Лекция: 15 сағ. Лаборатория сабақтар: 30 сағ СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет10/12
Дата14.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#135082
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Хабардың тақырыбы

Электрондық поштадағы хабар екі бөліктен тұрады: хабардың тақырыбы және негізгі бөлімнен.Тақырып келесідей өрістерден тұрады:Кімге ( Кому-адресаттың аты); Көшірмесі(Копия) – мұнда осы хаттың көшірмесі жіберілген адресаттардың аттары.Тақырып (Тема)-мұнда хабардың қысқаша мазмұны келтіріледі.Электрондық поштамен мәтіндік, мультимедиялық, архивтік және басқа да файлдарды жібере аламыз. Негізгі бөлімде жіберілетін мәтін орналасады.


Пошталық клиенттердің қызметі мен қасиеттері
Электрондық пошта клиенттерінің түрлері өте көп.Windows операциялық жүйесі үшін кең қолданылатын пошталық клиенттер:

  • Microsoft Outlook

  • Microsoft Outlook Express

  • Eudora (www. Eudora. Com.)

Пошталық клиеттердің кейбір қасиеттері мен атқаратын қызметтеріне тоқтала кетелік.

Хабарды қабылдау және дербес көру. Бұл барлық пошталық клиенттердің негізгі қызметі.РОР3 серверіне қосылған соң, келіп түскен хабарлар пошталық клиентін мәліметтер базасына автоматты түрде көшіріледі,осыдан кейін оны дербес режимде оқуға болады (яғни тораптан ағытулы күйде).

Жаңа хабарды даярлау. Бұл функцияны жүзеге асыру үшін программаның құрамдас мәтіндік редакторы болады. Мұнда алмасу буферін қолдану, мәтіннің қодталуын таңдау мүмкіншіліктері қарастырылған.

Хабарды реттеу. Шығатын және келетін хабарды ретке келтіру топтаудың және сұрыптаудың көмегіменжүзеге асырылады.Хабарларды логикалық қаптамаларға орналастыру топтау болып табылады. Шындығында барлық хабарлар бір ортақ мәліметтер базасында сақталады.

Оларды қаптамаларға орналастыру базадағы жазбаларды сүзгілеумен пара-пар .

Мысалы, Келіп түскен (Входящие) қаптамасында қабылданған хабарлар бейнеленеді, қалғандары сүзгіленіп, көрінбейтін түрге көшеді.Жіберілген (Отправленные) қаптамасында-жіберілген хабарлар, Бастапқы (Исходящие) қаптамасында- жіберуге даяр болған ,бірақ қандай да бір себептермен жіберілмеген хабарлар орналастырады..

Жобалар ( Черновики) қаптамасында жіберуге даяр болмаған, яғни әрі қарай даярлауды қажет ететін хабарлар орналасады.



Лекция 13

Тақырыбы: Презентация даярлау құралы Microsoft PowerPoint


Жоспар:
-PowerPoint программасын іске қосы және презентация құрудың тәсілдерін таңдау;

-Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру;

-Шаблондар көмегімен және бос презентация құру;

-Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық обьектілер енгізу;


Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағыперзентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

PowerPoint программасын іске қосу.
-PowerPoint программасы тапсырмалар тақтасындағы іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

-Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Officeбумасындағы Microsoft PowerPoint жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады. (1.1-сурет).

-Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.

-Презентациялар шаблоны (Шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.

-Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы бұрын-құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді.

-Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын-құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұхбат терезе ашылады.

Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру.
Автомазмұн шебері (Мастер автосодержения) көмегімен:

-Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар; (Доклады по общим вопросам)

-Қызмет бабы бойынша баяндамалар; (Доклады по служебным вопросам)

-Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде іс есеп қисаптар; (Сведения о функционировании предприятия)

-Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп қисаптар; (деловые отчеты о продажах и маркетинге)

-Жеке хабарламалар (личные сообщения) сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентпциямызды құра аламыз. Microsoft Web- программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұхбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады (1-2-сурет).

Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап береді талап етеді:

1-ші қадамда Презентация түрі, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай (Далее) батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе ақпараттықкиоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет;

3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет.

4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын (Готово) батырмасын шертеміз.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс ісиеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл-Құру (Файл-Создать) командасын орындап, ашылған сұхбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

Шаблондар көмегімен және бос презентация құру.

PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегімен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала көркемдеу элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай көркемдеу элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да,құрылған презентацияны, алдын ала көркемдеу элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түрінде алмастыруға болады.



Презентацияны шаблондар көмегімен құру.

PowerPoint программасында көркемделіп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдаланып құруәрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалған кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), Презентациялар, Web-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады

Осы сұхбат терезе Файл-құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұхбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құрусұхбат терезесі шығады Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.



Бос презентация құру

Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:



  • PowerPoint программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұхбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;

  • Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Жалпы (Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы;

  • Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру (Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

  • Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады (1.4-сурет).

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады. PowerPoint программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.

Слайдқа мәтін, сурет, графикалық обьектілер енгізу.

Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық обьектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады (1.5-сурет). Әрбір өрісте

әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тыщқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыптыжне сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге, яғни форматтауға болады. Форматталкатын мәтінді ерекшелеп, бегілеген соң, Формат-Қаріп (Формат-Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде немесе форматтау саймандартақтасындағы батырмаларкөмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Форматтау әрекеті өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты болуы үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, оны ерекшеленген соң форматтаймыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрін жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат-Таңба (Формат-Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұхбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез-келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.

Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшеленген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.

Сондай-ақ слайдқа кесте, диаграмма, суреттер енгізуге болады. Бұл обьектілерді енгізу әрекетін, слайдтың схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізу мүмкіндігі бар.

Енгізу-Сурет (Вставка-рисунок)-командасын орындап (1.6-сурет).

Картинкалар (Картинки) Microsoft Clip Gallery обьектілерін;

Файлдан (Из файла)-файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді.

Автофигуралар-әртүрлі автофигуралар.

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма), WordArt обьектілерін, сканерден көшірме (со сканера), Microsoft Word кестесін енгізуге болады.



Енгізу-Обьект (Вставка-Обьект) командасын орындап, ашылған сұхбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы обьект енгізуге болады (1.7-сурет). Мысалы, слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с. Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге болады. Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманың ерекшелеп, Түзету-Көшіру (Правка-Копировать) командасын орындау арқылы, буферге аламыз.

PowerPoint программасына оралып, Түзету-Енгізу (Правка-Вставить) немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз.



Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар. Енгізу-Диаграмма (Вставка-Диаграмма) командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады (1.8-сурет). Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар менбағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма-Диаграмманың типі (Диаграмма-Тип диаграммы) командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма-Параметрлер (Диаграмма-Параметры) командасын орындап,қажетті параметрлерді тағайындаймыз (түсініктеме, тақырып, жазбалар қосу т.с.с.) Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.

Слайдтарды безендіру элементтері.

Әрбір адамның өз қалауы бойынша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынадай элементтерін тағайындауға болады:



  • Слайд белгіленуі (Разметка слайда) Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін, сурет, диаграмма т.б. формасын айтуға болады.

  • Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез-келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.

  • Фон Слайдтағы түстер тек бір түсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Сондай-ақ, бір түстің өзін вариациялық түрде қанықтыра отырып, түстің әр түрлі өрнектерін шығаруға болады.

Слайдтың осы элементтері, яғни слайд белгіленуі, түрлі түстер схемасы, фонды үйлесімді түрде өзгерте отырып, өз шаблонымызды құруға болады.

Лекция 14

Тақырыбы: Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі


Жоспар:

  1. Мәліметтер базасының негізгі түсініктері

  2. Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері

  3. Мәліметтер типі

  4. Мәліметтер базасының обьектілері.

Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын.

Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатнасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, апарат та сақталады деп. айта аламыз.

Осы айтылғанды мысалымен түсіндірейік:

Үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастыралық, мунда тұтынушы туралы, оның адрес жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері қатнай алады, бірақ олардың іштерінде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамассыз ететін мәліметтер базасының әдістерімен құралдары да бар.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, он мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.

Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі обьектілерімен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешілігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан Бізе бір ғана мәлімет базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет