Иллюстрация- демонстрация əдiсiмен тығыз байланыста болады. Бұл əдiстi иллюстративтi құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады. Иллюстрация əдiсiнiң нəтижелi болуы, негiзiнен оның қолдану тəсiлдерiн мұғалiмнiң қаншалықты меңгер-генiне байланысты болып келедi. Соның негiзiнде оқушы-лар мен мұғалiмге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңiл меңгеруге септiгiн тигiзедi.
Мектеп тəжiрибесi көрсеткендей сабақта иллюстра-циялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына əкеп соғады. Сондықтан, көрнекi құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын жəне таным процесiнде олардың рөлiн алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалiмдер көрнекi құралдардың тиiмдi көлемiн де анықтауы қажет.
Бұл əдiстердiң iшiнде ең басты рөл атқаратыны – бақылау əдiсi. Ол барлық оқу пəндерiн оқытуда кеңiнен қолданылады.
Бақылау əдiсi сабақта нақты заттар мен көрнекi жəне техника құралдарын көрсету кезiнде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалiмнiң басшылығымен сабақ үстiнде жəне сабақтан тыс уақытта мұғалiмнiң тапсырмасына байланысты немесе оқушылар-дың өздерiнiң қалауы бойынша кеңiнен iске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау əдiсi оқушылардың байқағыш-тық, логикалық ойлау қабiлеттерiн дамытады.
Бақылау əдiстерiн қолданудың тиiмдiлiгi мынандай тəсiлдердi қолдана бiлуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау;
- қабылдайтын нəрселердiң мөлшерiн белгiлеу, салыстыру арқылы олардың көптеген
белгiлерiнiң iшiнен ең негiзгi, бастыларын ажырату;
- оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау.
Байқайтын нəрселердiң, бейнелердiң ерекшелiктерiне байланысты бақылау əдiсiнiң негiзгi түрлерi:
- демонстрациялық бақылау;
- экскурсиялық бақылау;
- лабораториялық бақылау;
- техникалық бақылау;
- оқушылардың өздiгiнен дербес бақылауы.
Оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытудың күштi құралы – бақылау. К. Д. Ушинский
''Бақылау-логикалық ойлаудың негiзi'',- деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшiн, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектiгiн де ескертедi.
Бақылау өткiзудiң негiзгi əдiстемелiк талаптары:
1. Мұғалiм оқушыларды белгiлi нəрсенi жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп жəне əртүрлi қасиеттерiн, ерекшелiктерiн, мүмкiндiгiнше, көру, есту, дəм, иiс т.б. сезiм мүшелерiн қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруiнiң маңызы зор. Бақылау тек көру т. б. сезiм мүшелерiнiң жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау əрекетiмен тығыз байланысты болуы керек.
2. Мұғалiм бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негiзгi қасиеттерiн ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты ойлау процестерiн қолдануға басшылық етуi қажет.
3. Мұғалiм оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшiн, ең алдымен, бақылаудың мақсатын,__ байқайтын нəрселердiң мөлшерiн немесе көлемiн анықтап, жоспарын жасап беруi керек.