Лекция: 15 сағат Семинар: сағат СӨЖ: 15 сағат обсөЖ: 15 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат



бет2/6
Дата17.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#142453
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Оқытушы Сейдикеримова Д.


  1. Лектор: Сейдикеримова Д

“Информатика” кафедрасы, № ___ корпус, ___ кабинет

Телефон: 252

Кафедрада болу уақыты: 830-1800 дейін
Өткізу уақыты және орны




Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Сейдикеримова Дамира Серікқызы

Уақыты __________

Ауд ______________




Уақыты _______

Ауд _________



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________



3. Пәнді оқытудың мақсаты
Болашақ мұғалімдеріне бастауыш мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру барысында қажет болатын білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері.
- кіші жастағы мектеп оқушыларына инфораматиканы оқыту барысын ұйымдастырумен байланысты кәсіби білім мен біліктер қалыптастыру;

-оқушылардың информатикалық мәдениетін және алгоритмдік ойлауын қалыптастырудың барысы мен оның нәтижесін зерттеу.

Курсты оқытып-үйретудің негізгі міндетті қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі әлеуметтік сұраныссына сай бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби даярлығының сапалық деңгейін көтеру болып табылады. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың теориясы мен технологиясы психологиялық-педагогикалық пәндерді , информатиканы, сондай-ақ математиканың бастауыш курсының тоеориялық негіздерін оқып үйренгеннен кейін енгізіледі. Бұл пәнді оқытып- үйрету барысында информатика пәннің өзіндік ерекшелігін ескере отырып оның жайлы теориялық қағидаларын нақтылай түсу жүзеге асырылады. Өйткені студенттер бұған дейін компьютерлік сауаттылық негіздері информатика туралы жалпы ұғымдар электронлдық-есептеуіш машина және оның негізі құрылғылары алгоритм және оның негізгі қасиеттер алгоритмдер мен программалардың түрлері. Бейсиктің негізгі операторлары сияқты мәселелерді оқып үйренеді, сондай-ақ олар оқытуды ақпараттандыру оқу-тәрбие барысы ақпараттандырудың теориясы мен технолгиясы, ақпараттық материалды педагогикалық тәжірибеде қолдану туралы түсінік алады.

Информатиканы оқытудың теориясы мен технологияс ыпәні бастауыш мектеп педагогиксы психолгиясы, педагогикалық зерттеулердің әдістемесі информатика , математика, математиканы оқытудың теориясы мен техногиясы және тағы да басқа дербес әдістемелік пәндермен тығыз байланыста оққытып-үйретіледі.

Курсты оқып -үйренудің соңына қарай


  • Студенттердің бастауыш сыныптарда ақпараттық оқытуды ұйымдастырудың өзінедік ерекшеліктері, бастауыш сыныптардың оқу процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технолгияны пайдаланудың мүмкінедіктері туралы түсініктері қалыптасуы тиіс;

  • Информатиканы оқытудың және бастауыш сыныптардың оқу процесінде ақпараттық-комуникативтік технологияны пайдаланудың жалпы әдістемелік принциптерін білулері керек;

  • Бастауыш сыныптардың оқу процесінде программаларды пайдалана алулары тиіс.



4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Информатика

Мектеп информатикасы

2




Алгоритмдер теориясы


5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

Практика

СӨЖ

ОБСӨЖ

№1кредит

45

15




15

15

5 сем

Емтихан


6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарындастудент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.

Лабораториялық сабақтарында студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


7. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.





Лекцияның тақырыбы

Лекция

Семинар

СӨЖ

ОБСӨЖ



Лекция 1

Бастауыш сыныптарда инфораматиканы оќытудыњ теориясы мен технологиясы пєнніњ басќа пєндермен байланысы.

      1. Информатика бастауыш сыныптаѓы оќу пєні ретінде жєне оны оќып ‰йрету техникасыныњ жалпы мєселелері.

      2. Кіші жастаѓы мектеп оќушыларына информатиканы оќытудыњ маќсаты мен міндеттері.

      3. Балаларды бастауыш сыныптарда информатиканы оќытып ‰йретуге дайындау.



1






1



1




Лекция 2

Бастауыш сыныптардаѓы информатика курсыныњ базалыќ мазм±ны.

1. Информатика бастауыш сыныптарда оќытылатын басќа пєндермен байланысы.

2. Оќушылардыњ информатикадан білім, білік жєне оќушылардыњ дайындыќ дењгейіне ќойлатын талап тар.

3. Бастауыш сыныптар оќушыларын информатикадан білім, білік даѓдыларын тексеру жєне баѓалау.



1




1

1




Лекция3

Компьютер жєне балалар денсаулыѓы.

1. Кешендік жаттыѓулар.





1




1

1




Лекция 4 Аќпарат жєне информатика.

1. Ақпарат түсінгі және олардың түрлері.

2. Ақапараттың өлшем бірліктері.

3. Информатика.



1




1

1




Лекция 5 Компьютер жєне оны ќолдану.

1. Тарихи деректерден.

2. Компьютерлерді жүйелеу.

3. Дербес ЭЕМ.



1




1

1




Лекция 6 Компьютер ќ±рылѓылары.

1. Компьютерлердің негізгі құрылғылары.

2. Компьютерлердің ішкі құрылғылары.

2.Компьютерлердің сыртқы құрылғылары.




1




1

1




Лекция 7 Ж‰йелік блок және монитор.

1. Ж‰йелік блок

2. Монитор

3. Тышќанныњ ж±мыс принципі



1




1

1




Лекция 8 Пернетаќта жєне оныњ ќ±рамдас бµліктері.

1. Алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер.

2. Функционалдық пернелер.

3. Әр түрлі қызмет атқаратын пернелер.

4. Түзету үшін қолданылатын басқару пернелері

5. Бағыттауыш тілсызық пернелер




1




1

1




Лекция 9 Баспаѓа шыѓару ќ±рылѓылары

1. Принтерлер.

2. Принтердің түрлері .

3. Плоттерлер.




1




1

1




Лекция 10 PAINT – графикалыќ редакторы.

1. Графикалық редактор

2. Программа терезесі

3. Редактордың құрал саймандары




1




1

1




Лекция 11 PAINT – графикалыќ редакторы

1.Тік төртбұрыш және оның түрлері

2.Аймақтардың ішін бояу.

3. Мәтінді енгізу.


1




1

1




Лекция 12 PAINT – графикалыќ редакторы

1.Шеңбер және қисық сызу.

2.Фрагменттермен жұмыс істеу.

3.Суретті принтерде басып шығару



1




1

1




Лекция 13 Windows жүйесінің стандартты программалары

1. Мєтіндік редактор – WORD PAD.

2. Блокнот, Күнтізбе, Калькулятор

3. Басқа да программалар туралы қысқаша мағлұматтар



1




1

1




Лекция 14 Алгоритм

1. Алгоритм анықтамасы.

2. Алгоритм қасиеттері.

3. Алгоритмге мысалдар




1




1

1




Лекция 15 Алгоритмніњ жазылу тєсілдері

1. Алгоритмдік тіл.



2. Сызыќтыќ алгоритм

3. Тармақталу ,таңдау, қайталану

алгоритм дері

1




1

1




Барлығы

15




15

15


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Физика және Математика» факультеті


«Информатика» кафедрасы

“Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы”

пәні бойынша
050102- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

мамандығының студенттері үшін



Лекцияның Қысқаша курсы

Жетісай – 2007 ж



9. Лекция сабақтары

I-лекция.
Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәнінің басқа оқу пәндерімен байланысы.

(1 сағат)
Жоспары:

  1. Информатика бастауыш сыныптаѓы оќу пєні ретнде жєне он оќып ‰йрету техрикасыныњ жалпы мєселелері.

  2. Кіші жастаѓы мектеп оќушылырына информатиканы оќытудыњ маќсаты мен міндеттері.

  3. Балаларды бастауыш сыныптарда информатиканы оќытып ‰йретуге дайындау.


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

Информатика негіздері журналы
Лекцияның мәтіні:
Ќазаќстан Республикасыныњ 2015-жылѓа дейінгі білім берудегі дамыту т±жырымдамасыныњ жобасыныњ “ Білім беру мазм±ны мен денгейлері” деп. аталатын 4-тараудыњ 4.3.1 тармаѓында: Білім беру мазм±нында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оќыту мен тєрбиелердіњ негізгі баѓыттары кµрсетіліп белгіленген. Сондыќтан заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алѓашќы дайындыќ курсы ретінде ендірудіњ ќажеттілігі б‰гінгі к‰нгі педагогіка саласындаѓы ілгері тыњ мєселелердіњ бірі болып отыр. Орта мектепте информатиканы жеке пєн ретінде оќытуы кµптеген педагогикалыќ ізденістер мен ѓылыми-єдістемелік енбектердіњ туындалуыныњ жандана т‰суіне алып келді. Отандыќ ѓалымдарымыз Е. Бидайбеков пен Ж.Сардаров жєне Ѓ.Абдулкаримованыњ зерттеу ж±мыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерін пайдаланудыњ теориялыќ негізі бола алады. Алайда б±л зерттелген ж±мыстарда бастауыш мектепте информатика элементтерін оќыту негізінде пєнаралыќ байланысты ж‰зеге асару жµніндегі мєселелер жекткілікті дєрежеде зерттелген жоќ. Бастауыш мектеп оќушыларына информатиканыњ алѓашќы т‰сінктері мен ±ѓымдарын беру, сонымен ќатар басќа пєндерді оќып ‰йренуде пєн аралыќ байланысты ж‰зеге асыру арќылы ќажет болатын біліммен , іскерлікпен даѓдымен ќаруланудыњ єне жастарды аќпараттыќ ќоѓамда ќызмет етуге дайындалу. Бастауыш мектепте информатика элементтерін оќыту негізінде пєнаралыќ байланысты ж‰зеге асыруды теориялыќ психологиялыќ жєне педагогикалыќ жаѓынан негіздеуді ќажет етеді. Б‰гінгі тањда инфоматика элементтерін пєнаралыќ байланыс негізінде бастауыш ектепте оќытудыњ ќажеттілігімен он оќу ‰рдісінде ж‰ргізуге тиімді оќу-єдістемелік ќ±ралдардыњ, оќыту баѓдарламаларыныњ жеткілікті дєрежеде болмауыныњ арасында ќарама-ќайылыќ бар. Бастауыш мектепте информатика элеметтерін пєнаралыќ байланыстар негізінде оќыту єдістемесін жасау. Бастауыш сыныпта інформатика элементін оќыту єдістерін жасау.

Оќыту єдістері дегеніміз - б±л оќыту міндеттерін шешуге баѓытталѓан м±ѓалім мен оќушылардыњ біріккен іс-єрекеттерініњ ж‰зеге асу тєсілдері.

Оќыту єдістерімізге ќолданылатын негізгі техникалыќ ќ±рал- компьютерлік техника болып табылады.

Информатка пєнін оќытуды тµмендегі сыныптарѓа кµшіруде тµменгі факторлар негізге алынады:


  • кіші жастан балалардыњ аќпараттыќ ойлау ќабілетін дамыту ‰шін информатика пєнін пєн ретінде енгізу;

  • кіші жастаѓы балаларды аќпараттыќ мєдениетін ќалыптастыру барысында оларда єлемдік аќпараттыќ білімдік кењістікке даярлау.

Аталѓан фактор негізінде информатканы тµмендегі сыныптарда оќытудыњ маќсаты аныќталады. Маќсат: білім беру ж‰йесін аќпараттандыру жаѓдайында оќушылардыњ аќпараттыќ єлемдік бейнесін ќалыптастыру. Осы маќсаттан келесі міндеттер туындайды;

  • тµменгі сыныптарда (2-6 сыныптарда) информатка пєнін оќытудыњ т±жырымдамасыныњ негізін аныќтау.

  • Тµменгі сыныптарда інформатика пєнін оќытудыњ мазм±нын айќындау.

  • Інформатика пєнін оќытуда оќу-єдістемелік , программалыќ ќ±ралдарын жасаќтау;

  • Інформатика пєнін оќыту нєтижелерін аныќтау сыныптарын тањдау;

Б±л міндеттер арќылы тµмендегідей мазм±ннныњ ќ±рылысы аныќталады:

  • 2-4 сыныптар ‰шін оќушылардыњ логикалыќ танымдыќ жєне алгебралыќ ойлау ќабілетін дамыту маќсатында апарат, компьютер, алгоритм жєне аќпараттыќ техникалар дамытушы компьютерлік ойындар мен алгоритм атќарушылары ортассында ќарастырылады;

  • 5-6 сыныптар ‰шін оќушылардыњ логикалыќ, ќ±рылымдыќ, шыѓармашылыќ жєн алгоритмдік ойлау ќабілетін дамыту маќсатында компьютерлік апарат, алгоритмдеу жєне аќпараттыќ техникаларды ќолдану, ќолдабалы программалыќ ќ±ралдар мен алгоритм атќарушылары жєн стандартты программалады ќолдану арќылы ќарастырылады.

Ќазіргі кездегі орта білім беру ж‰йесіндегі информатиканыњ рµлініњ артуы б±л пєн арќылы оќушылар аќпараттыќ мєдениетініњ негізі болып саналатын комуникация мне т‰сініктердіњ, ойлаудыњ математикалыќ негіздерін менгереді.

2-6 сыныптарѓа арналѓан информатика пєнін оќытудыњ оќу баѓдарламасы бастапќы жалпы білім беру мектептеріне арналѓан;

Курстыњ басты маќсаты - аќпараттыќ єлем туралы т‰сінік ќалыптастыру, компьютерлік ќызметін ќ±рал ретінде сарамандыќ менгеру , есеп шыѓару, алгоритмдік ыќпалды дамыту.

1.Теориялыќ бµлім –м±нда апарат жєне аќпараттыќ ‰рдістер ±ѓымы ќарастырылады.

2.Дамытушы бµлім – курс барысында прграммалау тілне тіліне кіріспе оќылады. Нєтижеде алгоритм оларды тарату мен орындау єдістері туралы ±ѓым ќалып тасады.

3.Сарамалдыќ бµлім – б±л бµлімде компьютерлердіњ ємбебап аќпараттыќ машина екендігі туралы т‰сінік ќалыптасады. ЭЕМ єрт‰рлі маќсатта Алдану ќарастырылады жєне балалар машинасымен ќарым-ќатынас жасау даѓдысын ‰йренеді.Жалпы білім беруде информатика саласын мектепте оќытудыњ негізі тµмнгі маќсаттары туындайды;

- оќушылырѓа алг ±ѓымын т‰сіндіру, алг жазылу т‰рлерін негізгі басќару ќ±ралдары туралы білім менгеру;

-оќушылар оќу процесінде компьютер техникасымен ж±мыс істеу ќабілеттерін ќалып тастырады.

-ќолданбалы жењіл баѓдарламалармен ж±мыс жасау м‰мкіндігін жетілдіру;

Баѓдарламаныњ міндеттеері:

- ѓылымныњ негізгі ќарапайым ‰ш ±ѓымыныњ (зат, энергия жєне апарат) бірі болып есептелінетін ќазіргі тањда єлем бейнесін ќ±райтын, аќпара т ±ѓымын ќалыптастыру.

-ќоршаѓан ортаны жања –аќпараттыќ т±рѓыдан зерттеу кµзќарасын ќалыптастыратын аќпараттыќ ‰рдістерді табиѓат, ќоѓам, техника аймаќтарында ќалып тастыру;



- аќпараттыќ ќ±ралдарды, аќпараттыќ техникалар санасында білім, білік жєне даѓдыларды ќалыптастыру жєне дамыту;

ІІ- лекция.
Бастауыш сыныптардағы информатика курсының базалық мазмұны.
(1 сағат)
Жоспары:


  1. Информатиканың бастауыш сыныптарда оқытылатын басқа пәндермен байланысы.

  2. Оқушылардың информатикдан білім, білік және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

  3. Бастауыш сыныптар оқушыларын информатикадан білім, білік дағдыларын тексеру және бағалау.


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы


Лекцияның мәтіні:
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланысы негізінде оқыту әдістемесін теориялық , психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеу мен тәжірбиелік эксперимент жүргізу барысында келесі нәтижелер алынады:

  • бастауыш мектепте нформатика элементтерін пәнаралық байланыс неігзінде оқытудың мазмұнын анықталады;

  • бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, оқу-әдістемлік және бағдарламалық құралдары жасалды;

  • бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесі жасалып ұсынылады және оның практикада қолдану тиімділігі тәжірибе жүзінде тексеріледі. Бастауыш сыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды жүзеге асыру, оқушылардың информатика элементтерін оқып үйрену бойынша алған алғашқы білімдерін, іскеліктері мен дағдыларын қалыпттасытыруға және олардың сауат ашу ,әліппе , ана тілі , қазақ тілі , математика мен бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерін нақтылап бекітуге мүмкіндіктер туғызады. Келешекте информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқытуды орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады.


Курстың мазмұны және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.


«Ақпараттық бейнелеу» мазмұндық желісі бойынша

Оқушылар нені білу керек;

Оқушылар нені үйрену керек;

-ақпарат дегеніміз не, оларды өңдеудің түрлері мен тәсілдері;

-тілдің, кодтың және ақпарттың кодтаудың қызыметі;

-ақпарат салымының негізгі бірліктері;

-адамның ақпаратпен жұмыс істеу барысындағы техникалық құралдардың ролі;

-ақпарат сақтаудың қызыметі;

-ақпарат қорғаудың құралдарының негізін;



-жанды табиғаттағы , техникадағы адам қызыметі мен қоғамдағы;

-ақпарат жеткізуге , сақтауға жәнен өңдеуге мысал келтіру.

-қандай болмасын мәтіндегі ақпарат көлемін анықтауды , ақпарат сақтауға мысал келтіру.


«Компьютерлердің мазмұндық желісі»

-қазіргі замандағы дербес компьютерлердің құрылғылары;

-компьютерлердің құрылғыларының негізгі сипаттамалары;

-компьютерлердің жұмыс істеу принципі;

-ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары;

-мәтіндік ақпараттармен жұмыс істеу принциптерін;

-графиктік ақпаратттармен жұмыс істеу принциптері;



-компьютердің пернесімен еркін жұмыс істеуді;


-компьютердегі жеңіл қолдану программмасын жұмыс істеуді;

-түрлі-түсті 16 түсті палитралы қолдануды;


-компьютерде мейлінше мәтіндерді тез жинақтауды;


«Алгоритмдеу» мазмұндық желісі бойынша

-алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттерін;

-атқарушының командалар жүйесі ұғымын;

-негіздік алгоритмдік құрылымыды;

-алгоритмнің әртүрлі жазылу тәсілдерін;


-алгоритмнің жазылу ережелерін;

-алгоритм ұғымы және оның қасиетттеріне нақты мысал арқылы көрсету;


-нақты мәселені шешу үшін атқарушыны қолдана білу мүмкіндігін анықтауды;

-әртүрлі тәсілдермен алгоритм құруды, теруді, түзетуді және жұмысқа қосуды;


Оқушылардың білімін курстың жеке бөлімдерін яғни әрбір жаңа тақырыпты өткен сайын бақылау және тест жұмыстары арқылы бағалағаны жөн. Бақылау және тест жұмыстары оқушылардың білімнің мөлшерін тез де сапалы бағалауға мүмкіндік береді. Бақылау жұмысы арқылы алған теориялықө білімді де, дамытушы білімді де, жеткілікті тексеруге болады. Бұл тексеру жұмыстарының сұрақтарын оқулықтар мен ғылыми –жалпылық материалдарды пайдалана отырып мұғалімдер өздері құрастырады. Бақылау жұмыстары мен қатар бастауыш сынып оқушылардың білімін бағалауда семинарлар мен конфенренцияларды да қолдануға болады.


ІІІ- лекция.

Компьютер және балалар денсаулығы.

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Кешенді жаттығулар.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы


Лекцияның мәтіні:
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамы эксперттерінің мәліметі бойынша , компьютерде жұмыс істейтін ересек адамдардың 92% жұмыс соңында шаршайтындарын және өздерін ойдағыдай сезінбейтіндерін айтады екен. Осындай жағдайлардың кейіннен келеңсіз жағдайларға душар ететіні белгілі болып отыр. Көбінесе көзге зақым келеді екен: бірнеше сағат компьютер алдында жұмыс істеген адамның көзі қызғандай болып оған құм түскен секілді күйге түсіп , қабағы ауыра бастайтын сияқты.

Компьютерде аз уақыт 1-2 сағаттан аспайтын жұмыс істегеннің өзінде жасөспірімдердің 73%-ының көзі және жалпы өзі шаршайтыны белгілі болып отыр, ал басқа сабақтарда балалардың 54%-ы ғана шаршайлы екен. Компьютерге қызығып эмоционалдық деңгейі көтерілген оқушы шаршағанын байқамай ары қарай жұмыс істей береді.

Қазіргі кезде компьютер алдында кішкентайларда отырады. Егер олар мұғалімнің бақылауында болса оларды көп отырғызбайды. Ал үйде оларды онша ешкім де бақылаймайды. Соның нәтижесінде кешкілік бала қызып, ашуланшақ болып оңай айтқанға көнбестей күйге келеді. Ол ұйықтағанда да , жиі оянып ата-анасын мазалай береді. Олар осының бәрі компьютерге байланысты екенін білгенде таң қалады.

Ата-аналар алдымен компьютердің зиянды сәулелері жайлы ойлайды. Компьютердің рентгендік сәулелерін өлшегенде олардың жер бетіндегі табиғи сәуледен аспайтыны белгілі болды. Сапалы компьютердің электромагниттік сәулелері де қалыптан аспайды. Бірақ сапасыз жасалған компьютердің бүйір және артқы қабырғаларынан шығатын төменгі жиліктегі электромагниттік сәулелер деңгейі қалыптан асуы мүмкін емес. Жұмыс істейтін компьютер орналасқан бөлмедегі ауаның физикалық параметрлері өзгереді: температура 26-27 градусқа дейін көтеріліп ауа ылғалдығы да қалыптан төмен түсіп кетеді, яғни 40-60% және көміртегі тотығының да мөлшері көбейеді. Оған қоса ауа иондалады, оң (ауыр) иондар саны артып олар адамның жұмыс қабілетіне кері әсер етеді. Ауа түйіршіктеріне қонған иондар адамның дем алу органдарына барады. Кейбір адамдар, оның ішінде балалар бірінші кезекте, ауа құрамының осындай өзгерістеріне өте сезімтал келеді де, олардың жалпы халі нашарлайды, тамақтары жыбырлап жөтеле бастайды.

Бұдан да басқа......

Біз ойға алмайтын бұдан өзге де келеңсіз факторлар бар. Мысалы 5-6 жастағы бала организмі жаңа дамып келеді емес пе!

Оның сүйек жүйесі дамиды, саусақтары жаңа өсіп келеді. Көздің қалыптағы көру рефракциясы қалыптасады , баланың аккомодациялық көру жүйесі жұмыс істейді , бірақ оны шектен тыс шаршату зиян тигізуі мүмкін. Міне осындай себептермен бастауыш сынптағы балалардың компьютер алдында отыру ұзақтығы қадағалануы тиіс.

Компьютермен қатынасу барысында балаларға бірте-бірте күрделенетін логикалық есептер шығару керек болады. Ол үшін балалардың әжептеуір дамыған абстракты ойлау қабілеті болуы тиіс, салыстыра талдай білуі керек, аз уақыт ішінде өз білімдерін көрсете білуі керек. Бұлардың барлығы біршама ойлау жүйесі мен көру органдарына күш түсіреді, өйткені экранға жақын отырып майда әріптерді, цифрларды оқуға, ойлануғатура келеді. Экраннан пернетақтаға көзін алмастыра қарау барысында бала көзіннің аккомодациялық жүйесін өзгертіп отырады. Осылардың бәрі көз бұлшық еттеріне күш түсіреді, оның үстіне экранның жарықтық тербелістері де оған әсер етеді.

Сонымен компьютермен жұмыс істегенде көздің қызметі басқа жұмыстардан-оқу, теледидар көруден де ауыр болады. Оған организмге статистикалық күш түсіретін және қимылды азайтатын олардың тұрақты отырып істеуін қоссақ , өскелең балаға оның дамуын тежейтін біраз қиындық туындайтыны белгілі шығар.

Және де... тағы бір фактор –нервтік –эмоциональдық жүйеге күш түсуі. Компьютермен қатынасу кезінде, әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді, өйткені жылдам жауап беріп тез қимылдауды талап етеді. Нервтік жүйелердің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді. Компьютермен жұмыс істеп отырып олар ерекше эмоционалдық стресс жағдайында болады. Шаршауды болдырмау үшін баланың компьютерде отыру мерзімін азайту керек және көзге арналған жаттығулар жасау қажет. Оған қоса жұмыс орны ыңғайлы болуы тиіс, баланың жасына қарай реттелген сапалы программаларды қолдануға тырысқан бзал. Бұлардың бәрі маңызды өйткені баланың компьютерде отырған 14-ші минутінде шаршағаны білінеді де , 20 минуттан соң балалардың 25%-ында орталық нерв жүйесі жұмысының ауытқулары сезіліп көру аппараттарының да қатты шаршайтыны белгілі болып отыр.

Жақыннан нашар көретін ата-аналардың балалары 10 минуттан соң-ақ сыр бере бастайды. Жас балалар денсаулығына зиян келтірмей компьютерде тек 15 минут отыра алады. Ал жақыннан нашар көретін ата-аналардың балалары тек 10 минут қана отыруы тиіс.

Жоғарыдағы ұсыныстар кейбір ата-аналарға ұнамас олардың үйдегі қалыпты жағдайларын өзгертуге тура келде. Бірақ –компьютерде отыру шектеулі уақытта болуы тиіс.



Кешендік жаттығулар.

1-жаттығу. Көзді жұму. Әрбір қолдың үш саусағының ішкі жағымен көздің жоғарғы жағын уқалау -2-3 секунд. 3-4 рет қайталау.

2-жаттығу. Қолды шытақтап бүгіп жоғары көтеру , буынды бос ұстап төмен түсірілген саусақтар құлақты жанап тұрады. Сонан кейін аздап алға еңкейіп, басты кеудеге қарай төмен түсіру, біртіндеп иықтарды , одан кейін қолды төмен түсіру, денені толық бос ұстау. 2-3 рет қайталау.

3-жаттығу. Қолды төмен түсіріп орындықта тіке отыра. Дененің барлық бұлшық еттерін жылдам қатайтатын артынша оларды бірден толық босату басты кеудеге қарай төмен түсіру көзді жұму. Осылай 10-15 секунд отыру. 2-3 рет қайталау.

4-жаттығу. Екі қолды тік жоғары көтеру барысында денені оң жаққа бұру. Саусақтарды қарама-қарсы жаққа бұрып дененің барлық бұлшық еттерін қатайтып 7-8 секундқа демді тоқтату. Екі қолды төмен түсіріп денені де бұрып бастапқы қалыпқа түсіріп бұлшық еттерді бос ұстап тұру-7-8 секунд. Денені сол жаққа және оң жаққа бұра отырып 3-5 рет қайталау.

5-жаттығу. Екі қолды көкірекке жақындатып саусақтарды саусақтарға тиістіріп бос ұстау керек. Демді ішке тартып сұқ саусақты сонан соң демді шығарып ең кіші саусақты , т.с.с. орта саусақты бас бармақты және аты жоқ саусақты біртіндеп бір-біріне тигізіп сонан соң ажыратып отыру керек. Осыларды кері бағытта тағы да қайталау қажет.
IV- лекция.

Ақапарат және информатика.

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Ақпарат түсінгі және олардың түрлері.

  2. Ақапараттың өлшем бірліктері.

  3. Информатика.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы


Лекцияның мәтіні:

Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар, ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.

Мысалы, біз бәріміз бала кезімізден ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір – бірімен сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың – араласуы мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойнау – ақпарат алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

Ақпаратты жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек ауызба – ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу – жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу – адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойда жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың негізгі қазыналарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың құрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика – ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.

Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба т.б.

Сонымен компьютер сандық түрде ғана берілген ақпаратты ғана өңдей алады. Кез келген ақпаратты компьютерде өңдеу үшін сандық түрге келтіруі керек. Текстік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін әрбір әріп қандай да бір санмен кодталады. Экранға немесе принтерге шығарылғанда адамның қабылдауы үшін кодталған сандарға сәйкес әріптер шығарады. Берілген сандар мен әріптер арасындағы сәйкестік символдарды кодтау деп аталады.

Компьютер үшін пайдаланатын код 0 мен 1 цифрларынан тұратын тізбек. 0 мен 1 екілік санау жүйесінің цифрлары. Сандарды компьютерге енгізу және шығару өзімізге үйреншікті ондық санау жүйесінде орындалады. Қажетті басқа өңдеулердің барлығын компьютердегі программа орындайды. Есептеу техникасында ақпараттың өлшем бірлігі ретінде бит және байт алынған. Бір байтта бір символды кодтауға болады. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлшемдері де пайдаланылады.

1 байт = 8 бит

1 Кбайт = 1024 байт

1 Мбайт = 1024 Кбайт

1 Гбайт = 1024 Мбайт



Информатика- ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ –дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күнге күрделеіленіп барады.

Информатиканың негізгі обьектісі яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
V- лекция.

Компьютер жєне оны ќолдану.

(1 сағат)

Жоспары:


  1. Тарихи деректерден.

  2. Компьютерлерді жүйелеу.

  3. Дербес ЭЕМ.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы


Лекцияның мәтіні:

Тарихи деректерден.

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашан мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерінде оған, аяқ, қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар шығарыла бастады. Шамамен б.з. 500 жылдары абак, есепшоттар шығарыла бастады. 1614 ж Шотландиялық Джон Непер логарифмды ойлап тапты. Осыдан көп өтпей – ақ Р. Биссакар логарифмдық сызғышты (логарифмическую линейку) жаратты. 1642 жылы Француз ғалымы Блез Паскаль Қосу амалын орындайтын машинасын ойлап шығарды.

Блез Паскаль ЭЕМ эрасы ХХ – ғасырдың 30 – ж ағылшын математигі Алан Тьюрингтың теориялық еңбектерінің бастамасы. Цифрлық есептеуіш машинасының негізгі құрылғыларының принципін джон Фон Нейман, А. Беркс ойлап тапқан. Ал бірінші лампамен жұмыс істейтін машина 1946 – 48 жылдары АҚШ – та жасалып шықты.

Дегенмен микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен “дербес компьютер” деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

Компьютерлерді жүйелеу.

Компьютерлер қолдануына қарай мынадай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.

1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халқаралық стандарт - РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:


  • бұқаралық дербес компьютерлер (Consumer PC)

  • іс дербес компьютері (Office PC);

  • ықшам компьютер(Mobil PC) ;

  • жұмыс бекеті (Workstation PC);

  • ойын ДК (Entertainment PC).

Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамына байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktop), ықшам (notebook), қалталық (palmtop), деп бөлуге болады.

Компьютерлік жүйелер.

Компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:


    1. шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

    2. аппараттық жасақтама (Hardware);

    3. мәліметтер файлы;

    4. компьютердің программалық жасақтамасы. (Software).

Дербес ЭЕМ – нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық компоненттері ақпарат өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемелар деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады.

Жартылай өткізгішті кристал көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме – дәл фотолитография тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады.

Осындай күрделі технологиялар нәтижесінде кристалда электр схемасы біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл көлемінде (5х5 мм) жүз мыңнан аса бір – бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі ақпаратты түрлендіру жұмыстарын атқара алады.

Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау – барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ – нің әртүрлі тетіктерінің – шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек – бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.

Бұл схемалардың интералдық (біріктірілген) деп аталу себебі, олардың бір кристалды күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады.

ДЭЕМ біріңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:


  • микропроцессор;

  • оперативті есте сақтау құрылғы немесе жады;

  • тұрақты есте сақтау құрылғы;

  • қоректендіру блогы мен мәлімет енгізу – шығару порттары.

Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

ДЭЕМ – нің құрамына ең аз дегенде жүйелік блок, бір – бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір ақпарат жинақтауыш кіреді. ДЭЕМ – де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.

VI- лекция.

Компьютер ќ±рылѓылары..

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Компьютерлердің негізгі құрылғылары.

  2. Компьютерлердің ішкі құрылғылары.

  3. Компьютерлердің сыртқы құрылғылары.


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы


Лекцияның мәтіні:
Дербес компьютерлердің негізгі құрылғылары.

Дербес компьютерлер құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:






  • жүйелік блок;

  • дисплей немесе монитор;

  • пернетақта;

  • тышқан.

Дербес компьютерлердің ішкі құрылғылары



Аналық тақша

Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда мынадай құрылғылар орналасады:



  • процессор;

  • шина;

  • жедел жад;

  • тұрақты жад;

  • слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).

Процессор

Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Процессордың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтері (моделдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік – олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 133, 150, 166, 200 және 233 Мгц жиілікпен жұмыс істейді.

Шина

Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.



Компьютердің жады.

Компьютердің жады оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір – бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.

Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді.

Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез – келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.

Тұрақты жад (ПЗУ) – стандартты программаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (BIOS, таңбагенераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад.

Қатқыл диск

Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дисклердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінің 80 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.

Иілгіш дискілерге арналған дискжетек

Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан.

Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 диюмдік дискеттер қолданылады. Оған 1,44 байт көлемінде ақпарат жазылады.

Бейнекарта

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Дербес компьютерлердің сыртқы құрылғылары

Компьютерлердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады.

Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады;


  • мәліметтерді енгізу құрылғылары;

  • мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;

  • мәліметтерді сақтау құрылғылары;

  • мәліметтермен алмасу құрылғылары.

Енгізу құрылғылары

Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Мәліметтерді баспаға шықару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару құралы қолданылады.

Мәліметтерді сақтау құрылғылары.

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, Zip – тастауыштар және HiFd – тасуыштары жатады.

Стримерлер- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магиттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

Zip – тастауыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Iomage компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдерді стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды.

Мәліметтермен алмасу құрылғысы

Модемдер (модулятор + ДЕМмодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз.



VII- лекция.

Ж‰йелік блок және монитор

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Ж‰йелік блок .

  2. Монитор.

  3. Тышқанның жұмыс принципі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы

Лекцияның мәтіні:
Жүйелік блок

Компьютердің ең негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің түйіндері орналасқан, сонымен катар жүйені электр тоғына қосатын батырма қойылған. Оның ішіндегілерінің түрін көру үшін артқы қақпағын ашу керек. Бірақ корпусы әр түрлі болуы мүмкін. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компъютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт дискіден оқитын (CD-ROM) орналастырылған. Кейбір компьютерлердің жүйелік блогында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.

Жүйелік блоктың ішіне аналық тақша (материнская плата) - дербес компьютердің негізгі тақшасы орналасқан. Оның үстіне процессор, жедел жад, шиналар және басқа да құрылғылар орналасқан. Сонымен бірге жүйелік блоктың ішінде қоректендіру блогі, қатты диск, дискжетек, CD-ROM, дыбыс тақшасы, көрініс тақшасы орналасқан.

  Жүйелі блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор, порты, тышқан, пернетақта), қосымша құрылғыларды (принтер порты, модем, сканер, микрофон) қосатын қосқыштар орналасқан.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет