Лекция №1 Тауартасымалы жүйесінде тауарлардың таралары және қаптамалары


Шыны тараны классификациялау және ассортименті



бет3/5
Дата11.07.2016
өлшемі455 Kb.
#190684
түріЛекция
1   2   3   4   5

Шыны тараны классификациялау және ассортименті

Шыны тараны аузының мөлшері, шынының түсі, арналуы және конфигурациясы бойынша классификациялайды.

Аузының мөлшері бойынша тар ауызды (аузының ішкі диаметрі 30 мм-ге дейін) және кең ауызды (аузының ішкі диаметрі 30 мм-ден үлкен) шыны тара кездеседі. Тар ауызды тара (бөтелкелер), әдетте, шарап, арақ, коньяк, сыра, алкогольсіз сусындар, минералды сулар, ликерлер, настйкалар, шырышдар, шампан шараптарын және өсімдік майларын құю, сақтау және тасымалдау үшін қолданылады.

Тар ауызды тараның сиымдылығы 50, 200, 250, 330, 500, 700 и 1000 мл. Оларды түссіз, жартылай ақ, жасыл и қою сары шыныдан жасайды.

Кең ауызды тара (банкалар және бутыльдер) сүт және сүт өнімдерін құюға, герметикалық түрде жабылып сақталатын және тасымалданатын консервіленген өнімдерді буып-түюге арналады. Олардың сиылмылығы 100 - 10 000 мл болады және олар мөлдір және жартылай ақ шыныдан жасалады.

Арналуы бойынша тара былау бөлінеді:

– консервіленген өнімдерді герметикалық түрде жабу үшін банкалар, бөтелкелер және бутыльдер;

– тағамдық сұйықтар, сондай-ақ арақ-шарап өнімдері үшін бөтелкелер;

– және т.б.

Түсі, формасы, негізгі өлшемдері, сиымдылығы, салмағы және жіберілетін ауытқулар бойынша шыны тара оның жеке түрінің стандартында қойылған талаптарға сәйкес келуі керек.

Шыны тараның сапасы тікелей шынының сапасынан тәуелді болып табылады. Шыны жақсы пісірілген, бірткеті болуы керек, ақаулары болмау керек; химиялық тұрақты болу керек, тараға құйылған өнімге көшпеуі керек және оны бұзбауы керек. Ішіндегі өнімнің жайын байкауға болатындай мөлдір болуы керек.

Соның құйылуына арналған өнімнің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты жарықтың өнімге әсер етпеуін қамтамасыз ету үшін қорғау түстеріне – қою сары, қою жасыл түске боялуы керек.


Шыны тараның ассортименті.

Шыны тара негізінен бөтелкелер болып табылады және оларды топтарға бөледі:

1) қою жасыл түсті және түссіз шыныдан жасалған шараптарға арналған (тип I) және шампан шарабыла арналған (тип II) бөтелке;

2) коньякқа (тип III) және араққа арналған (тип IV) түссіз шыныдан жасалған бөтелкелер;

3) ликер құюға арналған (тип V) және для наливка мен настойкалар үшін (тип VI) түссіз шыныдан жасалған бөтелке;

4) түссіз шыныдан жасалған «Бутылка фигурная» (тип VII). Қою жасыл түсті шыныдан жасалған «Бутылка рейнская» (тип VIII);

5) түссіз, жартылай ақ, қою жасыл түсті шыныдан жасалған май құюға арналған бөтелке (тип IX).

6) сыра құюға арналған сары, қою-жасыл, түссіз және жартылай ақ шыныдан жасалған бөтелке (тип X);

6) шырынға (тип XI) және алкогольсіз сусындарға арналған (тип XII) түссіз және жартылай ақ түсті шыныдан жасалған бөтелке. Түссіз шыныдан жасалған «Бутылка фигурная (штоф)» (тип XIII).

Сүт және сүт өнімдеріне арналған бөтелкелер мен банкалар формасы және сиымдылығымен ажырасатын 6 типті болып шығарылады.

Ет, балық, жеміс-жидектер үшін банкалар, бал, майонеза, тортасын айырған сары май үшін банкалар.

Лекция № 11, 12. Дайындау материалы бойынша таралар мен қаптамалардың түрлері. Ағаш тара
Ағаштан жасалған тара негізінен транспорттық тара түрінде шығарылады. Себебі – бұндай тара ұзақ уақыт ішінде өз қасеттерін жоғалтпайды және экологиялық қасиеттерге ие.

Артықшылықтары:

- механикалық беріктік;

- өңай жасалады;

- шикізат қоры бай;

- экологиялық таза.



Кемшиліктері:

- асалмағы ауыр;

- бағасы қымбат;

- гигиеналық қасиеттері төмен;

- көп орын алады;

- шірігіш.

Казіргі кезде ағаштан тара аз мөлшере шығарылады. Оның орны жеңіл, гигиеналық қасиеттері бар пластмасса және картоннан жасалған тара көбірек пайдаланылады.
Ағаш тара шығару үшін шикізат.

Ағаш целлюлозадан, гелиицеллюлозадан және лигниннан және қосымша, крахмал, шайыр, май, минералды заттардан тұрады.

Буып-түю мақсатында қолданылатын ағаштың келесі түрлері бар.

Қарағай (Pinus silvestris). Ол әсіресе құрғақ өнімдерге қолданылады. Құрамындағы шайырдың көп мөлшері оны иіске сезімтал өнімдерді буып-түю үшін қолданылады.

Шырша (Picea exeisa). Ол жәшік, науа, кеспек және шелек жасау үшін қолданылады.

Май қарағай (Abies Pectinata). Шайыр иісі болмағандықтан иісі жоқ кеспек шығару үшін қолданылады.

Жартасты емен, жазғық емен мықтылығына, шыдамдылығына байланысты кеспек жасау үшін қолданылады. Оны қыста қолданған жөн.

Қайың ол өте тұтқыр, иілгіш, жастикалы болып келеді. Онда мүлдем иіс болмайтындықтан, иіске сезімтал өнімдерді орау үшін қолданылады. Кеспек, жәшік жасайды. Жәшәктерді жиі желімделген фанерадан жасайды.

Терек оның ағашы өте жеңіл және өте жақсы өңделеді. Иісі жоқ болғандықтан иіске сезімтал тауарларды орау үшін қолданылады. Құрғақ кезінде шыдамды.

Тағам өнімдерін буып-түю үшін қолданылатын шикізатқа қатаң талаптар қойылады. Мысалы, бұл мақсатта қарағайды қолдануға болмайды. Өйткені оның құрамында көп мөлшерде смола кездеседі. Оның иісі өнімге көшуі мүмкін. Шикізат ағаштың түрін буып-түюі көзделген өнімнің ерекшеліктеріне және қасиеттеріне байланысты таңдайды.



Ағаш тараны жасап ш

Ағаш тара дайындау ұшін қажетті материал ағашты (бөренелерді) ұзынынан кесу арқылы алынады. Өндірудің технологиялық процесінде алдымен бөренелерді дайындау: ұзын ағаштарды кесу, бөренелердің бұтақтарын шабу, қабыршығын тазалау процестерін жүргізеді. Содан соң бөренелерді арнаый машинаның көмегімен ұзынынан тақтайларға кеседі.

Ұзын ағаш қалдықтарынан (кряжи) жұқа ағаш қабаттарын (шпондарды) желімдеу арқылы біріктіріп фанера жасайды.

Бұдан басқа, қалдықтардан ДВП (древесно-волокнистая поита) және ДСП (древесно-стружечная плита) плиталарын жасап шығарады

ДВП плиталарын ағаш қалдықтарын қайнату, алынған массаға байлаушы полимер шайырларын қосу, содан соң оны ыстықтай престеп формалау әдісімен алады.

ДСП байлаушы шайырлар (карбамидті және фенолформальдегидті )қосылған стружкадан ыстықтай престеп формалау әдісімен алады.

Ағаш материалдарына мынадай талаптар қойылады: олар жоғары сапалы болуы керек, шіріген жерлері болмау керек, жарылмаған болуы керек, ылғалдығы бекітілген шек ішінді болу керек өйткені материалдың ақаулары жасалған дайын тарадан көрінетін болады.
Ағаштан жасалған тара

Ағаштан жасалған тара негізінен жәшік, бөшке, барабан және бочонок (кішкентауй бөшке) түрінде кездеседі.



Жәшіктер. Жәшік сырты 2 тік қойылған қабырғадан, 2 қиғаш қабырғалардан және түбінен тұрады. Жәшіктер қақпақсыз (бетсіз немесе бетпен қақпағы бар) қолданылады. Егер қабырғалары, түптері беттері тақтайшадан және бір-біріне тығыз жабысқақ және ауыр, үлкен ағаштан болса онда оны жәшік деп атайды.

Ағаш жәшіктер мына сипаттары бойынша ажыратылады:

– арналуы бойынша (әмбебаб және нақты өнімге арналған, мысалы шайға арналған фанер жәшіктер);

– конструкциясы бойынша (бұзылып-жиналатын және бұзылмайтын);

– бөлшектерін қосу тәсілі бойынша (тығыз жиналатын және решеткалы);

– бөлшектерін біріктіру түрі бойынша (сым скобалармен, шегемен және т.б.);

– өлшемдері бойынша (буып-түйілетін жүктің габариттік өлшемдері және салмағына байланысты стандарттармен бекітіледі);

- және т.б. сипаттары бойынша .

Ағаш жәшіктің бір түрі болып лотоктар табылады, олардың биіктігі 110 мм-ден аспайды.
Бөшкелер жәшіктер сияқты транспорттық тараға жатады. Олардың корпустары цилиндр немесе парабола тәрізді болуы мүмкін. Арналуы бойынша ағаш бөшкелер құрғақ өнімдер үшін және сүйықтар үшін деп бөлінеді. Құрғақ өнімдерге арналған бөшкелерге құрғақ сүт өнімдірі, жұмыртқа ұнтағы, салқындатылған балық, құрғақ бояу және т.б. өнімдер буып-түйіледі. Сүйықтарға арналған бөшкелерге тұздықтағы өнімдер, рассолдағы тұқымдар мен көкөністер, сыра, шарап, шырындар және т.б. сұйық өнімдер, сондай-ақ тағамдық майлар, мұздатылған тұқымдар мен жемістер және т.б. буып-түйіледі. Бұл бөшкелердің тығын мен тығындалатын тесіктері болады.

Бөшкелердің сиымдылығы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы коньяк, шарап, шырын құюға арналған бөшкелердің сиымдылығы 50 - 600 л, сыраға арналған - 50 - 100 л. Басқа өнімдерге арналған бөшкелер 5 - 250 л.


Барабандар тараның ерекше бір түрі болып табылады. Формасы бойынша бөшке тәрізді болады, бірақ корпусы тік цилиндр түрінде орындалады, обручтары болмайды. Жасап шығару тәсілі және арналуы бойынша олар бөшкелерден басқа болады. Фанерадан жасалған барабандар сусымалы өнімдер, кептірілген қөкөністер, маргарин, майсыздандырылған құрғақ сүт, құрғақ пигменттер, сондай-ақ паста тәрізді және брикеттелген тауарлар сақтау және тасымалдау үшін арналады. Ағаштан жасалған барабандар аласа цилиндр формалы сырларды қаптау, сақтау және тасымалдау үшін шығарылады.

Барабандар сиымдылығы бойынша 10 л-ден 100 л-ге дейін болады. Азық-түлік өнімдері үшін барабанның ішінде қосымша мешок болу керек.


Бочоноктар – бөшке тәрізді, обручтары бар декоративті ағаш бұйымдары. Негізінен бал, шай және т.с. қаптау үшін тұтынушылық тара ретінде қолданылады.

Ағаш тара оптималды сақтау жағдайларының (температура және ылғалдылық) болуын талап етеді. Оптималды жағдайлар сақталмағанда фанераның қабарраты бөлініп кетеді, ағаш шіриді немесе майысады (деформация).




Лекция 13, 14.

Дайындау материалы бойынша таралар мен қаптамалардың түрлері.

Картон-қағазды тара
Көп түрлі қаптама материалдарының басым бөлігін қағаз бен картон құрайды. Себебі олардың қасиеттері, сорттары көп түрлі, сонымен қатар бағасы төмен.

Артықшылықтары:

• тасымалдау кезіндегі салыстырмалы беріктігі;

• жеңілдігі;

• аз орын алатындығы;

• алуын түрлі өнімдерді қаптауға жарамдығы;

• экологияға зиян тигізбеуі – картон 100 % ыдырайды және қолшаған ортада еріп кетеді;

• жоғары ақ түстігі;

• ішіндегісі көрінбейтіндігі;

• мәтін басу үшін жақсы қаситеттері;

• тжылуға қарсы тұруы.



Кемшіліктері:

• газ, бу, ароматқа (иіске) барьер болу қасиеті төмен;

• су сіңіру қасиеті жоғары;

• псу қарсы беріктігі төмен, ылғал тиген жағдайда беріктігін жоғалтады;

• термосваркалауға келмейтіндігі (тек желімдеуге болады).
Материалдардың негізгі түрлері.

Номинал массасы 170 г/м2-ге дейінгі материалдар қағаз деп есептеледі. Массасы 170 г/м2-ден жоғарысы жұқа картондар деп саналады. Қалың картондарға массасы 400 - 1200 г/м2 материалдар жатады.

Қағаз бен картон топтар бойынша классификацияланады:

1) этикеткалық қағаз – этикеткалар шығару үшін;

2) орама қағаз, оның түрлері – тағам өнімдерін және тағамдық емес тауарларды орау үшін;

3) мөшектік қағаз, оның түрлері – жұмсық транспорттық тара жасау үшін;

4) парақ түріндегі картон – тұтынушылық тара жасау үшін қолданылады ;

5) әртүрлі типтегі және маркалы гофрирленген картон – транспорттық тара және тағамдық емес тауарларды қаптау үшін тұтынушылық тара жасау үшін.


Қағаз тара және қартон өндәру үшін шикізаттар.

Материалдың бастапқы шикізаты ағаш және бір жылдық өсімдіктер болып табылады. Шикізат механикалық және химиялық әдістермен өңделеді де жартылай фабрикат алынады.

Механикалық өңдеу арқылы алынған жартылай фабрикат құрамында шикізатта кездесетін барлық заттар сақталады. Ал химиялық жолмен өңдегенде жабысқақ және т.б. заттар толық жоғалады да, тек таза целлюлоза қалады. Химиялық өңдеудің екі тәсілі кездеседі: сульфаттық және сульфиттік.

Жартылай целлюлоза екі әдісті бірдей қолданда алынады, яғни химиялық өңдеу белгілі бір шекте жүреді де әрі қарай механикалық өңдеумен аяқталады. Нәтижесінде жоғарыда айтылған заттар біртіндеп ғана жойылады. Механикалық өңдеу арқылы алынған жартылай фабрикат ағаш массасы болып саналады. Бұл массадан жасалған қағаз тез сарғылттанады және сынғыш келеді. Ал химиялық жолмен алынған жартылай фабрикаттан жасалған қағазда немесе целлюлозадан алынған қағазда ағаш массасы болмағандықтан мықтылығы жоғары болады және сарғаймайды.

Қағаз тиісті қасиеттерге ие болу үшін жартылай фабрикаттарды қағаз массасына айналдырады, яғни талшықтары ұнтақталады, толтырғыштар қосылады, араластырылады, боялады және жабыстырылады. Ал осы қағаз массасынан қағаз бен картон даярланады.

Материалдың қолдану мақсатына байланысты олар түрлі мықтылық қасиетке: жыртылмайтын, езілмейтін, сынбайтын, ыдырамайтын, бүктелмейтін және т.с.с. ие болуы қажет. Сонымен қатар буып-түю мақсатында өткізбеушілік қасиет (май, су, бу, аромат, т.б.) маңызды роль атқарады.

Өткізбеушілік қасиетке ие болу үшін, түсін өзгерту үшін қағазға жаналға жасайды және сіңіру сияқты өңдеулерден өтеді.

Өндірісте материалдың құнын төмендету мақсатында қағаз макулатурасын қолданады. Макулатураны бірнеше топқа бөледі. Біріншілік немесе қайта оралған макулатура – қағаз шығару өндірісінің қалдығы және макулатураның ең таза түрі болып табылады.

Екіншілік макулатура – полиграфиялық өңдеуден өткен және полиграфия қалдығы болып табылады. Қатты тұрмыстық қалдықтардан бөліп алынған макулатура немесе рециклинг макулатурасы ең лас макулатура. Оны арнайы санитарлық өңдеуден өткізеді. Тағам өнімдерін орау үшін қолданылатын қағаз жіне картон шығару үшін макулатура қолданылмайды.

Картон шығару үшін қолданылатын шикізаттар компоненттері және жартылай фабрикаттар картонның түрі және арналуына байланысты алынады. Жазық картон шығару үшін біріншілік шикізат – ағартылған немесе ағартылмаған целлюлоза қолданылады. Картоннымқұнын төмендету үшін компоненттер құрамына жақсартылған қағаз макулатурасы мен ағаш массасын қосады.

Гофрирленген картон шығару үшін сульфаттық немесе сульфиттік ағартылмаған целлюлоза, ағаш массасы, целлюлозаны сорттаудан қалған қалдықтар, сортталған макулатурадан алынған қағаз массасы, сортталмаған макулатура қолданылады .
Қағаз және картон түрлері.

Орауыш қағаз – макулатурадан, ағаш массасынан, целлюлозадан қосылып жасалады. (ТПЛ 8-3018 «Орауыш қағаз»). Бұл қағаз төмендегімен тікелей қатынаста болмауы керек.

Пакетті қағаз – тығыздығы 40-125 г/м2 пакет жасау үшін қолданылады. Ол мықтылығымен ерекшеленеді.

Май өткізбейтін қағаздың тағам өнімдері үшін маңызы зор. Оның пергамент, подпергамент, пергамен деген түрлері бар.

Пергаментмай және ылғал өткізбейтін қасиетімен ерекшеленеді.

Подпергаментпергаментке қарағанда май және ылғал өткізбеушілігі әлсіздеу.

Пергаменқасиеті бойынша подпергаментке ұқсас, бірақ жарық өткізгіштігі бар.

Аталған қағаз түрлерінің барлығы майлы өнім өңдеуге қолданылады.



Сіңірілген қағаз – түрлі сіңгіш заттармен өңделген қағаз, сіңгіш заттар қосқаннан кейін қағаз тиісті қасиетке ие болады.

Парафинмен өңделген қағаз – бу және май өткізбейді. Сіңгіш қоспа ретінде парафин және пластмасса қолданылады (полиизобутилен, полиэтилен).

Сіңіру арқылы мынадай қағаз түрлері даярланады:



  1. фуницитті;

  2. инсектицидті;

  3. бактерецидті.

Фуницидті және бактерецидті қағаз дифенил, сорбин қышқылы, натрий бекзоаты сияқты сіңіргіш материалдармен өңделеді, өнімді зең және бактериялармен ластанудан қорғайды.

Инсектицидті қағазға перетин қосылып өңделеді, бұл қағаздардан қапшықтар жасалады, тағам өнімдерін жәндіктерден қорғайтын қасиетке ие.

Картон– тұтынушы тара ретіндегі түрлі қораптар даярлауды қолданады.

Дуплекс картон (екі қабатты) – ағаш массасы бар ішкі қабаты болады. 225-500 г/м2

Триплекс картон (үш қабатты) – ішкі екі қабат болады.

Тегіс картон – тығыздығы 400 г/м2 оны даярлау үшін қағаз қабатты қажет қалыңдық бергенше біріне – бірі жабыстырылады.

Қолданылған шикізат және жартылай фабрикаттарға байланысты картон түрлі сортты болып келеді.



Сұр картон – макулатурадан қызыл–қоңыр картон, ағаш массасынан даярланады, оны кож- картон деп атайды.

Қатты картон – макулатурадан даярланады, мықты болу үшін құрамына белгілі мөлшерде целлюлоза немесе қамыс т.б. шикізаттар қосылады.

Қатпарлы картон – маңызы өте зор, тегіс және толқынды, ирен қағаздар қабатынан тұрады. Қабатына қарай былай бөлінеді:

  1. екі қатпарлы картон – 1 тегіс + 1 ирек ;

  2. үш қабатты қатпарлы картон – 2 тегіс + 1 ирек ;

  3. бес қабатты қатпарлы картон – 3 тегіс + 2 ирек.



Қағаз және картоннан жасалған тара

Картон және қағаздан жасалған тара шығару үшін картон, қағаз, фанера, қаңылтыр, жіп, шпагат, металл таспа, металл сым, желімдегіш және тығыздағыш заттар, ылғалдан және басқалардан қорғайтын жамылыштар қолданылады.

Картон мен қағаз басқа материалдармен қосылып дайын өнімнің (тараның) қажетті мықмылығы мен жеңілдігін қамтамасыз етеді.

Картон мен қағаздың типі тараның мықтылығына қойылатын талаптарға сәйкес, тараның конструкциясы оптималды (оңтайлы) және үнемді және оған салынатын өнімнің сақталуын қамтамасыз ететіндей қылып таңдайды.

Картон және қағаздан тара жасау үшін ең жақсы материал болып құрамына негізінен сульфаттық целлюлоза кіретін таралық картон және қағаз табылады.

Өңдеудің түріне және өңдеудің мүмкіндігіне байланысты қағаз бен картоннан әр түрлі таралар жасалады.

Басқа да материалдармен байланысты (пластмассалар, бұлдар, қаңылтырлар) әр түрлі жағдайларда пайдалану мүмкіндігіне ие болды. өндірістің ерекшелігіне байланысты таралардың түрлері көп түрлі формалармен өзгешеленбейді, бірақ мұнда жақсы графикалық дайындау (рәсімдеу) талғамдары бойынша алынған бояғыштар және өрнек салу, лактау сияқты басқа да рәсімдеу әдістермен жасау мүмкіндігі бар.

Ерекше конструкцияларынан басқа тараның мынадай түрі қолданылады: пакеттер, қораптар, стакандар, бошкалар, шелектер және кулектер немесе рулоннан (орамша) өңделген оралған қағаздар немесе қағаздан орау үшін орауыштар қолданылады. Тағам өндірісінде буып-түю тараларынан басқа көптеген көмекші әдістер қолданылады, яғни қағаздан, картоннан жасалған. Мысалы, жабыстырылатын лента, қағаз арқан, этипеткалар, жасанды жүк сияқты.



Кулектер, пакеттер және қағаз қаптар. Кулектер және пакеттер тұтынушы тара ретіндеқолданылады, ал қағаз қаптар транспорттық тара ретінде қолданылады.

Кулектер(кулька, қамар-жөкеден жасалған үлкен қап) конус формалы, көбінесе себілмелі тауарларға қолданылады.

Пакеттің әр түрлі түрлерін машинаның көмегімен толтырып жабуға болады және сол үшін олар үлкен қолданысқа ие болады. Одан басқа пакеттерді транспорттық тараға, сөрелерге қабат-қабат қою оңай болып табылады.

Буып-түюші (ораушы) пакеттер. Орауыштарды бір қабаттан немесе көп қабаттан жеңшеден жасайды. Оларды түпті және түпсіз етіп жасайды.

Тегіс пакеттерді тегіс жеңшеден, түпсіз қылып жасайды және бірнеше дайындаудан жасайды. Ал түпті пакетті тегіс жеңшеден және аяғы жағы оралып тұратын бүрмелі жеңшеден жасайды. Көп қабатты жайылған пакеттің ауданы 2700 см2 кем болмауы керек, ал 2700 см2 үлкен болса, ол қан болып саналады.



Орауыш қаптар. Бұл көп қабатты орауыштар және жеңешеден жасалады және бұларды да түпті және түпсіз жасап шығарады. Тегіс, жазылған жерде жатқанды қаптық ұзындықтан, биіктіктен тұратын ауданы 2700 см2 кіші болмау керек.

Түпсіз, тегіс қапты тегіс жеңшеден немесе бүрмелі жеңшеден және басы не аяғы тігілген қаптан жасайды.



Қораптар. Қораптарды жұқа, тұтас және гафрирленген (кепілдінтенген) картон қағаздан жасайды. Қорапты жасау үшін жапсырма қағаз, тоқыма материалдар, пластмассалар қолданылады. Бұлар жоғары сапалы картон өңдеуші топтарға кіреді.

Жаңа картоннан жасалған тораптар - тұтынушылық тара ретінде қолданылады, ал тұтас және гафрирленген картондар транспорттық тара ретінде қолданылады.

Тамақ өнімдерін орау үшін бүктемелі қораптар, яғни беттері ашылып, жабылатын қораптар қолданылады.

Бүктемелі қораптар оларды жай әдіспен жасағандықтан кең қолданылады.

Лекция № 15,16. Дайындау материалы бойынша таралар мен қаптамалардың түрлері. Металлды тара
Металлды тара транспорттық және тұтынушылық қаптамада кеңінен қолданылады, айналмалы (возвратная), көп мәрте қолданылатын және жөндеуге жарамды болып табылады.

Артықшылықтары:

механикалық беріктігі жоғары;

• шыны банкаларға қарағанда салмағы төмен;

• температураның қысымның өзгеруіне тұрақты (стерилдеуге жарамды);

• утилизациялау дәрежесі жоғары;

• қолдануда ыңғайлы, себебі мықты және деформацияға ұшырамайды;

• герметикалық жабылады;

• жарық өткізбейді;

• өнім (консервілер) ұзақ сақталады.

Кемшіліктері:

• тоттанады;

• өнімге ауыр металл құлыстарының ауысу мүмкіндігі;

• қалайыдан қорғау қабатын жалату және қосымша сырлаудың қажеттілігі;

• бос тараныы тасымалдау кезінде оның көп орын алатындығы .
Металлды тара шығару үшін шикізаттар.

Металлды тара шығару үшін қолданылатын материалдар болып болат және алюминий сплавтары табылады.



Болат пқұрамында темір бар рудалардан оларды мартен немесе конверторлы пештерде балқыту арқылы алынады.

Қаңылтыр –болаттан жасалған лакпен жалатқан немесе лаксыз жіңішке жапрақшалар. Ақ жіне қара қаңылтыр түрінде шығарылады.

Қара қаңылтыр дегеніміз жылдам коррозияға ұшырайтын, аяғына дейін өңделмеген жапырақшалы болады. Оның буып-түю мақсатында қолдану үшін қорғаныш жабын жабу керек. Бөшкелерді (теспектерді) және барабандарды кейде қара қаңылтырлардан жасайды. Қосымша коррозияға қарсы жабын жағады. Ол жабын жақсы ұсталып қалу үшін беті таза болу керек.

Ақ қаңылтыр дегеніміз қалайланған қаңылтыр, өндірісте консерв банкілерін дайындау үшін қолданылады.

Ақ қаңылтыр тағамдық өнімдер үшін тара шығару үшін кеңінен қолданылады.

Қара қаңылтрды сырлайды, хром, цинк, никель жалатады, алюминиймен жабады және әртүрлі тара шығару үшін қолданады. Қолдануы гигиеналық сипаттарымен шектеледі.

Жапырмалы алюминийде көп көлемде консерві банкілерін даярлау үшін қолданылады. Мұнда банкілерді сору әдісімен дайындайды, лактайды. Алюминийді қолданудың негізгі саласы - құбыр даярлау. Ол тара жасау үшін сирек қолданылады.


Металлды тараның ассортименті.

Сиымдылығы 50 см3-тен 9590 см3-қа дейін 60тан астам түрлі металлды банкалар шығарылады. Металлды банкалар ет және балық консервілері, меланж сияқты мұздатылған жұмыртқа өнімдері, жеміс-көкөніс консервілері, балық пресервілері (тұздалған сельд) үшін қолданылады. Консерві банкалары шартты банка түрінде есепке алынады. Тамақ өнеркәсібінде шартты банка ретінде сиымдылығы 353 см3 банка есептеледі. Басқа сиымдылықтағы банкалар үшін қайта есептеу коэффициенті қолданылады. Бұл коэффициентті банканың сиымдылығын көрсететін санды 353-ке бөлу арқылы табыды. Массасы бойынша шартты бірлік ретінде 400 г өнім есептеледі.

Металлды тұтынушылық тараға тубалар, шыны банкалар үшін қақпақтар, фольга және комбинирленген материалдар, тара шығарғанда қолданылатын таспа және т.б. жатады.

Металлды транспорттық тараға болаттан жасалған бөшкелер, болаттан канистралар, металлды флягалар, алюминийден жәнесымнан жасалған көп айналымды жәшіктер, металлды жәшік-лотоктар және титаннан жасалған бөшкелер жатады.

Номинал сиымдылығы 100 л, толық сиымдылығы 101,4 л және номинал сиымдылығы 200 л, толық сиымдылығы 201,8 л болаттан жасалған бөшкелер; мырышталған бөшкелер кездеседі. Соңғысы тағамдық емес товарларды тасымалдау үшін қолданылады, өйткені олардың тағамдық өнімдермен контактта болуы кезінде мырыштың улы заттары түзіледі.

Сонымен бірге, шелектер, канистралар, бидондар және т.б. металлды тара шығарылады.

Көптеген жылдар бойы тағам өнімдерін ұзақ сақтау мақсатында буып-түю ақ қаңылтырдан жасалған банкаларға жүргізілетін. Бірақ, қалайы өндіру жылдан жылға қымбатқа түсуімен байланысты ақ қаңылтырдың орнына қалаыйны қолданусыз жасалатын қаңылтырдың басқа түрлері қолдалатын болды.

Бұл мақсатта қазіргі кезде алюминий және оның қорытпалары кеңінен қолданылады. Алюминий және оның қорытпаларын тот баспайды, олар жоғары мехникалық қасиеттерге ие, салмағы жеңіл, жылу өткізгіштігі жоғары. Кемшілігі – ақ қаңылтырға қарағанда құны жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет