Лекция: 15 сағат Семинар: сағат СӨЖ: 15 сағат обсөЖ: 15 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат



бет3/6
Дата17.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#142453
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Монитор


Монитор (дисплей) - текстік және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Монитор түрлі түсті және монохромды (қара-ақ ) болып бөлінеді. Монитор текстік және графикалық режимді қарстыратын видеоадаптер деген арнайы құрылғының басқаруымен жұмыс істейді.

Текстік режимде экран 80 символ не 250 символ сиятын 25 жолға бөлінеді. Бұл жолдардағы орынға кодтар таблицасындағы кез - келген символдарды енгізуге болады.

Графикалық режимде бейне не сурет телевизордағы сияқты белгілі бір түске боялған нүктелердің бірігуі арқылы құрылды. Қазіргі уақытта EGA видеоадаптері бар түрлі түсті монитор кең тараған (Enhanced Graphic Adapter –– жақсартылған графикалық адаптер)

Текстік режимде бұл мониторлардың экранында 16 түстің бірі фонға, жолға енгізілген символға сәйкес болады.

Графикалық режимде бейненің жақсы шығуы видеоадаптердің мүмкіндігіне және қабілетіне байланысты.

Бұл дегеніміз горизонталь және вертикаль бойынша шығарылатын нүктелер саны. Адаптердің мүмкіндігі немесе қабілеттілігі оның жұмыс істеу режиміне байланысты. Бейненің экрандағы ең кіші элементі (нүкте) пиксель деп аталады. Текстік режимде программалық – аппараттық құрылғылармен әр символ үшін пиксельдерден матрица құрылады, бұл матрица символ бейнесінде экранға жазылады. Суреттің, кескіннің экранға жақсы бейнеленуі манитордың физикалық берілгендеріне видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты. текстік режимде компьютер мониторларының бір – бірінен айырмасы сәл ғана, графикалық режимде видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты кескінніңде сапасы артады.



Тышқан

Қазіргі көптеген прогаммалармен жұмыс істеу үшін тышқан немесе оны ауыстыра алатын құрылғылар қолданылады. Бұл құрылғыларды көрсеткіш (указатель ) құрылғылар деп аталады.





Тышқан алақанға сиятын, екі не үш кнопкасы бар кішкене қорапша. Жүелік блокқа жалғанатын проводымен бірге ол шынында тышқанға ұқсайды.Тышқанды стол бетімен қозғалтқанда компьютер экрандағы тышқанның стрелкасыда қозғалады. Керекті командаға стрелканы әкеліп кнопканың біреуін бассақ, командамыз орындалады. Әдетте тышқанның сол жағындағы кнопка қолданылады.


VIII- лекция.

Пернетаќта жєне оныњ ќ±рамдас бµліктері.

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер.

  2. Функционалдық пернелер.

  3. Әр түрлі қызмет атқаратын пернелер.

  4. Түзету үшін қолданылатын басқару пернелері

  5. Бағыттауыш тілсызық пернелер

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы


Лекцияның мәтіні:
Пернетақта немесе пернелік;

ДЭЕМ пернелік тақтасы немесе пернелігі, кез-келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізіп солардан оны басқару командаларын да құрастыра алады. Бұл күнде IBM компьютерлері пернелігінің екі түрлі стандартты бар: 84 және 101 пернелік. Бірақ екі стандартта да пернелерінің қызметі бірдей тек олардың орналасуында кейбір пернелердің екі-екіден болуында ғана аздап айырмашылық бар. IBM мен үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен орналасып мынадай топтарға жіктеледі;

___алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер:

Латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері цифрлар, тыныс белгілері арифметикалық, логикалық және де басқа символдар “бос орын” белгісі;

___Функционалдық пернелер;F1-F12

___әр түрлі қызмет атқаратын пернелер:, enter,tab,ctrl,alt,shift,numlock,capslock scrolllock,pause(break),prtsc,және “+”, “-”, “*”, “/” тәрізді пернелер;

___түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, Pgup, Pgdn, Bascspace және бағыттауыш тілсызық пернелер. Терілген символдар экранның “I” таңбасы яғни курсор тұрған екпінді нүктесіне енгізіледі.



Курсор (сілтеме белігі) - жыпылықтап тұратын тік сызықша тәрізді бір символдың орнын көрсетіп тұратын таңба.

Алфавиттік әрбір перне латының не қазақтың (орыстың) бір әріпін енгізе алады. Латын әріптері QWERTY стандарты (екінші жолдың сол жақ шетінде орналасқан пернелер тізбегі) бойынша, ал қазақ орыс әріптері баспа машинкасындағыдай болып орналасқан. Цифрлық пернелер қазақ әріптерімен бірге жоғарғы жолда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған. Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны орындалай алады. Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрған программаға байланысты болады. F1 пернесі көбінесе ЭЕМ-нің өзінен жылдам көмек алуды сұрау үшін қолданылады.

Бағыттауыш ( ) тілсызық пернелер мен Home, End, Pgup, Pgdn пернелерін курсорды басқару пернелері деп аталады. Олардың қызметі:

-пернелері курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту;



Home – курсорды жолдың басына жылжыту;

Pgup - курсорды мәтін бойынша бір рет жоғары көтеру;

Pgdn - курсорды мәтін бойынша бір рет төмен түсіру;

Baskspace пен Delete пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, Baskspaceсол жақтағы символды өшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді. Бір сөзбен, екінші сөз “бос орын” пернесін басу арқылы бөлініп жазылады.Tab пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына жылжытады. Insert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді, олар: ”Енгізу”-символдарының арасына оларды ығыстыра отырып, жаңа символ енгізу режимі және “Алмастыру”- бұрынғы енгізілген символдарды теріліп отырған жаңа символдармен ауыстырады. Enter – пернесін басу кез-келген команданың енгізіліп біткенін көрсетеді де, енгізіліп ақпаратты компьютермен өңделе бастайды.

Capslock, Scrolllock, Numlock - белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда мүмкін болатын екі тәртіптің бірін орындайды: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады.

Қосалқы режимге көшкенде пернеліктегі кішене шам жанып белгі береді.



Capslock - пернесінің негізгі режим – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптерді енгізу.

Numlock- пернесінің негізгі режимі - қосымша цифрлық пернелердің курсорды басқару тәртібін орнату болса, қосалқы - цифрларды теру тәртібін орнату.

Ctrl, Alt, Shift - пернелері тіркелу пернелері болып саналады да басқа пернелермен бірге пайдаланып әртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады. Олардың атқаратын қызметтері әрбір программада өзгеріп отырады, сол себепті атқаратын жұмысын программалар сипаттамаларын білу керек.

Ctrl, Alt пернелері басқа пернелер қызметін өзгертуге пайдалынады.



Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі комбинация бар:

Сtrl+Alt+Delete-компьютерді өшіріп қайта іске қосу әрекетін орындайды, яғни операциялық жүйе жұмысын жаңалау ісін атқарады. Көптеген ЭЕМ-дер жүйе блогында Reset батырмасы бар. Соны басу арқылы да жоғарыдағы әрекетті орындауға болады.

Ctrl+Break-орындалып жатқан программаны кілт тоқтату немесе команда орындауды доғару, кейде бұл комбинция орнына Ctrl+C пернесінде болады.

Ctrl+S орындалап жатқан әрекетті уақытша тоқтата, тұрып мұның да орнына Pause пернесін басуға болады.

Shift+Prtsc экрандағы бейнені баспа құрылғысына шығару жаңа компьютерлерінде бұл экрандағы бейне буферге алу қызметін атқарады. Мәтіндерді түзету кезінде регистрлік пернелер ішінен тек shift пернесінің тікелей атқаратын қызметі бар, ол бас әріп енгізуді іске асырады. Мысалы Shift+r-R бас әріпін енгізу. Ал цифрлық перненің бетінде жазылған екі символдың жоғарғы жағында көрсетілгенін енгізу үшін Shift пернесін басу қажет. Бас әріптерді тұрақты күйде теру үшін Caps Lock пернесін қолданамыз.

Esc-пернесі (шығу, көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.

Tab-мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына өтуді орындайды. Кейбір программада оның атқаратын қызметі басқашада болуда ықтимал: экрандағы келесі терезеге өту немесе менюдің басқа командасына ауысу және т.с.с. Пернелікте латын әріптері американдық машинкалардағы секілді, ал қазақ, орыс әріптері біздегі машинанкалар таңбаларына сәйкес орналастырылған. Бұл алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы програмасын орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер ток көзіне жалғанғанда іске қосылып тұрақты күйде жұмыс жасап отырады.Кейбір драйверлер алфавитті ауыстыру үшін екі Shift пернелерін қатар басуды талап етсе, кейбір Shift+Ctrl пернелерін немесе одан да басқа комбинацияларды пайдалануды талап етеді.



IX- лекция.

Баспаѓа шыѓару ќ±рылѓылары.

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Принтерлер.

  2. Принтердің түрлері .

  3. Плоттерлер.


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы


Лекцияның мәтіні:
Принтерлер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді.

Принтерлердің негізгі артықшылығы-олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланып күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі ені, олардың ара қашықтығы интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс. Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар ( стандартты бір бет қағаз үшін) және кең күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар.

Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен әлдеқайда үлкен болатын мыңдаған жолдардан тұра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен анықталады. Сол себепті мәлімет қағазға басыларда әр жолдың ені анықталып қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді.

Принтерлер графиктік сызбаларды суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген модельдері бар.

Қазіргі кезеңдегі принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.

Соңғы кезге дейін ең көп таралған арзан, әрі пайдалануға қолайлы мартицалық принтерлер болып саналады, олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады. Баспа тиегі қағаз жолдармен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, бұлардың сапасы орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолды жағалап бірнеше рет жүріп отыруы тиіс. Бұларға қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралғында (секундына 20-400 символ ) болады, бірақ олардың қағаздағы сапасын арттырғымыз келсе жылдамдықтан ұтыламыз. Принтерлердің таңдау кезінде олардың латын әріпінен өзге ұлттық әріптерді (қазақ, орыс, ұйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі жағдай болуы ықтимал:

а) орыс, қазақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған сондықтан принтер ток көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса операциялық жүйелер командаларымен мәтіндерді қағазға баса беруге болады. Егер кодтары әртүрлі болса онда оларды сәйкестендіретін драйвер-программалар қажет;

б) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда алдын ала компьютерге ұлттық әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктеу керек. Принтерді немесе компьютерді ток көзінен ағытатын болсақ ол үмкіндік жоғалады.

Сия бүріккіш ринтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.

Лазерлік принтерлер-ксерография принципін қолданылатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтылырған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 1200 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Сонымен лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары –орташа есеппен алғанда секундына 330 символ (бір бетті 5-15 секундта ) басып бере алады.



Плоттер- де (график сызғыш) мәліметтерді негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.

График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерді басып шығаруға арналған. Бұлар бір түсті , түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.


X- лекция.

PAINT – графикалыќ редакторы.

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Графикалық редактор

  2. Программа терезесі

  3. Редактордың құрал саймандары

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы



Лекцияның мәтіні:

Графикалық редактор- графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редактордың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайысы түрлі түске бояла алады.

Paint (Paintbrush)-Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint µзініњ м‰мкіндіктері жаѓынан профиссионалды графикалыќ редакторлардыњ біршама тµмендеу болѓаны мен ло едєуір к‰рделі єрі тартымды, т‰рлі- т‰сті жєне аќ-ќара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждерді) даярлауѓа м‰мкіндік береді. Б±л редакторларды игеру онша ќиын емес, оныњ ќ±рамында сурет салу, сизу жєне оларды µњдеуге арналѓан стандартты ќарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалѓан бейнелер фаилдардыњ кењ тараѓан графикалыќ форматында саќталады.



Программа терезесі.

Редакторды іске ќосу ‰шін (Windows 3.x) “Реквизиттр” тобындаѓы Paintbrus белгісін тањдањыздар.

Ал, Windows 95 ж‰йесінде Іске ќосу Программалар




Стандартты Paint командалар тізбегін орындасаќ, экранда программаныњ терезесі пайда болады. Оныњ ќ±рамында біздіњ осыѓан дейін танс элементтермен (ж±мыс аумаѓы, менюмен таќырып жолдары) бірге бірсыпыра жања элементтер де бар.

Терезеніњ сол жаќ шеткі ќабырѓасын аспаптар таќтасы орналасќан. Одан сіздер Paint – та кездесетін барлыќ сурет салу аспаптарын кµре аласыздар (12,1 Сурет) Кез келген апаптарды тањдау ‰шін соныњ белгісіне тышќан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейінтањдап алынѓан апаптыњ бейнесі (шартбелгісі) айќын т‰спен ерекшеленеді.

Терезеніњ тµменгі жаќтауы бойымен т‰стер палитрасы орналасќан

орналасќан. Paint- та бір уаќытта екі т‰спен сурет салуѓа болады: ќалам т‰сімен (м±нан былай оны ќысќаша негізгі т‰с деп атаймыз) жєне фон т‰сімен (м±нан былай оны фондыќ деп атаймыз ) . Палитраныњ сол жаќ шетінде бірі екіншісініњ ішіне орналасќан кішкене екі тік тµртб±рыш т±р, осылардыњ ‰стіњгісі – негізгі т‰сті, ал астыњѓысы- фондыќ т‰стерді кµрсетеді. Кез келген сєтте т‰стерді µзгерту м‰мкіндігі бар, ол ‰шін курсорды палитрадаѓы жања т‰ске апарып, тышќанныњ сол жаќ батырмасын шерте отырып негізгі т‰сті, ал оњ жаќ батырмасын басу арќылы- фондыќ т‰сті µзгерту болады.



Ќолданылатын аспаптар.

Paint асапаптарын іс ж‰зінде игеруге кіріспес б±рын ескертетін бір жайт- редакторда ж±мыс істеу барысында соњѓы орындалѓан єрекетті µзгерту м‰мкіндігі бар (б±л єрекет барлыќ программаларда кездеседі). ¤згерту операциясы алѓашќы кезде жиі ќолданылады. Он іске асару ‰шін менюдіњ Т‰зету ¤згерту { ctrl+я } (Редактирование Отменить) еомандасын керек.

Аспаптар таќтасы ќарапайым суретшініњ аспаптарыныњ жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң, “тышқанның” стандартты курсоры Қылқаламға айналады. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Мұнан төмен орналасқан ас пап-Аэрозольді баллон немесе Шашыратқы.Оны таңдап алғанан кейін тышқан курсоры косу символьна ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманыбасып түрып курсорды экран бетімен жүргісе, оның артында шашраған бояуға ұқсас із қалады.

Бір інші өшіргіш арқылы кейінен коректі фондықтүсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондықтүске бояуға болады. Осы тәсілдіпаидалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.

Екінші тұрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажетті негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгертуге мүмкіндік береді (яғин, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).



XI- лекция.

PAINT – графикалыќ редакторы.

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Тік төртбұрыш және оның түрлері

  2. Аймақтардың ішін бояу.

  3. Мәтінді енгізу.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы



Лекцияның мәтіні:
PAINT - редакторында тік төртбұрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсі фондық түске сай келуі тиіс. Аспаптар тақтасында түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынадай белгілер орналасқан:

  • іші бос тіктөртбұрыш

  • іші боялған тіктөртбұрыш

  • қырлары жұмырыланған іші бос тіктөртбұрыш

  • қырлары жұмырыланған іші боялған тіктөртбұрыш

  • іші бос эллипс

  • іші боялған эллипс

  • қырлары жұмырыланған іші бос эллипс

  • қырлары жұмырыланған іші боялған эллипс

Ең соңғы фигурадан басқасы жалпы үлгі бойынша салынады. Мысалы іші бос тіктөртбұрыш салу үшін:

  • қажетті негізгі түсті, сызықтың қалыңдығын тағайындау керек;

  • аспаптардан іші бос тіктөртбұрышты таңдау керек;

  • курсорды бастапқы нүктеге апару қажет;

  • тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып өзімізге қажет пішіндегі тіктөртбұрыштың мөлшерінің контурын тағайындау керек;

  • батырманы босату керек;

Аймақтардың ішін бояу (Заливка).

Paint редакторы тұйық сызықтар ішін негізгі түспен бояуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Білік (валик) аспабын таңдап белгілеп алып, курсор кішкенен білік түріне айналғанда, оны тұйықталған аймақтың кез келген ішкі нүктесіне алып барып, тышқанды шертсе болғаны. Сонда тұйық аймақ түгелдей негізгі түске бояла бастайды.

Тұйық аймақты бояу барысында оның қабырғаларының үзік жері болмауын қадағалап отырыңыз. Тіпті бір нүкте (пиксель) сиятын ұзілген жердің болуы бояудың аймақтан тыс таралып кетуіне себепші болады.

Мәтінді енгізу.

Әріптер мен цифрларды, сондай-ақ арнайы символдар бейнесін Paint ортасында Қылқалам мен Біліктің көмегімен әркім өзі-ақ қолмен салуы мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбектенуді талап ететін іс, сондықтан редакторда суреттік бейнелер көрінісіне мәтіндік фрагменттер қосу тәсілі енгізілген. Ол үшін Мәтін аспабы қолданылады.

Мәтін теру кезінде курсор пішіні қарапайым редакторлардағы сияқты енгізу курсорына ұқсас түрге айналады. Енгізу курсорын сіздер кездестірдіңіздер. Мәтін енгізуді бастау курсорды суреттің белгілі бір нүктесіне апарып, тышқанды шерту арқылы іске қосады. Сол сәтте экранға жыпылықтап тұратын енгізу курсоры шығады да, ол мәтін фрагментін енгізуді бастауға болатындығын білдіреді. Мәтін негізгі түспен енгізіледі, енгізу барысында әдеттегідей BaskSpase, Delete пернелерінің көмегімен символдарды жоюға болады. Жаңа жолға өту үшінEnter пернесін басу керек. Мәтіндік информацияны енгізуді тоқтату кез келген сәтте тышқанды сырт еткізу арқылы орындалады.



XII- лекция.

PAINT – графикалыќ редакторы.

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Шеңбер және қисық сызу

  2. Фрагменттермен жұмыс істеу.

  3. Суретті принтерде басып шығару

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы


Лекцияның мәтіні:

PAINT – графикалыќ редакторында аспаптардың көмегімен белгілі бір қалыңдықпен берілген түзу сызықтар сызуға болады.

Негізгі түспен түзу сызық сызу үшін мынандай әрекеттер орындалады:


  • сызықтың қалыңдығын тағайындау және түзу сызық аспабын таңдау;

  • курсорды бастапқы нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басу;

  • батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, курсорды сызықтың соңғы нүктесіне ауыстыру:

  • батырманы босату.

Осылардың нәтижесінде экран бетінде негізгі түспен сызылған түзу сызық пайда болады.

Егер тік немесе көлденең сызықтарды сызғыңыз келсе онда сизу кездерінде сол жақ батырмамен бірге Shift пернесін басыңыз.

Фрагменттермен жұмыс істеу

Көбінесе салынып біткен сурет бөліктерін яғни оның фрагментін пайдалан отырып басқа суреттік бейнелерді салуға тура келеді. PAINT –редакторында сондай фрагменттерді ерекшелеп алып басқа орынға ауыструға мүмкіндік беретін де асаптар бар ол фрагменттер уақытша алмастыру буферіне орналастырып басқа суретке бірнеше рет қойылуы мүмкін.

Асаптар тақтасында фрагменттерді ерекшелеуге арналған Тіктөртбұрышты және Фигуралы қайшылар бар. Тіктөртбұрышты қайшы арқылы фрагментті ерекшелеу экранда тіктөртбұрыш салу әдісін еске түсіреді. Ал фигуралы қайшы көмегімен ерекшелеу. Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады.

Ерекшеленген фрагмент экранда пунктирлі сызықпен қоршалып тұрады. Ол фрагментті басқа орынға ауыстыру үшін:



  • курсорды ерекшелнген фрагменттің кез келген ішкі нүктесіне апарып тышқан батырмасын басыңыз;

  • батырманы басулы күйінде ұстап тұрып фрагментті басқа орынға ауыстырыңыз;

  • батрыманы босатыңыз.

Фрагменттің алдыңғы тұрған жері жойылып фондық түске боялады.

Жаңа орындағы фрагменттің тек көшірмесін алу үшін жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер сол күйінде орындалып тек тышқан батырмасы басылған сәтте онымен бірге Ctrl пернесі де басылуы тиіс.

Суретті принтерде басып шығару.

PAINT редакторында графиктік бейнелерді принтердің көмегімен қағазға басып шығару Word Pad редакторындағы мәтіндерді басып шығару әдісіне өте ұқсас. Бұрын айтылғандай қажетті принтер типін таңдап алып қағаз беттерінің параметрлерін тағайындап сапасын баптаған соң оны қағазға шығару болады. Ол үшін Файл – принтер таңдау .... командасын орындау керек.

Жұмыс аумағында тұрған суретті бірден басып шығару үшін файл – баспа командасымен жүргізледі. Сұхбаттасу терезесінде графиктік бейнені басып шығару сапасын беруге болады.

Терезе тобында Бөліктеу ауыстырып қосқышын пайдалану арқылы суретті толық күйде емес тек оны ерекшеленге фрагментін ғана басып шығару мүмкіндігі де бар.



XIII- лекция.

Windows жүйесінің стандартты программалары

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Мәтіндік редактор Word Pad.

  2. Блокнот, Күнтізбе, Калькулятор

  3. Басқа да программалар туралы қысқаша мағлұматтар

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

б) қосымша

  1. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

  2. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000

  3. “Информатика” практикум по технологии работы на компьютере. Под. ред. Маркова.

  4. Информатиканы оқыту әдістемесі. К.З.Халықова.

  5. Информатика негіздері журналы


Лекцияның мәтіні:
Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамассыз етеді, мысалы:

  • мәтіндік құжаттарды дайындау;

  • графикалық бейне көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;

  • жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;

  • математикалық есептеулерді орындау және т.б.

әдетте, бұл қосымша программалар “Стандартты” тобында орналасқан.

WordPad мәтіндік редакторы

WordPad, Write редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Слайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу.

WordPad, Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерді теріп дискілерді сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісімен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығару мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет