4 дәріс «Бетон» Қарапайым (жылы) бетонға арналған материалдар



бет1/4
Дата22.04.2024
өлшемі139.82 Kb.
#499502
түріҚұрамы
  1   2   3   4
4-дәріс. Бетон

4 - дәріс «Бетон»


  1. Қарапайым (жылы) бетонға арналған материалдар

  2. Бетон қоспасы құрамын жобалау

Бетон – жасанды тас материал, бетон қоспаларының қатаюы нәтижесінде құрамында анықталған гидротациялық байланыстырғыш зат (цемент), ұсақ (құм), ірі (малтатас, қиыршық тас) толтырғыштар, су және қажетті жағдайда қоспаларды қосу арқылы алынады.
Цемент. Бетон қоспаларын дайындау кезінде қолданатын байланыстырғыш зат. Оның түрлері мен оның маркасы болашақ бетон құрылымдары мен ғимараттар, олардың маңыздылығы, жұмыс өндірісінің тәсілдеріне байланысты болады.
Су. Бетон қоспаларын дайындау үшін құрамында зиянды қоспалары жоқ, қарапайым ауыз суларын қолданады. Бетон қоспасын дайындау үшін сарқынды, өндірістік немесе тұрмыстық, батпақты суларды қолдануға болмайды.
Ұсақ толтырғыштар. Ұсақ толтырғыштар ретінде табиғи және жасанды құмдарды қолданады. Түйіршіктерінің көлемі 0,14 мм-ден 5 мм-ге дейін, нақты тығыздығы ρ>1800кг/м3 үлкен болады. Жасанды құмдар тығыз, ауыр тау жыныстарын уақтау жолымен алынады. Құмның сапасын бағалау кезінде оның нақты тығыздығы, орташа, үйінді тығыздығы, түйіршіктер аралық кеуектілігі, ылғалдылығы, түйіршікті құрамы және ірілік модулін анықтайды. Бұдан басқа, құмның қосымша сапалық көрсеткіштерін зерттейді-түйіршіктер формасы, кедір - бұдырлығы және т.б. Құмның түйіршіктік немесе гранулометриялық құрамы ГОСТ 8736 талаптарына сәйкес болуы тиіс. Оны кептірілген құмды тесіктерінің өлшемдері 5,0; 2,5; 1,25; 0,63; 0,315 және 0,14 мм болатын елегіштен елеп өткізу жолымен анықтайды. Нәтижесінде әрбір елеуіште қалған құмның қалдығын өлшеу жолымен жеке қалдық ai аталатын қалдықтарды анықтайды. Қалдықтардың елегіштегі mi салмағын құмның өлшенген барлық m салмағына қатынасы бойынша пайыздық есеппен анықтайды:
(1.7)
Жеке қалдықтан бөлек толық қалдықты А, барлық жеке қалдықтардың елегіште қалған қалдық қосындысымен анықтаймыз:
(1.8)
Екшелген құмның нәтижесі бойынша оның ірілік модулін анықтайды:
(1.9)
мұндағы, А – елегіштегі толық қалдық, %.
Ірілік модулі бойынша құмды ірі (Мк>2,5), орташа (Мк=2,5…2,0), майда (Мк=2,0…1,5), өте майда (Мк=1,5…1,0) болып бөлінеді.
Бетон қоспасының қолдануға жарамдылығын құмның түйіршік құрамының ұйғарынды графигіне енгізу жолмен анықтайды. Бетон қоспасына арналған құмды таңдаудың үлкен маңыздылығы оның түйіршік аралық кеуектілігі Vп(%), келесі өрнекпен анықталады:


(1.10)

мұндағы, ρн.п – құмның үйінді тығыздығы, г/см3;


ρқұмның нақты тығыздығы, г/см3;
Қалыпты құмның түйіршік аралық кеуектілігі 30…38%, әртүрлі түйіршіктерде – 40…42% құрайды.
Ірі толтырғыштар. Бетон қоспасына ірі толтырғыштар ретінде табиғи немесе жасанды 5 мм-ден 70 мм-ге дейінгі іріліктегі қиыршық тас немесе малта тастарды қолданады.
Ірі толтырғышты тиімді түйіршік құрамымен қамтамасыз ету үшін төмендегі топқа бөледі, ең үлкен ірі түйіршікті Днаиб.; Днаиб=20мм ірі түйіршікті екі фракцияға бөлінеді: 5мм-ден 10 мм-ге дейінгі және 10мм-ден 20 мм-ге дейін;
Днаиб = 40мм кезінде үш фракцияға: 5мм-ден 10 мм-ге дейінгі және 10мм-ден 20 мм-ге дейін, 20мм-ден 40 мм-ге дейін;


Днаиб = 70мм болса төрт фракцияға: 5мм-ден 10 мм-ге дейінгі және 10мм-ден 20 мм-ге дейін, 20мм-ден 40 мм-ге дейін; 40мм-ден 70мм-ге дейін. Бетон қоспаларын дайындау кезінде цементтің шығынына үлкен әсер ететін көрсеткіш ол ірі толтырғыштардың түйіршік аралық кеуектілігі Vп.кр(%), 0,01 дәлдікпен келесі өрнекпен анықталады:
(1.11)
мұндағы, ρн.кр – ірі толтырғыштың орташа үйінді тығыздығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет