Лекция №1 Тауартасымалы жүйесінде тауарлардың таралары және қаптамалары



бет5/5
Дата11.07.2016
өлшемі455 Kb.
#190684
түріЛекция
1   2   3   4   5

Қаптаманың сенімділігі –механикалық қасиеттерін және немесе герметикалығын ұзақ уақыт ішінде сақтау қабілеті.

Осындай қасиетінің арқасында қаптама тауардың жақсы сақталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, көп мәрте қолданылатын қаптаманың өзі жақсы сақталуы керек, тауармен де тауарсыз да. Бір рет қана қолданылатын қаптаманың сақталу уақыты тауардың жарамдылық мерзімінен аса көп артауы да болады.

Қаптаманың үйлесімділігі – ішіндегі тауардың тұтынушылық қасиеттерін өзгертпеу қабілеті.

Ол үшін қаптама таза, құрғақ, зең және бөгде иіссз болуы керек. Ол тауардың жеке компоненттерін (су, май және т.с.) сіңірмеуі керек.

Тауармен үйлеспейтін қаптаманы қолдануға тиым салынады. Мысалы, майлы өнімдер үшін қағаз және полиетилен пленкаларды қолдануға болмайды, өйткені олар май жұтады. Тағам өнімдері үшін ағаш жәшіктерді ағаштың шырша тәрізді түрлерінен жасауға болмайды –шырша иісі тамаққа көшеді.

Өзара алмасушылық – қаптаманың бір түрінің оның екінші түрінің орнын алмастыру қасиеті. Бұл жерде екі түрлі қаптама бір мақсатта қолданылу шарты қойылады. Мысалы, герметикалық металлды консерві банкалары металлды қақпақтары бар шыны банкалармен алмастырлуы мүмкін, жәшіктерді контейнерлермен немесе картонды қораптармен алмастыруға болады.

Эстетикалық қасиеттер ең алдымен тұтынушылық тара үшін өте маңызды болып табылады. Жоғары эстетикалық қасиеттері болу үшін қаптама жасау үшін көрнекті материалдар (фольга, целлофан, полиэтилен және т.б.) қолданылады, сондай-ақ а қаптаманы түрлі-түсті қылып әрлейді.

Аталған талаптар қаптаманы оның арналуы бойынша таңдауд себебі болып табылады. Таңдау үшін ең маңызды критерийлар болып қауіпсіздік, сенімділік және үйлесімдік, сондай-ақ қаптаманың экономикалық тиімділігі және ішіндегі тауардың сақталу мерзімі табылады.



Қаптаманың экономикалық тиімділігі оның құнымен, пайдалану бағасымен және утилизациялау бағасымен сипатталады.

Қаптаманың құны қолданылатын материалдардан, сондай-ақ өндірістің технологиялық қолайлылығынан тәуелді болып табылады. Мысалы, қағаздың құны шыны немесе металлға қарағанда арзандау, есесіне шыны мен металлды оңай балқыту, формалау немесе штамповкалауға болады.

Бір рет қолданылатын қаптама арзан, бірақ оны утилизациялауға көп қаражат жұмсалады. Көп мәрте қолданылатын тара арзанға түседе егер ол 3-5 және одан да көп рет өолданылатын және жөндеуді қажет етпейтін болса.

Әртүрлі қаптаманың экономикалық тиімділігі бірдей болмайды және тікелей оған салынатын тауардың ерекшеліктерімен байланысты.

Нарық жағдайының үнемі өзгеріп отыруына, тараның жаңа түрлерінің шығарылуына, тауарларды жылдам және жеңіл жекешелендіру қажеттілігіне және т.б. факторларға байланыты қаптамаға қойылатын талаптар алдағы уақытта қатаңдай түсетін болады.


Лекция № 25,26.

Қосымша материалдар
Қосымша материалдардың түрлері.

Қосымша материалдарға байлайтын ленталар (оның ішінде сабаықақтары), прокладкалар, уплотнительдер, обрешеткалар, вставкалар, вкладыштар, валиктер, упорлар, укладкалар, скобалар, уголоктар және т.б. жатады.

Ленталар материалының түрі бойынша матадан жасалған, полимер, қағаз, металлды деп бөлінеді. Полимер және қағаз ленталар жабықақ қабаты бар немесе ондай қабаты жоқ деп жөліненді.

Жабысқақ ленталардың классификациясы:

1) арналуы бойынша жабысқақ ленталар түрлері: упаковочный, маркировочный, герметизирующий, прокладочный, декоративный;

2) жабысқақ қабатының типі және белсендіру (активация) жағдайлары бойынша ленталар түрі: еріткіште (суда) немесе жылудың әсерінен активацияланатын; қысып активацияланатын және тұрақты түрде жабысқақ.

Тасымалданатын пакеттерді бекіту, қорабтарды, жәшіктерді, мешоктарды және басқа түрлі тараларды байлау үшін полимерлі байлау ленталары, канат-жіпті бұйымдар және шпагеттар қолданылады.

Полимерлі (буып-түю) байлау ленталары полипропилен, нейлон, вискоза, лавсан негізінде жасалады.Байлау ленталарының ені 12-15 мм-ден 100 мм-ге дейні болады.

Ленталар мықты, майыспалы және жүктемені жақсы көтереді. Түсі әртүрлі болуы жүкті сорттауға мүмкіндік береді.

Техникада қолданылатын белбеу ленталары лен материалынан жасалады, қалыңдығы 20, 25, 35 мм. Олар мықты болады, бірақ биоыдырауға қарсы тұра алмайды.

Жіптер – көп қайтара қолданылатын, канатқа ұқсас, мықтылығына, төзімділігіне және сенімділігіне төмен талаптар қойылған жағдайда қолданылады. Канатпен саластырғанда, жіптер икімді болып келеді, бір-бірімен жеңіл жалғастырылады және жүкті былғамайды. Жіптер аса ауыр емес жүктерді көтеру үшін қолданылады.

Техникалық қажеттерге қолдану үшін жіптердің жуандығы 4,5 - 26 мм.

Қолданылған материалына байланысты жіптерді шығарады:

• табиғи талшықтардан: пенька, лен, кенаф, лен+пенька және хлопчатобумажные;

• синтетикалық талшықтардан: полиамидті, полиэфирлі, вискозалы, полиэтиленді.

Шнурлар – жіптер мен канаттарға қарағанда жоғары эксплуатациялық қасиеттерге ие. Су кемелерінде және ауа кемелерінде, балық өнеркәсібінде және спорттық жарақтарды шығару үшін қолданылады. Диаметрі 1,5–6 мм-ден 6-12 мм-ге дейін.

Шпагаттар – бір рет қана қолданылатын бұйым болып табылады. Пенька, лен және т.с. материалдардың қысқа талшықтарынан, вискоза және полиолефинді (полипропилен, полиэтилен) жіптерден, сондай-ақ қағаздан жасалады. Тұрмыстық қажеттер үшін шпагаттардің диаметрі 1 - 4,8 мм, техникалық мақсаттар үшін - 2–3,5 мм. Шпагаттар ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, саудада және пошта мекемелерінде қолданылады.

Металлды, болаттан жасалған ленталар және сым жағары беріктікпен, ұзармау (ұзындығын өзгертпеу) қасетімен сипатталады жүктер мен ағаш жәшіктерді байлау үшін қлоданылады. Болатты ленталар мен сымды пломбамен немесе пломбасыз байлайды. Сымның үштерін бұрау арқылы жүкті бекітеді.

Байлау кезінде қосалқы жабдықтар болып металлды немесе полимерлі скрепкалар мен уголоктар табылады. Олар транспорттық тараны (картон жәшіктерінің бұрыштарын артық қысымнан қорғайды, ленталарды фиксировать етеді. Бұлармен қатар полимер және металлды ленталар үшін стяжкалар (құлыптар) қолданылады.

Жіптер – ең жіңішке иірмелі бұйым б.т. Конструкциясы бойынша көпжіпті шпагат тәрізді. Жіптерді бастапқы шикізаты бойынша (лен, мақта, химиялық талшықтар және олардың қоспасы); алу тәсілі бойынша (ұүрғақ, сулы, жартылай сулы); өңдеу түрі бойынша (суровый, беленый, окрашенный, вощеный, лощеный) классификациялайды. Жіптер кілем тоқу, мешоктер, тенттер, брезенттен бұйым тігіп шығару үшін, терігалантерея өнімдерін шығару, аяқ киім тігі және т.с. үшін қолданылады.

Қорғасынды пломбалар тараны пломбалау үшін қолданылады. Кішкентай (7x10 мм) және үлкен (6x16 мм) пломбалар және арнайы диаметрі 0,7 мм болаттан жасалған пломбирлеу үшін сым шығарылады. Оларды біріктіру үшін арнайы пломбалаушы маринлар – пломбираторлар пайдаланылады.

Жұмсақ тарадағы жүктерді сургучпен пломбалайды.

Бірнеше қаптаманы және транспорттық пакетті буып-түю үшін байлаудың орнына созылмалы немесе термоусадочный пленкалар қолданылады.

Стреч-пленка – жоғары қысымды полиетиленнен дайындалған созылмалы байлау материалы болып табылады және рулондап шығарылады.

Стрейч-пленка – қазіргі заманғы қаптама материалы, созылу және соңынан қайта орнына келу қабілеті бар. Қарапайым пленкалы материалдармен салыстырғанда жыртуға беріктігі, тесу, соғу, қысуға қарсы жақсы тұра алады.

Қалыңдығына байланысты пленка әртүрлі мақсаттарда пайдаланады:

• қалыңдығы 15-17 мкм – қарапайым жүктерді бекіту үшін;

• қалыңдығы 20 мкм – габариттері үлкен ауыр жүтерді және үшкір бұрыштары бар бұйымдарды бекіту үшін;

• қалыңдығы 23 мкм – тас блоктар және бардюр плиткалаты сиақты өте ауыр жүктерді бекіту үшін.

Қораптар мен жәшіктердің ішіндегілер бір-біріне тиісу-жабысудан қорғау үшін әртүрлі вкладыштар қолданылады. Тұтынушылық тарада (кәмпиттер немесе ұсақ заттар жиынтығы салынған қорабтарға) аталған мақсатта коррестер, лотоктар, вставкалар қолданылады.

Картон жәшіктердің түбіне жәшікті оған салынған өнімнің өлшемдері бойынша бірнеше бөлмелерге бөлу үшін арнайы парақтар, жазық гофрирленген картоннан жасалған перегородкалар, обрешеткалар, әртүрлі формалы обечайкалар қолданылады.

Қаптама және буып-түю құралдарына қойылатын талаптар қосымша материалдарға да қойылады. Ең маңыздысы болып беріктігі және қорғау қасиеттері табылады, өйткені қосымша материалдар қорғаушы материалдар функциясын атқарады және қаптаманы толықтырушы материалдар болып табылады.



Лекция № 27,28. Қаптаманы этикирлеу
Көз тартымды ақпаратты этикетка тұтынушы үшін таластың ең күшті факторы болып табылады. Бұндай этикетка тауарды басқа бөтелке, банка, қораптардың ішінен алыстан ажыратуға мүмкіндік береді. Этикетка жарнамалық, ақпатаррық элемент ретінде кез келген өнімнің өндірушідер тұтынушыға дейінгі жолында кездеседі. Қазіргі кезде этикетка поддельный қаптамалармен күресу элементі де болып табылады.

Этикетканың таурды жарнамалау және өткізу тәсілі ретіндегі мәртебелі рөлі оның сыртқы кезтартымдылығына, көркем безендірілуіне және ақпараттықжағының мазмұнына жоғары талаптар қойылуын талап етеді.

Соңғы кездерде этикеткалар жаңа функцияларға ие болатын болды.

Олардың арасындағы маңыздысы болып ақпаратты штрих-код арқылы оптикалық әдіспен оқу және ары қарай компъютерлік өңдеумен байлынысты болып табылады. Этикеткаға осындай штрих-код қою тауарларды өндірісте, складтарда және дүкенде есепке алу жүйесін өзгерту және жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Этикетканың тағы бір жаңа функциясы болып тауарлады подделкадан қорғау үшін қолдану табылады. Бұл проблеманы шешу үшін этикеткаға жоғары қорғау дәрежесі беріледі: этикетканы ерекше бір сортты қағаздан жасайды, комбинирленген материалдар, магнитті жәнелюминисцентті жіптер қолданылады, голография тәсілін қолдану арқылы баспаның бірнеше тәсілдері біріктіріледі.

Жәнә болып этикеткаға температураға байланысыты өз түсін өзгертетін арнайы термоиндикаторлық белгілер еңгізу табылады. Бұндай минитермометрлер өнімді тұтынудың оңтайлы темперетурасын білдіру үшін қолданылады.

Қазіргі заманғы электронды және полиграфиялық технологиялар «интеллектуалды» этикеткалар smart lables жасап шығаруға мүмкіндік береді. Бұндай этикеткалар интегралдық микросхемалармен жабдықталады. Интегралдық микросхема бұйымның өндірістік желілердегі қозғалысын басқаруға, ұрлықтар мен подделкалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Этикеткалардың мынадай түрлері кездесед:

• қағаз этикеткалар;

• өзінен жабысатын;

• полимерлі;

• көлемді;

• голографиялық.

Қағаз этикеткалар жоғары сапалы ақ этикеткаларға арналған қағаздан жасалады. Метал қосылған қағаздан жасалған этикеткалар жоғары эстетикалық қасиеттерге ие болады. Этикеткаларды типографиялық жабдықтардың көмегімен литографиялау процесінен өткізеді. Әртүрлі тәсілдермен алуан түсті суреттер, жазулар және мәтіндер енгізіледі. Кәдүмгі принтердің көмегімен де басады. Қағазға, картонға, полимерлерге, фольгаға, комбинирленген материалдарға басу үшін ұқсас полиграфиялық безендіру тәсілдері қолданылады. Айырмашылығы температуралық режимдерден, бояулардың табиғаты және тұтқырлығынан және басу технологиясының кейбір ерекшеліктерінен табылады.

Өздігінен жабысатын этикеткалар – жабысқақ адгезиялық қабаты бар этикеткалар. Қолдануға дейін жабысқақ қабаты антиадгезиялық қағазбен жабылады. Адгезивтер ретінде хлоропрен және акрилатты каучуктер қолданылады. Эткеткалар белгілі өлшемдегі рулондар түрінде шығарылады. Этикеткаларды жабыстыру үшін арнайы жабдықтар қолданылады.

Бұндай этикеткаларда адгезиялық контакт этикетка мен қаптаманы қысым беру арқылы жүзеге асырылады. Контакт өте мықты болып табылады. Этикетканы қайта алу мүмкін емес.



Өздігінен жабысатын полимер этикеткалар толығынан алып тастауға келеді. Манжета типті этикеткалар технологиясы цилиндр формалы термоусадка беретін пленкадан жасалған полимер этикеткаларды жабыстыруға мүмкіндік береді. Бұндай этикеткалардың артықшылығы – олар бір уақытта қаптаманы рұқсатсыз ашудан, подделкадан сақтайды және қаптаманың бұзылмауын қамтамасыз етеді. Этикеткаға құпия белгілер, галографиялық маркалар мен пломбалар енгізілуі мүмкін; этикетка банканың корпусын ғана емес, оның пробкасын немесеқақпағын да жаба алады; басылатын сурет этикетканың ішкі жағында орналасады, сондықтан жуылмайды, өшірілмейді, суланбайды.

Манжета-этикетка үшін негізгі материалдар ПВХ, ПП және ПЭТФ болып табылады. Полимерлі этикетканың қалыңдығы материалына байланысты 0,04–0,08 мм, усадка температурасы – 100–200 °С құрайды.



Термоусадка беретін этикетка-манжеталарды кез келген формалы және өлшемді полимерлі, металлды және шыны тара үшін қолданады.

Бұндай этикеткалар үшін 20 % усадка беретін ПВХ – пленка және қалыңдығы 35–60 микрон ПЭТФ и ПП пленкалар қолданылады. Пленкалардың термоактивті қабаты болады және олар ультрафиолет лакпен жабылады. Пленканың усадка беру дәрежесін буып-түйілген бұйымның формасы және өлшеміне сәйкес таңдайды.

Термоусадкаланатын этикетканың қасиеттері: бөтелкеге оны толтырудан бұрын киілген этикетка қысым беріп толтыру кезінді бөтелкені жарылудан сақтайды; жарық өткізбейтін чехол өнімді УФ сәулелерден қорғайды, бұл жерде этикетканың өзі түсін жоғалтпайды; спецэффекттерді қолдануға мүмкіндік береді; сурет этикетканың ішкі жағына басылғандықтан, келтірілген ақпарат өшпейді; этикетка температураның өзгеруіне сезімталдық білдірмейді; тараның өлшемдері және түрінің ерекшеліктеріне қарамастан этикета бірегей болуы мүмкін; сурет және ақпарат басу үшін аудан көлемі үлкен.

Көлемді этикетка (үшөлшемді) кәдігі жазық бетке мөлдір немесе боялған полимердің жалату арқылы алынады. Полимердің химиялық табиғаты алуан түрлі болуы мүмкін. Бұндай этикеткалар полиуретанды смола қолдана отырып шығарады, олар жоғары физика-механикалық және эстетикалық қасиеттерге ие, температура ( –40 ÷ +80 °С аралығында) және химиялық (бензин, майлар) әсерлерге шыдамды. Сонымен бірге, көлемді этикетка өзін-өзі регенерациялау (елеулі емес сызықтар пайда болған жағдайда жазық бетінің формасын орнына қайта келтіру қабілеті) және өзінөзі реттеу (ультрафиолет сәулелерәнен қорғану) қабілетіне ие. Ерекше оптикалық сипаттамаларының арқасында смола қатқаннан кейін ерекше линза құрайды, бұл линза суретті үлкейтіп көрсеткендей болады, бұл жерде бояуы ашық, терең және жылтыр болып көрінеді. Көлемді этикетка қымбат шырын құйылған бөтелке, парфюмерия өнімдеріне және т.с. жабыстырылады, идентификацилау этикеткалары ретінде қолданылады.

Голографиялық этикетка қорғау функциясын атқарады. Жасау технологиясы қорғау элементтерін көшіру және ұдайы қайталуға жол бермейді.

Голограммаларың қорғау функциялары олардың екі негізгі қасиеттерінен туындайды:

1) қолданылатын материалдардың физика-механикалық қасиеттері (қолданылатын материалдар оптикалық тәсілмен көшіру және репликалар алудан қорғау қасиеттеріне ие және қорғау голограммасын қорғалатын бұйымның бетінен жұлып алу кезінде ақпаратты қабаттарының өз-өзінен жойылуын қамтамасыз етеді);

2) голографиялық бейнеге әртүрлі қорғау элементтерін енгізу қасиеті.

Өздігінен жабысатын голографиялық этикеткалардың түрлері:

өшпейтін;

бұзған жағдайда өшіп қалатын (өшіп қалған этикетканың қай қаптамаға жабыстырылғанын және оның сериялықномерін анықтауға болады);

колпачоктың бойын алатын таспа түріндегі қорғау белгісі бар термоусадка беруші колпачоктар;

голографиялық қорғау таспасы бар өздігінен жабысатын қағаз этикеткалар;

ыстық күйінде басылған суреті немесе голографиялық қорғау белгісі бар голографиялық фольга.

Голографиялық этикетка өнімді қайталаудан (копирование), подделкадан және рұқсатсыз ашудан қорғау мақсатында зерттеп дайындалады және қолданады.

Көлемді бейнелерді басудың жаңа әдісі болып зеркально-линзовая стереографиея «парящие миражи» әдісі табылады. Бұл әдіс қаптамаға қазіргі заманға лайық көркем сыйлық сипат береді. Жоғары сапалы жеке адамға арналған, эксклюзивті және өте қымбат тауарларды буып-түюге арналады. Көзге ауада қалөып жүрген құбылмалы кеңістікті бейне болып көрінеді.

Ғылыми техникалық прогресстің жылдам дамуымен байланысты нарықтың соңғы талаптарына сай келетін жаңа этикетка түрлері зерттеп шығарылады деп күтуге болады.

Этикеткалардың тағы бір түрі – бөтелкелерге жабыстырылатын акциздік маркалар болып табылады.



Лекция № 29,30.

Қаптамаларға бастырылатын маркировка
Маркировка кіретін мәліметтер

Маркировканың ақпараттық функциясы тұтынушылырды кез келген тауар немесе тара туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін негізгі болып табылатынына байланысты ақпаратты үш түрде топтастырады: негізін қалаушы, тұтынушылық және коммерциялық. Маңыздылары болып негізін қалаушы, тұтынушылық ақпарат табылады.



Негізін қалаушы – тауармен бірге жүретін құжаттарда бар ақпаратты қайталайды. Ақпараттың бұл түрі коммерциялық қызметтің барлық субъектілеріне (шығарушылар, сатушылар, сатып алушыларға) арналады.

Коммерциялық ақпарат деп шығарушы және сатушыға түсінікті және ұғынықты ақпараты санайды.

Тұтынушылық ақпаратқа тұтынушыға түсінікті және нақты тауармен байланысты, ол туралы мәліметтер беретін ақпарат жатады. Азық-түлік тауарл

ары бойынша тұтынушылық ақпаратқа қойылатын талаптар ГОСТ 51074-2003 «Продукты пищевые. Информация для потребителя. Общие требования» стандартымен регламенттеледі. Басқа әр нақты тауар үшін – жеке стандарттармен бекітіледі. Бұл стандарттарда маркировкада көрсетілуі тиіс ақпаратқа қойылатын талаптар көрсетіледі. Әдетте маркировкаға мынадай ақпарат енгізіледі: өнімнің аталуы, шығарушы кәсіпорынның аталуы және толық адресі, өнімнді шығару үшін қолданылған нормативтік құжат, құрамы, массасы, тағамдық құндылығы, энергетикалық құндылығы, сақтау жағдайлары мен мерзімі, шығарылған күні, айы, сорт, партия номері, шығарушының таварлық белгісі, оның номері, сәйкестік белгісі және штрих-код, содан соң толықтырғыштар, модификаторлар, алуантүрлі қоспалар. Егер өнімнің құрамына гендік инженерия компоненттері кіретін болса, онда ол туралы арнайы жазу «гендік модифицияланған» жазылуы керек. Ал егер өнім арнайы ұқсату процесінен өтсе, онда «восстановленный», «охлажденный», «концентрированный» «сублимированный» деген жазулары болу керек. Темекілерде «Минздрав предупреждает!», алкоголь өнімдерінде «Не рекомендовано лицам моложе 18 лет» деп жазылуы керек. Сонымен қатар әзірлеу, утилизациялау тәсілдері және т.б. ақпарат енгізілуі мүмкін .

Маркировкаға енгізілетін ақпаратты екі топқа бөлуге болады:

1. Тікелей тараға немесе қаптамаға қатысты ақпарат. Бұл жерде қаптаманы шығарушы, арнайы белгілер, қаптама материалының құрамы туралы ақпарат, экологиялық маркировка, тек қаптамаға ғана қатысты техникалық және ескерту белгілері берілуі мүмкін;

2. Қаптамадағы тауар туралы ақпарат (жоғарыда айтылған).


Маркировкаға қойылатын талаптар.

Маркировкалық белгілер олардың алуан түрлігі және сатып алушы үшін маңыздылығына байланысты айтулы талаптарға сай және заңнама негізінде регламенттелуі тиіс. Тараға немесе қаптамаға басылған маркировканың түріне байланысты нормативтік талаптар да ажырасады. Мысалы, өндірістік маркировкаға қойылатын талаптар өнімнің, қаптаманың және маркировканың стандарттарымен регламенттеледі. Ал нормативтык құжаттармен торговый маркировкаға қойылатын талаптар нақты болмауы мүмкін және өңірлік (облыс, аудан) деңгейде әртүрлі болуы мүмкін.

Сондықтан маркировкаға қойылатын талаптарды екі топқа бөледі:

• «Тұтынаушылыр құқығын қорғау туралы» Заңымен регламенттелетін жалпы талаптар;

• жеке шаруашылық субъектілеріиен немесе өңірлік деңгейде бекітілген спецификалық талаптар.

Ең маңыздылары болып мына талаптар табылады: шынайылық, қол жетімдік, жеткіліктілік.

Спецификалық талаптарға маркировканың көрнекілігі, басылған мәтіннің және суреттің анықтығы, мәтіннің біріздігі және тұтынушы үшін түсініктілігі, мәтін мазмұнының өнімнің іс жүзіндегі құрамына сәйкестігі және т.б. жатады.

Химиялық заттардың маркировкасына ерекше талаптар қойылады. Орады маркировкалау әкелушіге: өндіруші, импорттаушы немесе көтерме жеткізушіге жүктеледі.

Маркировка ақпаратының маңызді бөлігі тауарлық белгі, марка болып табылады.

Тауарлық белгі ең алдымен құқық сұрақтарымен байланысты. Марканың құқықтық қорғау иегерлер үшін ең маңызды болып тадылады. Осы сұраққа қатысты сұрақтар тауарлық белгінің құқығын бір қалыпқа келтіреді. Оның негізіне 1891жылғы өндірістік жәнетауарлық маркінің жалықаралық тіркеу туралы Мадридтік келісім жатады. Сонымен қатар, қосымша келісімдер пайда болады және осы құқықтық ауданда Германдық Демократиялық Республика бірге жұмыс істейді. Өнімдер үшін тарада тауарлық белгінің графикалық бейнелеуінде құрамының бірлігін, дұрыс дәлелдігін, буып-түю формасын, нақты ойға байланысты, және мақсатын, әртүрлі сәйкестікте, жағдайда қолдану мүмкіншілігін қадағалау қажет. Марка символикалық өнімдерді көрсету керек, ал оның эстетикалық формасы - оның сапасына сенім тудыру. Сондықтан ол жеңіл есте қалу керек, басқалармен араласпау керек. ол үшін әр түрлі жарнамалы құралдар қолданылады. Пайда болған қиыншылықтар сәйкес бақылауды қажет етеді.

Сурет шрифтпен сәйкестелетін маркалар болады. Егер өнім атақты қарапайым бұйым, стандартты бұйым болса, онда белгі көбінесе кемітіледі. Онда фирманың атауы, орны және т.б. жазылған шрифтің құрамдас бөлігі алынып тасталады.

Марканы екі жолмен жақсартуға болады: біріншіден, бейнеленген, тіпті ең керектіні азайту; екіншіден, қарапайым, элементарлы суретке басқа маркалармен шатастырмайтын, бір мағынаны қамтамасыз ететін элементті қосу. Сонда негізгі элемент әріп, әріптердің қосылуы бәріне белгілі сурет болуы мүмкін. Бірақ бұл өніммен байланысты белгілі бір зат болуы мүмкін, яғни фрукт, жануарлар немесе пайда болған формалді бейне.



Марканы негізінде уақытқа белгілеусіз безендіру керек. Бұйымдар үшін, яғни дәстүрлер жарнамалы роль атқаратын бұйымдар үшін, абайлап, тіпті "ескі модалы" маркалар қолдануы мүмкін. Бірақ мұндай маркалар, әрине, ескі және жаңа болуы мүмкін, сонымен қатар жақсы және жаман болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет