Лекция 10 Цементті бетон. Материалдары. Конструкциялары



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.03.2022
өлшемі260.92 Kb.
#455942
1   2   3   4
лекция 10 Цементті бетон. Материалдары. Конструкциялары

 
Жақсы қасиеттері: 
-
тұрақты көліктік-эксплуатациялық көрсеткіштері; 
-
барлық көлік құлардарын, соның ішінде шынжыр табанды машиналарды бұзылусыз 
өткізуі; 
-
ұзақ жұмыс жасау мерзімі; 
-
жүктемеден келген кернеуді жоғарғы тарату қабілеттілігі; 
-
аз тік серпімді жылжулық болуы; 
-
тозудың аз мәні; 
-
минералды тұтқырғыштар (портландцемент) дайындауға шикізаттар қоры көп; 
-
құрылыс толық механикаландырылған. 
Кемшіліктері: 
-
қозғалысты тез ашу мүмкінділігінің болмауы; 


-
температуралық, деформациялық тігістер жасау қажеттілігі; 
-
төсеме құрылысының қымбаттылығы. 
Бетонды төсеме цементпен беріктірілген топырақтардан, тұтқырғыштармен 
өңделген қиыршықтастардан немесе басқа да берік материалдардан жасалған негіздер 
үстіне салынады. Тақталар қалыңдықтарын есептеулер нәтижесінде қабылдайды және ол 
18-ден 24 см аралығында, кейде 30 см-ге дейін болуы мүмкін. Негіздің қажетті тегістілігі 
мен беріктілігін қамтамасыз ету цементті бетонды төсемелердегі кернеуді елеулі 
төмендетеді және жұмыс жасау қабілеттілігін арттырады. 
 
2 Цементті бетонды төсемелер мен негіздердің конструкциялары 
Цементті бетонды конструктивті қабаттардан тұратын жол жамылғылары қатаң 
түрге жатады.
Қатаң жол жамылғыларын қозғалу қарқындылығы жоғары және ауыр 
жүктемелерге есептелген автомобиль жолдарында қолдану кең қолданыс табуда. 
Қатаң жол жамылғылары конструкцияларының түрге бөлінуі: 
құрылыс технологиясына байланысты – тұтас құйылған; құрастырмалы және 
құрастырмалы-тұтас құйылған; 
қабат санына байланысты – бір және екі қабатты;
сырықтардың барлығына және түріне байланысты – сырықталмаған; сырықталған 
(армобетонды, темір бетонды, үздіксіз сырықталған); 
бетон түріне байланысты – ауыр бетоннан, жеңіл бетоннан (керамзитті бетон, 
термолитті бетон); 
жол жамылғысында орналасуына байланысты – төсемеде, негізде; 
кернеулі жағдайына байланысты – қарапайым, алдын ала кернеуленген; 
цемент түріне байланысты – қарапайым портландцементтен, кернейтін цементтен 
(портландцементті клинкерді (65%), глиноземдік цементті немесе жоғары глиноземдік 
цементті (2О %) және табиғи гипсті (15%) бірге майдалау арқылы алынатын жылдам 
ұстасатын және жылдам қатайатын цемент); 
нығыздау тәсіліне байланысты – дірілдеп салынған бетон; тапталған бетон
құйылған бетон; таптап тегістелген жұқа бетон.
1 сурет – Цементті бетонды төсемесі бар жолдардың көлденең қимасы: 
а – жылжымалы формалы машиналар жиынтығымен салынған; б – рельс-форма 
қолданумен; 


1 – төсеме; 2тегістегіш қабат; 3 – жамылғы негізі (қиыршықтасты, малтатасты немесе 
тұтқырғыштармен беріктірілген топырақты); 4 – негіздің қосымша қабаты; 5 – жер үйіндісі; 
6 – беріктірілген жолақ 
Тегістегіш қабат (1 – сурет), ереже бойынша, жылжымайтын қалып және рельс-
формамен жылжитын машиналар жиынтығын қолданған жағдайда жайылады. Тегістегіш 
қабат қалыңдығы 5 см табиғи құм немесе қалыңдығы 3...4 см қара құмнан жасалынады. 
Тегістегіш қабатты қолдану мақсаты: 
-
температураның өзгеруіне байланысты тақталардың негіз бетімен қозғалғанда пайда 
болатын үйкеліс күшін азайту үшін; 
-
негіз бетіндегі тегіссіздіктерді тегістеу үшін; 
-
автомобиль доңғалақтарынан келетін әсерлерді бір қалыпты тарату үшін; 
-
тақталардың қисаюларынан пайда болған кернеулерді азайту үшін. 
Автоматталған жүйелі жұмыс өнімділігі жоғары машиналар қолдану арқылы негіз 
тұрғызғанда тегістегіш қабат қолдану қажет болмайды. 
Көліктерден келетін жүктеме және температура құбылмалығының бірлескен 
әсерінен тақталар ұзындықтарының елеулі өсуінен бетон сынуын болдырмау үшін бетонды 
төсемелерде әр түрлі мақсатқа арналған деформациялық (температуралық) тігістер 
жасалынады. Көлденең және бойлық деформациялық тігістерді тік бұрышпен 
орналастырады. Жүру бөлігінің әр бөлігінде жасалған көлденең тігістердің сәйкес келмеуі 
рұқсат етілмейді. Себебі тақталардың бұрыштарының сынуына әкеліп соқтырады.
Температуралық тігістер түрлері: 
1. ұлғаю; 
2. қысылу; 
3. қисаю; 
4. жұмыс. 
Аталған көлденең тігістерден басқа бойлық тігістер де жасалынады. Бойлық 
тігістер төсеме ені 4,5 м-ден үлкен болғанда, көлік құралдары әсерінен, бір тексіз ісінуден 
және жер үйіндісі отыру нәтижесінен пайда болатын ирек бойлық жарықшақтардың алдын 
алу мақсатымен жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет