Лекция: 15 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат


Лекция № 11 Тақырыбы: Еуропалық Батыстың жас тәуелсіз мемлекеттері және



бет6/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#134736
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Лекция № 11




Тақырыбы: Еуропалық Батыстың жас тәуелсіз мемлекеттері және


Белоруссия

(1 сағат)


Жоспар:

  1. Балтық елдері. Эстония

  2. Латвия,Литва елдері

  3. Белоруссия


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1. Дүниежүзінің саяси картасы

2. ТМД елдерінің физикалық картасы

3. РФ-ның саяси картасы

4. ТМД елдерінің экономикалық аудандары карталары

5. “Страны мира” жинағы 2002 тағы басқалар



Лекция мәтіні:
Еуропалық Батыстың жалпы белгілері: 1) ЭГЖ ерекшеліктері (ТМД мен Ресейдін батыс шекараларындағы жайы) — ТМД мен Ресейді, Орталық және Батыс Еуропа елдерімен байланыстыратын көлік магистральдарының өтуіне септігін тигізеді; 2) Олардың табиғат жағдайларының ұксастығы; 3) Табиғат ресурстарының қорларынын аз болуы; 4) Халқының ерекшелігі: табиғи өсімі -төмен; байырғы ұлттар басым; территория бойынша орналасуы

біркелкі; қала халқы басым; халық шаруашылығының еңбекпен қамтылуы және еңбек ресурстарының мамандығы жоғары; 5)Шаруашылышылығының жалпы типі - өнеркәсібі басым, оның негізі тасылатын шикізат. Өнеркәсібі бүкіл өнімінің 70% береді; 6) Ауыл шаруашылығының мамандануы — сүтті, сүтті - етті ірі қара мал және құс шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және жемшөптік өсімдік шаруашылығы,



Эстония (астанасы). Пайдалы қазбаларға біршама бай: жаңғыш тақтатас, фосфорит, шымтезек, құрылыс материалдар.

Халқы. Ең халқы аз мемлекет (1,6 млн. адам).

Экономикасы. Мамандану салалары: I) Мәшине жасау кешені (радиоаппараттар, электротехникалық бұйымдар, приборлар, кеме жөндеу, тақтатас өнеркәсібіне құрал-жабдықтар шығару); 2) Жеңіл өнеркәсіп (мақта-маталар): тасылатын бояуларда, мақтада, жүнде, т.б. қалыптасқан.

ОЭК және химия=ағаш__кешені: Эстонияның солтүстік-шығысында жаңғыш тақтатас өндірудің негізінде дамып келеді. Тақтатастың бір бөлігі - Эстон және Прибалтика ЖЭС жағылады, ал қалғаны газ, фенол, жанармайлар, битум алу үшін өнделеді (Кохтла - Ярве).

АӨК. Астықтың және мал азығының, ауыл шаруашылық. техникасының, тыңайтқыштың жетіспеушілігі байқалады. Етті-сүтті мал шаруашылығы (оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс және орталық аудандары),беконды шошқа шаруашылылығы бар (батыс аудандар). Тамак өнеркәсібі жергілікті шикізатта істейді, оның өнімдері - ет жөне сүттен жасалған затгар.



Балық— өнеркәсібі. Балықты өңдеуші кәсіпорындар республиканың батыс пен солтүстік - батысында.

Шаруашылығының территориялық құрылымында - Фин шығанағы жағалауын бойлаған алқап (өнеркәсіп өндірісінік 70%) ерекшеленеді


Латвия (астанасы –Рига). Балтияның шарушылығы жағынан - аса дамыған мемлекеті. Халықтың сан мөлшерінен аралық. (2,6 млн. адам) жағдайда, әрі орыс тілділердің басқаларға қарағанда үлесі көп.

Экономикасы. Мамандану салалары: 1. Мәшине жасау кешен көліктік машине жасаудан (кеме жасау, автомобиль және теміржол вагондарын жасау) тұрады, басқа жақтан тасылатын металл мен отынды пайдаланады. Қазіргі кезде радио өнеркәсібінің, прибор жасау, байланыс құралдарын шығарудың аса зор маңызы бар; 2. Химия - ағаш кешені тасылатын шикізат пен ағашты пайдаланады. Өнімдсрі - резиналар, лактар (Рига), химиялық талшық (Даугавпилс),қағаз, фанера, жиһаз; 3. Жеңіл өнеркәсіп (трикотаж, жүн, жібек, зығыр маталары).

АӨК ауыл шаруашылығының - сүт, бекон шығарудағы мамандануы переспективада өзгеріссіз қалады.

Тамақ өнеркәсібі негізгі салалары - ет, сүт және балық.

Порт шаруашылығы -Балтық елдері ішіндегі аса ірісі. Флот -танкерлерден, рефрижераторлардан, газ таситындардан тұрады. Порттары — Рига, Беитспилс.

Шаруашылығының территориялық құрылымында - орталық Латвия ерекше бөлінеді (өнеркәсіп өнімінің 80% береді).



Литва (астанасы – Вильнюс). Балтық елдері ішінде территориясын-ың көлемі және халқының саны (3.7 млн.) жағынан ең ірі мемлекеті. Басты табиғат байлықтары - емдік балшықтар көздері, минералды сулар, курортты аудандары (Друскининскай, Паланга).

Экономикасы. Шаруашылығының негізі — АӨК. Ауыл шаруашылығының мамандануы, Балтықтың басқа елдерінен айырмашылық жасамайды, бірақ өнімінің аумағы — Эстония мен Латвияны, яғни екеуін қосқандай болады.

Тамақ өнеркәсібі: сүт, май шайқау, сыр жасау, ет өндіру өндірістерінен тұрады. Жергілікгі шикізатты пайдаланады және географиясының кең тарауымен көзге түседі. Балық өнеркәсібі соғыстан кейіигі жылдары пайда болды (Клайпеда).

Мәшине жасау кешенірадиоэлектроникадан, станок жасау және ауылшаруашылық мәшинелерін жасаудан тұрады.

ОЭК. Мажейкяй каласындағы мұнай өндеу зауыты-Балтиядағы жалғыз ғана зауыт. Электрэнергиясын ЖЭС өндіреді (электрэнергиясын өндірудің 96%), сондай-ақАЭС (Игналин).

Жеңіл өнеркәсібі: мақта-мата және зығыр маталарын, трикотаж, аяқ-киім шығарады.

Шаруашылғының территориялық құрылымында оңтүстік -шығыс (Вильнюс, Каунас өнеркәсіп торабтары) айрықша белінеді.


Белоруссия (астанасы – Минск)

ЭГЖ. Ресейдің батыс шекараларында орналасқан. Белоруссия арқылы, Ресейді - Батыс және Орталық Еуропа елдерімен байланыстыратын көлік магистральдары өтеді. Ежелгі мұзданудың іздері кұрылыс салу және ауьз шаруашылығын жүргізуді қымбаттатады.

Табиғат ресурс түрлері көп емес: шымтезск, калий және ас тұздарының шаруашылық маңызы бар.

Халқы біршама біркелкі орналасқан: оның ең тығыз орналасқаны - Минск ауданында, ең азы - елдің батыс бөлігі.

Ұлттық құрамы: белорустар - 75%, орыстар - 12%, поляктар -4%, украиндықтар - 2%. Қала халқы басым, еңбек ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген.



Экономикасы. Өнеркәсібінің басты саласы - мәшине жасау (станок жасау, электронды-есептеуіш техникасы, автомобиль, трактор жасау, ауылшаруашылық мәшинелерін жасау), орталықтары — Минск, Гомель.

ОЭК. Аса ірі ЖЭС (8)-газ бен мазутта (мұнай) жүмыс істейді.

Химия – ағаш кешені. Полимерлер, химиялық талшықтар, Пластмассалар, синтетикалық смола (Могилев, Полоцк Гродно), резина, резина дөңгелектері, минерал тыңайтқыштар шығаратын__химия және мұнай - химия салалары дамыған.

Жеңіл өнеркәсіп жергілікті, сондай-ақ тасылатын шикізат ресурстарьн пайдаланады; өнімдері — зығыр (Орша), мақта-мата (Барановичи), жүн маталарын (Минск, Гродно) шығару.

АӨК.- Ел шаруашылығында - ең ірісі. Мал шаруашылығында басымы сүтті - етті ірі қара мал шаруашылығы және шошқа шаруашылығы; егіншілікте - дәнді дақылдар (егіншілік өнімінің 1/3 малазықтық дақылдар алады).

Тамақ өнеркөсібі. Негізгі мамаңдануы- ет, сүт, жеміс-көкөніс консерві салалары.

Көлік кешені: басымы темір жол көлігі.

Шаруашылығының территориялық құрылымның негізін, аса ірі қалалары - Минск, Витебск, Могилев құрайды.


Лекция №12

Тақырыбы: Еуорпалық Оңтүстік - Батыс

(1 сағат)

Жоспар:

1. Молдавия

2. Украина

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1.Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998



  1. А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004

  2. РФ-ның саяси картасы

  3. Анықтамалық атластар

  4. Географиялық атластар


Лекция мәтіні:

1.ТМД-ның Еуропалық бөлігінде орналасқан-. Молдова және Украина мемлекеттері, ТМД-ның осы макрорегионын құрайды.



Жалпы белгілері. ЭГЖ қолайлы; 1) территориясының көпшілік бөлігі - Қара теңіз бен Азов теңізі бассейніне шығады; 2) теңіз көлігі - тарамдалған теміржол желілері және труба құбырларымен толықтырылған; 3) кеме жүзетін ірі өзендерінің болуы, олардың көпшілігінің халықаралық маңызы бар.

Халқы тығыз қоныстанған (1 шаршы км-ге 100 адамға жуык) регион; жоғары маманды еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген. Қуатты АӨК қалыптасқан. Жер көлемінің негізгі бөлігін ауыл шаруашылық дақылдары алып жатыр, қуатты өнеркәсібі бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі индустриялық аудандардың бірі-Донецк-Придпепровье ауданы орналасқан, іс жүзінде ОЭК барлық салалары, мәшине жасау кешені және конструкциялық материалдар шығаратын кешен дамыған.

Экономикасының одан әрі дамуының негізгі проблемасы- су проблемасын шешуге байланысты. Регион суға өте мұқтаж болып отыр. Осыған байланысты су ресурстарын жинау және қайта бөлу үшін су шаруашылық құрылыстарын салу кең өріс алды.

Молдавия (Молдова) (астанасы-Кишинев)



Табиғат ресурстары. Негізгі байлығы: топырақ- климат ресурстары, олар жүзім, жеміс-жидек, бау-бақша шаруашылығын өркендетуге аса қолайлы.

Халқы- 4,4 млн. адам. Басымы - жергілікті молдавандар (64%), ал орыстар және украиндықтар (сәйкес 14% және 13%) - Днепрдің сол жағындағы халықтың едәуір бөлгін кұрайды, ал гагауздар-елдің оңтүстігінде басым. Халқының ең тығыз орналасқан (1 шаршы км-ге 100 адамнан астам) аймағы-Орталық тебелі жазық территориясына тән. Еңбек ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген.

АӨК. Негізгі мамандығы- тез бұзылатын, әрі еңбекті көп қажет ететін өнімдер: жемістер, көкөністер, жүзім, эфир майларын беретін дақылдар. АӨК-тің ең ірі саласы - ауыл шаруашылығы. Негізгі салалары бау-бақша, жүзім шаруашылығы.

Ауыл шаруашылық шикізаттарын өндейтін салалар (жеміс және көкөніс көнсерві, қант өнеркәсібі) - барлық республика өнеркәсібі өнімдерінін жартысынан астамын шығарады. Тамақ өнеркәсібінде, тез бұзылатын шикізаттарды алғашқы өңдейтін кәсіпорындары басым.

АӨК-қа құрал-жабдықтар шығаратын салалар (бау-бақша тракторлары, тамақ өнеркөсібіне құралдар), жергілікті қажеттіктің тек 10% ғана қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіп- электротехникалық, прибор жасау, аяқ-киім, былғары, жібек тоқыма, трикотаж және цемент өнеркәсіп салаларынан тұрады. Жаңа өндірістер: жасанды былғары, лак, бояу, түсті телевизор, т.б. құрылған.

ОЭК- электроэнергетикадан тұрады. Электрэнергиясын, Днепр өзеніндегі Дубоссар СЭС және Молдова ГРЭС-і береді.

Шаруашылығының территориялық құрылымының негізі-Орталық аудан, ондағы өнеркәсіп орталықтары: Кишинев, Бендеры, Тирасполь.



2.Украина (астанасы- Киев)

Халқының саны (52 млн. адам) және өндірілетін өнімінің көлемі жөнінен аса ірі мемлекет және жаңа шетелдік ТМД елдері ішінен Ресейден кейінгісі. Құрамында- Қырым республикасы бар.

Табиғат ресурстары.. Қолайлы орналасуы және қоры жөнінен -Донбасс көмір бассейні және Кривой Рог темір рудасы кендері ерекше көзге түседі. Керчьтің темір рудасы өндірілуде (Қырым түбегі). Марганецтің (Никополь), сынаптың, никельдің, алюминийдің, титан, мұнай, газдың ірі кен орындары бар. Ежелден химиялық шикізаттар: ас тұзы (Донбасс), құрамы әр түрлі Сиваш тұздары, калий тұзы {Карпат маңы), табиғи күкірт (Львов облысы), октас, каолин, бор кендері өндіріледі. Су ресурстары: өзендері көп, бірақ олар аз сулы (ең көп сулысы -Днепр). Сондықтан су ресурстары шамалы тапшылықта.

Халқының 75% украиндықтар және 21% орыстар құрайды. Халқы біркелкі таралмаған: батыс аудандарыңда халық тығыз қоныстанған (1шаршы км-ге 100 адамнан астам), ал Полесьеде халықтың тығыздығы біршама аз. Басымы қала халқы (68%). Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген, бірақ олар біркелкі таралмаған.

Экономикасы. Өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және көлігі аса жақсы дамыған мемлекет. Мамандануы: ОЭК, мәшине жасау кешені, конструкциялық материалдар және химиялық заттар шығаратын кешен.

ОЭК. Негізі - көмір (көмір өнеркәсібінің басты ауданы-Донбасс), сондай-ақ газ, мұнай (Кременчуг, Херсон, Одесса). Электроэнергая- СЭС, ЖЭС, АЭС өндіріледі. Чернобыль АЭС-дағы қайғылы оқиға салдарынан қәзіргі кезде көптеген АЭС салу тоқтатылған.

Конструкциялық – материалдар шығару жөніндегі кешен: қара металлургия - Донбастың кокстелетін көмірі мен Донецк, Азов бойы және Днепр бойы темір рудалары кен орындарының қолайлы үйлесімді орналасуы негізінде пайда болды. Түсті металлургия-алюминий, титан, магний шығарады.

Мәшине жасау кешені - - металлды көп қажет ететін салаларға тән металлургиялық, шахта және энергетикалық құрал-жабдықтар (Горловка), кемелер (Николаев, Херсон), тепловоздар (Луганск), жүк таситын және жеңіл автомобильдер (Кременчуг, Запорожье), автобустар (Львов). Еңбекті көп қажет ететін салалар: прибор жасау, электротехника, электроника- Украинаның батыс аудандарына тән.

Химия өнеркәсібі- жергілікті шикізаттарды: металлургияның қалдықтарын, кокс-химия, газ, көмір, тұздарды пайдаланады. Өнімдері: минерал тыңайтқыштар (Днепродзержинск, Сумы), сода, синтетикалық бояғыштар (Днепропстровск).

_ АӨК- Салаларының мамандануы: астық, техникалық дақылдар және мал шаруашылық өнімдерін өндіру. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары: астық дақылдары, жүгері, күріш, бұршақ тұқымдастар, қант қызылшасы, сондай-ақ көкөніс, бау, жүзім шаруашылықтары. Мал шаруашылығы: ірі қара мал шаруашылығы (барлық жерде), шошқа шаруашылығы (дала аймағы).

Көлік. Негізгі түрлері- теміржол, теңіз (порттары- Одесса, Херсон, Керчь). Магистральды труба кұбырлар: "Достық" мұнай құбыры, "Одақ" және "Бауырлас" газ құбырлары, Тольятти-Горловка - Одесса аммиак құбыры.
Лекция №13
Тақырыбы: Закавказье мемлекеттері

(1 сағат)



Жоспар:

1. Грузия

2.Армения

3.Әзербайжан


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

  1. Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998

  2. А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004

  3. РФ-ның саяси картасы

  4. Анықтамалық атластар

  5. Географиялық атластар


Лекция мәтіні:

1.ТМД елдері, оның ішінде Ресейдің Еуропалық бөлігінің онтүстігінде - Закавказье мемлекеттері: Грузия, Армения және Әзербайжан орналасқан.

Закавказьенің басты ерекшелігі- таулы рельеф (оның жер көлемінің 65% таулар алып жатыр). Осы территориядағы аймақтың қатты жер сілкінулерге жатуы, шаруашылықты жүргізуге қиындық туғызады.

ГРУЗИЯ (Гуржістан) (астанасы - Тбилиси)

ЭГЖ- Закавказьенің батыс және орталық бөлігін алып жатыр. Территориясының 2/3 таулы аудандардан тұрады,сондықтан шаруашылық жүргізу және кұрылыс салуға қиындық туғызады. Жер көлемінің 40% ормандар алады және табиғат қорғау рөлін атқарады. Құрамына- Абхаз, Аджар, Оңтүстік Осетин республикалары кіреді.

Пайдалы қазбалары. Таскөмір (Ткибули, Ткварчели), мұнай марганец, полиметалл рудалары бар. Су энергиясының қорлары мол.

Халқы. Көпұлтты мемлекет: грузиндер (69%), орыстар, армяңдар, әзербайжандар,абхаздықтар, - аджарлар, осетиндер. Халқы біркелкі орналаспаған. Халқьійың тығыздығының жоғары болуы - Қаратеңіз жағалауына, Колхида ойпатына, Кура өзені аңғарына тән. Халықтың табиғи өсімі төмен. Қала халқы (56%), шамалы ғана село халқынан басым. -

Экономикасы. АӨК- республика шаруашылығының негізгі буыны. Негізгісі-ауыл шаруашылығы, оның ішінде субтропикалық егіншіліктің жетекші маңызы бар: шәй плантациялары (Батыс Грузия), цитрустар, кұрма, маслин, лавр ағаштары, бидай, жүзім өсірсді және жібек шаруашылығымен айналысады. Шәй өңдейтін фабрикалар бар (Чаква, Очамчира). Қой шаруашылығы дамыған.

Өңдеуші салалар: шарап жасау, консерві және темекі өнеркәсібі. Жеңіл Өнеркәсіптің өнімдері- жүн және жібек маталары, трикотаж, аяқ киім (Тбилиси, Кутаиси, Сухуми, Батуми) өнімдері.

Мәшине жасау кешені мынандай өнімдер шығарады: а) АӨК-мен тығыз байланысты шәй жинайтын комбайндар, таулы егіншілікке, тамақ және жеңіл өнеркәсіпке қажетті мәшинелер {Кутаиси, Тбилиси, Батуми); ә) металды көп тілейтін өндірістер-электровоздар (Тбилиси), жүк автомобильдері (Кутаиси), су асты қанатты кемелер (Поти), станоктар, приборлар, электр жабдықтар (Тбилиси, Кутаиси) шығару.

Қара металлургия. Руставидағы толық циклді зауыт- тасылатын темір рудасын (Дашкесан) және көмірді (Ткварчели) пайдаланады. Ферроқорытпалар - Зестафониде шығарылады.

Химия өнеркәсібі металлургияның арқасында пайда болды. Химия комбинаты (Рустави)- азот тыңайтқыштарын, химиялық талшықтар, синтетикалық смолалар шығарады.

ОЭК- Электроэнергия, СЭС-лар (Риони, Ингури және басқа өзендерде орналасқан) мен ЖЭС- ларында өндіріледі (өзінің көмірінде және Әзербайжан газында) және Солтүстік Кавказдан тасылатын мұнай-газда істейді.

Қызмет көрсету саласы халықка қызмет көрсету косіпорындарынан, мектептер, театрлар және санаторяялық-курорттық мекемелерден тұрады.

Шаруашылығының территориялық құрылымының өзегі (ядросы) - Орталық (Тбилиси) аудан, яғни ел астанасын Рустави, Гори қалаларымен қоса.



2. Армения (Айастан) (астанасы- Ереван)

ЭГЖ. Закавказье мемлекеттерінің, әрі ТМД елдсрі ішіндегі территориясы ең шағыны, таулы аудандардың үлесі көп мемлекет (жер бетінің 90% теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан). Шаруашылығы - аңғарларда және аса биік емес тау бөктерлері мен дөңестерінде шоғырланған.

Табиға ресурстары. Мыс (Каджаран, Кафан), полиметалл (Агарак, Дастакерт), алюминий рудаларынан, алтын (Зод), құрылыс материалдары, минералды су бұлақтарынан тұрады.

Халқы Закавказъе мемлекеттерінің ішіңде халқының саны-ең аз мемлекет (3,7 млн. адам). Халқы тығыз орналасқан (1 шаршы км-ге 115 адам), әсіресе Арарат аңғарында халық өте тығыз, онда халықтың 1/2 тұрады. Ұлттық құрамы: жергілікті тұрғындар -армяндар басым (90%), орыстар, күрітер, т.б. тұрады.

Экономикасы. Шаруашылығының мамандануы конструкциялық материалдар және мәшине жасау кешендері, онда басымы- металды аз тілейтін өндірістер (прибор, станок жасау, радиотехника, электроника). Конструкциялық материалдар кешені: өнеркәсіптің мұндағы байырғы саласы түсті металлургия. Мыс (Алверди, Кафан), алюминий (Ереван) қорытылады. Молибден, қорғасын, мырыш концентранттары шығарылады. Химия өнеркөсібі - мыс өнеркәсібінің қаллығына, жсргілікті шикізатта және энергия ресурстары негізінде дамыған. Өнімдері: каучук, резина дөңгелектері, пластмассалар (Ереван, Алаверди, Раздан).

ОЭК, Энергетикалық базасы жеткіліксіз: Армян АЭС жұртшылықтың талабы бойынша жабьлған (жер сілкініс аймағы); ЖЭС істемейді, есбебі Әзербайжаннан алынатын газ және мазут қазір берілмейді; Раздан өзеніндегі СЭС-лар каскадтары салдарынан, Севан көлі өз деңгейін 19 м-ге төмендетті.

АӨК - Грузия мен Әзербайжанға қарағанда қуаттлығы аз; ел өнімінің 1/3 береді. Ауьш шаруашылығы- жүзім шаруашылығы, бау шаруашылығы, астық шаруашылығы (арпа, бидай) және қой шаруашылығынан тұрады.

Тамақ өнеркәсібі: Шарап жасау, жеміс-консерві өндірісі (Арарат аңғары).

ІПаруашылығының территориялық құрылымының негізі-мәшине жасау, тусті металлургия, химия өнеркәсібі және электрэнергиялық салалардың жетекші көсіпорыңдары шоғырланған Севан-Арарат ауданы.



3.Әзербайжан (астанасы- Баку)

ЭГЖ. Закавказьеде, жерінің көлемі және халқының саны (7,4 млн. адам) жөнінен ең үлкен мемлекеті. Оның территориясының 2/3 таулар алып жатыр, кең көлемді жазықтар да бар (Кура, Ленкорань ойиаттары). Құрамында - Нахичеванъ және Таулы Карабах республикалары бар.



Табиғат ресурстары. Мұнай және газдың (Апшерои түбегі, Каспий теңізінің жағалауы), темір рудасының (Дашкесан), алунит (Заглик) қорларының орасан зор маңызы бар.

Халқы тез өсіп келеді, өйткені табиғи өсімі өте жоғары. Халкының негізгі белігі-әзербайжаңдар (78%), орыстар, армяндар, т.б. Қала халқы (54%) шамалы ғана село халқынан артық.

Экономикасы._ Шаруашылығының мамандануы- ОЭК, химия өнсркөсібі және АӨК.

ОЭК; Әзербайжан - дүние жүзіндегі мұнай мен газ өндірудің байырғы аудандарының бірі. Қазіргі кезде мұнай өндіру біртіндеп азайып келеді.Мұнайды теңіз түбінен де өндіреді; мұнай өңдеу Бакуде шоғырланган. Электрэнергетика - мұнай, газды және Кура өзенінің су ресурстарын пайдаланады, элсктрэнергиясьн негізгі өндірушілер - ЖЭС.

Химия өнеркәсібі. Дамуы - мұнайды өндіру және өңдеумен байланысты. Мұнай өңдейтін кәсіпорындар- химиялық өнімдер шығару үшін шикізат береді: синтетикалық каучук, смолалар, резина дөңгелектері және басқалар. Орталықтары- Баку, Сумгаит.

Қара металлургия - мұнайшыларға құбыр трубалар береді (Сумгаит). Түсті металургия- жсргілікті (Алунитдаг) және тасылатын шикізаттан алюминий қорытады (Сумгаит).

Мәшине_жасау кешені. Салалардың мамандануы- ОЭК

қажеттіліктерімен анықталады. Мүнай және газ құрал-жабдықтары: бұрғылау мұнаралары, жүзетін бұрғылау қондырғылары мен насостар, т.б. бұрғы құралдары шығарылады. Ғылымды қажет ететін өндірістер: прибор жасау, электр және радиотехника дамып келеді (Баку, Гянжа).



АӨК. Дамуы- суландырумен байланысты (егістік жердін, 60% суландырылады). Бидай, күріш, мал азықтық жәнс техникалық дақылдар өсіріледі. Кура ойпатында өсірілетін мақга егістігінің зор маңызы бар. Үлкен және Кіші Кавказ тауларының етегінде жүзімдіктердің 60% орналасқан. Бау, жібек, қой шаруашылықтары дамыған. Көлігі — теміржол, автомобиль, құбыр және теңіз жолдары.

Шаруашылығының территориялық құрылымыныц негізгісі-Баку - Апшерон ауданы (өнеркәсіп өнімдерінің 4/5 береді).


Лекция №14
Тақырыбы:Азиялық Оңтүстік - Шығыс елдері

(1 сағат)

Жоспар:

1. Орталық Азия мемлекеттері

2.Түрікменстан

3.Өзбекстан


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1. Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998



  1. А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004

  2. РФ-ның саяси картасы

  3. Анықтамалық атластар

  4. Географиялық атластар


Лекция мәтіні:

1. Жалпы белгілері. ТМД елдерінің оңтүстік бөлігінде орналасқан, оның ішінде Ресей оңтүстік-шығысында Қазақстанмен және ол арқылы Орта Азия мемлекеттерімен (Тұрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан) шектеседі.

ЭГЖ. Еуразияның орталығыңда, мұхиттардан аса қашықта орналасқан. Пайдалы қазбалары: көмір (Қарағанды және Екібастұз бассейндері), мұнай (Теңіз, Ембі, Мыңбұлақ), газ (Шатлык, Газлы, Дарбаза), полиметалл рудалары (Таулы Алтай).

_Халқы. Біркелкі орналаспаған. Аса тығыз орналасқан жерлер (1 шаршы км-ге 100 адамнан) өзендер аңғарларындағы оазистерде, тау етектерінде және тауаралық қазан шұңқырларьнда, ал шөлдердің ұлан-байтақ кеңістіктерінде халық мүлдем жок; халыктың жоғарғы өсімі тән. Село халқы басым (55%). Миллионер қалалар; Ташкент, Алматы.

Экономикасы. Шаруашылығының негізі - АӨК, онда ауыл шаруашылығының басты маңызы бар. Мамандануы: а) егіншілік-мақта, күріш, жемістер, көкөністер; о) мал шаруашылығы- қой шаруашылығы. Егіншілік, суармалы және тәлімі жүргізіледі. Барлык егіс көлемінің 3/4 алып жатқан суармалы жерлерде-мақта, күріш, бақша дақылдары, қант кызылшасы, кендір-кенеп, бидай өсіреді. Тәлімі жерлердс- бидай, арпа. Мал шаруашылығы егінге едәуір орын береді. Жазық шөлдерде – қаракөл қойлары және түйелер бағылады, ал таулы жайылымдарда- ірі қара мал, биязы жүнді және ет- май беретін қойлар өсіріледі.

Өнеркәсібі. Тез қарқынмен дамыған өңдіруіпі өнеркәсіп салалары, ал өңдеуші өнеркәсіп қалыптасу сатысында болып отыр. Негізгі кешендер-мәшине жасау және конструкциялық материалдар шығару. Көлік кешені-көліктің барлық түрлерін қамтиды, бірақ негізгісі- теміржол көлігі.

Қазақстан Республикасы Еліміздегі қазіргі мектеп географиясынын негізгі курсы болып табылатын -"Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық географиясы", дербес пән (ТМД-дағы Азиялық оңтүстік-шығыстың, территориясының көлемі және экономикасының күш-қуат мөлшері жөнінен ең ірі мемлекеті) ретінде егемеңдігімізге орай біз оны бұл оқу кұралында қарастырмаймыз.

2.Түркменстан (астанасы- Ашхабат)



ЭГЖ. Орта Азияның жер көлемі жөнінен ең үлкені (территориясьның 40% алып жатыр) және ең өнеркәсіпті мемлекеті. Жер бетінің көпшілік бөлігін Қарақүм шөлі алып жатқан - ойпатты жазық, оңтүстік және оңтүстік- батысында-Копетдаг және Паропамиза таулары орналасқан. Территориясының 90% шөлдер алып жатыр. Тұщы сумен ең төменгі дәрежеде қамтамасыз етілген.

Пайдалы қазбалары: газ, табиғи күкірт, калий және глаубер тұздары (мирабилит).

Халқы біркелкі таралмаған; халқы негізінен Амудария, Теджен, Мургаб аңғарында, сондай-ақ Қарақұм каналы және Түрікменбашы - Чарджоу теміржол бойында орналасқан. Ұлттық құрамы: түрікмендер- 68%, орыстар- 13%, өзбектер- 8%, қазақтар- 4%.

Экономикасы. Өзбекстанға қарағанда АӨК аса қуатты емес. Егістік, жер тсрриториясының 1% жуығын алып жатыр.

Егіншілік шаруашылығы: мақтаның аса қымбатты ұзын талшықты сорттарын, жүзім, бақша, дәнді дақылдар, күріш, көкөніс өсіріледі, жазираларында (оазистсрде) жібек шаруашылығы бар. Мал шаруашылығынан - жайылымды қой шаруашлығы, түйе шаруашылығы.



ОЭК. ЖЭС және электр энергетикасы қарқынды түрде дамуда.

Химия_өнеркәсібі- минерал тыңайтқыштар (Чарджоу қаласында суперфосфат зауыты), йод, күкірт қышқылы, глаубер тұзын өндіруден тұрады (Қара Бұғаз-Гол).

Көлік кешені.. Жүк тасымалының негіагі бөлігін теміржол көлігі атқарады. Түрікменбашы (Красноводск) порты- бұрын Орга Азиялық "теңіз қақпасы" рөлін атқарған болатын.

Шаруашылықтың территориялық құрылымында- Копетдаг тау етегі бөлігі ерекшеленеді.


Лекция №15

Тақырыбы: Азиялық Оңтүстік - Шығыс елдері ( жалғасы)

(1сағат)


Жоспар:

1.Өзбекстан

2.Тәжікстан

3.Қырғызыстан Республикасы




Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1.Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998



  1. А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004

  2. РФ-ның саяси картасы

  3. Анықтамалық атластар

  4. Географиялық атластар

Лекция мәтіні:

1.Өзбекстан ( астанасы – Ташкент)

Орта Азияның шаруашылығы аса дамыған мемлекеті. Мұнда Орта Азияның ең көне, әрі ірі қалаларының көпшілігі және суармалы жерлердің 2/3 астамы шоғырланған. Құрамына-Қарақалпақстан Рсспубликасы (астанасы- Нүкіс) кіреді. _

Пайдалы қазбалары: газ (Газли), мұнай {Ферғана аңғары), мыс, полиметалл рудалары, алтын.

Халқы. Ірі - Ферғана, Ташкент, Самарқанд оазистерінде мекендейді. Мұнда халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 100 адамнаң асады, ал Қызылкұмда тұрақты халық жоқ. Ұлттық құрамы: өзбектер- 69%, орыстар 11%, қазақтар- 4%, татарлар- 4%, қарақалпақтар.

Экономикасы- АӨК басты саласы- мақта шаруашылығы. Дара бір дақылдық шаруашылық қалыптасқан, өйткені мақга-оазистердің суармалы жерлеріндегі негізгі дақыл. Қазір ауыл шаруашылық дақылдары егістігінің құрылымы өзгеруде. Мал шаруашылығының негізі - қаракөл елтірілерін және жібек кокондарьн алу.

Мамаңдануының маңызды салалары - газ және мұнай өнеркөсібі, түсті металургия.



Түсті металлургия - мыс және полиметалл рудаларын өндіру және өңдеуден (басты орталығы - Алмалық) тұрады. Алтын өндіру Мұрынтауда жүргізіледі.

Химия өнеркәсібі._ Табиғи газдан - азот (Шыршық, Ферғана, Навои), ал Қазақстан фосфориттерінен (Самаркавд)- фосфат тыңайтқыштарын өндіру жолға қойылған.

Көлік кешені: теміржол көлігі басьм, автомобиль, құбыр жолы.

Шаруашылығының территориялық құрылымының басты элементтері - Ташкент және Ферғана оазистер.



2. Тәжікстан (астанасы – Душанбе)

ЭГЖ. Памир-Алай тау жүйесінің шектерінде және соған жапсарлас Ферғана аңғары бөліктерінде орналасқан. Республика территориясының жартысы теңіз деңгейінен 3000 м аса биікте жатыр. Құрамыңда- Таулы Бадахшан автономиясы бар.

Табиғат ресурстары.Республика шаруашылығы үшін-су " ресурстарының (әсіресе Вахш өзені) орасан зор маңызы бар.

Халқы. Халықтың негізгі бөлігі тауаралық- Бахш, Гиссар аңғарларында тұрады. Памирдің биік таулы аудандарында халық сирек. Ұлттық құрамы: тәжіктер-59%, өзбектер- 23%, орыстар-10%, қырғыздар, қазақтар және памирдің аз санды ұлттары.

Экономикасы. АӨК- шаруашылығының негізі. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы- егіншілік. Өзіне тән ерекшелігі- тәлімі жер үлесінің көптігі. Егістерде ұзын талшықты мақта басым (Вахш аңғары). Суармалы егіншілікпен- жібек шаруашылығы, бау, жүзім шаруашылығы (Ферғана аңғары) байланысты және эфир майлы дақылдар (Гиссар аңғары) өсіріледі. Дәнді дақылдар егістіктің 1/2 алып жатыр, бірақ республика өзін астықпен қамтамасыз ете алмайды. Мал шаруашылығы: Гиссар қойлары (Гиссар тау қыратының аңғарлары және тау жайылымдары), қаракөл қойлары мен түйелер өсіреді (шөлейттер). Шығыс Памирде- қойлар, қодастар бағылады.

Ауыл шаруашыпық өнімдерін өңдейтін және АӨК қызмет керсететін салалар нашар дамыған.



ОЭК. Вахш өзенінде Нүрек қаласына жақын Орта Азиядан аса ірі, қуаттылығы 2,7 млн. квт. Нүрек СЭС салынған және Рогун СЭС салынып жатыр.

Металургиялық кешен. Алюминий өндіру {Турсунзаде) жөне электрхимиясы (Яван) дамып келеді.

Көлік кешені. Көліктің басты түрі- автомобиль көлігі, ал теміржолы аса ұзын емес.Отын-энергетика және металлургия кешендерінің перспективалары бар.

Шаруашыылығының территориялық құрамының негізі-Онтүстік-батыс Тәжікстан.



3. Қырғыз Республикасы (астанасы- Бішкек)

ЭГЖ- Территориясының 1/3 теңіз деңгейінен 3000 м астам биіктікте орналасқан. Соған қарамастан жер көлемінің 60% жуығы, ауыл шаруашылығына қолайлы.

Халқы біркелкі орналаспаған: аса тығыз орналасқаны- Бішкек ауданы, Ыстықкөл қазан шұңқыры және Ферғана аңғары. Ұлтгық құрамы: қырғыздар- 56%, орыстар- 20%, өзбектер- 12%, қазақтар, дұңған, үйғырлар.

Табағат ресурстары.Сынап, сурьма (Алай тау жотасының сілемдері), полиметалл рудалары. Көмір, су және рекреациялық ресурстары. Экономикасы. Маманданған салалары: АӨК, түсті металлургия, мәшине жасау. Курорт шаруашылығы (Ыстықкөл маңында) қалыптасуда.



АӨК- шаруашылығының негізі. Ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығының жетекші маңызы бар: биязы жүнді қой шаруашылығы, ірі қара мал шаруашылығы мен жылқы шаруашылығы. Егіншіліктің негізі- қант қызылшасы, талшықты дақылдар, темекі және дәрі-дөрмектік мак. Бидай мен арпа, тәлімі және суармалы жерлерде өсіріледі. Астық жинаудан - Орта Азияда Өзбекстаннан кейінгі орында, бірақ одан өзгешелігі өзін толық астықпен қамтамасыз етеді. Бау және жүзім шаруашылығы - Шу және Ферғана аңғарларында дамыған. Тамақ өнеркәсібінің басты салалары: ет, май, сыр жасау, өсімдік майларын алу.

Мәшине жасау кешені (орталығы - Бішкек). Өнімдері: металл кесетін станоктар, автоматтық линиядар, ауыл шаруашылық мөшинелер, электр насостар, бақылау- өлшеуіш приборлар.

Түсті металлургия. Сурьма металын шығаратын комбинат және сынап зауыты бар. Алтын, калайы және қорғасыны бар рудалар өндіріледі.

_ОЭК.Электрэнергетикасы:СЭС(Тоқтағүл, Құлыпсай), Қазақстаннан тасыла-тын және жергілікті көмірде істсйтін- ЖЭС.

Көлік кешені. Негізінен автомобиль көлігінен тұрады. Бішкек және Ош. қалаларының аралығында автомобилъ жолын салуға байланысты айналмалы автомобиль жолы (сақина) пайда бодды. Теміржолы қысқа, әрі тұйық. Кұбыр транспорты.онын солтүстігімен өтеді. Мұнда Газли кенішінен (Өзбекстан) Алматыға газ құбыры тартылған.

Шаруашылығының территориялық құрылымының негізі-Қырғызстанның Солтүстігі.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі



«Сырдария» университеті


«Гуманитарлық білім» факулътеті

География және қоғамдық пәндер”кафедрасы

«ТМД-ның экономикалық-әлеуметтік географиясы» пәні бойынша
050116 «География» мамандықтарының студенттері үшін
Студенттің Семинар жоспары

ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ

Жетісай – 2008ж.


«ТМД-ның экономикалық және әлеуметтік географиясы»
Семинар сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
050116- «География» мамандығы, 3 – курс, VІ – семестр. 15 сағат



Тақырыбы және жоспары





Сағат

саны

Өткізілетін

уақыты

Ұпай саны


Гео-16

1

2


3

4

5

1 тарау. ТМД-ы елдеріне жалпы экономикалық-географиялық сипаттама

1

ТМД елдерінің геосаяси және экономикалық жағдайы

1.ТМД-ның экономикалық аймақтарын картада кескіндеу

2. ТМД-ның саяси-әкімшілік құрылысын картада кескіндеу


1





2,0


балл



2 тарау. ТМД елдерінің құрамындағы басты ірі аймақтар мен мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік географиясы

2

ТМД-ы елдерінің және Ресейдің табиғат жағдайы, табиғи ресурс-тары мен халықтары

1.ТМД-ның табиғат картасымен жұмыс істеу

2.ТМД-ы және Ресей халықтарын картада кескіндеу


1




2.0 балл



3

ТМД-ы елдерінің шаруашылығы

1.Ресейдің егін шаруашылығын картада кескіндеу

2. Ресейдің мал шаруашылығын картада кескіндеу


1




2.0


балл


4

ТМД-ы елдерінің өнеркәсіптері

1.Ресейдің отын өнеркәсіптерін картада кескіндеу

2.Ресейдің металлургия өнеркәсіптерін картада кескіндеу


1




2,0

балл




5

ТМД-ы елдерінің өнеркәсіптері

1.Машина өнеркәсіптерін картада кескіндеу

2. Химия, ағаш өнеркәсіптерін картада кескіндеу


1




2,0

балл




6

ТМД-ы және Ресейдің агроөнер-кәсіп, инфроқұрылым кешендері және байланыс тораптары

1.Қызмет көрсету салалары

2. Байланыс тораптары


1




2,5

балл




7

Ресейдің көліктерінің түрлері

1.Темір жол көліктерін картада кескіндеу

2. Автомобиль көліктерін картада кескіндеу


1




2,5

балл




І.Аралық бақылау 15.0 балл

8

Ресейдің экономикалық аудандары

1.Оңтүстік экономикалық аудандарын картада кескіндеу

2. Шығыс, Батыс макрорегион экономикалық аудандарын картада кескіндеу

3. Заквказье, Азиялық Оңтүстік-Шығыс елдерін картада кескіндеу



1




2,0

балл




9

Ресейдің оңтүстік экономикалық аудандары

Еуропаның оңтүстігіндегі Ресей аумақтарын картада кескіндеу

2. Орал, Повольже аумақтарын картада кескіндеу








2,0

балл


10

Шығыс макрорегион экономикалық аудандары

1. Батыс Сібір ауданын картада кескіндеу

2.Шығыс Сібір ауданын картада кескіндеу

3.Қиыр Шығыс ауданын картада кескіндеу



1




2,0

балл




11

Европалық Батыстың мемлекеттері


1.Балтық бойы елдерін картада кескіндеу

2.Белоруссия елін картада кескіндеу




1




2,0

балл




12

Оңтүстік-Батыс Еуропа елдері

1. Молдавия елдерін картада кескіндеу

2. Украина елдерін картада кескіндеу


1





2,0

балл




13

Закавказье мемлекеттері

1. Грузия елдерін картада кескіндеу

2.Армения елдерін картада кескіндеу

3.Әзербайжан елдерін картада кескіндеу




1




2,5

балл




14

Азиялық Оңтүстік - Шығыс елдері

1.Түрікменстан елдерін картада кескіндеу

2.Өзбекстан елдерін картада кескіндеу


1




2.5

балл




15

Азиялық Оңтүстік - Шығыс елдері

1.Тәжікстан елдерін картада кескіндеу

2.Қырғызыстан Республикасы елдерін картада кескіндеу

3.Қазақстан Республикасы елдерін картада кескіндеу



1






ІІ.Аралық бақылау 15.0 балл

Барлығы 30,0 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет