Автоқалып. Кестелер мен сұраныстардан қалыптардың айырмашылығы, оларды автоматтандыру құралының көмегімен дайындауға болады. Соның ішінде, толығымен автоматтандырылған құрал Автоқалып (Автоформа) болып табылады. Автоқалыптың үш түрі бар:
. бағандық;
. кестелік;
. ленталық.
Автоқалып дайындау үшін, мәліметтер базасының негізгі терезесінен Қалыптар (Формы) қыстырмасын ашып, Құру (Создать) батырмасын басамыз. Ашылған Жаңа қалып (Новая форма) сұхбат терезесінен автоқалыптың түрі және сол қалып негізделетін кестені (немесе сұранысты) таңдап аламыз. ОК батырмасын басқаннан кейін дайын автоқалып пайда болады. Оған мәліметтерді енгіземіз.
Қалыптарды шебердің көмегімен даярлау
Қалыптарды даярлаудың автоматтандырылған құралын қарастырайық. Қалыптар шебері Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Шебердің көмегімен қалып даярлау (Создание формы с помощью мастера) таңбашасына тышқанды шерту арқылы іске қосылады. Оның жұмысы келесідей сатылардан тұрады:
. қалыптар шеберінің жұмысының алғашқы сатысында болашақ қалыпқа кіретін кестелер мен олардың өрістерін таңдап алады;
. қалыптар шеберінің жұмысының екінші сатысында қалыптың сыртқы түрі таңдалынады;
. үшінші сатысында қалыпты безендіру стилі тңдалынады;
. соңғы сатыда құрылған қалыпты берілген атпен сақтап қояды.
Қалыптарды конструктор режімінде даярлау
Қалыптарды конструктор режімінде даярлау үшін төмендегі амалдарды орындаймыз:
-
Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Қалыптар (Формы) қыстырмасын ашу арқылы қалыптар тізімін аламыз.
-
Сол терезеде Конструктор батырмасын бассақ, Мәліметтер аймағы (Область данных) деген бір ғана бөлімнен тұратын бос қалыптың макетін аламыз.
-
Access-тің бас менюіндегі Түр-Тақырып (Вид- Заголовок) командасын орындау арқылы тағы екі бөлім қосып аламыз.
Түр – Колонтитул (Вид - Колонтитул) командасын орындап, қалыптар макетінің түрін аламыз.
Қалыптың құрылымы
Қалыптың құрылымы мынандай бөліктерден тұрады:
. Қалыптың тақырыбы (заголовок формы) оның жоғарғы бөлігін анықтайды. Тақырып аймағына мәтін, графика және басқару элементтерін орналастыруға болады. Егер қалып бірнеше беттен тұратын болса, онда тақырып бөлімі бірінші бетте ғана бейнеленеді.
. Жоғарғы колонтитул (верхний колонтитул) – қалыпты баспаға жіберердегі беттің жоғарғы колонтитулын анықтайды.
. Төменгі колонтитул (нижний колонтитул) – қалыпты баспаға жіберердегі беттің төменгі колонтитулын анықтайды.
. Мәліметтер аймағы (область данных) – түптектерден алынған мәліметтерді қамтитын негізгі бөлім болып табылады. Бірнеше беттен тұратын қалыптарда бұл бөлім барлық беттерде орналасады.
. Ескертулер (примечание) – қалыптың ең төменгі бөлігін құрайды. Бұл бөлім қалыпқа тақырып бөлімінен бірге енеді. Көп бетті қалыптарды дайындаған кезде қалыптың ескертулері тек соңғы беттен кейін шығады.
Жобалаушы пайдаланатын басқару элементтері Элементтер панелінде орналасқан. Оны ашу үшін Түр – Элементтер панелі (Вид – Панель элементов) командасын орындаймыз. Элементтер панеліндегі (Панель элементов) басқару элементін таңдап алып, қалыптың қажетті аймағына қоямыз. Элементпен бірге қалып өрісіне оның біріктірілген таңбасы қойылады. Жалпы жағдайда бұл таңба стандартты болып табылады. Мысалы, батырмалар үшін Кнопка1, Кнопка2 және т.с.с. енгіземіз. Басқару элементінің қасиетін редакциялау арқылы оған сәйкесінше ат беруге болады (қасиеттерін ашуды жанама менюдің көмегімен жүргізеді).
Мәтіндік жазбалар мен суреттер қалыптарды безендірудің негізгі элементтері болып табылады. Қалыптарда мәтіндік жазбаларды құру үшін екі басқару элементтері қолданылады: таңба (надпись) және өріс.
Сурет (Рисунок), Объектінің еркін қоршауы (Свободная рамка объекта) және Объектінің біріктірілген қоршауы (Присоединенная рамка объекта) атты басқару элементтері безендірудің графиктік элементтеріндаярлау үшін қызмет атқарады. Сурет элементі графиктік файлдардан таңдалынып алынып, қалыпқа кірістіріледі. Ал объектінің еркін қоршауы элементі ретінде кез-келген графиктік объект немесе мультимедиалық объектілерді алуға болады.
2. Мәліметтерге қатынау беттерімен жұмыс істеу
Беттер – Access 2000 версиясына ғана енетін жаңа объект. Қалыптар сияқты бұл объект мәліметтерге қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ бұл қатынау Интернет желісі арқылы жүреді.
Қатынау беттерінің көмегімен базадағы мәліметтерді өте қашықта орналасқан тұтынушыға жіберу мәселесі шешіледі. Мәліметтер базасының өлшемдері өте үлкен болғандықтан, оларды баяу қозғалатын байланыс арналары арқылы жіберу өте қолайсыз. Оның үстіне қазіргі кездегі Web-броузерлерінің мәліметтер базасымен жұмыс істеу функциялары жоқ. Бұл қызметті қатынау беттері орындайды. Олардың өлшемдері кішірек, HTML пішімінде жазыла алады және баяу байланыс тораптары арқылы беріліп, стандартты броузерлерде шығарыла алады. Сондықтан пішімі бойынша ол Web – құжат болады және оны кез-келген Web-құжатқа кірістіруге болады. Басқа объектілерден айырмашылығы қатынау беттерінің екі түрлі табиғаты бар. Мәліметтер базасының басқа объектілері ішкі объектілер болып табылады. Мысалы, кестені (немесе сұранысты, қалыпты) біз жеке файл ретінде қарастыра аламыз.
Олар мәліметтер базасы файлының ішінде орналасыды. Операциялық жүйе аталған объектілермен жұмыс істей алмайды, өйткені олар жеке файл емес.
Олармен тек мәліметтер базасын басқару жүйесі ғана жұмыс істей алады. Ал қатынау беттерінің екі объект ретінде бейнелеу қасиеті бар: мәліметтер базасының ішкі объектісі ретінде оларды редакциялауға болады және сыртқы операциялық жүйедегі HTML пішімінде жазылған файл ретінде қарастыруға болады.
3. Есептермен жұмыс істеу
Есептер қалыптар мен қатынау беттеріне өте ұқсас келеді. Бірақ есептер мәліметтерді баспа құрылғысына шығаруға арналған. Қалыптарға қолданылатын амалдардың барлығы дерлік есептерге де қатысты.
Мұнда да жобалаудың автоматтандырылған және қолмен енгізілетін түрлері бар. Автоматтандырылған жобалау құралдары Автоесептерде жүзеге асырылған. Автоесептер (Автоотчеты) де автоқалыптар сияқты бағандық және ленталық болып бөлінеді. Автоесептерді іске қосу үшін Мәліметтер базасы – Құру – Жаңа есеп – Бағандық автоесеп (База данных – Создать – Новый отчет – Автоотчет в столбец) командасын орындау қажет.
Есептерді дайындаудың екінші бір әдісі – Есептер шебері (Мастер отчетов). Оны іске қосу үшін Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Шебердің көмегімен есеп даярлау (Создание отчетов с помощью мастера) таңбашасын тышқан батырмасымен екі рет шерту қажет.
Лекция №28
Графиктік редактор.
Жоспар:
1. PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау.
2. Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру.
3. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру.
4. Бос презентация құру.
Әдебиеттер:
1. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.
2. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.
3. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и
ответах”. Москва 2001.
4. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000
Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы презентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.
1. PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау.
-PowerPoint программасы тапсырмалар тақтасындағы іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.
-Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Office бумасындағы Microsoft PowerPoint жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.
PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады. (1.1-сурет).
-Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.
-Презентациялар шаблоны (Шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.
-Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы бұрын-құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді.
-Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын-құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұхбат терезе ашылады.
2 Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру.
Автомазмұн шебері (Мастер автосодержения) көмегімен:
-Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар; (Доклады по общим вопросам)
-Қызмет бабы бойынша баяндамалар; (Доклады по служебным вопросам)
-Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде іс есеп қисаптар; (Сведения о функционировании предприятия)
-Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп қисаптар; (деловые отчеты о продажах и маркетинге)
-Жеке хабарламалар (личные сообщения) сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентпциямызды құра аламыз. Microsoft Web- программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұхбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады (1-2-сурет).
Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап береді талап етеді:
1-ші қадамда Презентация түрі, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай (Далее) батырмасын шертеміз.
2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе ақпараттықкиоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет;
3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет.
4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.
Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын (Готово) батырмасын шертеміз.
Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс ісиеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл-Құру (Файл-Создать) командасын орындап, ашылған сұхбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.
3. Презентацияны шаблондар көмегімен құру.
PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегімен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала көркемдеу элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай көркемдеу элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да,құрылған презентацияны, алдын ала көркемдеу элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түрінде алмастыруға болады.
PowerPoint программасында көркемделіп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдаланып құруәрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалған кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), Презентациялар, Web-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады
Осы сұхбат терезе Файл-құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұхбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.
Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құрусұхбат терезесі шығады Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.
4. Бос презентация құру
Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:
-
PowerPoint программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұхбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;
-
Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Жалпы (Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы;
-
Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру (Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.
-
Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады (1.4-сурет).
Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады. PowerPoint программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.
Лекция №29
Графиктік редактор.
Жоспар
1. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық обьектілер енгізу.
2. Слайдтарды безендіру элементтері.
3. Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері
Әдебиеттер:
1. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.
2. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.
3. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и
ответах”. Москва 2001.
4. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000
1. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық обьектілер енгізу.
Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық обьектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады (1.5-сурет). Әрбір өрісте
әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тыщқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.
Тышқанды бір рет шертіп, тақырыптыжне сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге, яғни форматтауға болады. Форматталкатын мәтінді ерекшелеп, бегілеген соң, Формат-Қаріп (Формат-Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде немесе форматтау саймандартақтасындағы батырмаларкөмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Форматтау әрекеті өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты болуы үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, оны ерекшеленген соң форматтаймыз.
Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрін жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат-Таңба (Формат-Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұхбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез-келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.
Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшеленген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.
Сондай-ақ слайдқа кесте, диаграмма, суреттер енгізуге болады. Бұл обьектілерді енгізу әрекетін, слайдтың схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізу мүмкіндігі бар.
Енгізу-Сурет (Вставка-рисунок)-командасын орындап (1.6-сурет).
Картинкалар (Картинки) Microsoft Clip Gallery обьектілерін;
Файлдан (Из файла)-файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді.
Автофигуралар-әртүрлі автофигуралар.
Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма), WordArt обьектілерін, сканерден көшірме (со сканера), Microsoft Word кестесін енгізуге болады.
Енгізу-Обьект (Вставка-Обьект) командасын орындап, ашылған сұхбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы обьект енгізуге болады (1.7-сурет). Мысалы, слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с. Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге болады. Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманың ерекшелеп, Түзету-Көшіру (Правка-Копировать) командасын орындау арқылы, буферге аламыз.
PowerPoint программасына оралып, Түзету-Енгізу (Правка-Вставить) немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз.
Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар. Енгізу-Диаграмма (Вставка-Диаграмма) командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады (1.8-сурет). Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар менбағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма-Диаграмманың типі (Диаграмма-Тип диаграммы) командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма-Параметрлер (Диаграмма-Параметры) командасын орындап,қажетті параметрлерді тағайындаймыз (түсініктеме, тақырып, жазбалар қосу т.с.с.) Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.
2. Слайдтарды безендіру элементтері.
Әрбір адамның өз қалауы бойынша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынадай элементтерін тағайындауға болады:
-
Слайд белгіленуі (Разметка слайда) Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін, сурет, диаграмма т.б. формасын айтуға болады.
-
Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез-келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.
-
Фон Слайдтағы түстер тек бір түсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Сондай-ақ, бір түстің өзін вариациялық түрде қанықтыра отырып, түстің әр түрлі өрнектерін шығаруға болады.
Слайдтың осы элементтері, яғни слайд белгіленуі, түрлі түстер схемасы, фонды үйлесімді түрде өзгерте отырып, өз шаблонымызды құруға болады.
3. Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері
Презентацияны құрайтын слайдтардың барлығы бір жүйеге келтірілуі және анық бір материалды тізбекті түрде бейнелеу мәселесін шешу қажет. Презентация арқылы берілетін ақпарат аудиторияда мағыналы қабылдану үшін, слайдтар бірінен кейін бірі алдынғысын толықтырып отыруы керек. Power Point программасында презентация слайдының бірінен келесісіне өтудің бірнеше тәсілдері қарастырылған. Слайд фондарын таңдау сияқты, презентацияның тақырыбына байланысты слайдтан слайдқа өту түрін де таңдауға болады. Слайдтардың бірінен келесісіне ауысудың әрқайсысы бірнеше варианттан тұратын оннан аса түрі бар.
-
Жалюзи. Жалюзи жаңа слайд толық көрінгенше біртіндеп ашылады. Терезеге орнататын жалюзилер сияқты горизонталь және вертикаль түрлері болады. Бір жарнаманы екіншісімен динамикалық түрде ауыстыруға арналған жарнамалық слайдтарда қолдануға өте тиімді.
-
Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыш слайдтың дәл центріндегі нүктеге дейін кішірейеді немесе слайд өлшемімен бірдей болғанға дейін үлкейеді.
-
Дойбылар (Шашки). Кішкене квадратшалар слайдты тұтас алады да, жан-жаққа немесе төмен қарай үлкейеді.
-
Ағын (Наплыв). Жаңа слайд жоғарыдан, төменнен, кез-келген жақтан немесе кез-келген бұрыштан пайда болады да, бірте-бірте алдыңғы слайдты жауып қалады.
-
Жарып шығу (Прорезание). Көшу әрекеті тез болатыны соншалық, басқа ауысулардағыдай өту әрекеті байқалмай қалады.
-
Еру (Растворение). Жаңа слайдты құрайтын кішкене нүктелер бірте-бірте үлкейіп алдыңғы слайдты жауып кетеді.
-
Қара түс арқылы гүлдену (Выцветание через черное). Біртіндеп жоғалу және пайда болу әрекеті жүзеге асады. Жаңа слайд қара фоннан пайда болады.
-
Кездейсоқ жолақтар (Случайные полосы). Қалың және жіңішке (вертикаль немесе горизонталь) сызықтар пайда болады да, біртіндеп жаңа слайдқа айналады.
-
Панорама. Слайдтың бетіндегі вертикаль немесе горизонталь орналасқан перде сиқты көрінеді.
-
Бұрыштар (Уголки). Жаңа слайд алдыңғы слайдты диогналь бойынша тісті қиықпен жаба отырып пайда болады.
-
Ашылу (Открывание). Жаңа слайд бірден тұтас экранды алып тұратын енгізуден бұның айырмашылығы, жаңа бейне экраны сегіз бағыттың кез келгенінде біртіндеп ашылады.
-
Пайда болу (Появление). Бұрынғы слайдты жаба отырып, жаңа слайд баяу пайда болады.
-
Кездейсоқ ауысу (Случайный переход). Жеке слайдтардың арасындағы ауысулар әртүрлі және әрбір жаңа слайдта кездейсоқ түрде өзгереді.
-
Ауысу жоқ (Нет перехода). Келесі слайда өту кезінде ешқандай эффект болмайды.
Слайдтарға осы ауысулардың бірін қолдану үшін слайдтарды сұрыптау режиміне көшу керек. Кез-келген слайдты белгілеген соң, оның жанама менюінен, яғни тышқанның оң батырмасын шерткенде ашылған менюден Слайд ауысуы (Переход слайда) немесе Сервис- Переход слайда командасын орындаймыз. Осы кезде Слайд ауысуы сұқбат терезесі ашылады. Эффектілердің тұсындағы батырмаларды шертіп, жоғарыда айтылған эффектілердің бірін таңдаймыз. Жай (Медленно), орташа (средне), тез (быстро) жылдамдықта ауысу өрісінің бірін көрсетеміз. Сондай-ақ ауысу тышқанды шерткен кезде немесе автоматты түрде орындалатындай етіп, тиісті өрістің қанат белгісін көрсетеміз. Дыбыс қосу батырмасын шертіп, ауысу кезінде дыбыс шығару мүмкіндігі де бар. Осы көрсетілген эффектілерді алдын-ала қарау үшін, Эффект аймағында тышқанды шерту керек.
Лекция № 30
Достарыңызбен бөлісу: |