Лекция: 15 сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Барлық сағат саны: 45 сағ Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#133945
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

2 . Кәсіби әділдік

Қайырымдылықтың нақтыланған формасының бірі әділеттілік болып табылады. Ол ізгіліктер арасында негізгі орынды алады, өйткені, адамдар арасында ізгіліктермен зұлымдықтар бөлінісін сипаттайды және бағалайды. Әділеттілік адам өмір сүруінің тәсілдері мен шарттарының бағасы ретінде адамдар өмірі мәнімен тығыз байланысты. “Әдептілік, - деп жазады Д. Раулс, - ғылым жүйесінде ең басты ізгілік ретінде ақиқат саналатын сияқты, қоғамдық институттардың ең басты ізгілігі болып табылады. ” (теория справедливости – “Этическая мысль”, М, 1990)

Қоғам өз мүшелеріне игілік беріп қана қоймай, ол әдептілік қағидасымен тиімді реттелгенде ғана жақсы ұйқасады. Жалған теорияның ертеліккеш теріске шығатыны сияқты, әділетсіз қоғам қатынастар жайылуы немесе түзетілуі тиіс. әдептіліктің кепілдікке берілген құқықтары сияқты сауда обьектісі бола алмайды.

әдептілік ұйымы, сонымен қатар, салыстырмалы, нақты – тарихи болып табылады. Алғашқы қауымдық мәдениетте әділеттілік, “қанға қан, жанға жан” мағынасында табуға, ташонға жақын тұрады. Ру игілігі құдайларының міндетіне бекітілген заңдары қамқорлығында болды. Әділеттілік осы қасиетті дәстүрлерге дұрыс қатынаспен сипатталды. Оны бұзғандар жазаға тартылады. Оның көріністерінің бәріне рулық кек институты жатады. Рулық құрылыстан өркениетке өтуге байланысты әділеттіліктің жоғарыдағы ұйымы оның таратылушылық түсінігімен алмасты. Алдыңғы орынға әділеттілік – теңдік шықты. “Бәріне бірдей болу” идеся мен көбірек алып қалуға ұмтылу адамзаттың кейінгі моральдық дамуына үлкен ықпал етті. Тек моральдық дамуда ғана емес, әділеттілік пен теңдік туы астында революциялар, біліктер, басқыншылар болды. “Әлеуметтікәділеттілік” ұранымен болшевиктер Ресей империясындағы бай және іскер адамдары қырып жойды. Жептіс жыл бойы номенклатура КСРО – дағы бөлініс құралдарын қолдарынада ұстады. Теңдікті жүзген асыру үшін мемлекеттік биліктің қандай да бір органына қоғамдық өнімді орталықтарған басқару құқығымен беру керек. Алайда, бұл моральдың салдары адамдардың орасан зор мүшелерінің жойылуына және қалғандарының кедейшілікке ұғынуына алып келді. “Әлеуметтік әділеттілік” деген тіркес те, “Хылықтық демократия” сияқты жай семантикалық бос сөз ғана. Бөлінуші әділеттілік идеясы - әрбір индивуд өз адамгершілік абыройына сай алуы тиіс деген мұндай кеңістілген, адамзат қауым дастығында өз мәнін жоғалтады.

“Менің байқауымша, - деп жазады. Ф. Хаяк, -“әлеуметтілік ” анықтамасы кіріс айырмашылығына азайтуды немесе жоюды көздейтін барлық нәрселерге тіркеле береді… Социализмнің “әлеуметтік әділеттілігіне ” қарай тағыда бір қадам итермелеу болып табылады. Ал, бұл бәсекелес нарықтық тәртіппен, сонымен бірге тұрғылықты халық ұстаумен, өсуімен және жеткен байлық деңгейін сақтау мен сәйкес келмейді. “(Погубная самонадеянность М.1992,203бет) Қазіргі кездегі Қазақстандық (және ТМД)”әлемеуттік қорғалған экономика” терминін де осылай бағалауға болады. Алайда, абстрактілік теңдік пен бөлініс әділеттілігінің жарамсыздығы әділеттіліктің моральдық қағидасының құнсыздануын білдірмейді. Д.Белл жазғандай , азамат санасының әділеттіліктің моральдық схемасы барлық әлеуметтік тәртіптің қажетті негізі болып табылады. Заңдылықтың болуы үшінбилік ақталуы тиіс, және ақырында дәл осы адамгершілік идеялар, яғни қалаулы нәрсе туралы көзқарастар адамзат ұмтылыстары арқылы тарихты қалыптастырады.” (Культурные противоречия капитализма. М,1976 ).

Теңдік туралы идеяның өзі гуманистік әлеуметін сарқыған жоқ. Бұқаралық санада теңдіктің үш түрі кездеседі. Құдай алдында, мораль алдында және заң алдында.

Теориялық ойдағы мүмкіндіктер теңдігі “конципциясы қызығушылық тудырады.”Нәтижелерін теңдігін” талап ету байлықтың кедейлер пайдасына қарай радикальді қайта бөлінісін білдіреді, ал бұл бөлініс пен экономикалық өсімнің қарқынын баяулатады. Кезінде Аристотель “мөлшер бойынша теңдік ” пен “абырой бойынша теңдіктер ” айырмашылығын айтқан болатын және теңге теңсіз ретінде,теңсізге тең ретінде қатынас орнатар әділетсіздік пайда болатынын айтқан еді. Д.Беллдің пікірінше, теңсіздік теңсіздік инвидтің қоғамдағы орнымен анықталатын өмір жағдайына, әлеуметтік ортаға,қызмет түріне, мұрасына сәйкес келуі тиіс. Сондықтан да дәрігермен санитардың, жұмысшымен менеджердің, ассистент пен профессордың теңсіздігі туралы айту мүмкін емес.

Д.Белл бойынша азаматтардың бұл категориялары арасындағы теңсіздікті адамзаттардың бұл категориялары арасындағы теңсіздікті, олардың әлеуметтік мәртебесі, табысы мен беделінде, жеке қабілеттер теңсіздігі жағдайында қоғамдық еңбектің жойылмайтын нәтижесі ретінде мойындау керек. Тиімділігі жағынан да, әділет тілігі жағынан да дұрыс бөліністің жалғыз – ақ қағидасы төмендегідей: әркімге жеке қосқан үлесіне қарай және оның өз әркет саласындағы өкілеттілігі мен сіңірген еңбегіне қарай беру. Адамдарға пайда әкелетін теңсіздіктер әділетті және әркімге де өмірде табысқа жетуге мүмкіндік береді. Алайда, қоғам игіліктерінің қолға жинақталуы мен қалғандарының кедейшілікке ұрынуына жол бермеуі тиіс. Қоғамдық топтар арасындағы мұндай айырмашылыққа әртүрлі әлеуметтік қимылдар арқылы қарсы тұру қажет.Қазіргі уақытта әлеуметтік – экономикалық және моральдық мәселелерді реттеуде мемлекеттің ролі күшеюде. Ендігі кезде өмірдегі теңсіздік үшін жауапкершілікті нарыққа артып қою мүмкін емес. Жолы болмағандардың топтық құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Бұл мәселелерді шешу адамзат дамуына әділеттілік жол мен жетуге жағдай жасайды.

“Бақыт” ұғымы –этикадағы ең іргелі (фундаменталды) түсініктің бірі. Оның үстіне ол ең жемісті әлеуметтік идеялардың бірі болып табылады. Спинозаның айтуынша “бақыт” – бұл ізгіліктің қайтарымы емес, ізгіліктің өзі, өз құмарлықтарымызды ноқталағанымыз үшін бақытты емеспіз, керісінше біздің бақытты болуымыз оларды ноқталауға қабілетті етеді. ”Бақыт”-адамға сезілетін құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ішкі қайшылықтарға толы.Этика тарихында бақыттың мәні туралы пікірлермен көзқарастар өте көп.

Мәдениет тарихында бақыт туралы қолданбалы этикалық пән фемициталогия қалыптасқан. Маңызды фемицитарлық шығармалар қатарына төмендегілер жатады: Аристотельдің “Нокимах этикасы”, Сенеканың “Бақытты өмір туралысы”, Ф.Авкинскийдің “Бақыт туралы трактаты”, Бофцийдің “Философиялық жұбанышы”, Августиннің “Бақытты өмірі”, Гельвицийдің “Бақыт поэмасы”, Л.Фейрбахтың “Эвдемонизмі”, Дж.С.Милльдің “Еркіндік туралысы”, Э.Фромның “Өзің үшін адамы ”, В.Татаркевичтің “Адамның бақыты”, және т.б. Этика тарихындағы бұл шығармалар бір тақырып төңірегінде жазылғанымен алуан түрлі көзқарастарды ұстанады.

Бірі бақыт сүйіспеншілікте деп тұжырымдайды. Алайда, бақыттың тез өткіншілігіде белгілі. Бақыт жастықта ма? Бірақ, Цицерон кәрілік – бақыттырақ деп есептейді. Көпшілігі бақыт қажеттіліктерді қанағаттандыруда деп санайды. Алайда тойымшылдықтан бас тартып өзін – өзі шектейтіндер қателесе ме? Мүмкін дос тықта болар? Бірақ ”достан қашық бол, жауыз одан қауіпті емес”, Білім ше? Білім алған адам қашыны да арқалайды“ Даңқ ? Алайда , даңқты іздеме өйткені онда сені кезкелген жағымсыз тауып алады”. Бақыттың парадокс – тары көпқырлы. Алайда бұл бақыт ұстатпайды және теориялық талдауға көнбейді дегенді білдіреді. В. Татаркевичтің пікірінше адамдар бақатты әрқалай түсінеді. Негізінен бақытты ерекшелеуге болады. Бұқаралық санада ең кеңінен таралғаны бақыт бұл сәттілік, кездейсоқтық, бізге бағынбайтын тағдыр (“бақыт құ- сы”). Екінші бақыт - өмірден қанағат, ләззат алу, қуаныш, Үшіншісі, бақыт – бұл ләззат алу мөлшері де емес, бір сәттілік қуаныш та емес, сыртқы игіліктерге болу да емес, ол бүтіндей өмірден толық, ұзақ қанағат алу, қайғы – қасіреттер арқылы болмыстың құпия мәніне ие болу. Осы соңғысы көңілге қонымды секілді. Бірақ ол да “бақыт формуласын толығымен ашпайды”.

Фемецитарлық идеялардың жалпы мазмұнына үңімек ондғы пікірлердің қайшылықтарымен қатар, бақыт ұғымындағы жалпы белгілерді де аңғаруға болады.



  1. Ләззат алудың субьективті көңіл – күйі, өз - өзімен бақыттың жеткілікті өлшемі бола алмайды.

  2. Бақыт ізгілікпен қатар жүреді.

  3. Бақыттың обьективті өлшемін табуға болады.

Платон мұның өлшемі ретінде “жақсы адам” идеясын а.л. Аристотел “адамның мақсаты” идеясын есптеді. Стеноза адамның өз күшін пайдалана отырып, жаратылысын іске асырылуы деп санаса. Спенсер – адамның биолгиялық және әлеуметтік эволюциясын атайды.

Адам бақыты туралы ілімдерде негізінен үш бақытты айқындауға болады, бақыт психологиясы, бақыт аксиомасы, бақыт социологиясы. Психикалық тұрғыда бақыт позитвті көңіл күй, өмірден ләззат алу, қуаныш пен шаттық және рақаттану болып табылады. Бақыт сезімі бүгінгі күнгі бір оқиғаға байланысты туындаған бір сәттәк тез өткіншісі нәрсе болуы мүмкін.

Ол үнемі, тұрақты, бүкіл, рухани күштің, жақсы келешектің үйлесімділік пен қана – ғатшылықтың толассыз қуанышы болуы да мүмкін. Бақыт сезімі осылайша адамның өзіне және ілімге қанша қатынасының алуан тірлігін білдіреді. Бұл жағдайда бақыт пен қуаныштың арасын ажырату маңызды. Олардың айырмашылығын, егер қуанышы жекелеген атқа ғана толық сезіну. Бақыт – Э. Фромның анықтауынша – бұл өмір сүру өнеріндегі кепілдік өлшемі, өзінің гуманистік этикадағы мағынасындағы ізгілігі сай (Человек для себя М 1992, 182- бет) Адам әрекетінде әрине бақыттың тура және ашық соңына түсу жоқ. Әр түрлі өмірлі мақсаттарды қою және оған жету адамды автоматты түрде бақытты ете алмайды. Алайда соған ұмтыла отырып, ол бақытты сезінеді. Бұл “қу старатегия”, бақыттың “психиологиялық заңы”, болып табылады. (ДЖ. С. Малль) – Адамда индивидуалдық өмірқамының ішкі құндылық мәнін және оның соңғы эффектілігін бақылап отыратын “мүлгімейтін көз” болады. Алайда бақыт психиологиясы негізінен көңілкүй айғақтарын айқындайтын сипатталушы терминдерді қолданылады. Ләззат алу немесе қасірет бақыт немесе бақытсыздықтың ең басты көрсеткіштері бола алмайды. Кейбіреулер садизмнен, деструк – тивтіліктен, біреулерді балағаттағаннан ләззат алса, ал кейбір сүйіспеншіліктен, кейбір адамдар достарымен бөліскенен шығармашылықтан ләззат табады. Егер бақыт пен бақытсыздық олар туралы біздің сезімдерімізге сай болса, онда бұл туралы білмей ләззат алу немесе қайғыру бәрі – бір ләззат алмауды және қайғырмауды білдіреді. Егер құлдар қожайыны келтірген қасіретін сезінбесе, онда бейтарап адам жалпы адамның бақыты үшін қалай құлдыққа қарсы шыға алады? Бақыт та бақытсыздық сияқты ақылдық жағдайы ғана емес, бақыт немесе бақытсыздық бұл бүкіл тұлға жағдайының кірісі.

Бақыт сезім мен ойлау күшінің, тірліктің, жемістіліктің ұлғаюына сәйкес келеді; бақытсыздық бұл қабілеттер мен функциялар әлсіреуіне ықпал етеді.

Аксиологиялық тұрғыдан алғанда, бақыт – бұл құндылық, адам өмірдегі қайырлық өлшемі. Бақыт қайырымдылықты, ізгілікті білдіреді, тек сол ғана адам бойында оның болмысы мәнімен байланысты ең жақсы деген адамы қасиеттерді дамыта алады. Бақыт жекелеген сезімдері немесе белгілі бір әркет емес. Батыс этигі Р. Барраздың айтуынша, адамның өлімнен қатынасын және байланысын бағалауда өз позициясы болуы керек. Егер ол нақты болса, обьективті мүмкіндіктерге сай болса, онда адам бақыттың үш мәнді шартына жетеді; қауіпсздік; өзін - өзі бекіту және ахуалды дұрыс түйсіну. Моральдық құндылықтар бақыттың тікелей себебі бола алмайды. Өйткені моральды адам бақытсыз болуы мүмкін, ал бақытты аморольды болуы мүмкін. Бірақ құндылықтың дағдарыс рухани – эмоционалды дағдарыспен міндетті түрде бірігеді. Бақытқа ұмтылу әрқашан да адамдарды біріктіре бермейді, әсіресе біреудің бақытсыздығы, екінші бақытының шарты болған жағдайларда. Адамдар кейде, “Кішкентай бақытқа да” ырза болады.

Өзі үшін зиян және өзін төмендететін жағдайларды, оның нағыз мәнін аңғармай жатып бақыт деп есептейді. Адамдардың бақыт туралы көзқарасы мен бақыт ұғымы нақтылық пен абстрактылық шақты ажыратылады, қажеттілік пен мәнділік арасында қайшылық туады. Бақыт ұғымы ахуалдық алғышарт емес, императивті негіздегі идеялдылықты, шынайылықты, тойымдылықтыбілдіреді. Этика адамның пікірін “басқашалау”, бақытқа толы деп кінәласа, ал адамдарға нағып бақыт үшін бұл берілген өмір сай келмейтіндей болып көрінеді.

Бақыт социологиясы – фелициотологияның маңызды құрамдас бөлігі. Ол адамдар ұмтылатын құрмет байлық, ұрпақ өсіру, дәулетті кәрілік сияқты жалпы белгілі игіліктерді сипаттайды. Сондықтан бақыт социологиясында қоғамдық игліктреге жету жолдары мен құралдары және ең алдымен өзінің барлық формулаларындағы адал, таза еңбек ерекше орын алады. Бақыт социологиясы уталитаризм классиктері еңбектерінде кеңінен сипатталған. Мысалы, И. Бентам адамды бақытқа жақындататын құндылықтар тізімін келтіреді; денсаулық, іскерлік, достық, абырой, билік, адамдық, ізгілік, шыдамдылық, іскерлік, қарым – қатынас, жұбаныш және т.б. Бұл әсіресе өтпелі қоғамға тән. “Қазіргі адам – деп тұжырымдайды Е. Дубко мен В. Титов - өзгермелі тағдырға бейімделген өз - өзінен реттелетін құрылғымен және өзгеше еркін толқыталы ” “психика - троскоппен” қаруланған. (Идеал, справедливость счастье М 1889 72 - бет)

Нарықтық экономикамен бұқаралық мәдените жағдайларында өмір сапасымен өз - өзіңді іске асыру бағаланады. Бұрын ол қоғамның этикалық қабатына тән болса, енді бұқаралық сипат алды. Жас ұрпақ өмірджің жоғары стандартына зор мән береді, аштық пен ауру туралы аз ойлайды. Алайда РТР және ақпараттық жарылыс адам өмірі ырғағын жылдамдатып жіберді, қақтығыстарды оқшауландыру тетіктері әлсіреді, адамгершілікпен экологиялық ахуал шиеленісті. Бұл үдірістің салдарлары дәлірек айтқанда, түзілу өмірдің маңызды ешнәрсе бермейтіндігін сезіну, ерік жұмысшысының төмендеуі, уайым көңілділік сезімімен агресивтік адамның бақытты өмір сүруіне кедергілер келтіреді. Нарқытық экономика мен адам бақытының өзара әректі мәселесі этикалық жаралыстың – ғылыми, техникалық әдебиеттер кеңінен таралған.

Бақыт – бұл әр алуан адамның қажеттіліктерді өтеуге қабілетті айырбас затының пайдалылығы (тауар) және “қалтаға салып жүретін зат” ақша. өз бақытын көбейтіп және өзелерге әкелу адамгершілігі мол адамның ғана қолынан келеді. Т. Джерффергонның “Тәуелсіздік - декларациясында” былай жазылған. “Бақытқа деген ұмтылысты, қорғай отырып мемлекет өз мақсаты бойынша адамдардағы кәсіпкерлік рухты тәуелкелшіл дербюестік сезімін қолдауы және қорғауы тиіс.”

Қорытындылай келе бақыттың төмендігі құрылымдық элементтерін келтіруге болады. 1 – ден қайғысыз, жоқшылықсыз, аурусырқаусыз, бәлежаласыз өмірді білдіретін игілікті береке. 2- ден қажеттіліктерді қанағаттандыру. Қажеттіліктерді өтеу үшін белгілі дәреджеде қалыпты баланс қажет. Бұл жерде адам меншігі үлкен мағынаға и болады, онсыз еркіндікте, байлық та жоқ. 3- ден элемент – қанағат, ырзашылық. Бұл адамның өз қалауына сай өмір сүріп жатқанына ризашылық сезімін білдіреді. 4- ден, бақыт қуанышсыз болмайды. Адам өз қуанышында ақылын да, сезімін де құндылықтың спектірін де көрсетеді. 5- ден элемент ретінде өмірді адами мәнділік пен міндеттілік тұрғысынан бақылауды айтуға болады. Этика өзінің өз басты ізгіліктері ретінде бақыт пен қуаныш құндылығын өте жақсы негіздей алады, алайда ол адамнан анау – мынау емес, өз қиын міндетті шешуді талап етуді де біледі, бұл оның жемісті де толық дамуын (Э. Фроим человека для себя, 184 - бет).

Ұлы Кантта мынадай тамаша ой кездеседі. “Адамды екі нәрсе жанын тебірентіп шексіз тандандырады, жұлдызды аспан мен ішкі моральдық заңдылық шексіздігі. 1- ші шексіздікті адам жаңа кеңіс тіктерді бірте – бірте игере отырып меңгерпсе, 2- ші ар – ұят деген не ?”
3. Кәсіби ар-намыс

Бұл ұғымдардың бір- бірімен тығыз байланыстығы соншалық оларды бөліп-жарып қарастырудың өзі қиын. Ұлы неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік төмендегідей жолдары бар: “Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбедегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы”. Осыдағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы ар-ождан мен ұят. Ұят- адамгершіліктің бір жемісі, сонымен қатар ар-намыстың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп- инабаттылық жоқ.

Ненің ұят және ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде бірдей еместігін айта кету керек.

Ар-намыс арқылы адамның өз қылықтарын парыз, міндет, тиеселілік тұрғысынан бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ар- намыс та өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.

Ұят деп адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен үміттенген биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Ар- намыспен салыстырған ұят ішкі, өзіңмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың , қоршаған ортаңның көзқарасымен анықталатын күй. Өйткені өзіңнің жасаған келеңсіз әрекеттің, іс-қылығы үшін басқалардан еститін сөзді ойлап , олардың сен туралы көзқарастарының бұзылатындығын ойлап қам жейсің.

№6 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Құқық органдары қызметкерінің кәсіптік қызметі-нің категориялары.

(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Кәсіби ұят

2 . Кәсіби бедел



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997

  2. Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998

  3. Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж

  4. Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.

  5. А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж



1. Кәсіби ұят
Абырой категориясы қадір қасиет категориясы мен тығыз байланыста. Бұл категориялар іс жүзінде өздерінің объективтік мазмұны бойынша атыратуға болады. Абыройды бағалау – бұл қоғамдық көзқарасты бағалау, ал қадір қасиетті бағалау – бұл ең алдымен, тұлғаның өз қалауы бойынша жүзеге асыралады. Әрине, қадір қасиетті бағалау қоғамдық көзқарастан алшақ жүзеге аса алмайды, алайда, бұл жерде өзіндік бағалау ерекше рольді иеленеді. Ал бұл бағалау, өз кезейнде, тұлғаның қоғам алдындағы жеткіліктерін суінуіке негізделеді.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басым көпшілігі – абыройдың адамдары. Бұл қасиет олардың қызметтік борышты орындауда көрініс табады. Оның ерекшелігі бейбіт өмір кезінде де қайраттынықты, устамдылықты, өз ісіне жан тәнімен берілуді талап етумен сипатталады. әрине олар өз қызметінің маңыздалығы, борышты орындау мен байланысты тұрақты қауіп туралы ешкілке жария салып айтпайды. Олар өз міндеттерін жай ғана атқарады, халық осы үшін де оларға риза.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің абыройын ол өзі қызмет етіп жүрген ұжымның, бөлімшенің абыройына бөліп қарастыруға болмайды.

Сол себепті де, ол өзінің қызметтес серіктерін ұятқа қалдырарлықтай әрекеттер жасамауға тырысады. Ұжымның абыройы – жеке қызметкерлердің де абыройы. Абыройды сүйю құқық қорғау органдары қызметкеріне тән қасиет. Дұрыс түсінілген абырой жалпы іске кедергі жасамайды, керісінше, оны орындауға қосымша күштер береді. Ал абыройға табыну жағымсыз сезімдермен ұштасса, онда ол мансап қорлыққа айналады. Мұндай жағдайда адам өзінің пайдакүнеледік мақсаттарына жету ушін кез – келген құралдар мен жолдарды пайдалануға дайын болады.

Қызметкер абыройы мен ұжым абыройының ұштасуы мақтаныш сезімін, яғни құқық қорғау органдары қызметкерлерінің осы жүйеде қызмет ежетіндігін сезінудің моралдық қанағаттанған суімін тудырады. Соңғы жылдары құқық қорғау органдарының беделі қоғамдық козқарас алдында біршама төмендегенімен, құқық қорғау органдары жүйесін халық қажет деп түсінеді және жалпы айғанда оған баға берілуде. Қызметкерлердің борышы құқық қорғау органдарының беделін қоғамдық көзқарас алдында тұрақты түрде көтеріп отыру және бұл органдардың ең жақсы дәстүрлерге деген затынасынан да көрініс табады. Дәстүрлерді ұмыту немесе оларды аяққа таптау қызметтік ортада қатақ сөгіс табатыны сөзсіз. Дәстүрлер – бұл тек тарих емес, сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қорғаушы бас буынды тәрбиелеудің қуатты құралы.

Сонымен қатар, дәстүрлерге сүйену олардың дамуын, алдына қарай қозғалысын білдіретінін ескеріп өткен жөн. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің абыройы олардан болашаққа деген ұмтылысты, өзінің кәсіби міндеттерін орындау үшін жақа әдіс тәсілдерді және қазірші заман техникасын меңгеруді талап етеді. Ол үшін басқа елдердің құқық қорғау органдарының жетістіктері мен жұмыс тәжірбиесімен танысудың маңызды зор. Бұл біздің құқық қорғау органдарының абыройы мен қадір қасиеттін нығайтып, жоғарлыта түседі, қызметкерлердің кәсіби борышын тиімді орындауға көмектеседі.

Абырой категориясының тағы да бір құрамдас бөлігі өз сөзінде тұру. Сөзінде туратын адам! Бұл – адамның маңызды қасиеті, тіпті, оны кейде абырой түсінігімек теңестіріп жатады. Сөз бірдің бе – сөзіңде тұр, әуде бердің бе - орында. Әйтпесе, адамдар сені сыйлаудан қалады және өтірікші, бос сөздік адамы деген атқа қаласыз. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің абыройын құратын басты кемшілік – айтқан сөзінде тұрмау. Ақыр аяғына мұндай қызметкер беделінен айырылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, абырой категориясы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік мәдениетінің ішіндей ең маңыздыларының бірі – абыройды қадірлеу, бағалау бұл борыш әрі дәрежеде адамның жалпы мәдениетінің деңгейіне, оның рухани және физикалық дамуына, мемлекет туралы ойлай білу қабілетіне тәуелді. Ал бұған үздіксіз, тұрақты үйрену керек.


2 . Кәсіби бедел.

Құқық қорғау органдарының қызметін бағалауда “адамгершілік емес”екі жақты формуласы жиі қолданылады. Бұл терең тарихи тамырға ие. Ежелгі стоиктердің өздері таяқтың түзу немесе қисық болатыны сияқты, әрекеттер де әділетті немесе әділетсіз болады деп тұжырымдаған. Бұл көзқарасқа сәйкес , моральға қандай да болмасын есептеулер тән емес: банктан алтын ұрлаған адам мен дүкеннен нан ұрлаған адамның әрекеттерінде ерекше айырмашылық жоқ.

“Адамгершілік” және “адамгершілік емес” түсініктерінің ауқымы өте кең. Тіпті, шартсыз түрде адамгершілік оң немесе теріс бағаға ие құбылыстардың өздерінде әрқашан қарама қайшылық бағалау элементі болады.

Адамдардың барлық әрекеттері бір тізбектің бойындағы екі бағытқа бағытталған: абсолюттік адамгершілік сипаттағы әрекеттер және абсолюттік адамгершілік емес сипаттағы әрекеттер. Бұл тізбекте жүрістұрыстың әртүрлі түрлері көрініс табады, олардың ішінен идеалды, рұқсат етілген, қалаулы әрекеттер оң жүрістұрысты құраса, оған қарама қайшы болып теріс жүріс тұрыс орын алған. Құқық қорғау органдары қызметінің ерекше сипатын ескере отырып , адамгершілік рұқсат етілген жүрістұрысқа олар үшін ерекше маңызды құбылыс ретінде мән беру қажет.

Басқаша айтқанда, идеалды жүрістұрысқа қойылатын талаптар жүзеге асырылу барысында әрқашан қажетті объектівтік жағдайларды иелене бермейді.Сол себепті де, тәжірибеде кең көлемде жүзеге асырылуына жағдайлары болмаған оң жүріс тұрыстың белгілі бір бөлігі қалаулы жүріс тұрысқа айналып кетеді.

“Адамгершілік рұқсат етілген” және “адамгершілік аталған” түсініктері бір қарағанда ұқсас түсініктер сияқты, бұл негізсіз де емес, себебі көп жағдайда адамгершілік ақталған түсінігіне адамгершілік рұқсат етілген әрекеттердің түсінігі еніп кетеді.Алайда, олардың арасында айырмашылықтар да бар, оларды адамвгершілік рұқсат етілген әрекеттердің мазмұнын ашу арқылы байқауға болады, оның негізі мынады: адамгершілік ақтаушылықтың субъективтік сипаты әлдеқайда ауқымдырақ.

Адамгершілік рұқсат етілгендік, керісінше, объективтік негіздерге сүйенеді. Оған сәйкес, адамгершіліктің шегіне енетін әрекеттерді жасау кейбір жағдайларда объективтік жағдайлардың әсерінен моральдық тұрғыдан идеялды емес сипатты иеленуі мүмкін. Біз адамгершілік рұқсат етілген әрекет немесе жүріс тұрыс туралы айтқанда, оның “қалаусыз” сипатын жоққа шығармасақ та, оны адамгершілік сипаттағы әрекет немесе жүріс тұрыс деп танимыз.

Сонымен, адамгершілік рұқсат етілген жүріс тұрыс дегеніміз моральдың талаптарына жауап бергенімен , адамгершілікпен имансыздықтың шегінен орын алған жүріс тұрыс.Адамның нақты бір әрекеті гуманизмнің жоғарғы идеялдарына негізделмегендігімен, адамгершілік сипаттағы мақсатқа жету үшін қажет болу мүмкін.

Адамгершілік ақтау адамгершілік және адамгершілік емес әрекеттерді бөліп қарастыруға жол бермейді, себебі бір нәрсені негіздеу дегенде адамгершілік емес әрекеттерді түсінеміз, өйткені адамгершілік әрекетті негіздеудің ақтаудың қажеті жоқ.

Адамгершілік рұқсат етілгендік, керісінше , одан кейін имансыздық басталатын шекті орнықтырады.


№7 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет