Лекция №10 Тақырыбы: Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары, оқулықтар, бағдарлама


Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пəнiнiң мазмұнын жүйелi түрде баяндайтын кiтап. Оқулыққа қойылатын негiзгi талаптар



бет3/9
Дата18.04.2024
өлшемі32.65 Kb.
#499173
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Акмарал

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пəнiнiң мазмұнын жүйелi түрде баяндайтын кiтап.
Оқулыққа қойылатын негiзгi талаптар:
-оқу бағдарламасына сəйкес болу;
-оқушылар үшiн ұғымды, қысқа жəне қызықты болу;
-көрнекiлiктермен жақсы жабдықталу;
-тiлi балалардың жас ерекшелiктерiне сəйкес болуы керек;
- тексеру, өзiн-өзi тексеру жəне оқу нəтижелерiн түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы.
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсендi түрде, толық меңгеруiн қамтамасыз етуi керек.
Оқулыққа қойылатын талаптар күрделi болғандық-тан соңғы кезде əрбiр пəннен бiрнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дəстүрлi кiтаптармен қатар аудио-, видеокассеталар жəне компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.

Лекция №11


Тақырыбы: Оқыту әдістері туралы ұғым. Топтастыру. Білімді алу көзіне қарай топтастырылған әдістер
Бiлiмдi меңгерту қандай жолдармен немесе тəсiлдер-мен iске асса да, оқыту əдiстерiн таңдау негiзiнен, бiлiм берудiң мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары жəне мiндеттерiне сəйкес анықталады.
Оқу процесiнде бiлiм берудiң көздерiне қарай қолданылатын əдiстер:
Сөздiк əдiстер: түсiндiру, əңгiме, əңгiмелесу, лекция, кiтаппен жұмыс.
Көрнекi əдiстер: иллюстрация жəне демонстрация.
Тəжiрибелiк əдiстер: лабораториялық, практикалық, графикалық, əр түрлi жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесiнде ең көп тараған дəстүрлi əдiс - сөздiк немесе мұғалiмнiң ауызша баяндау əдiсi. Бұл əдiс оқыту процесiнде басқа əдiстерге қарағанда жетекшi роль атқарады. В. А.
Сухомлинский: ''Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нəрсемен ауыстыра алмайсың…''- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалiмнiң сөзi əсерлi, тартымды, сенiмдi, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мəнерлi жəне бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дəлелдi болу үшiн Ы. Алтынсаринның пiкiрiн келтiрейiк:''Мұғалiм балалармен iстес болады: егер олар бiр нəрсенi түсiнбесе, онда мұғалiм шəкiрттердi кiналамай, оларға дұрыс түсiндiре алмағаны үшiн өзiн-өзi кiналауы керек. Мұғалiм балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексiз терминдердi қолданбастан əрбiр затты ықыласпен, қарапайым тiлмен түсiндiру керек''.
Бұл əдiстi қолданғанда мұғалiм оқушыларға бiлiм берумен қатар олардың таным белсендiлiгiн арттыруға (зейiн, қабылдау, ойлау т.б. процестерiн) байланысты да əрекет жасайды.
Мұғалiмнiң оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлi көрнекi жəне техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бiр ерекшелiгi, оқытушы-ның түсiндiруi мен оқушылардың ұғыну процесiнiң қатар жүруiнде. Түсiндiру барысында əңгiме, əңгiмелесу, ауызша-жазба жəне лабораториялық жұмыстарын қажетiне сай қатар қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет