Лекция: 15 сағат СӨЖ: 15 сағат обсөЖ: 15 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат


Девиантты мінез-құлық жеткіншектермен жұмыс жоспары(үлгі)



бет6/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#134099
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Девиантты мінез-құлық жеткіншектермен жұмыс жоспары(үлгі).




Уақыты


Жұмыс мазмүны.




Қыркүйек қараша.

1.Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді анықтау. А) сынып жетекшілермен әңгіме өткізу.

Б)жеткіншектің мінез-құлқын анықтау. “Аяқталмаған сөйлем” әдістемесі.

В) кәмелетке толмағандардың ісін қарайтын инспектормен біріккен жұмыс.





Желтоқсан қаңтар.

2.Девиантты мінез-құлықтың алдын алу.

А)ата-анамен жұмыс жүргізу.

Б) пән мұғалімдері сынып жетекшілермен кеңес жүргізу.

В) жеткіншектермен кеңес жұргізу.

Г) ата-аналармен жиналысы мен сынып сағаттарына қатысу.






Ақпан

3.Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді диагностикалау.

Өзіндік бағасын анықтау.

Қақтығысқа арналған тест.

“Әлемде жоқ жануар” проективті әдістемесі .

Қобалжуды анықтаудың Басса Дарки сүрақнамасы.





Наурыз

Тренингтер мен лекциялар өткізу.

1.Өткізілетін тренингтердің тақырыбы.

“Мен және қоғам”

“Менің ішкі әлемім”

“Мен өз болашағымды қалай көремін”

“Қақтығыс және одан шығудың жолы”

“Менің болашақ мамандығым”

“Менің отбасым, менің достарым, біз бәріміз біргеміз”

“Өзіңді жағымды тәрбиелеу”

“Өзіңе-өзің көмектес”






Сәуір.

Өткізілетін лекциялар тақырыбы.

Қазіргі жастардың көңіл көтеруі:

“Жыныстық қатынас мәдениеті”

“Нашақорлық және болашақ”

“Қ.Р. кейбір заң аспектілері”





Мамыр

Қорытынды. Жыл бойына жасалған жұмыстардың нәтижесімен таныстыру.

Психокоррекциялық сабақтар жоспары:

Бағдарлама 4 құрылымнан , психикалық процестерді өздігінен реттеуге және девиантты мінез-құлықтың алдын алуға бағытталады.

1. құрылым: “Мен және ұжым”

Мақсаты: топтың ұымшылдығын және жекелік ерекшеліктерді анықтау, қобалжуды болдырмау.


  1. құрылым: “Тиімді қарым-қатыныс”

Мақсатты : Қарым-қатынас қабілетін дамыту, агрессияны болдырмау , қақтығыссыз қарым-қатынас дағдысын әдетке айналдыру.

  1. құрылым: “Мен ең , ең”

Мақсаты: өзін-өзі реттеу тиімді мінез-құлық бағдарламасын құру, ұйымдастырушылық қабілеттерді дамыту.

4. құрылым: өзін-өзі реттеу , тиімді мінез-құлық бағдарламасын құру көпбасшылық дағдыларын әдетке айналдыру.

Нормативті ұсыныс:

1.1. құрылым: 4 сабақтан итұрады, 1 сабақ 40 минут, аптасына 1 рет, барнлығы 16 сабақ (4 ай)

Жоспарды әркім жеке құрастырады.Мына телімені әдістемелерді жүргізу ұсынылады:


  1. Әдістеме “Әлемде жоқ”

  2. Әдістеме “Аяқталмаған сөйлем”

  3. Әдістеме “Кактус”

  4. Әдістеме “Қақтығысты жағдайға жаза беру” (К. Томас).



12-лекция.
Жеткіншек жасындағылардың эмоционалды-еріктік өрісін дамыту жаттығулары.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. “Сезімді тап”, “Менің қорқынышымды түсін”, “Алманы жұлып ал” тренинг-ойындары.

2. “Жылы сөз”, “Шеңбер бойынша сөз тізбегі” тренинг-ойындары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

  2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

  3. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

  4. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

  5. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.


Қосымша:

1. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.

2. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.


  1. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

  2. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.

5. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. А.,2003.

Лекцияның мәтіні:
Жеткіншек жасындағылардың эмоцианалды- еріктік өрісін дамыту жаттығулары.

Сезімді тап” жаттығу.

Ойынның басында психолог адамда қандай эмоциялық сезімдер болатын балалармен талқылайды. Жағымды сезімдер :/ қуану, шаттану, таң қалу,ішкі еркіндік сабырлылық, тыныштық/. Жағымсыз сезімдер:/ қорқу,уайым, кінәләу, қайғыру, қобалжу, күйзеліс, кектену т.б./. Мұнан кейін балаларға азғана уақыт беріліп кез-келген сезім түрін мимикамен қимылмен көрсетулерін сұрайды. Басқа балалар бұл баланың қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табулары қажет.

Жаттығу “Менің қорқынышымды түсін”

Бұл жаттығу баланың қорқыныш қашықтауынан қабылдау қорқыныш проблемасынан құрылған.

Қатысушылар тапсырманың жолақ ережесін таратады, бір жағында сөйлем жазылған, ал екінші жағында соның жалғасы болады. Құрдастары не айтқысы келді бұнымен қатысушыларды 2-4 адамнан туратын аз топқа болуге болады, әр топқа бір карточкадан беріледі. Балалар әр сөйлемнен қандай әр түрлі түсініктеме ажырыта білу керек. Мысалы: карточканың бір жағына жазылған: “маған қорқынышты, қашан...”: екінші жағына : “...мен жаңа адамдармен танысыамын”. Түсініктіме: бірінші танысқан кезімде адам оған сенімсіздеу болады немесе адам жаңа жғдайда өзін қалай үстауын білмейді. Осы жағдайда балалар тапсырманы жасай отырып айта бастайды , оларда көптеген қорқыныш пайда болады. Сіз осы бейне арқылы шеше алмай жүрген ақпаратқа дәлелдеме аласыз.

Жолақ 1.

Маған қорқынышты қай кезде...

Мен жаңа адамдармен танысқанда басқалар менің істеген жұмысымды бақылаған кезде.

Маған сұрақтар қойғанда және оларға жауап беретін кездегі қорқыныш.

Жолақ 2.

Мен қорқам, егер...

Мен туралы басқалар қалай ойлайды. Маған қарсылық білдіреді.

Маған біреу қарсы екенін сеземін.

Жолақ 3.

Мен түсінемін қай кезде қорқатынымды. Қорқам.Менің қолым мұздап кетеді. Маған нашар бболады. Басым ойланады.

Осы кезеңнің мақсаты- қорқыныштың пайда болуы көрсету және өзін-өзі үстау жолын анықтау. Не себептен адам қорқады, не ұшін табиғат осылай жасайды, адамдарда не үшін қорқыныш пайда болатынын балалармен бірге талқылау. Осыдан кейін сүрау керек, кімде кім қорқынышқа шыдай білсе, онда сол адам біледі, бұл қалай болуы мүмкін. Балалардың көңілін мыныған бөлу керек, қорқынышты жасыру және оны жеңе білу мінезді әр түрлі жолдарына байланысты.

Өлең ойыны”.

Мақсаты: балаларды тыныштандырып, қозу менқарқындылықты тежеу.

Балалар шеңбер жасап орындықтарға орналасады. Ортаға жүргізуші шығады.

“Қазір бәріміз бірге өлең айтып көрейік (балалар өздеріне таныс бір өлеңді тыңдайды). Өлең кемінде екі шумақтан тұруы керек.

Жүргізуші ойын ережесі айтады. Мен бірінші шапалақтағанда бәріміз өлеңді айтып бастайиыз, екінші шапалақтағанда ішімізден дыбыссыз айтамыз.

Бұл жаттығулар баланың көңіл-күйін тыныштандырып ұжыммен қарым-қатынасын нығайта түседі.

Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны.

Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысылы “бақта алмалар түсіп жатыр”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы, және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

Назар аударуларыңызды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құтықтаймыз

Жылы сөз” ойыны.

Мақсаты: балалардың белсенділігін арттырып, эмоциялық қысымды жою.

Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы өзінің көршісіне бұрылып қошемет сөз айтады (комплимент) ол оған рахмет айтып келесі адамға жақсы сөз айтады. Ойынды бәрі жылы сөз тыңдап болғаннан кейін тоқтауға болады.

Баланың психологиялық көңіл- күйін ескеріп оны қалыпты жағдайда ұстау үшін түрлі жаттылар жасату өз нәтижесін көрсетеді.

Алманы жұлып ал” ойыны.

Мақсаты: Берілген жаттығу жүйкені тыныштандырып , босаңсуға мүмкіндік береді.

Жетекші қатысушылардан бір-бірінен алшақтау түруын сұранады да: “Қазір біз бақшадан алма жинаймыз, олар өте биікте өсіп түр, оң қолымызды барынша көтеріп бір-біріміздің артымызға тұрамыза, ішке терең тыныс алып алмаларды жұламыз. Енді тынысымызды жәйләп шығарып , алмаларды себетке саламыз.

Сіздердің сол жақтарыңызда тағы да екі өте үлкен алма тұр. Бір-бірлеріңіздің арттарыңызға тұрып алманы жұлып алыңыздар. Керемет! Ары қарай терең тыныс алып екінші алманы сол қолымызбен жұламызда тынысты сыртқа шығарып алманы себетке саламыз.



13-лекция.
Жеткіншектердің жеке-дара өсуін дамыту” тренинг-сабағы.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Тренинг сабағының мақсаты мен міндеттері.

2 .Сабақ бағдарламасы.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

  2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

  3. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

  4. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

  5. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.


Қосымша:

1. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.

2. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.


  1. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

  2. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.

5. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. А.,2003.

Лекцияның мәтіні:

Тренинг тақырыбы:

Жеткіншектердің жеклік өсуін дамыту.

Мақсаты: Жеткіншек жастағылардың жекелік өсуіне жағдай жасау.

Тренинг міндеттері:

Өзін-өзі тануға ұмтылыс, өзінің ішкі әлеміне үңілуге және оны бағдарлауды қалыптастыруға жағдай жасау.

Қатысушылардың сезімі мен эмоция туралы білімін кеңейту, өз сезімі мен эмоционалдық реакциясын білдіруге басқара білуге үйрету.

Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, тыңдай білуге, өз көзқарасын білдіре алуға, өзге адамдарды түсіндіруге, ымыршылдыққа келуге қалыптастыру.

Өмірлік мақсаты, оларға жетудің жолы мен тәсілдерін, келешек өмірі туралы ойлануға қабілеттендіруі.

Қатысушылар категориясы:

Тренинг жасы 11-12-ден аспаған жеткіншектерге арналады. Кіші мектеп жасындағы балалар жеткіншек кезеңде болатын өзі туралы ізденетін жасқа жетпегендіктен олар үшін өзекті болмайтын тақырыппен айналысу күрделі.

Топ құрамы:

-Адам саны 10-15 адам болуы.

-Топтардың қалауымен жинақталуы:

-Әр түрлі жынысты топтар арасында өткізілгені дұрыс, бірақ біржыныстылар арасында жүргізуге боламыз.

-Топтағы қатысушылар жасының айырмашылығы аз болуы қажет.

Өткізілетін орины:

Тренингке арналған үлкен бөлме.

Өткізілу түрі.

Топтық сабақ: Сабақтың жиілігі аптасына бір рет. Әрбір сабақ үш болімнен тұрады.

1.Кіріспе бөлім (ширату).

1.Негізгі бөлім (жұмыс)

2.Қорытынды.

Тренинг 6 сабаққа 2 академиялық сағатқа есептелген (жалпы ұзақтығы 23 сағат)

Кіріспе бөлім мен қорытынды бөлім барлық уақытта 4/1 бөлігін алуы тиіс.

Кіріспе бөлім қатысушылар жағдайы мен бір, екі ширату жаттығуынан тұрады. Әрбір сабақ басында психолог топтың ахуалын сезінуі маңызды. Бұл оған бір күнге жасаған жоспарын қайта түзетуге мүмкіндік береді.

Қатысушыларға келесі сұрақтарды қоюға болады: “Өзіңді қалай сезініп тұрсыз?”, “осы уақыт ішінде қандай жаңалық болды?”. “Өткен сабақта не есіңде қалды?”.

Ширату кезінде әртүрлі жаттығулар қолданылады, қатысушыларды жұмыс күйінекелтіріп , белгілі тақырып бойынша жұимыс жасауға белсендіру. Бұл жаттығулар топқа талқыланбайды.

Бірінші сабақтың кіріспе бөлімі көп уақыт алады, ережелерді кеңінен түсіндіруге, қатысушылардың мотивациясына көңіл бөлуге жұмыс немен аяқталатыны айтылыды. Топтағы бірінші сабақ топтың нормаларды жасауда мотивация беруде жұмысқа қатысушылардың белсенді кірісуіне шешуші роль атқарады.

Тренингтің сәтті болуы көп деңгейде топ жұмысының арнаулы ұстанымдарын сақтауға байланысты.

- Қатысушылардың белсенділігі үстанымы топ мүшелері үнемі әртүрлі әрекеттерге қатысады - ойындар, пікірталас, жаттығу саны мен бірге өзге қатысушылар әрекетін мақсатқа бағыттап, бақылайды, талдайды.

-Қатьысушылардың зерттеу көзқарасы ұстанымы: қатысушылар қарым-қатынас мәселесін өздері шешеді, жетекші туындаған сұраққа жауапты өздері іздеуіне ой салады.

-Мінез-құлықтың әділдігі ұстанымы:топтағы қатысушылардың мінез-құлқы импульсивті деңгейден обьективті деңгейге ауысады: мұнда обьективация құралы кері байланыс болады, яғни видеотехника көмегімен:

-Серіктестік қарым-қатынас ұстанымы: топтағы өзараәрекеттестік барлық қатысушыларды қызығушылығын ескеріп құрылады: әрқайсысының жекелік құндылықтарына құрметпен қарау, көзқарастарының теңдігі сонымен бірге бір-біріне жаны ашу, түсіну.

-“Қазір және осы жерде” ұстанымы: топ мүшелері өз назарын дәл қазіргі болған әрекетке шоғырланады, төкен тәжірибені байланыстыруға болмайды.

-Жарияламау ұстанымы: топтық “психологиялық жабылуы” қатысушылардың

Топтық пікірталас кезінде қатысушылар мәселені топтық үрдіспен басқаруға үйренеді, пікірталаста әртүрлі рольде: комуникатор, идея генератор, эрудит т.б. Осындай белсенді жұмыс үрдісіне топтық қарым-қатынас қалыптасады. Рольдік ойындарға тұлғааралық өзара-әрекетке тіреу жасалады. Жоғары оқыту құндылығын көптеген психологтар мойындап отыр. Ойында қатысушылар үшін шынайы өмірде маңызы бар рольдер мен жағдайлар “ойналады”. Ойыннан кейін болатын әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен нормалары , қарым-қатынас стилі, әртүрлі психологиялық талдау оқыту тиімділігін күшейтеді. Рольдік ойындарда қалыптасқан қарым-қатынас дағдылары жеке тұлға игілігі болуға шынайы өмірінде сәттілік әкеледі.

Әртүрлі жакттығулардан тұратын психогимнастика топтың жайлы ахуалын қалыптастыруға топтағы қатысушылардың жағдайының өзгеруіне сонымен бірге әртүрлі қарым-қатынас қасиеттерін бірінші айналадағы әлемді қабылдауға сезімталдықты жоғарылату.
Сабақ бағдарламасы.

1.сабақ- “Бастау алу” танысуға арналады және жетекші мен топ арасында байланыстың орнауы, кедергілерді жою, сенімділікті ахуалы мен топтың ұйымшылдығын құру.

2.сабақ- “Адамдар әлемінде” топтың ұйымшылдығына арналады. Қатысушылардың қарым-қатынас сауаттылығын көтеруге конструктивті қатынас дағдысына үйренуге, тыңдай білуге , өз көзқарасын шығарып , жеткізіп алуға өзге адамдарды түсініп ымырашылдыққа келу.

3,сабақ- “Эмоция теңізінде” қатысушылардың сезімімен эмоция білімін кеңейтуге арналады. өз эмоциясын білдіре алуға дағдыны үйрену және өзгелерден осыны көре білу.

4. сабақ- “Ішкі жан тереңдігіне” , өзін тануға жағдай жасау өзінің ішкі әлеміне үңілуге және оған бағдар жасауға арналады.

5. сабақ-“Өткен шақ, осы шақ, болашақ” келешек омірін түсінуге, өмірлік мақсаттарды, олардың жолы мен жету жолына қабілеттендіретін жағдай жасауға арналады.

6. сабақ- “Финал” қорытынды жасауға жеткен нәтижелерді бекітуге топтық жұмыстың аяқталуына байланыстан шығуға арналады.

Ширату жаттығулары.

“Кездесу мен ұқсастық”.

Қатысушыларға кездесу мен ұқсастықтарын айту ұсынылады.

Мысалы: “егер біздің кездесуіміз жануар болса, онда бұл ит болар еді”

“Ауа райы”

Нұсқау: бір парақ қағазбен қарындаш алып қазіргі көңіл-күйіңізге сәйкес сурет салыңыз, сіз қазір “нашар ауа райы” немесе “дауылды жел” мүмкін сізде ауа райы өте жақсы, күн жарқырап тұрған шығар.

“Жазу машинасы”

Қатысушыларға сөз немесе сөз тіркесі жасырылады . Әріптерді құрайтын мәтін топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Мұнан кейін сөз тіркесі жылдам айтылуы тиіс, әркім өз әрпін айтады, ал сөздер арасы алақандарымен шапалақтап отырады.

Ергежейлілер мен алыптар”



Барлығы шеңбер бойына тұрады “Алыптар” деп бұйрық берілгенде барлығы тұрады, ал “ергежейлілер” дегенде барлығы отыра қалуы қажет.Жетекші қатысушыларды -“Алыптар” дегенде отырып қалатындай етіп шатастырады.

“Сигнал”


Қатысушылар жақын және қолдарын артқа ұстап шеңбер бойына тұрады.

“Посылка”

Қатысушылар бір-біріне жақын шеңбер бойына отырады . Қолдарын көршілерінің тізесіне қояды. Қатысушылардың бірі көршілерінің аяғын жеңіл шапалақтап “посылканы” жібереді. Сигнал тез арада жүруге тиісті және авторға шеңбер бойынша айналып келеді. Сигналдық нұсқалары болуы мүмкін (саны әртүрлі немесе қозғалыс түрі).

Өзгермелі бөлме”

Нұсқау: не қазір бәріміз бөлмеде жәй жүреміз. Ал енді көз алдыңызға елестетіп көріңіздерші , бөлме сғызға толы , сіз олардың арасымен өтіп барасыздар. Қазір бөлме қызғылт сары - қабырғалар қызғылт сары. Еден де төбе де энергияға толы “Фанта” сусынындағы көпіршіктей көңілді әрі жеңіл сезінеміз. Енді жаңбыр жауды айналаның барлығы көгілдір әрі су болып кетті. Сіз көңілсіз мұңлы , шаршап келесіз.....

Уілдеген мотор”

Нұсқау: сіздер нағыз автомобиль жарысын көрдіңіздерме? Қазір біз шеңбер бойындағы автожарыс ұйымдастырамыз. Көз алдыңызға уілдеген жарыс автомобилін елестетіңіз- “ррррррммм”. Араларыңыздан біреулеріңіз “рррмм” деп бастап басын оңға немесе солға бұрады. Оның көршісі бірінші адам басын қалай бұрса , сол адам рррмм деп айтып жарысқа түседі. Осылай мотор уілі шеңбер бойынша шапшаң жүріп өтеді. Қане кім бастағысы келеді.

Сабақты аяқтауға арналған жаттығулар.

“Шеңбер бойынша қошеметтеу:

Нұсқау: біз бүгін тамаша жұмыс жасадық. Мен қазір сендерге ойын ұсынғым келіп тұр. Мұнда шапалақтау адымен жәй содан кейін қатты қатты шапалақ болуы керек. Жетекші алақанмен шапалақтап жәй ғана бір қатысушының жанына барады. Маған кейін бұл қатысушы топтан бір адамды таңдап, енді екеуі қол шапалақтайды. Үшінші адам төртінші адамды таңдайды. Соңғы адамға бүкіл топ қол шапалақтайды.

Сыйлық”

Қатысушылар шеңбер бойына тұрады.

Нұсқау:

Қазір бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Жетекшіден бастап әрқайсысымыз кезекпен пантомима арқылы қандайда бір затты бейнелеп оң жақтағы көршіге сыйлық береміз (гүл, балмұздақ т.б.)



Жанға жағымды сабағыңыз үшін рахмет”

Қане ортақ шнңберге тұрыңыздар. Мен сіздерге салтанатты сезінуге бір-бірімізге алғыс айтуға, достық сезімін білдіруге көмектеседі. Ойын келесі үлгімен өткізіледі: олардың бірі ортаға тұрады екінші адам келіп қолын қысып “жан-жағымды сабағыңыз үшін алғыс айтамын” ,- дейді. Екеуі қолдарын ұстап ортада тұрады. Осылайша барлығы бір-біріне алғысын айтып шығады.


14-лекция.
Жеткіншек жасындағылардың тұлғалық қатынасын дамытуға арналған жаттығулар.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. “Сен маған ұнайсың” тренинг-ойыны.

2. “Достың өмірбаяны” тренинг-ойыны.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

  2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

  3. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

  4. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

  5. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.


Қосымша:

1. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.

2. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.


  1. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

  2. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.

5. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. А.,2003.

Лекцияның мәтіні:
Жеткіншек жасындағылардың тұлғааралық қатынасын дамытуға арналған жаттығулар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет