Достық- адамдар арасындағы байланыстың ең ізгі, ең қалаулы, ең келісті түрі. Ол адамдардың бір- бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады.
Достық қарым- қатынас дегеніміз жеке адамдардың бір бірін жақсы көруіне және ұнатуға, мақсат бірлігіне, ұзақ уақыт және жан-жақты тату- тәтті араласуына негізделген аса тығыз қарым-қатынас, үлкен сезім.
Махаббат- достықтың, тату- тәттіліктің, құрмет - ізеттің асқар шыңы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ. Ақын “Махаббатсыз дүние- бос” деп тегін айтпаған. Махаббат адам өмірінің ұлы жарастығы. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Ол дүниеге келген мезеттен ата- ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос- жаран, жора- жолдастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махабатымен қауышады. Барлық ұлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш – махаббат.
Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе болашақта сүйеді деп үміттенгендіктен, оның бойын күш- жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады.
Сезім атасы- махаббат- құдіретті күш. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нәзік түрі.
Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Махаббат жануарлар әлеміндегі биология-лық инстинкте негізделген сезімнен әлдеқайда күрделі сезім. Ол адамның мәдени дамуының белгілі бір сатысында ғана пайда болатындықтан, оны шынайы адами сезім деп қарастыру керек.
Махаббатта сезім мен ақыл ұштасы, адам парасаты рухани күш ретінде көрінеді. Махаббат адам көңілін шартарапқа желдірер, көңілін аспанға көтерер, нәзіктік пен құштарлықты тудырар, қорқынышы мен үрейі, қуанышы мен қызғаныш қасіреті көп күрделі, құрғақ анықтамаларға сыйыспайтын ғаламат сезім.
Жомарттылық- басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілдік.
Мейрімділік- этиканың орталық категориясы. Бұл категорияның қосалы екендігін айтар болсақ, онда қатыгездік, зұлымдықты еске аламыз. Ең абстрактілі деңгейде мейрімділік пен зұлымдықты адамгершілік пен адамгершіліксіз айуандықтың баламасы деуге болады. Мейрімділік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап- тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Сонымен мейрім шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдылық өмірдің түбіріне балта шабады. Мейрімділік категориясында барлық оң қылықтар жинақталған.
Бақыт – этиканың іргелі категориясы болып табылады. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды.
Бұқара санасында бақытқа төмендегідей төрт түсініктеме беріледі:
-
Бақыт дегеніміз жолы болып , “ жұлдызы жанғандық”
-
Бақыт- қуаныш, лаззат және жан қызығы.
-
Бақыт дегеніміз ең жоғары ізгілікке қол жеткізу.
-
Бақыт деп өз- өзіңе, жалпы өмірге көңілің толған “төрт құбылаң түгелдік” күйі.
Құндылықтар тұрғысынан алғанда бақыт пен адам өміріндегі мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек қана ізгілік пен мейірім ғана адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады.
Жүздесу- жеке тұлғаны қалыптастыратын адами құбылыс әрі оның болмысының негізгі қасиеті. Ол жеке тұлғаның өз бойынан басқаны таба білу метафизикалық мүмкіншілігі.
№13 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым –қатынас жасау мәдениеті.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Іскерлік қарым – қатынастық коммуникативтік мәдениеті.
2. Іскерлік қарым – қатынас жасауды басқару.
3.Іскерлік қарым – қатынастағы сөйлеу мәдениеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
-
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
-
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
-
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
-
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
№14 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Этикет туралы түсінік.
2. Этикет түрлері.
3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті және имиджі.
4. Сәлемдесу және танысу этикеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
-
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
-
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
-
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
-
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
1. Этикет туралы түсінік.
Адамның өзін- өзі ұстауының маңызды құрамдас бөлігі- этикет (әдеп). Ол талапқа негізделеді, қатаң белгіленген рәсімдік сипатқа ие болады. Оны сақтауда өзін-өзі ұстаудың белгіленген түрі маңызға ие болады.
Этикетте адамға көзқарастың сыртқы көріністеріне қатысты өзін-өзі ұстау тәртіптерінің жиыны ( төңіректілермен қатынас,сөйлесу және амандасу, қоғамдық орындарға бару, жүріс- тұрыс пен киім) қамтылады.
“Этикет” сөзі французша “ярлық”,”әдеп”,”рәсім” дегенді яғни белгілі бір рәсімді өткізу тәртібін білдіреді.
XYIII ғасырда этикет тек монарх ауласында қабылданған жүріс-тұрыс тәртібінің жиыны ретінде түсінілді. Ал, өмір осы терминнің тек билеушілер сарайында ғана емес, сондай- ақ адам қызметінің әртүрлі салаларындағы өзін-өзі ұстау қағида-ларының жиынтығы ретінде кең тұрғыдан түсіндірілуін талап етті. Этикет - бұл ежелгі заманда құл иеленушінің орта ғасырлар дәуірінде қолөнерші мен саудагердің, шаруаның өз үйіндегі жүріс- тұрыс тәртібі, бұл сондай-ақ қоғамдық және отбасылық мерекелердегі , қызметтегі өзін-өзі ұстау тәртібі. Этикеттің пайда болуы мәдениеттің өзіндік жетістігіне, жеке адамды имандандыру, оның табиғи инстинігін, құмарлығын тұсаулау түрлерінің бірі.
Этикет-қарым- қатынасқа, этикет тәртіптерін білуге ықпал етеді, адамды ыңғайсыздықпен қорғайды, оны тіпті бейтаныс адамдарға жағымды етеді, қарым- қатынасты жеңілдетеді. Және қалыпты қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Этикет- тәртәптері белгілі бір халықтың ұлттық , тарихи, әлеуметтік, мәдени белгілерін бейнелейді. Сондықтан оның қағидалары салыстырмалы және басқа бір қоғамда міндетті түрде қабылданатын этикеттер басқа қоғамда оны бұзушы, кешірілмейтін әрекет ретінде бағаланады.
Қазіргі қоғамда этикет жүгі оңайлатылды. Оның нормалары адамның қызметі мен жағдайларына байланысты , ол барлық адамдарға бірдей қолданылады, сондықтан оның талаптарының жалпы адамдық сипаты бар.
Этикеттің кейбір жеке тәртіптері:
- қандайда бір қызмет туралы сыпайы өтініш жасау және қызмет үшін өзіңнің парасатты болуың;
- адамды оның сәтсіздіктері үшін жұбату,оның қуанышын бөлісу;
- басқа адамдардың жұмыс және бос уақытын алмау және ешбір жағдайда да адамды өзіңді күтуге мәжбүр етпеу;
- адамдар бар кезде себепсіз күлмеу, оның маған күліп тұр деп ойлауына желеу бермеу;
- басқа адамдардың тәндік кемшіліктерін байқамауға тырысу, оғын үңілмеу және ол туралы сол адамнан сұрамау;
- басқа адамдардың ойына, талғамына құрметпен қарау;
- сөйлеп тұрған адамды ақырына дейін тыңдау, оның сөзін бөлмеу, оның ойына қызығушылық білдіру;
- қандай да маңызды болмасын көрсеткен қызметке өзіңнің қатысыңның барлығын атап көрсетпеу, одан қайтарма қызметті талап етпеу;
- өзіңнің сыртқы келбетіңнің ұсқынсыздығымен өзіңе назар аудартпа.
Этикеттің қарапайым тәртіптерін сақтау- бұл сыпайылықтың, тәрбиеліліктің мәнердің көрсеткіші.
Этикетті сақтау лайықты өмірге кепілдік және өз- өзін жетілдіру құүралы. Г. Эмерсонның бұрынырақта атап өткеніндей: “жақсы мәнер ұсақ құрбандықтардан тұрады”.
2. Этикет түрлері.
Жоғары оқу орнының дәстүрлеріне , оқытушыларға, бірге оқитын жолдастарға құрмет- әрбір студенттің тәртібінің берік негізі. Осы бір тіртіптерді ұстанбауды қандай да бір осы заманғы сілтемелермен және түсініктердің ауысуымен анықтауға болмайды.
Студенттер оқытушыға, тіпті ол өздерінен жас болса да, бірініші болып амандасады, өткені барлық уақытта да бүкіл халық мұғалімді құрмет тұтып келді.
Оқытушы барлық студенттермен “Сіз” деп сөйлеседі, студенттер сабаққа кешігуге тиіс емес. Ал егер кешігіп қалсаңыз, ақталмаңыз, мұғалімнен кешірім өтініп , дәріске қатысуға рұқсат сұраңыз да, бос орынға барып отырыңыз, егер түсініктеме қажет болса, оны дәрістен кейін айтыңыз.
Дәріс кезінде оқытушы жаңсақтыққа жол берсе, оны сол сәтте түзетудің қажеті жоқ, мұны оған дәрістен кейін үзіліс кезінде айтуға болады, ал келесі дәрісте оқытушы өз қатесін түзейді.
Студент жастар қоғамда ересек адамдардың барлық құқықтарын еркін пайдаланады, сондықтан да ересектерге жүктелген барлық міндеттемелерді орындауға тиіс. Егер студент әйел оқытушыға, өз курстасына сырт киімін тек оқу ғимаратында ғана емес, театрда, басқа қоғамдық орындарда кигізсе , желдеткішті ашуға немесе жабуға көмектессе, тақтаны сүртсе- бұл өнегелілік болып табылар еді.
Алайда, студент этикасындағы аса маңыздылары - бұл тәртіптілік, ұқыптылық сияқты өзін- өзі ұстау мәдениетінің жалпы нормаларын сақтай білу, ал оқуда практикалық сабақтарды мерзімді орындау, сессияны курс жұмысын табысты және өз уақтында тапсыру.
Оқу орындағы өзін-өзі ұстау мәдениетіне, сондай-ақ грамматика мен лексиканың жалпы ережелерін білуге негізделген студенттердің сөйлеу мәдениеті кіреді. Жоғары оқу орнының қабырғасында оқытушылармен және курстастармен қарым-қатынаста ұрысуға, дөрекі сөз айтуға болмайды.
Этикет студенттердің сыртқы келбетіне назар аударады: бұл санитарлық- гигиеналық талаптар мен жоғары оқу орнының ерекшелігін ескеру және әрдайым өзіңіздің жоғары оқу орнындағы мақсатыңызды есте ұстау қажеттігі.
3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті және имиджі.
4. Сәлемдесу және танысу этикеті.
№15 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Жанжал және оның моральдық – ізгіліктік құрылысы.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Ізгілік жанжалдың түсінігі.
2. Жанжалдың моральдық құрылысы.
3.Тәжірибедегі жанжалдың оң және теріс рөлі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
-
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
-
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
-
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
-
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
Құқық қорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күшқұралдарды қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиеленіс жағдайына жиі алып келеді. Аталған шиеленістер себептердің қарамақайшылық бағыттылығы жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектіге борыш талаптарынан көрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен өзінің жағдайға байланысты пайда болған көзқарастарын, алыс және жақын мақсаттың біреуін, үлкен және одан азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді.
Адамгершілік шиеленістің ерекшелігі мынада – белгілі бір жағдайдағы моральдық нормаға негізделген әрекеттің басқа біп норманы бұзуы. Бұл жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның моральдық талаптарды орындағысы келмейтінінде де емес, мәселе – осы талаптардың бір- біріне қайшы келмеуін болдармаудың қажеттігінде.
Құқық қорғау органдары қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеленістердің қатарынан сыртқы және ішкі шиеленістерді атауға болады. Сыртқы шиеленістер адамдар арасындағы адамгшершілік шиеленістер ретінде көрініс табады. Олар жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және қоғамның құндылықты бағыт бағдарының қайшы келуін білдіреді.
Ал ішкі шиеленістердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар көзі болып тұлғаның жүрістұрысының бірбіріне бағынышты себептерінің күрделілігі, әртүрлі сипатта болып табылады.
Бірқатар жағдайларда ішкі шиеленісті шешу сыртқы шиеленістің пайда болуына негіз болуы мүмкін. Мысалы, тұлғаның құқық қорғау органдарымен құпия негізде одақтасуы, оның ішкі шиеленісін жеңудің негізінде жүзеге асқанымен, осы құпия көмекші мен оның қызмет ету саласының арасында сыртқы шиеленіс туындауы мүмкін.
Құқық қорғау органдары қызметкерінің тағы бір ерекшелігі- кей кездері өзінің мемлекеттік құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық ортада жұмыс істеуге тура келеді.
Мұндай жағдайларда адамның санасында моральдық құндылықтардың әртүрлі жүйелері бір мезетте шиеленіске түседі. Бұл көзқарас тұрғысынан аталған шиеленісті ішкі деп те атауға болады. Алайда, ішкі шиеленістің ерекшелігі мынада – оған тұлға өзі дұрыс деп санайтын құндылықтардың, нормалардың күресі тән. Ал сыртқы шиеленіске өзінің көзқарастарына қайшы сенімдердің , көзқарастардың , құндылық-тардың , идеялардың дұрыстығын жоққа шығару тән.
Құқық қорғау қызметіндегі моральдық шиеленістердің көрініс табу нысандары түрліше. Олар осы қызметтің белгілі бір бағытының нақты ерекшеліктеріне, осы қызмет жүзеге асатын ерекше жағдайларға, шиеленіске қатысушылардың әлеуметтік психологиялық мінездемелеріне және басқа да жағдайларға байланысты.
Шиеленістің дамуы оны шешуге, яғни, жүрістұрыс немесе әрекеттің белгілі бір түрін таңдауға алып келеді. Мұндай жағдайда адамға өзі қабылдайтын шешімнің негізінде жатқан дұрыс бағытты анықтауға көмектесудің маңызы зор. Бұл бағыт адамның өзі қабылдайтын моральдық талаптары сенімге айналған сайын берік бола түседі. Аталған мәселе құқық қорғау қызметі үшін, нақты айтқанда, құпия көмекшілермен жұмыс үшін тәжірибелік мәнге ие. Құпия көмекші өзінің құқық қорғау органдарымен бірігіп қызмет ету туралы қабылдаған шешімнің дұрыстығын сезінсе де, бұл шешіснің моральдық маңызы зор екендігін түсінсе де, жедел іздестіру өкілінің тапсырмаларын саналы және ерікті түрде орындаса да, өз әрекетіне субъективтік, психологиялық түрде іштей қанағаттанбауы мүмкін.Өз жүріс тұрысыңды түсіну, сезіну сенімге, әдетке , тұрақты сезімдерге айналмауы мүмкін. Құпия көмекші дұрыс әрекеттер жасап, оларды негіздей алса да, бұл негіздеу сеніммен жүзеге асырылмауы мүмкін. Өзін-өзі мәжбүрлей, борыш сезімі- бұлар да оң әрекеттің мәжбүрлеу, борыш сезімі – бұлар да оң әрекеттің жоғары негіздері, алайда оларды адамгершілік жүріс тұрыстың жоғары түрін сипаттайтын сеніммен бір қатарға қоюға болмайды.
Әдебиеттерде адамгершілік шиеленістердің алдын алуға және оларды шешуге жәрдем беретін ұсыныстарды жасау ұмтылыстары біршама. Бұл жағдайда ортақ қағида ретінде адамгершілік құндылықтардың үстемдігі туралы ереже ұсынылады.
Моральдық шиеленістерді шешуде қоғамдық мүдденің жеке мүддеден үстемдігі туралы ереже көп жағдайда орын алады. Өкінішке орай, шын мәнінде көп жағдайда бұл ереже қате, дөрекі түсініліп, жүзеге асырылады. Шиеленіс жағдайда көбінесе жеке мүдделерге зиян келтіре отырып шешу орын алады. Әрине, қоғамдық мүдде жеке мүддеге қарағанда әлдеқайда маңызды. Алайда, кей кездері жағдайды дұрыс түсіну нәтижесінде жеке мүддеге ешбір зиян келтірмей ақ, қоғамдық мүддені қанағаттандыруға болады. Жеке мүддені қоғамдық мүддеге бағындыру – шешімі қиын жағдайларда жиі кездесетін мәселе. Шиеленісті жағдайдан ең жақсы, оңтайлы жолмен шығу үшін тұлғаның өз мүдделерін ескермеуге талпынысы ғана емес, сонымен қатар, қоғамның мүдделерін қанағаттандыруға деген ұмтылысы да қажет. Осындай, тұлғаның қоғамға, қоғамның тұлғаға дұрыс қатынасы жағдайында ғана дұрыс моральдық таңдау жүзеге асырылады.
Таңдау жағдайында қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін қойылған мақсатқа жетудің белгілі бір құралдары қажет. Бұл көзқарас тұрғысынан, құралдар таңдау мен мақсаттың ортасында аралық буын ретінде көрініс табады. Моральдық таңдаудың бұл кезеңі мақсат пен оған жету құралының өзара қатынасының мәселесі ретінде сипатталады.
10. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі
№
|
Тақырыбы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
Бақылау
түрі
|
Әдеб
|
Орындау мерзімі
|
1
|
Этика ұғымы және оның заты.
Антикалық этика.
Қазіргі этика теориялары.
Этика түсінігі.
Этиканың қалыптасуы мен даму кезеңдері.
|
2
|
Консультация
|
Ә - 6- 8
|
1-2 апта
|
2
|
Заңгердің кәсибі этикасының заты, міңдеті, ерекшелігі.
Кәсибі этиканың қайнар көздері.
Кәсибі этиканың түсінігі және оны заты.
Кәсибі этикалық міңдеттері.
Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсибі этикасының ерекшеліктері.
|
2
|
Тест тапсырмасы,
Реферат
|
Ә - 4, 5, 6, 7, 8
|
3-4 апта
|
3
|
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсиптік қызметінің категориялары.
Кәсіби борыш.
Кәсіби әділдік.
Кәсіби ар намысы.
Кәсіби үят.
Кәсіби бедел.
|
2
|
Тест тапсырмасы,
Реферат, Дөңгелек стол
|
Ә - 1, 2, 3, 4, 5
|
5-6 апта
|
4
|
Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.
Моральдың түсінігі және мәні.
Моральдың функциялары.
Моральдық нормалардың түсінігі және белгілері немесе олардың иерархиясы.
Моральдық қызмет.
|
2
|
Жазбаша бақылау, Сөж
|
Ә - 1 - 8
|
7-8 апта
|
5
|
Мораль изгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін қурайстындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түінігі. Моральдық кәсіптік – ізгілік мәні және мақсаты.
Моральдық әлеуметтік сипаты.
Мораль және құқық, олардың өзара байланысы және айырмашылықтары.
Мораль және саясат.
|
1
|
Тест тапсырмасы,
Реферат, Глоссарий
|
Ә - 1 - 8
|
9- апта
|
6
|
Құқық қорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің ізгілік – этикалық негіздері.
Құқық қорғау органдары қызметкерінің қызметіндегі ізгілік негіздері.
Адвокат, заңгер кеңесшісі ізгілік негіздері.
Прокуратура қызметкерінің этикасы.
Қаржы полициясы қызметкерінің және т.б. қызметінің ізгілік негіздері.
Ар – ождан кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскер қызметінің ізгілік – кәсіптік негізі ретінде.
Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
|
2
|
Сөж,
Коллоквиум
|
Ә - 1 – 8
|
10-11 апта
|
7
|
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым – қатынас жасау мәдениеті.
Іскерлік қатынастардың табиғаты және мәні.
Іскерлік қарым – қатынас жасау этикасының негізгі принциптері.
Тұлға аралық қарым – қатынастардың заңдылықтары.
Іскерлік қарым – қатынастық коммуникативтік мәдениеті.
Іскерлік қарым – қатынас жасауды басқару.
Іскерлік қарым – қатынастағы сөйлеу мәдениеті.
|
2
|
Тест тапсырмасы,
Реферат, Сөж
|
Ә - 1 – 8
|
12 -13 апта
|
8
|
Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде.
Этикет туралы түсінік.
Этикет түрлері.
Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті және имиджі.
Сәлемдесу және танысу этикеті.
|
1
|
Жазбаша бақылау, Тест тапсырмасы
|
Ә - 1 – 9, 12
|
14 апта
|
9
|
Жанжал және оның моральдық – ізгіліктік құрылысы.
Ізгілік жанжалдың түсінігі.
Жанжалдың моральдық құрылысы.
Тәжірибедегі жанжалдың оң және теріс рөлі.
|
1
|
Тест тапсырмасы,
Реферат
|
Ә - 1 – 9
|
15 апта
|
|
Барлығы:
|
15
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |