Лекция: 15 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат


Экономикасының өндірістік_құрылымы



бет4/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#134736
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.Экономикасының өндірістік_құрылымы,

Мәшине, құрал-жабдықтар, әскери техникалар, металл өндеу өндірістері, сондай-ақ отын және шикізат өндіру басым, яғни өндіріс құрал-саймандарын өндіру ("Л" тобы). Олардан едеуір кем түсетін "Б" тобы, бұл тұтыну заттарын шығару өндірісі. Ресей Федерациясында, жалпы оның өнеркәсіп өнімдернің көлемінде өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру, яғни "А" тобының үлесі 75%-тен асады. Осыған байланысты, отын мен ауыр өперкәсіп өнімдерін сыртқа шығару арқылы Ресей, олардың орнына тек қана азық-түлік емес, тұтыну заттарын сатып алуға мұқтаж болып отыр.Ондай айырбас көп жағдайда ішкі бағалардың жетілдірілмегендігінен пайдасыз бола бастады (шикізат пен отынның жекелеген түрлеріне әлемдік баға күрт төмендеп кетті).



Экономиканың функциялдық (қызмет көрсету) құрылымы

Бұл бізге биік үйді, яғни ғамаратты еске түсіреді. Оның әрбір қабаттары өздерінің кызметтері, проблемалары, міндеттері және табиғи, еңбек, ғылыми-ақпаратгық ресурстарымен байланыстарының сипаты жағынан бір-бірінен айырым жасайды. Бірінші (төменгі) қабаттары - ол тікелей табиғат ресурстарын өндіруші және өндіруші өндірістердің жүйесі жөне ол табиғат жағдайларымен өте тығыз байланыста, өрі оған тәуелді болады. Одан жоғары ортанғы қабаттарда-табиғи фактордың ролі азаяды да, енді әлеуметгік фактордың-ғылымның, сапалы енбектің маңызы ерекше артады. Экономика ғимаратының ең жоғарғы қабаты - ғылыми жаңалықтарды және ғылымды аса қажет ететін өндірістермен аяқталады. Сөйтіп, төменнен жоғары қарай біртіндеп азаятьш табиғи ресурс, ал жоғарыдан төмен қарай ғылыми-ақпараттық тасқын жүреді. Ресей Федерациясында экономиканың төменгі қабаттары, яғни оның ресурстық секторы аса кең дамыған, ол: тау-кен өнеркәсібі, ағаш өнеркөсібі, ауыл шаруашылығы және балық аулаудан тұрады.

Ресейге дамуды келесі бағытта қайта бағамдап-бағдарлау қажет: а) оған тән дәстүрлі табиғат байлықтарын пайдаланудың алғашқы салалары; ә) табиғат ресурстарын өңдейтін өндірістер. Өйткені, оңда экономиканың бастапқы қабаттарының көлемді болуына орай, халыққа ("Б" тобы) және экономиканың басқа салаларына дайын өнімдер шығаратын онын жоғарғы қабаттары күрт қысқартылған.

Жоғарғы өндірістік қабаттардың тобын, қорғаныс кешенінің орасан зор өндірістер жүйесі алып жатыр. Бұрынғы СССР-дің қорғаныс кешені (дүниежүзілік бағаның құны бойынша)- Ресей өнеркәсібі өнімінің 1/2 дерлігін, ал мәшине жасауда - 60% астамын алатын. Қорғаныс өнеркәсібінің конверсиясы (өскери-соғыс өндірістерінің қысқаруы және әскери зауыттарда азаматтық өнімдер шығару), егер аса жаңа технологияларды жасауға және жаңа өндірістерді құруға бағытталған болса, ол бүкіл РФ экономикасын қайта құруға мүмкіндік жасады. Конверсия -экологиялык проблемаларды, оның ішінде ресурс сақтау, үнемдеу технологиясын жасау жолымен оны шешуге де септігін тигізеді.

РФ ғылыми кешенінде, зерттеулермен 1 млн. астам адам шұғылданады. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің топтары:1) салалық-ғылыми, конструкторлық және жобалау ұйымдары (олардың едеуір бөлігі қорғаныс кешеніне арналған зерттеулер, терең ізденістер, жобалар жасау, оларды өндіріске өндірумен шұғылданады); 2) Ресей Ғылым Академиясының (РҒА) ғылыми-зертгеу институттары (ҒЗИ) ғылыми-теориялық мәселелермен шұғылданады және өздерінің шағын экспериментальдық базалары бар (салалық ғылымдардың тәжірибе зауыттары, конструкциялық бюролар, т.б.); 3) жоғарғы оқу орындарының ғылыми мекемелері (кафедралар, лабораториялар, ғылыми-зерттеу институттары), кітапханалар, музейлер (мұражай), архивтер (мұрағат). Ғылыми кешеннің міндеті мынадай қажеттілікке апарады: а) әр түрлі мамаңданған ғалымдарды, экологиялық проблемаларды шешуге біріктіру; ә) қорғаныс кешенінің ғалымдарын экономиканың толғақты проблемаларын шешуге тарту.

Ғылым мен білімнің аса ірі орталықтары - Мәскеу, Санкт-Петербург. Ғылыми орталықтар - Оралда (Екатеринбург), Сібірде (Новосибирск, Красноярск, Иркутск), Қиыр Шығыста (Владивосток, Хабаровск) құрылды. Отан қорғау ғылымының орталығы (бұрынғы жабық қалалар) - Арзамас жәнс Оралдың Челябинск, Екатеринбург жанындағы бірнеше шағын қалалар болып табылады.



Экономикалык, реформаның негізгі кезеңдері:

I - кезең (1992-1994 жыддар) - Дағдарысты жағдайда тоқырап дамуы. Негізгі міндет - қаржыны тұрақтандыру жәнс өндірістің құлдырауын тоқтату; экономиканы жекешелендірудің басталуы.

II - кезең (1995-1997 жылдар) - халық шаруашылығын қалпына келтіру, меншік қатынастардың өзгеруі; мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру. Басты міндет - жалпы ішкі өнімдерді өндіруді дағдарысқа дейінгі дәрежеге жеткізу.

ІІІ - кезең (1998 жылдан бастап) - экономикалық өрлеу (жылына экономиканың өсу қарқыны 3-4% кем болмауы, әрі жоғарғы дәрежеде өңделген өнімдерді сыртқа шығаруды күрт арттыру көзделгсн) күтілуде.

Экономикада - өзара байланысты салалар тобы қалыптасты, олар өнделген соңғы өнімдерді алу немесе халық үшін қажетті қызмет көрсету, т.б. жалпы міндеттерді орындайды. Бұл топтар салааралық кешендер деп аталады.

Мәшине жасау кешені (МЖК)

МЖК - халық шаруашылығының барлық тармақ бөлімшелеріне құрал-жабдықтар, сондай-ақ көптеген тұтыну заттарын шығаратын өнеркәсіп салаларының жиынтығы. МЖК-ның басты міндеті - халық шаруашылығын ғылыми-техникалық революция (ҒТР). нәтижесінде аса жетілдірілген мәшинелермен қамтамасыз ету МЖК құрамына 70 астам салалар жатады, олар халық шаруашылығындағы ролі жоне маңызы жағынан -3 өзара байланысты топтарға біріктірілген.

Мәшине жасау кешені көптеген салааралық: көлік, ғылыми, отын-энергетика, агроөнсркәсіп, инфрақұрылым кешендерімен өзара байланысқан.

МЖК-ның географиясына әсер ететін ерекшеліктер: 1) ғылымды қажет ететін - яғни, электронды есеп-қисап мәшинелерін (ЭҚМ), робот, радио және телеаппаратураларын шығаратын мөшине жасау кәсіпорындарының орналасуы - ғылыми потенциалға (әлеует) негізделген; 2) еңбекті көп қажет ететіңдерге (көп шығын және жоғарғы дәрежелі мамандықтағы еңбек) - станок жасау (Мөскеу), авиация өнеркәсібінің (Қазан, Самара), прибор және электронды техникалар жасау (Ульяновск, Новосибирск) кәсіпорындары тән; 3) металды көп қажет етуші салалар (қара және түсті металдардың көпшілігін тұтынатын) - металлургиялық, энергетикалык, кен-шахталық құрал-жабдықтар шығаратын мәшине жасау кәсіпорындары, негізінен металлургия базаларына жақын орналасады. Оларда (Екатеринбург) ауыр мәшине жасау зауыттары орналасқан; 4) мамандандыру мен кооперативтендіру. Мәшинелер келтеген тетіктерден тұрады, олар бірнеше мамандандырылған кәсіпорындарда шығарылады. Дайын заттарды шығару үшін кәсіпорындар кооперациялық байланыстар орнатады: елдің әртүрлі аудандарында бір-бірімен өзара байланысқан мәшине жасау көсіпорындары кешендсрі салынған, шар құрастыру зауыттарына - тетіктер мен құралдар беріп тұратын зауттар тобынан тұрады; 5) тұтынушыға бағытталған. Мәшине жасау барлық экономикалық аудандарда дамыған, өйткені оның өнімдері барлық жерде сұранысқа ие. Одан басқа кейбір өнімдер өзінің мөлшері және салмағы жағынан тасымалдауға қолайсыз, сондықтан олар тек тұтынылатын аудандарда ғана шығарылуы мұмкін. Мысалы, ағаш тасуға керекті трактор - Карелияда (Петрозаводск), астык комбайндары - Солтүстік Кавказда (Дондағы Ростов, Таганрог) шығарылады.



МЖК даму перспективалары: 1) әр түрлі салалардың даму қарқындылығы біркелкі болмайды. Мысалы: ауыр, мұнай, химия, энергетикалық мәшине жасау салаларында өңдірістің төмендеуі күтілуде; 2) ғылымды қажет ететін салалар (автомобиль жасау, мөшине құрал-жабдықтары өндірісі) тұрақты дамитын болады; 3) демонополизациялау қажет, өйткені РФ-монополиялық өндірістің үлесі 80%-ке жуық; 4) ез территорияларында жаңа мәшине жасау өндірістерін (дәл станоктар, микроавтобустар, мұнай құрал-жабдықтары және басқалар) салу және арттыру қажет, бұл - жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы үзілген байланыстың нәтижесінде туындап отыр.

МЖК проблемалары мынада: а) мәшине жасау жөне оның салаларының даму карқынының төмендеп кетуі; ә) тармамандануы, өйткені өнімнің негізгі бөлігінің (4/5 жуығы) қорғаныстык. маңызда болуы; б) жекелеген салалардың өсу қарқынында аса үлкен айырмашылықтардың болуы (бір жағынан комбайн, трактор шығару деңгейінің жоғары болуы, екіншіден халық мұқтаждығын қамтамасыз ететін өндірістің нашар дамуы); в) шығарылған өнімдер мен құрал-жабдықтардың жаңғыртылу қарқынының төмендігі; г) шығарылған мәшинелер сапасының нашарлығы (өнімдері әлемдік стандартқа сай келмейді, жасалтан мәшинелердің беріктігінің төмендігі, т.б.).

Лекция №4
Тақырыбы: Ресейдің отын-энергетика, өндіруші өнеркәсіп және металлургия кешені

(1 сағат)

Жоспар:

1.Отын-энергетиканың түрлері

2.Конструкциялық материалдар кәсіпорындары
Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1. Дүниежүзінің саяси картасы

2. ТМД елдерінің физикалық картасы

3. РФ-ның саяси картасы

4. ТМД елдерінің экономикалық аудандары карталары

5. “Страны мира” жинағы 2002 тағы басқалар



Лекция мәтіні:
ОЭК - отынды өңдіру және оны өңдеудің (өнеркәсіптің -отын саласы), электр энергиясын алудың, тасымалдау мен энергияны таратудың барлық процестерін қамтиды. Мәшине жасау мен металлургия өнімдерін пайдаланады.

Өнеркәсіп және шаруашылық түрлері:

1). Көмір, 2) газ, 3)мұнай, 4) шымтезек, 5) тақтатас, 6) жылу электр станциясы (ЖЭС), 7) СЭС, 8) АЭС (атом), 9) мұнай құбыры, 10) электр жеткізіу желілері (ЭЖЖ), 11) газ құбыры
Мұнай өнеркәсібі. Ресей, мұнай қоры жөнінен әлемде Сауд Арабиясынан кейінгі 2-ші орынды алады. Негізгі базалары- Батыс Сібір (2/3), Волга- Орал. Перспективалары барлары- теңіз шетіндегі саяз жерлерде орасан зор қорлары орналасқан: Баренц - Печора және Сахалин аралы. Аса ірі мұнай қорлары - Шығыс Сібірде және Қиыр Шығыста табылды. Қазіргі кезде мұнай өндіру біртіндеп азайып келеді (1988 жылы- 569 млн. т., 1990 жылы- 516 млн. т., 1992 жылы- 396 млн. т., 1996 жылы- 301 млн. т.). РФ мұнай кұбыры желісі — 80 мың км. астам.

Газ өнеркәсібі. Соңғы жылдары тұрақты дамып келеді. (1970 жылдан 1992 жылға дейін оны өндіру 7,7 есе артты). Ресей- табиғи газ қоры мен оны өндеуден әлемде бірінші орында, ол ТМД мемлекеттерін және көптеген Еуропа елдерін газбен қамтамасыз ететін негізгі база болып саналады. Газдың жалпы қоры- 160 трлн. куб. м. (дүниежүзілік қордың 40% астамы). Негізгі газ өндіретін базалар: Батыс Сібір (жалпы Ресейде өндіретін газдың 85%) және Орынбор - Астрахан. ТМД мен Ресейде біртұтас газ құбыры жүйесі кұрылған. (РФ, жылына 600 млрд.куб. метрден астам газ өндіріледі).

Көмір өнеркәсібі. ОЭК-тың маңызды буыны. Одаң басқа көмір- технологиялық шикізат және отын есебінде металлургия мен химия өнеркәсібінде қолданылады. Қазіргі кезде дағдарыс үстінде, әрі ол әлеуметтік және экологиялық проблемалармен үдей түсуде. Көмір өнеркәсібінде өзіндік құн (1 т. көмір алуға ақша бірлігімен көрсетілген шығындардьң жалпы шамасы) - көмір өндіру тәсілдеріне, өндірудің тереңдігіне, тау-кен геологиялық жағдайларға және көмірдің сапасына- калориялығына байланысты. Көптеген көмір басейіндерінде шахталар мен разрездердің құрал-жабдыктарын түбірлі жаңарту, тиімсіздерін жабу қажет болып тұр. Негізгі көмір базалары-Кузнецк, Канск-Ачинск, Печора және Донбасс (шығыс бөлігі) бассейндері. Оңтүстік Якут бассейнінің ролі артып, керісінше Мәскеу түбінің маңызы төмендеп барады. (1990 жылы - 370, ал 1995 жылы РФ - 267 млн. т. көмір өндірілді).

Электр энергетикасы. Электр энергетикасы барлық жерлерде

тұтынылады, оны алу бағасы шаруашылыктың барлық салалары өнімдердің өзіндік құнына кіреді. Осыған байланысты су ресурстарының негізінде - су электр стансаларын (СЭС) салу кажет болып тұр, өйткені ең арзан энергияны СЭС-тан алады, әрі ол арзан отынның көзі, Электр энергиясының негізгі бөлігін - жылу элекр стансалары (ЖЭС) береді, бірақ оның үлесі де біртіңдеп азайып келеді. ЖЭС орналасу ретіне келсек: а) отынды көп өндіретін жерлерде; ә) тұтынушы (Ірі өнеркәсіп орталықтары және қалалар) мол аудандарда салынған. Жылу электр орталықтары (ЖЭО)- электр энергиясын да, әрі жылу энергиясын да өндіреді, осы себепті ЖЭО кең қолданылады. Аса ірілері - Сургут, Кострома, Рефтинск ЖЭС Су электр стансаларын - құламасы үлкен және су шығыны көп өзендерде салу тиімді. Аса ірі су стансалары (СЭС)-Енисей (Краснояр, Саян), Ангара (Братск, Усть-Илим) өзендерінде.

Перспективада: а) Сібірдің аса ірі өзендерінің салаларында орташа куатты су электр стансаларын салуға көшу; ә) барлық жерлерде куаты шағын су электр стансаларын салу; б) АЭС-жеткілікті энергетикалық қорлары жоқ немесе ол қымбат, бірақ көп электр энергясын қажет ететін жерлерге салынады, Ресейде казір - 9 ірі АЭС істейді,олар: Курск, Смоленск, Тверь, Нововоронеж, Санк- Петербург маңында, Балаково (Саратов облысы), Белояр (Оралда), Кола тубегінде, Билибин (Қиыр Шығыста) АЭС-ры.

Энергия жүйелері. Ол- бір орталықтан басқарылатын, электр энергиясын таратып беретін жоғарғы вольтті желілермен (ЭБЖ) біріктірілген, әр түрлі типтегі электрстансалар топтары. Энергияны ұғымды пайдалану үшін энергия жүйелері- Біртұтас Энергетикалық жүйеге (БЭЖ) біріктіріледі. БЭЖ халқы 220 млн. адамы бар ТМД-ның 10 млн. шаршы шақырым территориясын қамтиды.

ОЭК дамыту перспективасын өзгерту себептері: 1) газды өндіру мен пайдаланудың артуы, мұнайды терең тазарта еңдеу, ОЭК барлық салаларына жаңа технологияны ендіру; 2) энергияның дәстүрлі емес көздерін кеңінен пайдалану, мұхит-теңіз жағалауларында - толысу,оңтүстік аудандарда - күн, ал солтүстікте- жел электр стансаларын, Сібір мен Қиыр Шығыста геотермальдық электр стансалар салу (Камчаткада осындай алғашқы станса іске қосылған) бағытында болуы керек.



Конструкциялық материалдар мен химиялық заттар шығаратын кешендер (КМХЗШК)

КМХЗШК өзара тығыз әрекеттесетін, әрі бір- бірін өзара толықтыратын: металлургия, орман мен ағаш- химия және құрылыс материалдарын өндіретін кешендерден тұрады. Мұндай бірігуге себеп болған: а) қандай болмасын дайын бұйымдар немесе құрылымдар дайындау үшін конструкциялар жасауға қатынасуы; ө) КМХЗШК өнімдерінің көптеген түрлері өзара ауыстырылады (мысалы: қазіргі кезде металл және құрылыс материаддары, пластмассалар жөнс полимерлермен барған сайын белсенді түрде алмастырылуда).

Кешендер арасындағы арақатынас және олардың Ресей енеркәсібіндегі маңызы- дүние жүзінің дамыған елдерінің осыған ұқсас көрсеткіштерінен айырмашылық жасайды. Мысалы, Ресейде өндіріс көлемі жағынан - металлургия кешені, химия-ағаш пен орман кешеніне аздап қана жол береді (көрсеткіш сөйкестігі 10,8% жөне 11,8%), ал ФРГ- де химия және мұнай химиясы басым (өндіріс көлемі бойынша 14,3%) да, ал металлургия өнеркәсібі (4,7%) мен орман өнеркәсібі (4,9%) олардан едәуір төмен.

__Өндіруші өнеркәсіп кешені (ӨӨҚ)- өр түрлі шикізаттар өндіретін өндіріс салаларының жиынтығы. ӨӨК ерекшслігі: 1)еңбек заттарын оған табиғат өзі береді; 2) ӨӨК даму дәрежесі мен оның географиясы табиғат жағдайлары мен ресурстарға аса тәуелді келеді; 3) ресурстардың көптеген түрлері шектелген түрде кездеседі және қалпына келмейді; 4) ӨӨК көп еңбекті сіңіруді қажетсінеді жөне қымбат тұратын құрал- жабдықтарды керек етеді. ӨӨК теріс (негативтік) қырлары: 1) оның литосфераны қатты бұзып жаралауы;

2) өндірген кезде көп мөлшерде негізгі шикізаттар ысырап болады;

3) өндірудің прогресивтік өдістері: гео жөне биотехнологиялар әлі дұрыс өндіріске өндірілмеген; 4) өндірілген қазбалы байлықтар басқа елдерге қарағанда 2-4 есе нашар күйде пайдаланады; 5) қалдык ресурстар толық пайдаланылмайды; 6) барлық дамыған елдерге төн құбылыстарға керісіншс, ӨӨК даму қарқыны РФ төмендемеуде, әрі ресурстардың аса маңызды түрлерін өндіру азаймауда.



Ресурс базалары (РБ) - жалпы мемлекеттік маңызы бар және орасан зор аумақты қамтитын ресурстардың ірі үйлесімдіктері. РБ: Солтүстік Еуропалық, Орталық, Орал- Поволжье, Оңтүстік Сібір, Приморье, Солтүстік- Шығыс аймақтар.

Лекция №5
Тақырыбы: Ресейдің металлургия,химия-ағаш кешендері

(1 сағат)

Жоспар:

1. Ресейде әр түрлі металдар шығаратын салалар

2. Химия –ағаш кәсіпорындары
Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

  1. Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998

  2. А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004

  3. РФ-ның саяси картасы

  4. Анықтамалық атластар

  5. Географиялық атластар


Лекция мәтіні:

МК - ор турлі металдар шығаратын салалардың жиынтығы. Оның кұрамына қара жөне түсті металлургия кіреді. Қазіргі өндірісте пайдаланатын металлдардың 90% қара металлдар больш саналады (темір және оның қоспа қорытпалары).

Түсті металдардың жалпы ұзын саны едәуір көп (олар 70- тен асады), әрі олар өзіндік бағалы қасиеттерге ие. Халық шаруашылығында келесі металл топтары кеңінен қолданылады: жеңіл (алюминий, титан, магний), ауыр (мыс, қорғасын, мырыш, никель, калайы), асыл металлдар (алтын, күміс, платина), сирек (вольфрам, молибден, теллур, торий),т.б. металлдар.

Қара металлургия кәсіпорындарының көпшілігі- комбинаттар, олар технологиялық процестердің ортақтығымен біріктірілген және бірыңғай басқарылатын, әрі қатар орналасқан кәсіпорындардың үйлесімділігі.

Тусті металлургия (ТМ). ТМ өнімдері- беріктігі, иілгіштігі, коррозияға тұрақтлығымен ерекшелінеді. Осы талаптарға әсіресс сай келетін - алюминий, титан және солардың негізінде алынатын қорытпалар. Мысалдар: 1) титан- авиация, ракета және кеме жасауда, сондай- ақ химия өнеркәсібінде конструкциялық материал (реакторлар, труба құбырлары, насостар); 2) алюминий- жер қабығында ең көп тараған металл, ол өңдірудің мөлшері және тұтынылуы жөнінен түсті металлдардың ішінде 1- іш орын алады. Авиацияда, кұрылыста (үйдің жабынды төбелері, кеңірдект^енген балкондар), электротехникада (кабель жасауда мыстың орнына жүреді), тамақ өнеркәсібінде (фольга), металлургияда (құрыштаушы қоспа) қолданылады. Алюминий алу-2 сатыдан тұрады: а) глинозем алу (бүл кәсіпорындар шикізат өндірілетін аудандарда орналасады); ә) одан металл қорытып алу (мұндай өндіріс электр энергиясының арзан көзіне жақын орналасады).

Ауыр түсті металлдар алу. Рудалардың құрамында - мыстың, қорғасынның, мырыштың, қалайы мен никельдін мөлшері өте аз (мыс рудасында не бары 1% үлесінде мыс болады) мардымсыз келеді. Өндіріс бірнеше сатыдан тұрады: шикізат өндіретін жерлердегі өндіріс орындары- руданы байытуға бағытталған (флотация төсілімен) және байытылған руданы балқыту (өнімі-қара, яғни тұрпайы түрдегі түсті металл); одан кейінгі сатылары шикізат базасы мен мәшине жасау орталықтарының үйлесімділігіне сәйкес орналасады. Олар- тұрпайы (қара) түсті металлдарды зиянды қоспалардан тазарту (өнімі- таза, рафинатталған металл) және қорытпалар мен прокат алуменен айналасады.

Металлургия базалары. МК орналасу жағдайына үлкен әсер тигізушілер: а) пайданылатын шикізаттың (руданың) ерекшелігі; ә)металл алу үшін қолданылатын энергияның түрі; б) шикізат және энергия көздерінің географиясы. Елдің территориясы бойынша металлургия кәсіпорындары ірі топ құрып таралған. Жалпы руда немесе отын ресурстарын пайдаланатын, әрі ел шаруашылығының металлға деген негізгі мұқтаждығын қамтамасыз ететін бүл топтар басты металлургая базалары (МБ) деп аталады.



Ресейде мынадай ірі МБ көзге түседі:

1) Орталық, КМА (өнімдері) және Кола-Карел аудандарындағы темір рудаларынын және металл қалдықтарының орасан қоры бар жерде құрылып жатыр. Печора бассейнінің кокстелетін көмірі қажеттікті қанағатандыра алмайды, сондықтан Кузбасс және Донбасс бассейіндерінің де көмірін пайдаланады. Орталықтары- Череповец, Липецк, Старый Оскол. Солтүстік- батыста, Кола-Карел аудандарында жергілікгі рудалардан никель (Мончегорск) және алюминий (Волхов, Кандалакша) өндіреді. Мәскеу облысыңда- түсті металл сыйықтарын өңдейтін, қалайы рудасын (Подольск) және уран өңдіретін (Электросталь) кәсіпорындар бар.

2) Сібір. Оның құрамында мынадай аудандар бар: а) Оңтүстік Сібір, ол Кузнецк бассейнінің көмірі және Ангара маңы мен Таулы Шория темір рудалары негізінде дамып келеді. Бұл жер, әрі жергілікті (Ачинск) және тасымалданатын Орал глинюземінен аса ірі алюминай өндіруші. Орталықтары- Братск, Красноярск, Саяногорск, Шелехово. Полиметалл рудаларың өндіру және өңдеу жұмыстары да жүргізілуде (Кузбасс, Байқал сырты). Байкал сырты мысын (Удокан) игеріп пайдалану жағы жобаланған; о) Солтүстік Сібір- аса ірі, құрамы бай мыс-никель рудаларын өндіру мен өңдеудің негізінде өркендеп келеді (Норильск). Руданың бір бөлігі өзінше, қалған бөліктері- Кола түбегінің және Красноярск кәсіпорындарында өнделеді.

3)Қиыр Шығыс. Оңтүстік Якутияда құру жоспарланып отыр, онда жоғары сапалы темір рудалары (Таежное) және кокстелетін көмір (Оңтүстік Якут бассейіні) бір- біріне жақын орналасқан. Алтын; қалайы, германий және т.б. ТМ түрлерін өндіру Қиыр Шығыста бірнеше ондаған жылдар бойы жүргізілуде. КСРО- ның ыдырауымен, бір-бірімен өзара әрекеттесіп тұрған ТМ бірыңғай жүйесі өзінің бұрынғы жұмыс ырғағын тоқтатты, яғни тоқырау үстінде.

Металлургия өнеркәсібінің толғақты проблемасы-металлургиялық комбинаттарды қайта жабдықгау мен металл қалдықтарьның орасан мол қорын пайдалану қажеттілігі мәселесінен туыңдап отыр, ол- қазіргі заманғы технологияны пайдаланып шағын зауыттарды салуды қажет етуде.

Химия-ағаш кешені (ХАК)

ХАК жетекші саласы- химия өнеркәсібі (ХӨ). ХӨ ерекшелігі: 1)жаңа материалдар жасап шығарады, олар өзінің көптеген касиеттері жөнінен табиғи түрдегі өнімдерден артық; 2) құрамдастыруға үлкен мүмкіншілігі бар (химиялық технология шикізаты жан- жақты пайдалануға мүмкіндік туғызады, мәселен -бір ғана заттан немесе оның түрлерінен әртүрлі өнімдер алуға болады). Химиялық комбинаттар-ХӨ өзара тығыз байланысқан салаларынан тұрады. Ерекше өндірістері-кокс химиясы, мұнай химиясы,

ағаш химиясы, тақтатас химиясы;3) ХӨ орасан мол шикізат базалары бар: анғыш пайдалы қазбалардың барлық түрлері, ағаш, су, ауа, өндірістік қалдықтар. Дегенмеи негізгі шикізаты- мұнай өңдеу мен көмірді кокстеудің

өнімдері болып отыр.



Сызбада санмен берілген химия өнеркәсібінің өнімдері: 1-тұрмыстық және фотохимия; 2- пластмассадан жасалған бұйымдар; 3- минерал тыңайтқыштар өндіру (калий, фосфор, азот); 4-полимер материалдарьн өндіру (синтетикалық каучук, химиялық талшық, синтетикалық смолалар); 5- қышқылдар, сілтілер, тұздар алу; 6-органикалық қышқылдар, спирт алу; 7-күкірт, тұздар және карбонатты шикізаттар өндіру.

Ағаш өнеркөсібінің өнімдері:

1- целлюлоза; 2- қағаз, 3- картон; 4- ағаш сүректі плиталар; 5-жиһаз.

ХӨ көсіпорындарын барлық жерге салуға болар еді, бірақ оларды өндіруге көп энергия және су жұмсалатындықтан тиімсіз, әрі сол жердің санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайына кері әсер ететіндіктен, оның мүмкіндігі жоқ деп саналады.

Ресейде 4 ірі химия- ағаш базалары бар:

1) Орталық- рссурсы жетімсіз, саны мол тұтынушы сұранысына бейімделе қалыптасқан. Мұнда каучук, резиналы дөңгелектер (Ярославль, Санкт-Петербург), химиялық талшық (Орталық), пластмасса (Мәскеу түбі, Санкт-Петербург), күрделі тыңайтқыштар (Тула, Мәскеу, Ленинград облыстары). Барлық ірі қалаларда жиһаз жасайтын фабрикалар жұмыс істейді.

2) Еурапалық, Солтүстік. онда-химиялык шикізаттардың орасан зор бай қорлары бар (Хибин апатиттері), әрі орман, отын-энергетикалық жөне су ресурстары жеткілікті. Перспективада- ХӨ одан әрі өркендеуі, жергілікті мұнай жөне газ ресурстарын терең сапалы өңдеу есебінен болуы мүмкін. Аса ірі ағаш өңдеу кәсіпорындары қағаз және целлюлоза (Кондопога, Сегежа), тілінген ағаш материалдары және ағаш плиталарын (Архангельск, Сыктыквар) шығарады.

3)Волга-Орал, өзінің шикізаттарының әртүрлілігі мен қорларынын біркелкілігімен, ондағы салынған өндірістердің қуаттыльгғы мен жүйелілігі өзара едөуір үйлесім тауып, теңгерілген аудан. Бұл ХАК мөлшері жөнінен, Ресейдегі ең ірісі ( осыған сәйкес, 30% жоне 50% химия жөне мұнай-химия өнімдерін өндіреді, 13% ағаш өнеркәсібінің өнімдерін береді). Химиялык кешендері: Соликамск- Березниковский, Уфа- Салауат, Самара (минерал тыңайтқыштар, сода, каучук, пластмассалар). Қағаз өнеркәсібі- Краснокамск, Пермь, т.б. орналасқан. Одан ары дамуы экологиялық факторлармен шектеліен, өйткені ауа және су бассейндері қарқынды түрде ластануда.

4)Сібір. Аса перспективалы аудан. Ресурстардың әртүрлілігі және қоры жөнінен, Волга- Орал ауданынан алда. Батыс Сібірдің мұнайы, газы мен көмірі, сонымен қатар тұздар (Усолье- Сібір), мен ағаш, химилық жолмен өнделеді. Әсіресе, жоғары қарқынмен мұнай химиясы (Тобыл және Томск химия кешендері, Омбы, Ангарск), көмір химиясы (Красноярск, Братск, Усть-Илимск) тез дамып келеді.

Шұғыл шешуді талап ететін проблемалары: а) ескі құрал-жабдықгар (тозудың орташа дәрежесі 50%); ө) қазіргі заманғы салалар (органикалык синтез химиясы және полимерлер) нашар дамуда; б) ағаш ресурстары ұтымды пайдаланбау; в) өңдірілген өнім сапасының төмендігі.

Лекция №6
Тақырыбы: Ресейдің агроөнеркәсіп, инфроқұрылым кешендері және байланыс тораптары

(1 сағат)

Жоспар:
1. Егін және мал шаруашылығы

2. Қызмет көрсету салалары және байланыс жүйелер


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1.Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998

2.А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004


  1. РФ-ның саяси картасы

  2. Анықтамалық атластар

  3. Географиялық атластар


Лекция мәтіні:
АӨК — ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге және өндеуге, әрі оны тұтынушыларға жеткізуге қатынасатын өзара байланысқан шаруашылық салаларының жиынтығы.

АӨК жетекші саласы — ауыл шаруашылығы болып саналады. ол өз кезегінде материалдық өндірістің басқа салаларынан айырмашылық жасайды: а) өнімдерді өндірудің маусымдылығы; ә) оның дамуына табиғат жағдайлары өз әсерін тигізеді; б) жер - бір мезгілде еңбек құралы және еңбек заты болып табылады. Ауыл шаруашылыққа жарамды жерлер РФ-218 млн. гектар болады (жер аумағының 13%). Олардың едәуір бөлігі-артық дымқылданған немесс қуаншылықты территориялар. Осыған байланысты жерді мелиорациялаудың (жақсартудын) орасан зор маңызы бар.



Егіншілік (өсімдік шаруашылығы). Салалық құрамы - мәдени өсімдіктердің алуан түрлілігімен (астық дақылдылар, бау-бақша дақылдары, көкөністер, цитрустар және т.б.) күрделі. Егіншілік салаларының географиясы төмендегі жағдайға тәуелді: а) егістікке жарамды жердің болуы, олардың кұнарлылығы; ө) климаттық жағдайларының қолайлылығы; б) ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктері. Өнімнің негізгі бөлігін егін шаруашылығы береді. Оның негізгі саласы - астық шаруашылығы, ондағы маңызды дақыл (түсімнің 44%) - бидай: жаздық бидай - Повольженің, Оралдың, Сібірдің далалы аймақтары және РФ Қаратопырақсыз аймақтарында; ал күздік бидай — Оңтүстік аудандарда (Солтустік Кавказ) өсіріледі. Техникалық дақылдар - өнеркәсіптің жекелеген салаларында шикізат ретінде пайдаланатын өсімдіктер. Бұл дақылдар көп еңбскті қажет етеді және ошақталып орналасады: зығыр егісі - Ресейдін Еуропалық белігінің солтүстік - батысында, күнбағыс - Орталық Қаратопырақты аймақта және Солтүстік Кавказда өсіріледі. Бау және жүзім

шаруашылықтары егіншіліктің ірі саласы ретінде тек онтүстік аудандарда ғана өсіріледі.



Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының салалары: 1) Ірі қара мал шаруашылығы — ең көп мөлшердегі өнім беретіні (оның ішінде еттің 2/5 бөлігін), әрі мал басында оның үлес саны да көп. Негізгі алынатын өнімдері — ет, сұт; 2) шошқа шаруашылығы (еттің 1/3 бөлігін береді)- әсіресе, астық шаруашылықты және картоп егетін аудандар аймақтарында, сондай-ақ ірі қалалардың жөне тамақ өнеркәсібі орталықтарының маңыңда аса жақсы дамыған; 3) қой шаруашьшығы - халық шаруашылық маңызы зор (жүні - тоқыма өнеркәсібінің шикізаты). Қой шаруашылығының дамыған аудандары - шөлейтгер мен таулы территориялар; 4) кұс шаруашылығы — негізгі астықты аймақты аудандармен, сондай-ақ ірі қалаларға жақын жерлерде дамыған; 5) жылқы шаруашылығы — Солтүстік Кавказ, Оралдың оңтүстігі; 6) бұғы шаруашылығы -Сібірдің қиыр солтүстігі мен Қиыр Шығыс аудандарында дамыған.

АӨК-ті техника, тыңайтқыштар, құрамды жемдермен қамтамасыз ететін салалар — жалпы оның интенсивтендірілуінің деңгей — дәрежесін анықтайды. Ауыл шаруашылық техникаларын шығару орталықтары, оны тұтынатын аудандарға жақындатылған: астық оратын комбайндар - Дондағы Ростовта, Красноярскіде, ал зығыр оратын және картоп қазатын комбайндар - Орталық аудандарда (Рязань, Тула) шығарылады.



АӨК Мал шаруашылығының салалары айтарлықтай дамымаған. Тамақ өнеркәсібінің негізгі міндеті - тамақ өнімдерін өндіру. Орналасуының заңдылықтары:

• өңделмеген шикізатты пайдаланатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін аудандарға орналасады, оған - балық, жарма жасау, май шайқау, қант, шәй, консерві өнеркәсіптері жатады;

•алғашқы өңдеуден өткен шикізатты пайдаланушы салалар дайын өнімдерді тұтынатын аудандарға орналасады, олар —макарон, кондитер, нан пісіру және басқалар.

Жеңіл өнеркәсіптің ерекшеліктері:

• өнімдерінің адамзат өмірінің деңгей-дәрежесінс тікелей әсер етуі;

• еңбекті көп қажет ететін сала,көбінесе оныменен әйелдер шұғылданады;

• кәсіпорындар көлемі жағынан ірі болмайды, энергия мен суды көп қажст етпейді.

Олардың орналасу ерекшеліктеріне қарай жеңіл өнеркәсіп салаларының негізгі топтары:

• шикізатты алғашқы өндейтін салалар (шикізатқа бағытталған);

• тоқыма өнеркәсібі (шикізатқа және тұтынушыға бағытталған);

• тігін және аяқ киім өнеркәсібі (тұтынушыға бағытталған). Жалпы алғаңда даму деңгейі жеткіліксіз, нашар күйде, өйткені шығарылған тауарлардың сапасы мен саны дүниежүзілік стандартқа және сұранысқа сай келмейді.


Инфроқұрылымдық кешен

Инфрақұрылымдық кешен (ИҚК) - өртүрлі қызмет керсететін шаруашылық салаларын біріктіреді. Қызмет көрсету - өндірістің айрықша түрі, ол зат түрінде тұтынылмайды, тек іс-әрекеттер жасау мен оны көрсету нысанында болады.

Қызмет көрсету түрлері:

1-білім, 2-мәдениет, 3-денсаулық сақтау. 4-дене шынықтыру, 5-мемлекет басқару, 6-қорғаныс, 7-қоғамдық төртіп сақтау.

ИҚК 2 дербес бөлімге; коммуникациялық жүйеге және қызмет көрсету саласына бөлінеді.

Коммуникациялық жүйеге-көлік және байланыс кіреді, олардын негізгі міндеті- кеңістікте ақпараттарды, энергияны, адамдарды және әр түрлі заттарды бір жерден екінші жерге тасымалдап жеткізу.



Байланыс

Байланыстың негізгі міндеті- ақпараттар беру. Байланыстын даму деңгейі РФ казіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Желілерінің қажетті сандармен қамтамасыз етілмеуінен және елдін ішінде қазіргі соны байланыс түрлерінің болмауынан- Ресей жалпы ғаламдық байланыс жүйесіне кірмейді. Ресей телефондандыру деңгейі жөнінен Италиядан 7 есе, АҚШ-таи 6,5 есе, Германиядан 3,5 есе кем түседі. Ұзындығы 18 мың км. оптикалық талшықты байланыстың трансресейлік күре тамырын салудың халықаралық жобасын іске асыру қажет, ол перспективада - Батыс Еуропа меи Жапонияны байланыстыратын дүние жүзілік жүйенің құрамды бөлігі болуы тиіс. Дамыған елдердің ішінде Ресей-радиоландырудан орташа орында. Теледидар (ТД)- хабарымен ел халқының 90% қамтылған. Ресей теледидармен қамтамасыз етілуі жөнінен жетекші орындардың бірін алады, ал көп каналдық және спутниктік (серіктестік) желі ТД жөнінен дүние жүзініде барлық дамыған елдеріне жол береді, ал жоғарғы анық айқындықты ТД енгізуден артта қалған.


Лекция №7
Тақырыбы: Ресейдің көлік түрлері және қызмет көрсету салалары

(1 сағат)

Жоспар:

1. Көлік жүйелері

2. Қызмет көрсету сферасы
Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1. Дүниежүзінің саяси картасы

2. ТМД елдерінің физикалық картасы

3. РФ-ның саяси картасы

4. ТМД елдерінің экономикалық аудандары карталары

5. “Страны мира” жинағы 2002 тағы басқалар



Лекция мәтіні:
1.Негізгі міндеттері: 1) ел экономикасының жеке салалары және аудандары арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету; 2) халық шаруашылығы және халықтың тасымалдануға деген қажеттіліктерін дер кезінде қамтамасыз ету; 3) көлік жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру.

Көліктің барлық түрлері - көлік. жүйесін құрайды. Көлік жүйссі- барлық көлік түрлерінің жиынтығы. Олар көлік тораптары, ягни жол бойындағы елді мекендер арқылы бір-бірімен өзара байланысқан күйде болып және көліктің, бірнешс түрлері онда тоғысып, әрі олардың арасында жүк алмасулары болады. Аса ірі көлік торабы - Мәскеу.

Құрғақтағы көлік. Теміржол - Ресейдің көлік жүйесіндегі жетекшісі. Теміржол көлігінің басты міндеті - елдің Еуропалық бөлігін. оның шығыс аудандарымен сенімді көлік байланысымен қамтамасыз ету.

Теміржолдарының (ТЖ) географиясы:

1) Еуропалық бөлікте, Ресей ТЖ пішіні сақина тәрізді, оның орталығы – Мәскеу. Одан жан-жақка: Санкт-Петербург, Смоленскіге, Нижний Новгород, т.б. бағыттарға қарай радиальды жолдар таралады. Бұл радиустарды сақиналы жолдар кесіп өтеді. 2) Еуропалық сақинадан шығысқа қарай ендік бағыттағы ТЖ магистральдары (Екатеринбург, Челябинск, Орынбор) күрт азаяды.

Бұл қиындықтар мен проблемалар туғызады, өйткені елдің Еуропалық бөлігі, Орал жөне СІбір аралығыңдағы жүк тасқыны тез өсіп келеді. СССР-дің ыдырауынан кейін оларды іске асыру тіптен қиындап кетті. Өйткені Транссібір, Орта Сібір, Оңтүстік Сібір ендік бағттағы ТЖ магистральдарының кейбір бөліктері Ресейден тыс жерлерде, яғни Қазақстанда қалды. РесейдІң жалғыз Екатеринбург-Түмсн-Омбы ТЖ участогі ұдайы үдей түскен жүк тасымалын қамтамасыз ете алмауда. Маңызды міндет - Ресейдің шығысында жаңа ТЖ салу. Мұнда Байкал-Амур магистралы салынған, Амур-Якут (Беркакит-Томмот-Якутск) ТЖ салу бастадды. Печора магистралын шығысқа қарай созу жоспарлануда (Салехард- Воркута- Коноша).

2) Қазіргі ТЖ дамыту кезеңі оны электрлендірумен сипатталады, соның арқасында ТЖ жүк тасымал қаблетіттілігі 2 есе артады. ҒТП айрықша бағыты- жоғары жылдамдықты ТЖ салу.

Автомобиль- көліктің ең қымбат түрлерінің бірі. Онымен алысқа жүк тасымалдау, негізінен көліктің басқа түрлсрі жоқ. Ресейдің солтүстік және шығыс аудандарында, Кавказдың таулы аймақтарына іске асырылады.

Автомобиль жолдарының географиясы-ТЖ магистралдарының географиясына ұқсас. Аса ірі жолдар (12) Мәскеуден радиус бағытында Санкт-Петсрбургке, Симферопольге, Брестке, Челябинскіге таралады. Шығыс аудаңдарында жол саны күрт азаяды. Бүкіл Ресейді батыстан шығысқа кесіп өтетін күре жол жоқ.

Автомобиль жолының даму бағыттары: а) жаңа магистралдар тарту; ә) селолық елді мекендерде жолдар салу; б) шығарылатын автомобильдер мен автобустар модельдерін жақсарту; в) дизель двигательдері бар автокөліктің маңызын арттыру.

Су көлігі- Теңіз көлігінің (ТК) аса зор маңызы бар. КСРО-ның ыдырауы себебінен: ТК-елдің халықаралық саудадағы және ішкі жүк тасымалындағы мүмкіндігі күрт нашарлады.

ТК шаруашылығы кұрамына: флот, порттар, кеме жөндеу зауыттары кіреді.

Ресей сауда флоты - тоннажы бойынша Либерия, Панама, Жапония, Норвегия, АҚШ, Грекиядан кейінгі орында. Ірі порттары - II, «8 барлығы - 39, олар Ресей үшін тіптен аздық етеді. ТК. жүк айналымында негізгі маңызы бары мына порттар: а) Тынық мүхит бассейіні, олар тауарлармен елдің солтүстік-шығысын жабдықтайды. Азия жане Австралия елдерімен сыртқы сауда байланыстарын жүзегс асырады; ә) Балтық теңізі бассейіні, Еуропа және Америка елдерімен сыртқы байланыстарды қамтамасыз стсді; б) Қара теңіз бассейіні, мұнайды сыртқа (экспортқа) шығаруды қамтамасыз етеді (мұнай өндірудін азаюына байланыста жүк айналымы қыскаруда); в) Солтүстік мұхит бассейіні, оның теңіздері арқылы Солтүстік теңіз жолы өтеді, ол Қиыр Солтүстіктің аудандарын жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Өзен көлігі (ӨК)- суы мол өзендер ағып өтетін жерлердегі маңызы зор: өзендермен сыйымсыз, аумақты келетін жүктсрді тасымаддау (ағаш, мұнай, астық, құрылыс материалдары) экономикалық жағынан тиімді. Волга-Кама бассейіні- Ресей Еуропалық бөлігінің біртұтас терең сулы жүйесінің негізгі өзегі.

Су көлігінің даму перспективалары: а) маңызды каналдармен қайта жаңғыртып құру; ә) жаңа теңіз және өзен порттарын салу; б) елдің ішінде және халықаралық линияларда аралас тасымалдаудың (өзен-тсңіз) географиясын кеңейту.



Әуе және көліктің басқа түрлері. Авиация көлігінін (АК) негізгі мамандануы - алыс, қашық жерлерге жолаушылар тасу. Бұл әрі, Ресейдің барлық аудандарын пошта тасымалдауымен қамтамасыз ететін көліктің бірден - бір түрі. Қалалы жерлердс электрлі, ал ауылдық жерлерде мал күш-көлігін пайдалану артуда.

Құбыр жолы көлігі (ҚК). Атқаратын қызметінің көлемі жағынан ҚК, ТЖ көлігіне жақындайды. Құбырлар арқылы мұнайдың 97% тасылады. Перспективада қатты материалдарды да (көмір, руда) ұсақталған күйде судың көмегімен және қысым арқылы, ҚК арқылы тасымалдау мүмкіндігі бар.

2.Қызмет көрсету сферасы

ҚКС құрамы өте күрделі, онда әсіресе рекреациялық шаруашылықтың маңызы , зор. Ресейде 7,5 мың демалыс мекемелері, ондаған мың мәдени-тарихи ескерткіштер, мындаған минерал су көздсрі және шипалы балшықтар бар деп саналады, Рекреациялық (демалыс орындары) мекемелердің басым бөлігі елдің Еуропалық бөлігіңде орналасқан. Аса ірі санаториялық -курорттық, рекреациялық - бальнеологиялық аудандар қалыптасқан. Қалыптасу жағынан мынандай аудаңдарға бөлінеді: а) табиғи ресурстары мен табиғат жағдайларының негізінде; ә) ірі қалалардың маңында; б) құндылығы аса маңызды мәдени-тарихи обьектілердің айналасында .

Рекреациялық аудандар мамандануы жағынан -санаториялық, курорттық, туристік болуы мүмкін. Халықтың демалысы мен оның емделуге деген сұраныс қажеттілігі Ресейде 50% шамасында, яғни жартылай ғана қанағаттандырылған.

Қазіргі ең негізгі міндет - рекеациялық шаруашылық үшін қажеттігі мамандар дайындау.



Лекция №8
Тақырыбы: Ресейді аумақтық ұйымдастыру мен экономикалық аудандастыру

(1 сағат)



Жоспар:

1. Ресейдің аумақтарға бөлінуі

2. Орталық, Солтүстік батыс, Еуропалық Солтүстік Ресей

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

  1. Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998

  2. А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004

  3. РФ-ның саяси картасы

  4. Анықтамалық атластар

  5. Географиялық атластар


Лекция мәтіні:
Ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі дегеніміз-жекеленген территориялардың шаруашылық салаларына мамандануы, олар елдің басқа аудандары үшін өнімдер шығарады.

Ұзак тарихи кезендер негізінде территорияньң біртіңдеп маманданып қалыптасуы нәтижесіңде, Ресейдін бірнеше әкімшілік-аумақтық бөлініс бірліктерін қамтитын, ел териториясьның ірі де тұтас бөліктері-экономикалық аудандар құраған. Экономикалық аудандардың бір-бірінен ерекшеленуіне келсек :

а) шаруашылық мамандануы және оның салаларының үйлесімдігі;

ә) шаруашылық дамуының тарихи ерекшеліктері;

б) географиялык жайы;

в) табиғат және еңбек ресурстары жағынан айырмашылықтар жасайды;

Ресей территориясы - Батыс және Шығыс макрорегиондар шегіңде, табиғи және шаруашылық белгілерінің жиынтығы бойынша -9 ірі экономикалық ауданға бөлінеді (оқу құралында, РФ ірі экономикалық аудандарының сызба-картасы жеке берілген). Ресейден басқа, ТМД мен Балтық бойы елдері -Еуропалық батыс, ТМД-ның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс микрорегиондарына бөлінеді.

Экономикалық аудандардың шегінде территориялык-ондірістік кешендер (ТӨК) көзге түседі. ТӨК - біртүтас территорияда өзара байланысқан әр қилы кәсіпорыңдарды орналастыру үйлесімділігі. Ол - қаражатты үнемдеуге, еңбек өнімділігін арттыруга, экономикалық және экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

2. Орталық Ресей.

Орталық Ресей құрамына -3 экономикалық аудан кіреді; Орталық,Волга - Вятка және Орталық - Қаратопырақты.

Орталық ауданнып әкімшілік - аумақтык бірліктері: Мәскеу (федеральдық маңызы бар қала) және 12 облыстан (Мәскеу, Смолснск, Брянск, Калуга, Рязань, Орел, Тула, Владимир, Иванов, Кострома, Ярославль, Тверь) тұрады.

Волга-Вятка экономикалық ауданының кұрамында: 3 республика (Мари-Эл, Мордовия, Чувашия) және 2 облыс (Нижегород, Киров) бар.

Орталық-Қаратопырақты экономикалық ауданының өкімшілік - территориялық бірліктері: 5 облыстан (Липецк, Курск, Тамбов, Воронеж, Белгород) тұрады.

ЭГЖ- Волга, Днепр, Батыс Двина, Дон өзеіідері су айырығындағы орналасу жайы және жерінің жазық болып келуі — халықының қарқынды қоныстануына, әрі оны ауыл шаруашылық жағынан игеруге ыңғайлы етеді, тсміржол желілерінің жиі болуы аса қолайлы жағдай жасайды.

Табиғат ресурстары. Орталық Ресейдің негізгі байлығы- Курск магнит аномалиясындағы темір рудасы (КМА), жер ресурстары, солтүстігінде - орман, су ресурстары.

Халқы. Ұлттық құрамында - көбі орыстар, тек шығысындағы республикаларда басым халықтар - марийлер, чуваштар, мордвалар. Қала халқының үлесі көп: 364 қала және 600-ден астам қала типіндегі поселкалар бар. Солтүстік аймақтардың халқының қаратопырақсыз облыстарға қоныс аудару процесі басталды, жеке шаруашылық қожалықтары құрыла бастады.

Экономикасы. Мамандануы-ғылымды көп кажет ететін мәшине жасау, аз дәрежеде химия, металлургия, ағаш сондай-ақ жеңіл (тоқыма) өнеркәсібі бар.

Машина жасау кешені. бүкіл ел үшін алуан түрлі өнімдер шығарады. Дәл мәшине жасаудың өнімдері (станоктар, электротехника, радиоэлектроника, прибор жасау, есептеуіш техникасы) жалпы ел өнімдерінің -1/2 береді. Көліктік мәшине жасаудың (автомобильдер, самолеттер, өзен және теңіз кемелері, темір жол көлігі үшін кұрал-жабдық) үлесі, бүкіл елдің өндірісіндегі -1/3 құрайды.

Конструкциялық материалдар шығаратын кәсіпорындар кешені:

• қара металлургия, дүние жүзіндегі аса ірз КМА ресурстары базасында дамып келеді. Басты металлургия орталықтары-Липецк, Старый Оскол, Тула;

• химия өнеркәсібі: каучук,резина дөңгелектерІ (Яросдавль), химиялық талшық (Орталык аудая), пластмассалар, минерал тыңайтқыштар (Мәскеу түбі);

• орман және ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі: Орталық Ресейдің Солтүстігі мен Солтүстік- Шығысында орналасқан;

• тоқыма өнеркәсібі негізінен тасылатын шикізатты және химиялық талшықтарды пайдаланады. Негізгі орталықтары — Мәскеу, Иваново.

ОЭК. Негізінен басқа аудандардың отыны мен энергиясын, ал жергіліктіден - қоңыр көмір, шымтезек, Волга, Свирь және Волховтың су ресурстарын. сол сияқты - ЖЭС, СЭС, АЭС (Нововоронеж, Тверь, Курск, Смоленск) электр энергиясын пайдаланады.

АӨК. Мамаңдануы жөнінен -3 ауданға бөлінеді. 1) Оңтүстіктегісі - қаратопыраққа сәйкес келеді: негізгі өнімдері-астық, кұнбағыс, картоп, кант кызылшасы, ет, сұт, жұмыртқа; тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығы негізінде құрылған ұн тарту, өсімдік майларын алу, қызылша қанты, темскі, ет); 2) Ока және Волга өзендерінің аралығы: мұнда басымы - қала маңындық ауыл шаруашылығы және қуатты тамақ өнеркәсібі бар; 3) Орталық Ресейдің солтүстік-батыс бөлігін қамтиды, зығыр шаруашылығы және сүтті мал шаруашылығы басым.

Көлік кешені. Орталық Ресей экономикасын және оның қалаларын шикізат және отынмен қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Теміржол мен автомобиль жолдарының тығыз торы тарамдалған- сақиналы сипатта болады. Ұшқыр «Мәскеу- Санкт-Петербург»теміржолы салынған: су тасылмалдары Волга, Волга-Балтық су жүйесі және Мәскеу атындағы канал арқылы іске асырылады. Мәскеудсн жан-жаққа аса маңызды әуе жолы жүйесі таралады.

Туристік-экскурсиялық сала қалыптасуда.

Өнеркәсіп тораптары - көлік жолдарының бойында, негізгілері оларды сақиналы трассалар кесіп өткен жерлерде шоғырланған.
Солтүстік батыс Ресей

Солтүстік-Батыс Реесйдің әкімшілік-территориялық бірліктері: Ленинград, Новгород, Псков облыстары, Санкт-Петербург (федеральдық маңызы бар қала) және Калшшнград облысы (анклав).

ЭГЖ- қолайлы. Ол теңізге шығуымен (Балтық теңізі), Балтық теңізніде аса ірі порттың (Санкт-Петербург) болуымен жөне шекаралық жағдайымен анықталады.

Табиғат ресурстары. Су ресурстарымен жақсы қазмтамасыз етілген (суы мол өзендер, 7 мыңнан аса көлдер), ал минералдық ресурстары шамалы. Экономикасының мамандануы қорғаныс кешенімен байланысты- көп салалы мәшине жасау. Өнімдері: теңіз кемелері, оптикалық жоне электронды құрал-жабдықтар, турбиналар жоне генераторлар, АЭС үшін құрал-жабдықтар.

Түсті металлургиясы және кара металлургия қайта корыту зауыттары—мәшине жасаумен аса тығыз байланысты.

Химия, ағаш, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жақсы дамыған.

ОЭК.- Еуропалық Солтүстіктің, Повольженің және Батыс Сібірдің мұнайы мен газьн пайдаланады. Электр энергаясын, қуаттылығы аз- ЖЭС, СЭС және АЭС (Фин шығанағы) өндіреді.

АӨК сүтті-етгі мал шаруашылығына, зығыр шаруашылығына және қала маңыңдық ауыл шаруашылығьна (көкөніс жөне құс шаруашылығы) маманданған.

Еуропалық Солтүстік

Еуропалық Солтүстіктің әкімшілік-территориялық бірліктері; 2 республика (Коми, Карелия), автономиялық округ (Ненец) және 3 облыстан (Мурманск, Архангсльск, Вологда) тұрады.



ЭГЖ. Территориясын Ақ және Баренц теңіздері шайып жатыр, Финляндия және Норвегиямен шектеседі. Ресейдің орталық аудандарымен көлік жолдары арқылы жақсы байланысқан.

Табиғат ресурстары. Отын (мұнай, газ, комір, шымтезек, жанғыш тақтатас), орман, су ресурстарына өте бай.

Таукен-химия шикізаттарының орасан мол қорлары (Кола түбегінің апатиті және Комидің тұздары), сондай~ақ түсті металлургия (нефелиндер, бокситтер, мыс-никель рудалары) және қара метаялургия шикізаттары бар.

Халқы. Тығыздыгы төмен, әсіресе Ненец автономиялық округінде халық өте сирек қоныстанылған, қала халқының үлссі басым.

Экономикасы. Мамандануы- орман, ағаш өңдеу жәнс целлюлоза-қағаз өнеркәсібі: Ресейде дайындалатын ағаштың 1/4, кесілген ағаш материалдарының -1/5, шығарылатын газет қағазы мөлшерінің -1/2, осы аудан береді.

Ағаш тілу мен целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің негізгі орталықтары: Солтүстік Двина өзені бассейіні, Ақ теңіз- Балтық каналы бойында және Вологда- Архангельск- Котлас-Ухта темір жол магистралы бойында.

Түсті__металлургия- циклдерінің бастапқы және негізгі сатыларынан тұрады (ауданның Кола-Карелия бөлігіндегі, Каңдалакша мен Надвойцыда- . алюминий зауыттары бар, ал Мончегорскіде мыс-никель өндіріледі).

Химия өнеркәсібі: Кола түбегіндегі таукен-химия комбинатгарынан тұрады.



Мәшина жасау Негізгі өнімі-орман, ағаш, целлюлоза-қағаз және басқа да салаларға құрал-жабдықтар шығару {Вологда, Петрозаводск).

АӨК нашар дамыған. Сүтті мал шаруашылығы және май шайқау өндірісі- Солтүстік Двина және Сухона өзендері бассейіндеріне тән. Зығыр шаруашылығы- Еуропалық Солтүстіктің оңтүстігінде, бұғы шаруашылығы солтүстікте- тундра аймағында дамыған.

Даму перспективалары: Ауданның солтүстік-шығысында- мұнай және газ кәсіпшіліктері: Баренц теңізінің шеткі қайырында оның ірі ресурстары ашылған; Штокманов газ кенін игеру жөнінде жобалау жұмыстары жүргізілуде; мұнай, газ, көмір және ағаш базаларының негізінде Тиман-Печора территориялык-өндірістік кешені қалыптасуда.
Лекция 9
Тақырыбы: Ресейдің Еуропалық оңтүстігі, Орал және Повольже

(1 сағат)

Жоспар:

1.Солтүстік Кавказ

2. Орал және Волга бойы
Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1. Дүниежүзінің саяси картасы

2. ТМД елдерінің физикалық картасы

3. РФ-ның саяси картасы

4. ТМД елдерінің экономикалық аудандары карталары

5. “Страны мира” жинағы 2002 тағы басқалар


Лекция мәтіні:
Әкімшілік-территориялық бірліктері: Краснодар өлкесі, Ставрополь өлкесі, Ростов облысы, 7 республикалардан (Адыгей, Қарашай-Черкесия, Кабарда-Балқария, Солтүстік Осетия, Ингушетия, Шешенстан, Дағыстан) тұрады.

ЭГЖ- Ерекшелігі, Ресейдің геосаясаттық мүдделерін қамтамасыз етуде - Солтүстік Кавказдың атқаратын роліне байланысты (елдің Азов және Қара теңізге жөне Закавказье мемлекеттеріне шығуын қамтамасыз ететін жалғыз ғана аудан).



Табиғат ресурстары. Агроклиматтық, рекреациялық, су және геотермальдық ресурстардың, түсті металл рудаларының (полиметалл, вольфрам, молибден), мұнай, табиғи газ ресурстарының маңызьг орасан зор.

Халқы. Оған тән белгі-құрамының көпұлттылығы, әрі халық тығыздылығының жоғарылығы, ұлтаралық қатынас біршама шиеленісксн жағдайда.

Экономикасы. Жалпы мемлекетгік маңызы бар негізгі салалар: АӨК, мәшине жасау кешені, ОЭК, курортты-туристік кешен.

АӨК.Өсімдік шаруашылығында негізгі ауыл шаруашылық дақылдары — күздік бидай (Сальск далалары, Ставрополье), жүгері (тауалды және таулы аудандар): күріш (өзендер сағасы): техникалық дақылдар - күнбағыс (Краснодар өлкесі): темекі (Қаратеңіз жағалауы), жүзім шаруашылығы (төменгі Дон, Дағыстан, Қаратеңіз жағалауы), мал шаруашылыгы - көпсалалы: биязы жүнді қой шаруашылығы (Ростов облысы, Ставрополь өлкесі, Дағыстанның жазықтары). Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін салалар: көкөніс-жеміс, май шайқау, өсімдік майын алу, ұн, жарма өңдіру, ет өнімдері.



Мәшине жасау кешені металды көп қажет ететін өндірістерден: атом мәшинесін жасау (Волгодонск;), электровоз жасау (Новочсркасск), прибор, станок жасау, ауыл шаруашылық мәшинелерін жасау (астық. оратын комбайндар, жүзім, темекі егу жөне өңдеуге қажетті мәшинелер), т. б. тұрады.

ОЭК. Өзінің ресурстарымен қамтамасыз етілген: мұнай, газ (тауалды алқабы), көмір (Донбасс көмір бассейні), таулы өзендердің су ресурстары; ауданда ЖЭС, СЭС, АЭС (Ростов) бар.

Курорт шаруашылығының жалпымемлекеттік маңызы бар (Пятигорск, Сочи, Анапа, Минводы және басқалар).

ОРАЛ


Әкімшілік-территориялық бірліктері: 2 республика (Башқұртстан, Удмуртия), Коми-Пермяк автономиялық округы және 5 облыстан (Свердлов, Пермь, Орынбор, Челябі, Қорған) құралған.

ЭГЖ. Ресей Еуропалық бөлігінің шығыс шетін бойлай, табиғи және экономикалық аймақтардың "жапсарында" орналасуы арқылы, оның ішкі байланыстарының үздіксіз жұмыс істеуін және экономикалық біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Табиғат ресурстары алуан түрлі, өйткені әртүрлі тектоникалык құрылымдарға бағытталған. Қара жөнс түсті металл рудаларының, мұнайдың қорлары казіргі кезде сарқылып келеді. Шикізат пен отынның көбі сырттан тасылады. Солтүстік Оралда руданың жаңа кен орындары табылған. Су ресурстары - маңызды проблема, өйткені суды көп қажет ететін және суды ластайтын көптеген өндірістер бар.

Халқы. Негізгі қонысталған тарихи аймақта және шаруашылық жағынан игерілген жерлер шеңберінде орналақан. Халықтың тығыздығы - Ресейдегі орташаға карағанда 3 ссе артық. Ұлттық құрамы - негізінен орыстар, сол сияқты башқұрт, удмурт, коми, татар, қазақтар бар. Қала халқы басым. Еңбек ресурстарымен толық қамтамасыз етілмегеи, бірақ олардың кәсіптік мамандығы жоғары. Тауаралық қазан шұңқырларда орналасқан. Ірі өнеркәсіпті қалаларда айрықша өткір экологиялық проблемалар бар.

Экономикасы. Нағыз өнеркәсіпті аудан, өндірген өнімінің мөлшері жөнінен елдің аудандарының ішінде 2-орын алады. Өнеркәсіптің қаныққандығы жағынан, жалпыресейліктен 3 есе көп. Мұнда ғылыми-техникалық прогресстің аса ірі орталықтары және өнеркәсіп тораптары орналасқан (Уфа, Пермь, Екатеринбург, Челябинск және басқалар).

Кезінде, Орал өнеркәсібі едәуір ;)әскери-қорғаныс өндірісі өнімдерімен анықталатын, сондықтан қазіргі кезде конверсиямен байланысты өткір проблемалар туып отыр.

Орал шаруашылығының негізі - екеуара өзара байланысты: конструкциялық материалдар және мәшине жасау кешендерінен тұрады.

Қара металлургияауданның көне (байырғы) саласы, ол көбінесе басқа жақтан тасылатын шикізат: кокстелетін көмір (Кузбасс, Қарағанды), руда (50% КМА жоне Қостанайдан тасылады) есебінен дамып келеді. Негізгі металлургия комбинаттары - Нижний Тагал, Магнитогорск, Челябинск, Орск-Халилов.

Түсті металлургия едеуір мөлшерде басқа жақтан тасылатын шикізаттың негізінде дамыған. Алюминий, никель, магний, мырыш қорытылады. Мыс өнеркәсібінің (Красноуральск, Медногорск) жетекші маңызы бар, мыс қорыту жөнінен бұл аудан Ресейде 2-орын алады.

Химия өнеркәсібі - ауданның жетекші саласы. Минерал тыңайтқыштарды едеуір көп шығарады: калий тыңайтқышы (Березники, Соликамск), фосфор тыңайтқышы (Пермь). Сода өнеркөсібінің көсіпорындары (Березники, Стерлитамак), кокс-химия (Березники, Губаха), мұнай-химия (Уфа, Стерлитамак, Пермь), газ-химия (Орынбор) және ағаш химиясы кәсіпорындары бар.

Ағаш өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өңдірісінен тұрады.



Мәшине жасау кешені металды көп қажет ететін ауыр, көлік және энергетикалық мәшине жасаудан тұрады (Екатеринбург, Нижний Тагил, Челябинск). Ондай кәсіпорыңдар металға және қуатты теміржол магистралдарына жақын орналасқан. Орал алды және сырты аймақтары – мәшине жасауда металды біршама аз қажет етеді.

АӨКастық өндіруге және дамыған мал шаруашылығына негізделген. Ауыл шаруашылығының географиясы: солтүстік және таулы аудандарда егіншілік пен мал шаруашылығы ошақ түрінде ғана кездсседі. Орал алдында - зығыр шаруашылығы мсн сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған. Аудаңның оңтүстігінде — астық шаруашылығы мен етті-сүтті мал шаруашылығы. АӨК үшін өнімдер шығаратын аса ірі зауыттар бар. Трактор - Челябинскіде, мал шаруашылығына қажетті техникалар - Пермьде шығарылады.

Повольже (Волга бойы)

Әкімшілік-территориялык бірліктері: 2 республика - Татарстан (Қазан), Қалмак елі (Элиста) және 6 облыстан (Астрахан, Волгоград, Саратов, Пенза, Ульянов, Самара) кұралған.



ЗГЖ Ресейдің Орталық және Азиялық бөлігінің аралығындағы географиялық жайы өте қолайлы аудан, батыс пен шығысты байланыстыратын тразиттік жолдардың үстінде жатыр. Солар арқылы, елдің Еуропалық. бөлігіне шығыстан - отын жәнс шикізат, ал кері бағытта - өңдеуші өперкәсіптің бұйымдары тасылады. Поволжье дүние жүзілік мұхит-теңіздерін қашықта жатыр, бірақ Азов жоне Балтық теңіздерімен байланыс Волга-Дон каналы және Волга-Балтық су жолы арқылы іске асырылады.

Табиғат ресурстары. Ауданда барлық алуан түрлі ресурс базаларынан-агроклимаггык ресурстар, мұнай, газ, балық, ас тұзы айырықша көзге түседі.

Халқы Ресейдің халқы жағынан аса мекенделген және игерілген ауданы. Халықтың орташа тығыздығы, Ресейге қарағанда 3 есе жоғары (ерекшелік - Қалмақ елінде ғана сирек орналасуы, онда 1 шаршы км-ге 4, 3 адам). Халқы көпұлтгылығымен сипатталады, онда басымы орыстар (70%), әрі байырғы тұрғыңдар - татарлар (16%), чуваштар (3%), марийлер мен мордва (2%), казақтар, қалмақтар, т. б. тұрады.

Экономикасы. Шаруашылығының өзегі - бірнеше өзара тығыз байланысқан салааралық кешендер: мәшине жасау, конструкциялық материалдар, ОЭК болып саналады.

Мәшине жасау кешені - шаруашылығының жетекіші саласы, олардың зауыттары өнеркәсіп тораптарында (Самара, Саратов, Водгоград және басқалар) шоғырланған. Негізгі өнімдері - жеңіл автомобильдер (Тольяттидағы «ВАЗ« зауыты), мүдірмейтім автомобиль (Ульяновскідегі «УАЗ«), ауыр жүк таситын автомобиль (Камск), троллейбустар (Энгельс).

Конструкциялық материалдар кешенінде жетекшісі — химия өнсркәсібі болып саналады. Ол - күкірт, ас тұзын өндіретін таукен-химия, органикалық синтез химиясы, сондай-ақ полимер материаддарын өндіру мен өңцеу (өнімдері — каучук және полиэтилен, тыңайтқыш және кино- фотопленкалар, резина бұйымдары мен тұрмысқа қажетті химия) өндірістерінен тұрады. Төменгі Кама мұнай-химия комбинаты - аса ірі каучук және одан бұйымдар өндіретін кәсіпорын. Тольятти, Волжский, Самара -химия өнеркәсібініц ірі орталықтары.

ОЭК жетекші буыны-мұнай өндіру болып саналады. Поволжье — Ресейдің аса маңызды өңдеу өнеркәсіпті ауданы жоне электр энергиясын өндіруге маманданданған. Волгадағы су электр стансалар - Ресейдіц Еуропалық бөлігінің энергия жүйесін құрудың негізі болды. Саратов облысында, Балаков АЭС-ы салынды.

АӨК. Бүкіл Ресей үшін маңызы зор, өйткені елдің сарқылмас астық қоры болып саналады, аса ірі ет, сут, жұн, майлы дақылдар (күнбағыс, қыша) мен тамақ өнеркәсібінің (ет, май сығу, ұн тарту, жарма және басқалар) өндіруші ауданы болып саналады. Одан басқа Волга-Ахтуба жайылмасында көкөніс-бақша дақылдары ауданы орналасқан (қарбыз, асқабақ, помидор), Волгоградтан оңтүстікке қарай - қой шаруашылығы дамыған.

Көлік кешенінің негізі - Волга өзені жүйесі және оны қиып өтетін теміржолдар. Көлік жүйесінің маңызды элементі - труба құбыры және электрон көлігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет