Лекция № 17,18. Дайындау материалы бойынша таралар мен қаптамалардың түрлері. Текстильді тара
Артықшылықтары:
• бүктелген күйінде аз орын алады;
• осалыстырмалы беріктігі жоғары;
• көп рет қолдануға болады;
• көтеріге (басқа жерге апарып қоюға) жеңіл;
• салмағы жеңіл.
Кемшіліктері:
• су сіңіру қабілеті (гигроскопичность) жоғары;
• қайта оралған тараны тазалау қиын.
Бұлдарды бұрынғыға қарағанда буып - түю үшін қазір сирек қолданылады. Талшықты материалдың көп бөлігін тараның бұлдар дайындау үшін импорттайды. Соған қарамастан таралық бұлдарды және одан жасайтын таралар қазіргі буып-түю техникасы талаптарына сәйкес келмейді. Тағам өнімдерінің өндірісінде бұлдар жасалған таралар жасалады. Ең кіші кездесетіні тор және қап түріндегі тоқылған бұйымдар. Қап және тор жасау үшін қолданылған иілген жіптің алғашқы материалы болып:
- қабықты талшықтар: зығыр, кенекшөп, жұпкотонин, шақпашөп;
- химиялық талшықтар, целлюлоза, жұты ретінде (вискозные волокна);
- қағаз, жазық және далалақталған иілген жіпке өңделген.
Дәстүрге сай қазір алғашқы материал ретінде синтетикалық материалдар, мыс.полиамидті, полиэфирлі, поливинилді талшықтарды иілген жіпке өңдеп, керемет таралық бұл береді. Әнине, мұндайдың бағасы қымбат болғаннан кейін қолданысы шектеулі.
Бұлдан жасалған тара - тағам өнімдерінде бұлдан жасалған тара ретінде қаптау - қант, ұн, пияз, кортоптарды қаптау үшін қолданылады. Қаптар мен теңдер транспортты тара болып табылады. Қаптар әсіресе кең қолданылады, бірақ кейбір тауарларды. Мысалы: қалыпты клапонды қағаз қаптарға қаптау қабылданған жеміс - жидектер, картоптарға тұтынушы тара ретінде анықталған тауар мөлшері бар торлар қолданылады. Бұл торлар табиғи иірілген жіптен сияқты синтетикалық жіптен де әзірленеді.
Матадан жасалған тара өзінің беріктігі, жеңіл салмағы, иілімді, оңай толтырылады және қолдаңғанға ыңғайлы болып табылады. Осы қасиеттерінің арқасында матадан жасалған тара әр түрлі тауарларды буып-түю үшін кеңінен қолданылады.
Матадан жасалған тараға әр түрлі қаптар және орауыш материалдар жатады.
Матадан жасалған қаптар мыналарды буып-түю үшін қолданылады:
– азық-түлік тауарлары(бидай, оны ұқсату өнімдері, қант);
– құрғақ химиялық заттар;
– кейбір өнеркәсіптік тауарлар (кізден жасалған аяқ киім, тігіс өнімдерінің кейбір түрлері және т.б.);
– ауыл шаруашылығы тұқымдары;
– кейбір ет өнімдері.
Орауыш маталар әр түрле тауарларды орау үшін қолданылады.
Экспортқа жіберілетін тауарларды буып-түю үшін қолданылатын мата қаптар жаңа, таза, құрғақ, бөгде иіссіз болуы керек.
Дәнді дақылдарды қаптау үшін ұсталған қаптар да қолданылуы мүмкін.
Текстильді тараның ассортименті.
Матадан жасалған тара алуан түрлі буып-түйілмеген тағамдық өнімдер: қант, жарма, үн, көкөністер, крахмал және т.с. ушін транспорттық тара болып табылады.
Көп мәрте қалданылатын мешоктар бес категорияға бөлінеді.
1. Бірінші категорияға жаңа тігілген және бірінші рет қолданылатын, сондай-ақ қолданыста болған жамаусыз, жыртылмаған, құрғақ таза мешоктар жатады.
2. Екінші категорияға үш жерден (одан артық емес) жамалған, ұн, жарма, қант, ауыл шаруашылығы өнімдерін салуға келетін мешоктар жатады.
3. Үшінші категорияға төрт-бес жерден жамалған мешоктар жатады. Ұн, жарма (күріш, тары, манкадан басқаларын) және бобовыйларды салу үшін қолданылады.
4. Төртінші категорияға алты-жеті жерден жамалған мешоктар жатады. Олара обойный үн, отруби, зерно, жмых, шрот (семеналарды өңдеу өнімдерін) салуға болады.
5. Бесінші категорияға тозған, 8 - 12 жерден жамалған мешоктар жатады. Шарумшылық және өндірістік мұқтардарға пайдаланылады.
Мешоктар әртүрлі өлшемде шығарылады.
Сондай-ақ сарымсақ, мандарин, алма және т.с. өсімдік шикізаттарын салу үшін торлар (сетка) қолданылады.
Қазіргі кезде сыйлықтарды салу үшін матадан жасалған кішігірім мешочектер шығарылады.
Лекция № 19,20. Дайындау материалы бойынша таралар мен қаптамалардың түрлері. Комбинирленген тара
Тараның бұл түрінің артықшылықтары мен кемшіліктері комбинирленген тара шығару үшін қолданылған материалдың қасиеттерімен сипатталады. Комбинирленген тараны шығару үшін материалдардың барлық түрлері: пластмасса, шыны, ағаш, металл, текстиль, қағаз и картон және олардың сочетаниесі.
Комбинирленген тараның түрлері:
• тетра-пак типті пакеттер және оның модификациялары. Модификациялар қолданылған материалды, пакеттің өлшемдерін өзгерту арқылы шығарылады
• комбиблок қаптамалары шырындарды құю үшін қолданылады, көп рет ашып-жабуға болатын қақпақшараы болады. Комбиблок пакеттерінің сиымдылығы150 - 2000 мл;
• тетра-брик-асептик пакеттері, бір қабат қағаз, бір қабат фольга және төрт қабат (сыртқы, қағаз бен фольга арасындағы жіне екі ішкі) ПЭ полиэтиленінен құралады; сүт өнімдерін, шырыгдарды, сусындарды құю үшін қолданылады;
• тетра-брикслим пакеттерінің бет жағы жалпақтау болып келеді;
• тетра-призманың сегіз қыры болады.
Блистерлік қаптама – полимер пленка және картон немесе қатты полимерден жасалған комбинирленген қаптаманың бір түрі болып табылады. Блистерлік қаптаманың ерекшелігі – шеттері термосваркаланған немесе желімделген, қапталған тауардың әр данасы бөлек орналасады (упаковка таблетке түріндегі өнімлер қаптамасы). Блистерлік қаптама екі рулоннан: асты қатты материалдан, үсті жұмсақтау материалдан құралады. Алдымен қатты астыңғы қабаты қалыптастырылады, қыздырылған пресс-форманың көмегімен ойыстар (углубление) жасалады. Содан соң лотоктар бойынша таблеткалар жіберіледі, таблеткалар астыңғы қабаттың ойыстарына түседі. Содан соң үстіңгі қабаты жабылады, сваркалау арқылы бекітіледі. Бұдан соң дара пластинкалар шабу арқылы бөлінеді.
Қаптау жағдайладында.стриптерге – жұмсақ жазық полоскаларға қаптау табылады. Өнім көбінесе термопісірілетін (термосваркаланатын) қабаты бар фольгаға қапталады. Блистерлер мен стриптер тұрмыстық химия тауарларын - күйеге қарсы таблеткалар, тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.с. қаптау үшін қолданылады.
Асты картоннан жасалған блистерлік қаптама картон және термоформаланған полимер материалдан құрастырылады. Бұндай қаптамаға тағамдық өнімдер – балық және ет кулинариясы, тағамдық емес тауарлар – сабын, тіс ысатын щеткалар, слесарлық саймандар, ұсақ детальдар, ойыншықтар жіне т.с. қапталады. Тағамдық өнімдер және тағамдық емес тауарларды блистер түрінде қаптау ұқсас болып табылады. Айырмашылы - қаптау жағдайладында. Тағамдық өнімдер герметикалық жағдайда қапталады және картонның беткі жағы полимер пленкасымен ламинирленеді. Тағамдық емес өнімдер үшін картон ламинирленбейді.
Қаптаманы қалыптастыру үшін қапталуға жататын өнім картон бетке қойылады, содан соң беті алдын ала формаға келтірілген полимер қақтақпен жабылады. Беткі қақпағын вакуум қолдану арқылы қаптамаға салынатын тауардың формасындай қылып жасайды. Беткі қақпағы ПВХ, ПЭТФ, ПС, ПЭ полимер материалдардан жасалады. Бетінің қалыңдығы 75 - 500 мкм құрайды.
Беткі қақпақтар екі түрлі: бабл-пак (жартылай сфера формалы) және контур-пак. Бабл-пак өңай жасалады, әмбебаб болып табылады, оған сабынның бір данасын, ұсақ ойыншық машиналардың металлды бөлшектерін және т.с. қаптауға болады. Бұндай қаптамада бос орын көп болады. Контур-пак қаптауға жататын тауардың, мысалы, тіс щеткасының, қуыршақтың, ойыншық машиналардың) формасын қайталайды. Контур-пак өнімнің сақталуын жақсы қамтамасыз етеді, өйткені қаптаманың ішінде бос орын өте аз болады. Астыңғы қабат пен полимер қақпақты термосваркалау немесе желімдеу арқылы біріктіреді.
Блистерлік қаптаманы қолдану артықшылықтары: гигиена жағынан қауіпсіз, қапталған бұйымды сыртқы орта әсерінен сақтайды, эстетикалық қасиеттері жоғары, тауар көрініп тұрады.
Скин-қаптамалар да астынғы картон қабаттан және үстінгі полимерлі қақпақтан құралады, айырмашылығы – өнімнің беті жұқа, жұмсақ, алдын ала формаланбаған пленкамен жабылады. Аталған жұқа қабыршық тауар мен бірге термокамерадан өтуі кезінде жылудың әсерінен деформацияланады. Скин-қаптама металлды бұйымдарды тотығудан жақсы қорғайды, бұйымның сыртқы көрінісін бақылауға мүмкіндік береді, жеңіл босатып алынады. Скин-қаптама ірі және майда бұйымдарды, сондай-ақ тағамдық өнімдерді қаптау үшін қолданылады. Тағам өнімдерін вакуум қолдану арқылы қаптайды (вакуум-упаковка).
Флоу-пак скин және контур-пак қаптамаларының бір түрі болып табылады, бірақ ол қаптау процесінде қалыптасады. Астыңғы картонға салынған бұйым конвейер таспасына қойылады, ал балқып тұрған полимер пленка экструдерден бұйымның үстіне құйылады. Суыған пленка вакуумның көмегімен кішірейеді де бұйымді тері сиақты жабады. Тәсіл қолдануға қолайлы, өйткені термосваркамен жабуды қажет етпейді. Кемшілігі – кейбір тауарларды бұл тәсілмен қаптауға болмайды – олар қайнап тұрған полимермен контактты көтермейді. Бқл тәсілде полимер целлюлоз бутираты, төмен молекулалы полиэтилен және басқа да полимер қолданылады.
Жазық пакеттер кір жуатын порошоктарды қаптау үшін арналады, кішігірім пакеттер тағам өнімдері (майонез, горчица), шампуньдер үшін бір рет қолданылатын тара ретінде қолданылады. Бұндай пакеттерге ұнтақ түріндегі тұрмыстық химия тауарлыры салынады.
Бір қабатты және көп қабатты пленкалар алуан түрлі жұмсақ пакеттер шығару үшін қолданылады. Бұндай пакеттерді полиэтилен пленкасы, полихлорвинл,целлюлоза эфирлері, комбинирленген полиэтилен/целлофан, ПЭ/фольга/ПЭ және т.б. материалдардан жасайды.
Тігінен тұру қабілеті бар пакеттер қаптаманың жаңа түрлерін жасап шығару үшін перспективалы болып табылады. Бұндай пакетер дой-пак деп аталады, оларға майонездер, кетчуп және басқа тағамдық өнімдер қапталады.
Пакет әмбебаб болып табылады, өйткені оған тұрмыстық химия тауарларын, сүйық, паста тәрізді және сусымалы тауарларды: кір жуатын және тазалайтын порошоктар, сұйық сабын, косметикалық заттар және т.с. қаптауға болады. Оларды рулондағы пленкадан жасап шығарады.Дой-пак пакеттерінің ерекшелігі – формасы стандартталған болып табылады және жасау үшін қаптауға жататын тауарға байланысты әртүрлі пленкаларды қолдануға болады. Пленкалар бір қабатты немесе көп қабатты және әртүрлі полимер материалдан жасалған болуы мүмкін. Дойк-пак пакеті консерві банкаларын да алмастыра алады. Ол үшін пакет көп қабатты ламинирленген термотұрақты полимер материалдан жасалуы керек. Бұндай пакет ішіндегі затпен бірге автоклавта стерилизациялау процемін өте алады.
Комбинирленген банка – сыра немесе сусындарға арналған қақпағы жеңіл ашылатын банкалардың жаңа түрі. ПЭТ және алюминий банканың комбинациясы болып табылады (корпусы ПЭТ-тан, қақпаға алюминийден жасалған). Қаптаманың бұл түріне сусымалы жіне даналап сатылатын майда өнімдерді қаптауға болады.
«Қорап ішіндегі пакет» (bag in box) полиэтилен тара.
Бұндай тара бір немесе екі қабат полимер пленкадан немесе алюминий фольгасы, қағаз негізіндегі материалдан жасалған ағызу үшін арнайы шүмегі бар полимер пакет болып табылады. Өнім құйылғаннан кейін пакетті герметикалық түрде жабады да гофрокартоннан жасалған қораптың ішіне салады.
Пакеттің сиымдылығы 0,3 ... 200 л.; бұндай тарада паста тәрізді, сұйық және сусымалы өнімдерді тасымалдау және сақтауға болады. Бұндай тара тұтынушылық тара болып табылады, өйткені өнімді шығаруға арналған шүмегі бар және бұл өнімді пайдалануды жеңілдетеді. Бұндай тараның ұтымдығы: материал аз кетеді, буып-түю процесін толығынан механикаландыруға болады, өнім зақымдалмайды, толығынан босатылады.
Лекция № 21,22.
Қаптама және қоршаған ортаның жағдайы
Қолданылған қаптаманы (қалдықтарды) қайта ұқсату экологиялық проблемалардың негізгі бөлігі болып табылады. Қартаманы шығару және қолдунадан кейін қаптаманы қайта ұқсату – бұл екі процесте қаптамаға бір-біріне қарама қарсы келетін талаптар қойылады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) пайдаланудың төрт бағыты кездеседі:
• өртеу;
• жерге көму;
• компост дайындау және ашыту;
• рециклинг.
Өртеу – орындалуы бойынша ең қиын, бірақ әлемдік практикада кеңінін қолданылатын ҚТҚ жою әдісі. Бұл әдістің кеңінен қолдану себебі оны орындау кезінде қалдықтардың көлемі 10 есе, ал салмағы 3 есе төмендейді.
ХХ-ғасырдың аяғында қалдықтарды өртеу мәселесіне көзқарас өзгеріске ұшырады, себебі ауа улы заттармен уланады және бұл улы заттар адам ағзасы үшін канцерогенді заттар болып табылатыны дәлелденді. Қалдықтарды өртеу кезінде диоксидтер (75 түрі) және фурандар (135 түрі) бөлініп атмосфераны ластайды.
Қазіргі кезде қалдықтарды өртеу алдында оларды алдын ала сорттайды және өңдеуден өткізеді, ал қалдық өртеу қондырғылары фильтрлар және газұстағыштармен жабдықталады.
Қалдықтарды өртеу нәтижесінде пайда болған күл де үлкен проблема болып табылады, оның массасы өртелген қалдықтар массасының 30 %-ын құрайды. Күлдің физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты оны қарапайым свалкаларға апарып көміп тастауға келмейді. Кауіпсіз болу үшін күлді көму үшін қымбат тұратын арнайы контейнерлер қолданылады.
Свалкалар мен қалдықтар көмілген жерлер топырақты ластайды және жер астындағы суларды улы заттармен: алифатикалық, ароматтық, хлорорганикалық еріткіштермен, сондай-ақ ауыр металдардың тұздарымен, сынап, мышьяк, кадмий және т.с. қосылыстырымен уландырады.
Рециклинг деп рационалды ҚТҚ компоненттерін жинау, сорттау және тұтынушылық құндылыққа ие өнімдер және тауарға систему сбора, сортирқайта ұқсату жүйесін айтады.
Полимер материалдарының қалдықтарын шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: өндіріс қалдықтары және тұтыну қалдықтары. Тұтыну қалдықтары өз кезегінде кәсіпорындар тұтыну қалдықтарына және тұрмыстық тұтыну қалдықтарына бөлінеді.
Өндірістік қалдықтар – полимер материалдарын ұқсататын кәсіпорындардың және пластмассадан жасалған бұйымдырды өңдейтін кәсіпорындардың технологиялық қалдықтары болып табылады. Бұндай қалдықтарды полимер сыртқы факторлар әсеріне ұшыраған жоқ (бұйымдар пайдалануда болған жоқ, атмосфералық әсерлер көрген жоқ). Бұндай қалдықтар құрамы бойынша бүт типті, атаулары белгілі, ластанған жоқ.
Тұтыну қалдықтары (өндірістік және тұрмыстық) – бұл әртүрлі полимер тара, қаптамалар, қолдануға жарамсыз бұйымдар және т.с.
Өндірістік қалдықтардан екіншілік шикізаттар алу мынадай операцияларды құрайды: қалдықтарды олар пайда болатын кәсіпорындарда жинау және сақтау, қалдықтарды тиеу және ұқсату орындарына тасымалдау, ұқсататын кәсіпорнында түсіру, сақтау, соңынан қалдықтарды ұсақтау немесе агломерациялау. Агломерат немес ұсақталған қалдықтарды гранула түріне келтіруге болады. Сонда екіншілік шикізаттың тауарлық күйі жақсарады, сусымалылығы, буып-түю тығыздығы жоғарылайды.
Осындай жолмен алынған шикізат біріншілік шикізаттан аумайды, одан жасалған бұйымдар жоғару пайдалату сипаттарымен, жақсы тауарлық күйімен сипатталады. Оны шығаруға көп шығын кетпейді. Оның өзіндік құны біріншілік шикізаттың құнынан төмен болып табылады. Оны әртүрлі бұйымдар шығару үшін пайдалану немесе біріншілік шикізатқа қоспа ретінде қолдануға болады.
Тұтынушылық қалдықтарынан екіншілік шикізаттар алу технологиясы оларды өндірістік қалдықтардан алу технологиясына қарағанда күрделі болып келеді. Бұл жерде қалдықтарды жинау жүйесі күрделі, қосымша операциялардың (полимер материалдарды түрлері бойынша сорттау, атаулары бойынша бөлу, ұсақталған қалдықтарды жуу жіне кептіру) болуы орын алады. Бұндай қосымша операциялар міндетті болып табылады, оларсыз тұтынушылық қалдықтардан сапалы екіншілік шикізат алымбайды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау жолдары.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды утилизации және залалсыздандыру пробемасы қоршаған орьаны қорғау облысындағы аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады. ҚТҚ-дың едәуір бөлігі полигондарда утилизацияланады. Бұл жерде проблемалар туындайды:
- полигон көп жер алады;
- полигондар мен свалкалардың саны көбейіп келеді;
- қалдықтар қоршаған ортаға миграциялайды.
ҚТҚ жою салдарларына жүргізілген анализ олардың қоршаған ортаны бұзатынын көрсетеді. Осыны түсіну пластмассадан жасалған қалдықтарды қалдықсыз немесе аз қалдықты цикл бойынша ұқсатудың жана концепциясын және жаңа тәсілдерін зерттеп дайындауға мәжбүр етті.
Бұл концепцияның негізгі идеясы ҚТҚ жою емес, халық шаруашылық мұқтаждары үшін қолдану, қалдықтарды пайдаға айландыру болып табылады.
Осы концепцияны іске асыру үшін қалдықтарды қолданудың жаңа стратегиясы қолданылу керек. Жаңа стратегияның құралдары болып мынадай технологиялыр табылады:
• өзі жойылатын (саморазлагающаяся) қаптама;
• заманға сай жабықтардың қолднылуымен қайта ұқсату.
Өзі жойылатын қаптаманы шартты түрде биологиялық жолмен ыдырайтын және фото жолмен ыдырайтын қаптамаға бөлуге болады.
Биологиялық жолмен ыдырайтын полимерлер негізінде жасалған қаптама саңырауқұлақтар және бактериялардың әсерінен ассимиляцияға ұшырайды. Саңырауқұлақтар мен бактериялар полимердің қолайлы жағайларда (жоғары ылғалдық, температура) ыдырауына жол ашатын ферменттер түзеді (шығарады).
Төменмолекулалы фракциялар ортаның микроорганизмдерінің әсерінен ыдырайды. Полимерлердің биоыдырауына қажетті жағдай болып оның тізбегінде микроорганизмдепдің әсерінен ыдырайтын буындарының болуы табылады.
Жарықтың әсерінен ыдырайтын (фотоыдырайтын) полимерлер негізінде жасалған қаптамалар күннің ультрафиолет сәулесінің әсерінен қысқа буындар және сегменттерге бөлініп ыдырайды.
Кейбір қаптамаларың құрамына крахмал, протеин, лигнин сиақты табиғи материалдар кіреді. Бұндай қаптама күн сәулесінің және атмосфералық осадоктардың әсеріне тұрақты болып табылады, бірақ топырақ бактерияларының әсерінен тез арада ыдырап кетеді.
Қаптама қалдықтарын утилизациялаудың ең рационалды тәсілі болып оларды қайта құсату табылады. Нәтижесінде пайдаланудан шыққан және/немесе тозған қаптамадан алынған полимер шикізаттан пайдалы бұйымдар шығаруға болады.
Лекция № 23,24.
Халық шаруашылығы үшін қаптамалардың маңызы
Қаптаманың түрі және фуекциялары оған қандай тауар оралатынына байланысты. Қаптама халық тұтыну тауарлары және фирмалардың өнімдерін өткізу кезінде қосымша құрал және ақпарат тасымалдаушы рөлін атқарады. Қаптаманың негізгі міндеті – тауардың сыртқы әсерлерден сақталуын қамтамасыз ету және оны тасымалдауды жеңілдету.
Тауарды орау үшін қаптаманы зерттеп дайындау кезінде, әдетте, клиент ол тауарды қандай транспортпен тасымалдайтынын, қалай оны қоймаларда сақтайтынын сұрап біледі.
Мысалы, контейнер әртүрлі жүктерді тасымалдау үшін ыңғайлы және су транспорты, теміржол немесе автомобиль транспортымен тасымалдауға келеді. Ол, бір жағынан, транспорттау процесінің өзін жеңілдетеді, екінші жағынан тауарды зақымдалудан жақсы қорғайды.
Қаптаманың түріне әсер ететін негізгі факторлар болып табылады:
• транспорт құралдарын мен складтау құралдарын оңтайлы пайдаланумен байланысты тауардың салмағы және көлемі;
• қаптаманың клиент жағдайындағы автоматтандыру, тасымалдау және складтау құралдарымен үйлесімділік деңгейі;
• тауарды тасымалдау түрі және жолдары, өйткені к-л3к т8р3не байланысты қаптаманың түрі де басқа болуы керек. Мысалы, ауа транспорты қолданған жағдайда салмағы жеңіл қаптама материалдары қолданылуы керек, ал теңізбен тасымалдау үшін қорғау қабілеті жоғарылау материалдарды алу керек.
Қаптама материалын таңдау мына үш фактордан тәуелді:
• қаптама материалының сезгіштігі ;
• втасымалдау және складтау кезінде орын алуы мүмкін зақымдану түрлері;
• тауар өтетін барлық мемлекеттердегі нақты тауарды тасымалдау және складтау бойынша заңдар мен ұйғарымдар.
Жаңа қаптама материалдарың зерттеп дайындау кезінде оның құнын жолда немесе складта жүоген тауардың бұзулынан түсіп қалуы мүмкін рекламациялардағы сомалармен (штраф) салыстыру қажет. Әртүрлі тауарларды тасымалдау жөніндегі ұйғарымдар мен нұсқаулықтарды мұқият зерттеу рекламацияларды болдырмаудың кепілі болып табылады.
Қаптама функцияларының бірі - оптималды складтауға келетін қаптама бірліктерін шығару болып табылады. Тауарлар әртүрлі жерлерде: шығарушыда, көтерме сатушыларда, магазиндерде, порттарда (аэропорт, теңіз порты және т.с.) және тұтынушыларда складтанады. Сондықтан бұл мәселе маңызды болып табылады.
Сонымен, жарамды қаптама құралын таңдау алдында тауарды сақтаумен байланысты барлық ақпарат жинап алу қажет. Бұл үшін клиенттерден төмендегі ақпарат алу керек:
• складтары қалай жабдықтандырылған;
• нақты тауар қандай тәсілмен және қандай жағдайларда складта сақталады;
• тауар қанша уақыт және қандай температурада сақталады;
• жылы қоймлары қаншалықты жеткілікті;
• тауар қанша уақыт ашық жерде сақталады.
Сонымен бірге, тауар экспортталуы көзделген елдердің климаттық жағдалары ескерілуі керек (температурасы немесе ығалдылығы жоғары тропикалық немесе азиялық региондар және т.с.)
Қаптама түріне ықпал ететін тағы бір фактор – өндірушінің складынан тұтынушыға дейін тасымалдауға жұмсалатын уақыт.
Кеңінен қолданылатын тауарлар үшін қаптамаға қойылатын талаптар.
Кеңінен қолданылатын тауарлар үшін қаптамалар бірқатар техникалық, экономикалық және эстетикалық талаптарға сай болуы керек.
Техникалық талаптар қаптама жасалатын материал, оның конструкциясы оралатын тауардың қасиеттеріне сай болуын қарастырады. Материал мықты болу және тасымалдау және сақтау кезінде тауардың бұзылмауын қамтамасыз ету керек
Қаптама шығаруы арзанға түсуі керек, аз орын алу керек және оралған тауармен де, бос өзі де тасымалдауға оңай болуы керек. Массасы мен көлемінің өзара қатынасы (өзіндік масса коэффициенті) аз сан құрау керек
Қаптаманың сыртқы бейнесі көз тартатындау болу керек, ал формасы, түсі, қаптамадағы мәтіндер мен суреттер жақсы эстетикалық әсер етуі керек.
Қаптамаға төмендегі негіз қалаушы талаптар қойылады: қауіпсіздік, экологиялық қасиеттер, сенімділік, үйлесімдік, өзара алмасушылық, экономикалық тиімділік.
Қаптаманың қауіпсіздігі оның құрамындағы организмге зиян тигізетін заттар тауарға көшпейтінін білдіреді. Зияны заттар қаптама материалында болуы мүмкін, бірақ олар тауарға көшпеуі керек. Мысалы, металлды тарада темір, қалайы немесе алюминий; қағазда – қорғасын; полимер материалдарда – мономерлер болуы мүмкін.
Бұндай жағдайларда қаптаманың қауіпсіздігін оның бетіне қорғайтын жамылыштар (тағамдық лар, және т.с.) енгізу немесе бұйымның жарамдық мерзімін шектеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Қаптаманы түрлі-түсті қылып әрлеу үшін ҚР Денсаулық министрлігімен рұқсат етілген бояғыштар қолданылуы керек.
Шыны және матадан жасалған тара ең қауіпсіз тара, ал металлды және полимер тара ең қауіпті болып табылады.
Қаптаманың экологиялық қасиеттері – оны қолдану және утилизациялау кезінде қоршаған ортаға елеулі зиян тигізбеу қабілеті.
Қоршаған орта үшін абсолют қауіпсіз қаптама түрі жоқ, өйткені әртүрлі қаптамаларды утилизациялау кезінде қорша.ан ортаға алуан түрлі, ортаға әртүрлідей әсер ететін заттар бөлініп шығады.
Ағаштан, қағаздан, матдан жіне полимерлерден жасалған қаптамаларды өртеу кезінде қоршаған ортаға ең алдымен көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Оның Жер атмосферасында көп мөлшерде жиналуы климаттың өзгеруіне апарып соғады. Соңғысы әртүрлі апаттардың себебі болуы мүмкін.
Жоғарыда аталған қаптама түрлерінің ішінен ең төмен экологиялық қасиеттерге ие полимер тара болып табылады. Оны өртеген кезде диоксидтар, стиол, холр жіне т.с. зиянды заттар қоршаған ортаға бөлініп шығады.
Шыны және металлды тараны жинайды, сорттарға бөледі, содан соң арнайы кәсіпорындарға қайта балқыту тәсілімен утилизациялауға жібереді.
Егер қаптама мамандандырылған кәсіпорындарға жіберілмей жай ғана лақтырып тасталса, онда ол көп жылдар бойы қоршаған ортаны (топырақты, суды) ластандыратын болады. Қаптаманың көптеген түрлері (полимерден, шыныдан жасалған) өз бетімен мүлдем жойылмайды (ыдырамайды), басқалары (металлдан жасалған) көптеген жылдар (10 – 20 жыл) ішінде жойылады. Ең тез ыдыраййтын қағаз және матадан жасалған қаптама болып табылады.
Егер қаптама көп мәрте қолданылатын болса (айналмалы тара) немесе қайта өндеуге жіберілетін болса (мысалы, қағаз бен ағашты картон шығаруға жібергенде), бұндай қаптаманың экологиялық қасиеттері жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |