Лекция: 15 сағ. Лаборатория сабақтар: 30 сағ СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ


Терезе Терезе- Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді



бет4/12
Дата14.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#135082
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Терезе

Терезе- Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді.


Терезе- төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез-келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орна ласа береді. Мунда кез-келген программаның өзіне тән жұмыс Істру терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның да жұмысы аяқталады.

Алдағы уақытта Windows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болсада, бәрінің кейбір ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық.

Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп. аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б.

Экран бетіндегі программалармен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:



  • толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен Альп тұрады;

  • қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экрапнның белгілі бір бөлігін Альп тұрады;

  • белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.



Жұмыс столы


Жұмыс столы-екінші негізгі ұғым.

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық үйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Windows ортасында жұмыс столының ролін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер (немесе шатрбелгілер) түрінде орналасқан.



Белгішелер, жарлықтар, бумалар.

Белгіше (Icon)- бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экрнда мынадай белгішелер кездеседі:

-қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;



  • белгілі бір топтар белгішесі;

  • функциялар белгішесі.

Жарлық (shortcut) --- бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатнас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталог та орналасқан программаларды іске қосуға, файлды жылдам ашуга болады және т.б.

Бума (folder) – экранда каталогтарды әне программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мүның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобі белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума – каталог, директорий ұғымының балмасы болып табылады. Каталог файлдарға арналған контейнер, программалық топ-жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьекті үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалыға, жою, көшіру және т.б.).
Windows жүйесінің стандартты

программалары.
Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамассыз етеді, мысалы:

  • мәтіндік құжаттарды дайындау;

  • графикалық бейне көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;

  • жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;

  • математикалық есептеулерді орындау және т.б.

әдетте, бұл қосымша программалар “Стандартты” тобында орналасқан.

WordPad мәтіндік редакторы
WordPad, Write редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Слайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу.

WordPad, Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерді теріп дискілерді сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісімен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығару мүмкіндік береді.



Блокнот


Блокнот-кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.

Блокнот тек бір ғана қаріп түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мунда мәтін фрагменттерімен жұмыс Істру ісі, коректі символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.




Күнтізбе

Күнтізбе- бұл жұмыс уақытын жоспарлауға, мерзімдік жоспар жасауға, кездесулермен телефон соғу кестелерін құрастыруға арналған шағын программа. Нақты айтсақ, календар – күнделіктің компьютерлік варианты.


Калькулятор
Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланылатын компьютерлік калькулятор болып табылады.

Калькулятора стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан, процентті есептеуден, квадрат түбірі мен кері шаманы табудан басқа оның жадымен келесі әрекеттерді орындауға болды:


ЗП – индикатордағы санды жадна жазады;

П+ - ждтағы санға индикатордағы санды қосады;

ИП – жадта сақталған Санда индикаторға

шығарады.



ПО - жадты тазалайды.

Индикаторға енгізілген соңғы цифрды жоюға арналған Кейін (Назад) батырмасының бар екені есте болсын.



Басқа да программалар туралы қысқаша мағлұматтар.
Символдар кестесі (Таблица Символов) программасы мәтіндік құжаттарда пернелерде көрсетілмеген арнайы символдарды, математикалық белгілер мен таңбаларды енгізуге арналған. Программаны іске қосқаннан кейін, әрбір қаріптер жүйесіне қондырылған символдардың толық жиынын арап шығуға болады. Солардың ішінен қажетті символды таңдап және он алмасу буфері арқылы құжатқа көшіруге болады.
Дыбыс жазу (Звукозапись)- дыбыс тақшасының көмегімен неше түрлі дыбыс, сөздер тіркесін WAR форматындғы файлдарға азуға, ойнатуға және өңдеуге мүмкіндік беретін программа.
Медиаплеер – дыбыстар жазылған MIDI – файлдарды, әуендер, сөздер жазылған компакт – дискілерді және жылжымалы бейнелері бар дискілерді оқуға арналған мультимедиа мүмкіндіктерін іске асыра алатын программа.
Терминал – қашықта орналасқан компьютерлермен модемдік байланыс орнатуға арналған программа.
Модем – стандартты телефон елісі арқылы компьютерлердің мәліметтерді жөнелтуді және қабылдауды іске асыруына мүмкіндік беретін электорондық құрылғы.
Лекция 4

Тақырыбы: Компьютерлік вирустар.
Жоспар: 1. Виру стар және олардың түрлері.

2. Бүлінген және вирус ұққан файл дар.

3. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі

тәсілдері.


Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе Алдана қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сон дай – ақ компьютерге тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп. аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады” және басқа да зиянды іс - әрекеттер жасай бастайды.

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты байта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырғн адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде вирус жұққан программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

-кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдр, т.б. шығады;


  • Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

  • Көптеген файлдарды бүлінгені байқалады және т.с.с.

Қазіргі кездегі виру стар негізгі екі топқа бөлінеді:



  • Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) виру стар;

  • Резидент тік емес виру стар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резидент тік виру стар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадна көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытқа әсері сезілмегенмен, соңынан бір ден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Ал, резидент тік емес вирус жедел жадна тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі.


Бүлінген және вирус жұққан файл дар.
Вирус дискідегі кез-келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бір ден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын Альп, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жадай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген программалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге виру стар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін.

Виру стар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:



  1. Бір ден орындалатын файл дар, белгілі – бір іс-әрекет істейтін кеңейтулері .соm және .exe болып келегн файл дар,сондай–ақбасқа программаларға қажет кезінде қолсылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп. атайды.

  2. Операциялық жүйенің жүктеуішімен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы.

Бұл аумақтарды зақымдайтын виру стар “жүктегіш” (загрузочная) немесе Boot- виру стар деп. аталады.

Мұндй виру стар өз қызметін компьютердііске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бір ден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютергше салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады.




  1. Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG. SYS файлының штекері құрылғылары көрсетілетін Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файл дар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйвері бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болғандықтан, мұндай виру стар көп тарала қоймаған.

  2. Файлдық жүйені өзгертетін виру стар

Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін виру стар көбейіп тара луда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп. атайды. Мұндай виру стар өз мәтінің дискінің белгілі бір бөлігіне жасырын жазып қояды да, он дискінің файлды орналастыру кестесіне файлдың соңғы ретінде белгілейді.

  1. Көрінбейтін” виру стар

Көптеген резидент тік виру стар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдармен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.


  1. Өздігінен өрбейтін виру стар.

Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі- өзі-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген виру стар асайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілінде, таңбаланбаған алғашқы бөлігінде аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байт тар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор программалр жұмысы қиындайды.
Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері

Компьютерлік виру стар “таза” компьютерге вирус жұққан иілгіш дискет тер арқылы таратылады. Егер комп’ютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыданда кең жол ашылады.

Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файл дар құрамына енседе іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты “инкубациялық мезгіл” деп. атайды.

Вирустардан сатану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:



  • информацияны қорғаудың жалпы шаралары-,

  • дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

  • профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азарту тәсілдерін қарастыру;

  • виру стан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы информация қорғау тәсілдері тек виру стан сақтануда ғана емес, басқа жағдайдада пайдалы болатынын есте сақтаған жөн.

Детектор - программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.

Детектор –программалар немесе “фагтар” вирус жұққан программалар мен дискілерді “Вирус” әсерінен аолып тастау, яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор – программалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан-соң он кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, он дереу программа иесіне хабарлайды.

Детектор – ревизорлар – доктор – программамен ревизорлар арасынан шыққан гібрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде “емдеп” бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі программалар – компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабар береді. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина –программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “ұққан” сиқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус – Д. Лозинскиййдің Aidstest программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан виру стан хабар дар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады. Бұл программаны пайдаланып компьютерді виру стан сақтау үшін жиі-жиі дискілерді (мысалы, С:) мынадай командамен тексеріп отыру керек:



аidstest с:

Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән болса, онда он мына командамен емдеу қажет:



аidstest с:/f

Тек программалық файлдарда ғана емес, қалған мәліметтерді де туге,л тексеру үшін мына команда орындалады:



аidstest c:/f/g
Компьютерге вирус енегенін сезсеңіз, мына ережелерді мұқият орындаған абзац:

1.Алдымен аспай-саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.

2. Дегенмен бір әрекет бір ден орындалуы керек-вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бір ден өшіру қажет

3. Егер компьютерге жұққан вирус Турін емдей алатын детектор-программаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.

4. Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.

5.Егер дискідегі барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні байта форматтап, мәліметтеріңізді бұрыңғы қалпына келтіріңіз.

Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шраларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:


  1. Информацияны әркімнің иі пайдалануын шектеу және пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.

  2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

  3. Виру стан “емдеу аспаптарын” дайындап қою.

  4. Белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру.

Лекция 5

Тақырыбы: Архивтеу программалары.

Жоспар: 1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі.

  1. Архивтік файл.

  2. Файлдарды архивке орналастыру, енгізу.

  3. Файлдарды архивтен шығарып алу, мазмұнын қарап шығу.

  4. Архивтердің дұрыстығын тексеру, архивтегі файлдарды жою.

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі (МД) информацияны жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін.

Бұл МД –нің физикалық ақаулықтарынан, абайсызда ойламаған жерден файлдарды жойып алудан немесе оларды түзету кезінде кеткен қатеден, компьютерлік вирустар әсерінен , информацияның бұзылуынан, файл эталойдтарын сақтауды талап етуден және т.б. болуы мүмкін. Осындай жағдайларда шығатын шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты түрде жаңалап отыру керек.



Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады.

Файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа информацияны жазып , кейіннен олард өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырылғандығы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктермен айрықшаланады.

Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, ZIP тәрізді программалар жатады.

Архивтік файл.

Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттарсақталады:



  1. Файлдың аты;

  2. Файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

  3. Файл көлемін дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);

  4. Архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шарттаңбасы.

ARJ архиваторы программасын пайдалану.

ARJ программасының жұмыс режимдері : ARJ програмасының орындай алатын бірнеше функциялары бар. Қажетті функцияны таңдау программаны шақыру кезіндегі командалық жолда белгілі бір латын әріпін көрсету арқылы орындалады.

ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі, ол программа орындалуы тиіс жұмыс түрін анықтайды. Мысалы: А (add)- архивке файл енгізу, Т (test)- архивті мәтін арқылы тексеру, Е (extract)- файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, D (delete)- архивтегі файлды жою және т.с.с.

Ал программадан қандай әрекет талап етілгенін анықтау үшін режим көрсетіледі, ал команда кодынан кейін командалық жолдың кез-келген жерінде тұра береді. Режим белгісі алдында “-” немесе ”/” таңбалары болады.
Файлдарды архивке орналастыру.

Файлдарды архивке орналастыру үшін мынадай команда форматы пайдаланады:

ARJ <команда> <режимдер> <архив аты> [каталог/] [файл аттары] ...

Команда параметрлері:

Команда - ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты, мысалы А – архивке файл қосу және т.с.с.

Режимдер – “-” немесе ”/” таңбаларынан басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды.

Архив аты - өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың типі көрсетілмесе, ол ARJ болып саналады.

Каталог – архивке енгізілуге тиіс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты түрде көрсете отырын, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда ол ағымдағы каталог болып есептеледі.

Файл аттары – архивке енгізілетін файл аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және * ) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет