Лекция №10 Тақырыбы: Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары, оқулықтар, бағдарлама



бет8/9
Дата18.04.2024
өлшемі32.65 Kb.
#499173
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Акмарал

Тəжiрибелiк əдiстер. Оқушылардың сабақта алған теориялық бiлiмдерiн, бiлiктiлiк пен дағдыларын тереңдету жəне жетiлдiре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Оқытудың негiзгi дəстүрлi əдiстерiмен қатар мұғалiм оқушылармен бiрiгiп сабақта, оқу-тəжiрибе участогiнде оқу приборлары жəне техника құралдары көмегiне сүйенiп оқу тəжiрибелерiн жүргiзедi.
Оқытудың зертханалық тəсiлi негiзiнен биология, химия, физика пəндерiнде жиi қолданылады. Аталған пəндердiң мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етедi.
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүредi. Жаппай түрде жүргiзгенде сыныптағы оқушылардың бəрi бiрыңғай тəжiрибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда əрқайсысының жасайтын тəжiрибесi əр түрлi болады да, кейiн ол жинақталады.
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тəжiрибе учаскесiнде жүргiзiлетiн тəжiрибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткiзу, қорыту кезеңi болып бөлiнедi.
Дайындау кезеңiнде оның мақсаты белгiленедi, жоспары жасалады жəне оқушыларды қажеттi аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс iстеу принциптерiмен таныстырады. өткiзу барысында мұғалiм əр оқушының қойған тəжiрибесiн мұқият бақылайды жəне қажет болған жағдайда оларға көмектеседi.
Қорыту кезеңiн бiрнеше тəсiлмен өткiзуге болады. Бiрiншiден, əр оқушы өзiнiң орындаған жұмысын хабарлайды, екiншiден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нəтижесi туралы əңгiме өткiзiледi, үүшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалiмнiң өзi жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нəтижесiн қорытып баяндайды
Графикалық жұмыстар барлық пəннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секiлдi оқушылар əрекеттерi жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақтарында кеңiнен пайдаланылады.
Тəжiрибелiк əдiстердiң iшiнде ең көп қолданылатыны – жаттығу əдiсi. Бұл əдiс оқушыларда бiлiктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан, бұл əдiс барлық пəндердi оқытуда кеңiнен қолданылады.
Жаттығу жұмыстары негiзiнен тiл мен математика, сонымен бiрге, шет тiлдерiн оқу пəндерiнде көбiрек жүргiзiледi. Оқушылар осы пəндердiң мазмұнына қатысты теориялық бiлiмдерiн пысықтау барысында практикалық жұмыстарын атқарады. Мысалы, есеп сабақтарында жазбаша есеп шығару, тiл сабақтарында диктант жазу, грамматика жəне фонетика жұмыстарын орындау т. б.
Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздiгiнен орындау белсендiлiгiн арттырады. Өзiндiк жұмыстарына оқушылардың шығармашылықпен атқаратын реферат, шығарма жұмыстары да жатады. Оқушылардың осындай жұмыстары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет