Тақырыбы:Шығыс макрорегион
1(сағат)
Жоспар:
1.Батыс Сібір
2.Шығыс Сібір
3.Қиыр Шығыс
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.
2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.
3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965
4. Страны и народы. Энциклопедия.
5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973
б) қосымша
1.Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998
2.А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004
3.РФ-ның саяси картасы
4.Анықтамалық атластар
5.Географиялық атластар
Лекция мәтіні:
Әкімшілік - территориялық бірліктері: 2 автономиялық округ (Ямал-Ненец, Ханты-Майси), Алтай республикасы, Алтай өлкесі және бес облыстан (Түмен, Новосибирск, Омбы, Томск, Кемеров) тұрады.
ЭГЖ- Көлік магистральдарынын арқасында өте қолайлы: ТЖ (Транссібір, Оңгүстік Сібір, Орта Сібір, Солтүстік Сібір, Түркістал-Сібір), труба құбырлар. Аудан, Батыс және Шығыс региондар мен Қазақстанның шекарасында орналасқан.
Табиғат ресурстары.Мұнай, газ (Түмен облысы), көмір (Кузнедк бассейні), темір рудалары (Таулы Шория), түсті металдар, тұздар, орман, су ресурстары.
Халқы. Солтүстік территорияларда халық сирек орналасқан және аз игерілген. Негізгі халық-ауданының оңүстігінде, орманды дала жәнс дала аймақтарында шоғырланған. Ауданда - орыс халқы көпшілік, сол сияқты: алтайлар, шорлар, қазақтар және т.б. ұлттар түрады. Қала халкы басым. Миллионер қалалар: -Новосибирск және Омбы, Ірі қалалары: Барнаул, Новокузнецк, Кемерово, Түмен. Еңбек ресурстары шамалы. Солтүстік территориялары - Солтүстік қатал аймаққа жатады, ол — нормативті, өйткені барлық шығындар табиғатының қатаңдығы және территорияның игерілген аудандардан алыстығына байланысты бағаланады. Осынын есебінен барлық жұмыстардын қымбаттығы, екі - бес есе артады.
Экономикасы. Аудан шаруашылығында негізгі маңызы бар: ОЭК (мұнай, газ, көмір өндіру), конструкциялық материалдар кешені (химия, металлургия, ағаш өнеркәсібі) және АӨК.
Шаруашылығының мамандануына қарай ауданның солтүстігі мен оңтүстігі шұғыл айырмашылық жасайды: Солтүстік (Түмен облысы, Омбы және Томск облыстарының солтүстігі) Батыс Сібір ТӨК қалыптасуда, оның шаруашылық мамандануының негізі -мұнай, газ және ағаш өнеркәсібі: оңтүстікте — көмір және рудалар ресурстарының, әрі орманды дала аймағандағы ауыл шаруашылығы негізінде қуатты Кузнецк — Алтай кешені қалыптасқан. Ресейдін батысына, ТМД және Еуропа елдеріне тартылған мұнай және газ құбырлары осы ауданның солтүстігінен басталады. Металлургияның орталығы — Новокузнецк, химия өнеркәсібінікі - Кемерово.
АӨК. Ауыл шаруашылығы - астық өндіруге бағытталған.
Шығыс Сібір
Әкімшілік — территориялық бірліктері: 1 өлке (Красяояр) және 2 автонюмиялық округ. (Долған - Таймыр жөне Эвенкі), 2 облыс (Чита, оның құрамыңдағы Агинск - Бурят автономиялық округы және Иркутск облысы, оның құрамындағы Уст-Ордынск Бурят автономиялық округы) жәнс республикалардан (Бурят, Тыва, Хакас) тұрады.
ЭГЖ- Мұхиттардан (Атлант және Тынық) және елдің Еуропалық бөлігінен өте алыс қашықтықта орналаскан. Шығыс Сібір жер бетінің 3/4 астамын - таулар мен таулы қыраттар алып жатыр. Оның өзендері, елдің арзан су энергиясы мен су қорының аса ірі көзі болып саналады.
Табиғат ресурстары. Аса зор байлықтарымен көзге түседі. ТМД елдері көмір қорларының 50% шоғырланған (Тунгус, Канск-Ачинск, Таймыр, Иркут бассейндері). Түсті металл кен орындары да алуан түрлі: кешенді мыс-никель-кобальтті рудалар (Норильск ауданы), мыс (Удакан-БАМ бойында), полиметаллдар (Ангараның төменгі ағысы), қалайы, молибдсн, боксит, нефелин. Темір рудасының қорлары - Ангара аңғарында, Байқал сыртында және Краснояр өлкесінің оңтүстігінде табылған. Мұнай мен газдың ірі потенциалды қорлары бар. Ағаштың да ірі қорлары кездеседі.
Халқы - өте біркелкі орналаспаған: негізгі бөлігі орманды дала және далалы аймақтардағы қазан шұңқырларда, Транссібір магистралы трассасының бойында мекендейді. Қала халқы басым (72%). Тұрғындардың 80 % - орыстар. Жергілікті, байырғы халықтар — буряттар, тывалықтар, хакастар, тофалар, эвенкийлер, долғандар. Еңбек ресурстары - бұл регионның проблемасы.
Экономикасы. өндіруші өндірісі мен ОЭК, эдектроэнергетикасын және соның негізінде түсті металлургия және химия өнеркәсібінің энергияны көп қажет ететін өндірістерін, сондай-ақ ағаш өнеркәсібін қамтиды.
Орталықтары: алюминий өндірісінікі - Братск, Красноярск, Саяногорск, Шелехов; мыс-никель - Норильск; химия өнеркәсібі - Красноярск, Ангарск, Усолье Сибирское; ағаш өңдеу жөніндегі өндірістср - Братск, Красноярск, Уст-Илимск, Байкальск.
Енисей мен Ангаранын су энергетакалық ресурстарының, көмір, ағаш және әртүрлі рудалар қорларының негізінде- ТӨК қалыптасты: 1) Братск - Усть-Илимск (2 су электростанциясы, алюминий, ағаш өңдеу өнеркәсібі, темір рудасын өндіру); 2) Иркутск-Черемховск (көмір өндіру, су электростанциялар, химия, ағаш және мәшине жасау өнеркәсібі).
Қальштасып жатқан ТӨК: 1) Саянск (Саян-Шушенск су электр стансасы, мәшине жасау, энергаяны көп тілейтін өндірістер, интенсивті ауыл шаруашылығы); 2) Канск-Ачинск (КАОЭК) -(көмірдің негізіндегі энергетика, су электр стансалар, ағаш өндеу, химия, мәпшне жасау, алюминий өнеркәсібі); 3) Төменгі Ангара (су энергетикалық, ағаш ресурстарын, түсті металл кен орындарын пайдалану).
АӨК - халықтың қажеттігін өте алмайды. Ауыл шаруашылығы: етті-сүтті, етті ірі қара мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, бұғы шаруашылығы (Енисейдің солтүстігі), астық өндіру (Минусин қазан шұңқыры, Канск-Ачинск және Байкал сырты далалары).
Даму перспективалары: I) Әскери-қорғаныс кәсіпорыңдарын конверсиялау; 2) ресурстық типтегі ТӨК-нен ғылыми - өндірістік кешендерге кошу; 3) экологиялық проблемаларды шешу, олар шағын территорияларда аса үлкен карьерлердің және электрстанциялардың шоғырлануынан туындап отыр. Мұның өзі ауыл шаруашылықты жерлерден айырылуға (су электрстансалар салуда), ауаның ластануына, қалдықтардың жинақталуына (күл), сумен жабдықтаудың қиындығына әкеліп соғуда; 4) қызмет көрсету, әсіресе рекеациялық және туристік салаларды дамыту.
Қиыр Шығыс
Әкімшілік – территориялық бірліктері: Саха (Якут) республикасы, Хабаров, Примор олкслері, Еврей автономиялық, облысы (астанасы — Биробнжан қаласы), 4 облыс (Амур, Сахалин, Магадан облысы, оның құрамындағы - Чукот автономиялық округы және Камчатка облысы, оның кұрамындағы - Коряк автономиялық округы).
ЭІЖ. Көлемі жағынан ең үлкен (Шығыс аймақ көлемінің 1/2 алып жатыр) аудан. Табиғаты және экономикалық жағдайы жағынан қарама-қарсы жәйттері мол, мәселен: а) Елдің игерілген аудандардан аса қашықтықта орналасуы; ә) Қытаймен мемлекеттік шекараның ұзын қашықтықта созылып жатуы; б) Солтүстік мұзды және Тьнық. мұхиттар суларымен шайылып жатыр; в) ауданның құрамында — Камчатка, Чукотка түбектері жәнс Сахалин мен Курилде - аралдық Сахалин облысы бар.
Халқы. Ұзак уақыт бойы нашар қоныстанған аудан болып келеді. Кеңес өкіметі жылдарында халқы 8 есе өсті, бірақ соған қарамастан еңбек ресурстарына деген қажеттілік әрдайым сезіледі. Елдегі ең жоғарғы миграциялық қарқын байқалады. Қазіргі кезде халықтың - Солтүстіктен қайтуы тән. Қала халқы басым. Аудан халқы құрамында корей және қытай ұлты диаспораларының өсуі байқалады.
Табиғат ресурстары жеткіліксіз зерттелген, ерекшелігі түсті және сирек металдар (калайы, алтын, вольфрам, полиметаддар) көп. Алмаз, көмір, мұнай, газ, су энергия ресурстары, минералды ресурстар, мүхит байлықтары, ағаш, қымбат бағалы аң терілері бар.
Экономикасы. Ауданның шаруашылық мамандануы - түсті металлургияның өндіруші өндірістері, ағаш, балық өңдеу өнеркәсібі. Табиғат және экономикалық жағдайларына қарай келесі аймақтарға бөлінеді: 1) Оңтүстігінде - Амур облысының, Примор және Хабаров өлкелерінің құнарлы жазық жерлеріндс халықтар жиі қоныстанған. Оңтүстік Якут (көмір, электроэнергетика, металлургия) және Амур (Амурдағы Комсомольск айналасында -мәшине жасау орталығы) ТӨК қалыптасуда; 2) Магадан облысында және Саха (Якутия) республикасында, Солтүстіктің қатаң табиғат жағдайлары тсрриторияны игеруді қиындатады. Негізгі көлік білігі - Лена өзені және Солтүстік Мұзды мұхит жолы; 3) Тынық мүхит жағалауындаға - Камчатка, Сахалин және Куриль аралдарын шаруашылық жағынан игеруге - әлеуметтік салалар және көліктің жеткіліксіз дамуы кедергі жасайды.
АӨК- Ауыл шаруашылығындағы астық коры - Зея-Бурея және Ханка бойы ойпаттары (астық, соя, картоп, көкөніс, ет өндіру). Қала маңындық шаруашылық - Приморьеде және ірі қалалардың жанында, бұғы шаруашылығы-солтүстікте дамығын.
Даму перспективалары: ТӨК қалыптасуы жалғастырылады, технополистер құрылады: онтүстікте-отын өнеркәсіптері, электрэнергетиканы және мәшине жасауды дамыту және әскери -қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау көздслген.
Достарыңызбен бөлісу: |