын алған ішкі кернеулерді жою. Күйдіру процесінің мәні – бұйымдарды балқу күйіне дейін 500 - 580 °С температурада қыздырады және осы температурада біршама уақыт ұстайды, содан соң үй температурасына дейін суытады. Күйдіру конвейерлі пештерде жүзеге асырылады. Жақсы күйдірілген бұйым механикалық берік және ауыспалы темперетураға (мысалы, банкандағы консервілерді стерилдеу кезінде) шыдамды болады.
Шына тараның сапасын бақылау.

Сапасын бақылау кезінде тараның әр түрі үшін тиісті бақыланатын параметрлер және белгілі әдістер қолданады.

Мысалы, бөтелкенің жалпы биіктігі, корпусының сыртқы диаметрі, толық және номинал сиымдылығы бақыланады; көмірқышқыл газы бар сусындарға арналған бөтелкелердың қабылғаларының қалыңдығы, түбінің ерекше формасы, мюзле (сымнан жасалған каркас) арқылы бөтелкенің ауында бекітілетін пробкасы тексеріледі.

Шыныны бояу дәрежесі (жарық өткізу коэффициенті) тараның ішіндегіні көзбен көруге мүмкіндік беруі керек. Ақаулар ГОСТ Р 30005-93 «Тара стеклянная. Термины и определения дефектов» стандартына сәйкес бағаланады. Аузының ақаулары органолептикалық әдіспен анықталады. Шыныда қалған ауан пузыректерінің мөлшері өлшеу әтісімен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет