Лекция: 15 сағат СӨЖ: 15 сағат обсөЖ: 15 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат



бет5/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#134099
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тест нәтижесін талдау.

Сұрақтар соңында жақшада берілген номерлер акцентуация типін көрсетеді. Әр номер богйынша жиналған оң жауаптар санын кестеде көрсетілген коэффицентке көбейту арқылы акцентуацияның баллы анықталады. Нәтижесі 12 балдан артық болса акцентуацияның сол түрі орын алғанын білдіреді. Талдау жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі.

Осы тест нәтижесін талдау барысында балалардың басым көпшілігінде акцентуацияның бір түрінің белгісі бар екені анықталды. Зерттелініп отырған жетінші сынып оқушыларының көрсеткіштерінде орын алған акцентуация түрлерін олардың жас ерекшеліктеріне психологиялык сипаттамамен салыстырып көргенде жағдай шектен шықпаған, норма көрсеткіштерінің дисперсиясында орналасқанын анықтадық.

Тек қана алдын ала анықтаған акцентуациясы күшті болуымен байқалған балалардың көрсеткіштері нормадан шамалы асық болды.

Шмишек тесті бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі.


Шкала номері

Акцентуация типі

Акцентуация көрсеткіші

Анықталған балалар саны



1.

2.

3.



4.

5.

6.



7.

8.

9.



10.

Гипертимді

Лабильді

Сенситивтік

Шизойдтық

Эпилептоидтық

Тұрақсыз


Астено-невротик

Демонстративтік

Циклоидтық

Аффектті-экзальтациялық



2

4

6



2

0

3



2

7

0



1

Акцентуация түрлері анық байқалған балаларды келесі кестеге түсіріп талдадық.

Балалар аты

Акцентуация түрі

1.Айжан

9-шы түрі анық көрініс берді

2.Ақнұр

3-ші түрі анық көрініс берді

3.Әлия

2-ші түрі анық көрініс берді

4.Бану

8-ші түрі анық көрініс берді

5. Данабек

6-шы түрі анық көрініс берді

6.Ғалия

8-ші түрі анық көрініс берді

7.Ғалым

9-шы түрі анық көрініс берді

8.Гүлдана

6-шы түрі анық көрініс берді

9.Қадиша

3-ші түрі анық көрініс берді

10.Карима

1-ші түрі анық көрініс берді

11.Зарина

8-ші түрі анық көрініс берді

12.Мәдина

3-ші түрі анық көрініс берді

13.Мақсат

9-шы түрі анық көрініс берді

14.Марина

2-ші түрі анық көрініс берді

15.Маржан

2-ші түрі анық көрініс берді

16.Марс

8-ші түрі анық көрініс берді

17.Мәнсүр

6-шы түрі анық көрініс берді

18.Нағима

3-ші түрі анық көрініс берді

19.Назерке

2-ші түрі анық көрініс берді

20.Нұрсұлу

7-ші түрі анық көрініс берді

21.Ораз

3-ші түрі анық көрініс берді

22.Өмірзақ

2-ші түрі анық көрініс берді

23.Шәрипа

3-ші түрі анық көрініс берді

24.Шәмші

2-ші түрі анық көрініс берді

25.Фатима

3-ші түрі анық көрініс берді

26.Фархад

9-шы түрі анық көрініс берді

Зерттеу нәтижесі демонстративтік акцентуация балалардың жетеуінде анық көрініс береді, ал тұрақсыздық үш балада анық байқалды. Акцентуацияның басқа түрлері 2-3 баланың көрсеткіштерінен байқалды, ал эпилептойдтық және экзальтациялық түрлері көрініс бермеді.


Қорытындысы:

  1. Гипертимды 4

  2. Дистимды 3

  3. Циклонды 4

  4. Қозғыш 6

  5. Тіреліп қалғыш 1

  6. Педантты 2

  7. Үрейлі 3

  8. Эмотивті 3

  9. Демонстративты 6

10. Экзальтивты 0

Акцентуацияның түрін дәлірек бағалау үшін осы көрсеткішті бағалайтын келесі тестерді жүргіздік.


Көптеген сауалнамалар, бақылау және тәуелсіз мінездемелер жинау нәтижесінде мектептегі зерттелінген 7-8 сынып оқушыларының арасында оқытушылармен, құрбы-құрдастарымен, тіптен отбасында қарым-қатынас қиындықтарына бөленіп жүрген оқушылар -бар екенін анықтадық. Сабақтан қашып, ата-аналарын мектепте оқып жүрмін деп алдап, ал өздері көшеде жүретін балалардың саны 9 бала болды.
9-лекция.
Жеткіншектердің жеке-дара типтік ерекше белгілерін диагностикалау.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Жеке тұлғаның дара-типтік ерекше белгілерін анықтауға арналған саулнама (Л.Н.Собчик).

2. Қорытынды-нәтижелері бойынша типтер сипаттмалары.

Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

  2. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

  3. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.

  4. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

  5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.

  7. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.

  8. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.



Қосымша:

  1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.

  2. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.

  3. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.

  4. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.

  5. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

  6. Дубровина И. В. Положение о школьной психологической службе. М.,1985.



Лекцияның мәтіні:
Жеке тұлғаның дара - типтік ерекше белгілерін анықтауға арналған сауалнама (Л. Н. Собчик)

Жұмыс орта және үлкен топтарда жүргізіледі.



  1. Мен барлық сұрақтарға өте ашық және дұрыс жауап беруге тырысамын.

  2. Менің мінезім өте нашар.

  3. Мен сабақты кластан гөрі үйде жақсы орындаймын.

  4. Мен барлық тапсырманы бөгде адамның көмегінсіз жасаймын.

  5. Мен өзіме таныс емес балалармен жиі сөйлесемін.

  6. Менің өмірде жолым тіпті болмайды.

7.Егер мен қалаған нәрсеге айналам қарсы болса да, мен оны өзімше

жасаймын.

8.Мен барлығын орындап, үлгеріп жүрсем де, болмашы нәрселерге жиі

алаңдап, мазасызданамын.

9.Менің сәтсіздігіме кінәлі нақты адамдар (балалар, ата-аналар.

мұғалімдер).

10. Кластагы балалардың жалпы пікірі мен үшін маңызды болып

еселтеледі.



  1. Басқа адамның жагдайларына мені аз қатыстырады.

  2. Маган өлеңді жақсы айтатын адамдар үнайды.

  3. Баска адамдардың қыңырлыгында шаруам жоқ, өзімдікі жетеді.

  4. Шулы ортада мен тек басқа адамдардың қалай көңіл көтеретініне қарап

отырамын.

15. Әлдекімдердің уайымдап және азаптанып жүргенін көру, мен үшін ауыр

нәрсе.


  1. Мен барлық уақытта дүрыс айтамын.

  2. Менің барлық бақытсыздыгым - өз мінезімнің нашарлығынан.

  3. Мен өмірдегі ең бақытсыз адаммын.

  4. Мен жиі не істерімді білмей қаламын.

  5. Маған жаңа адамдармен танысу барлық уақытта үнайды.

  6. Мен барлық кезде ұзақ ойланып жатпай әрекетке көшемін.

  7. Мен өз ойыма сенімді болсам да, менің пікірімді өзгертуге тырысқан

адамдар мені ызаландырады.

  1. Мен ешбір дәлелсіз өзіме жақын адамдар үшін жиі толқимын.

  2. Біреулердің менің бөлмемдегі және столымның үстіндегі ретке келтіріп

қойған заттарымның орнын ауыстырып қойса, мен оны қаламаймын.

  1. Мен балалардың, тіпті үлкен адамдардың назарын өзіме аударта аламын.

  2. Мен өмірде анықталған ережелер мен қағидаларды қатал үстаймын.

  3. Мен шулап, көңіл-көтеріп отыратын қонаққа баруды үнатпаймын.

28. Үйде және мектепте мені қоршаған адамдардың көңіл-күйлерінің

өзгергенін өте тез сезіп қоямын.

29. Мен ауладағы немесе кластағы б ...ларды өзіме қызыктырып, ерте

аламын.


  1. Біреудің жылап, ренжігеніне мен жайбарақат қараймын.

  2. Мен тек басқа адамдарға үнайтын нәрсені ғана жасаймын.

  3. Қоршаған орта менің көңіл-күйімді тез түсіреді.

  4. Тақтаның алдында сабақ айту керек болса, маған ұялшақтығымды жеңу қиын.

  1. Үлкендердің айтқан пікірі мен үшін өте маңызды.

  2. Басқа балалардың қажетті дел есептеген әрекеттерін жасатуға мені еріксіз мәлсбүр ету маған қиынға соғады.

36. Менің өз сезімдерімнің төмендегеніне және сәтсіздігімді қатты уайымдаймын.

37. Егер істеген ісімнің дүрыстығына сенімді болсам, мен барлық уақытта табанды боламын.



  1. Егер ортада маған көңіл аудармаса, онда маған қызықсыз болар еді.

  2. Менің пікірімді ешкім өзгерте алмайды.

  3. Маған әр кез жаңа достармен әртүрлі ойындар ойнаған ұнайды.

  4. Егер ата-анам немесе мұғалім менің ісімді дұрыс емес деп санаса, мен пікірімді өзгерте аламын.

42. Метрода немесе трамвайда (троллейбуста) таныс емес балалармен рахаттанып мылжыңдап сөйлесе алады.

  1. Мен ешқашан өтірік айтпаймын.

  2. Мен бүгін істейтін жұмысты ертеңге ешқашан қалдырмаймын.

  3. Мен өмір бойы ештеңеге риза емеспін.

  4. Мен алаңсыз ойланып, армандағанда жалғыздықты ұнатамын.

  5. Мен көңілді ортада әсерленуге қысылмаймын.

  6. Егер маған басқалар бұйрық берсе, онда менен ештеңе шықпайды.

  7. Менің ісіме кім кедергі келтірсе, мен оған қарсы соққы бере аламын.

  8. Өзімнің ыңғайсыз сөздеріме немесе ебедейсіз қылықтарыма ұялу деген менде болмайды.

  1. Өзімнің құқымды қорғау үшін жиі төбелеске барамын.

  2. Егер мен екілік баға алсам немесе өтірік айтқанымды ұстап алса мен оған ренжімеймін.

53. Менің көңіл-күйім ата-анам арасындағы істің оңға басқанына (тәуелді) байланысты.

54. Табандылық пен қайсарлық жетпесе, маған сәттілікке қол жеткізу қиын.

55.Мен үйде және мектепте үлкендерді барлық уақытта тыңдаймын.

56. Егер мен теледидардан қызық кино немесе комедиялық ойын-сауық көрсем, онда менің жабырқаңқы көңіл-күйім жеңіл көтеріледі.



  1. Мектептеп жағымсыз нәрселер мені тіпті толғандырмайды.

  2. Айналамдағылар көңілді жүрсе де, менің ішім жиі пысады.

59. Мен барлық уақытта көшенің тиісті жерлерімен өтемін.

  1. Экстраверсия: иә - 12, 42, 44, 49; жоқ-14, 60.

  2. Споғтячды; иә-4. 21, 29. 34; жоқ- 19, 50.

  3. Агрессивті: иә - 7, 22, 51, 53; жоқ- 36, 37

  4. Ригидті; иә - 9, 24, 26, 39; жоқ - 41 , 56.

  5. Интроверсия; иә - 3, 33, 35, 48; жоқ - 5, 20.

  6. Сензитивті: иә - 15, 28, 43; жоқ - 11, 13, 30.

  7. Мазасыздық; иә - 8, 23, 38; жоқ- 52, 54, 59.

III. Лабильді: иә - 10, 25, 40, 55, 58; жоқ-27.

  1. Жалған шкала, иә - 16, 31 ,45, 46, 57, 61.

Аггровация; иә-2, 6, 17, 18, 32,47.

Экстраверсия (I), Бұл шкала жоғары көрсеткішті көрсетсе, онда бала көпшіл, адамға үйір, мақсаттылық әрекетті жүйесіз, көп алаңдайды, мылжың Достарының саны шектен тыс және таныс балалармен байланысы үстірт, маңызсыз болып қалады (танысы көп - нағыз достары аз). Мұндай балалар оқу материалын оқулықтан гөрі ойындарда, диалогтық режимде жақсы меңгереді Олар тентек, күлегеш болып келеді, алайда олар шындық тұрғысында тапқырлық танытады.

Қиын жагдайдан шығу үшін өтірік айта алады, коршаған ортада өзін жоғары көрсету үшін мақтанып қалады.



Спонтанды (II;. Бұл шкала жоғары көрсеткішті көрсетсе, бала қалай болғанда да еркіндікке, лидерлікке, ешкімге бағынбауға, өз пікірін ашық айтуға ұмтылады Кез-келген еркіндікті кысқан шектен тыс тәртіпке қарсы әрекет жасайды. Бұлар тіл алмайтын балалар, ашуланғаннан гөрі көпшілік мақұлдаған мінез-құлық ережелеріне бағынғысы келмейтіндер және тәртіп бұзушылар. Олар тиым салғандарға жақындайды. Осы себептен ішімдікке наркотикке, шылым тартуға қызығушылықтары ерте басталады. Бұл типтегі балалар отбасықда немесе мектепте болған конфликтіден үйінен қашып кетуге, көше кезіп кетуге әуес болады. Бұлар мектеп ережесін бұзушылар, яғни сабаққа себепсіз кешігушілер, Олар бірқалыпты оқымайды, негізінде бай интуициясына сүйенеді, сыбырлап айтқанды ебін тауып пайдаланады, яғни естіген кішкене бөлшектерін толық суреттеп бере алады. Мектепте мұндай балалар бәле келеді, болашақ өздерінің өмірлерінде тапқыр, талапты және батылдық танытып, тіпті болмаған жетістіктерге жетеді, ашылмаған жаңалықтар аша алады.

Агрессивті (III). Бұл шкала жоғары көрсеткішті (4-5 балл) көрсетсе, бала өз-өзіне сенімді, өз ойын ашық айтуға ұмтылады, белсенді және өз бетімен қозғала алады. 6 балл баланың орынсыз белсенділігін, агрессивті қылықтары мен кезбелікке әуестігін, бағынушылар алдында (импульсивті) қызба мінез-құлықты, талсырманы орындауда ұқыпсыздыктарын, бұзық әрекеттерге дейін баратын көріністерді көрсетеді. Жеке адамның мұндай типтегі балалар үшін, әсіресе толық емес жанұяларда көп кездеседі. Мұндай балалар сәби кезінде ата-аналардың жылуын, мейірімділігін, қамқорлығын, ізгілігін бастан кешірмеген. Олар ерте балалық шақтан өздерін қоршаған ортамен қарсы қояды және күреседі. Бұл балалар педагогты ең үлкен қиындыққа апарады. Бірақ жұмыстың қатаң әдістері (білімімен емес, мінез-құлқына байланысты мектептен шығару, арнайы кластарга немесе арнайы мектептерге жіберу т. б.) бұл жерде баланы өшіктіреді және оның тұлғалық деформациясы өзгереді, яғни ашу-ызасы орнына келмейді.

Ригидті (IV). Бұл шкала жоғары көрсеткіш көрсетсе, балада табандылыіқ (егер өз мақсатына жетуге қатысты болса) және қасаоысушіылық (егер өз көзқарасын дәлелдесе) көрінеді. Олар үшін жеке статусы төтенше маңызды мәселе - басымдылық, билік позициясы және материалдық жетістік болып саналады. Олар басқаның әдеттен тыс билігін және байлыгын қызғанады өздерінің агрессивтілігімен қорғанады. Оқуда материалды біртіндеп, кейде тіпті жай үғады, бірақ оны есінде жақсы ұстайды, жауап беруде жинақталған тәжірибеге сүйенеді. Оларға қиял және интуиция жетіспейді, сондықтан оларға тіпті сыбырлап айтудың өзін қамдану қиынға соғады. Мұндай балаларға материалды ұғу үшін жаттап алу қажет. Олар шыдамдылық арқасында табыстарға жетуі мүмкін, ал соңына дейін күрессе мінезін де жеңуі мүмкін.

Интроверсия (V). Бұл шкала бойынша балалар жоғары көрсеткіш көрсетсе, онда олар үндемейтіндігімен, тұйықтығымен, оқшау жүруімен айырмашылығы көрініп тұрады. Олар қайырымды достарды өте қатты таңдайды, оның есесіне үнемі өздері соларға үйірсек болып жүреді. Пәндерді оқу алдында өздерін бағалайтыны жөнінде ойланады. Олар жалғыз қалғанда ғана материалды жақсы меңгереді. Нақтылы ғылымдарға қарағанда олар әдебиеттік және гуманитарлық пәндерді жеңіл игереді. Бәрінен бұрын вербальды (жазбаша) интеллектілері пайда болады. Олар класс алдында тақтаға шығып жауап бергенді ұнатпайды. Қоршаған орта оларды ынтымақсыз және қабағы ашылмаған адам ретінде қабылдауы мүмкін, дегенмен де олар басқа балалардың қаттылығынан және тұрпайылығынан жиі қорлық көреді, ал тұйықтығы өздеріне қорғану реакция сияқты көрінеді. Оларда бәрінен бұрын өзіндік арман әлемі бар, оларға өмір тәжірибесіз, құнтсыз, идеализацияға бейім болып есептейді Кім жоғары интеллектілі болса, ол сирек кездесетін қабілет, солар ғана терең ұғына алады және оларға өмір қызығырақ болады деп түсінеді.

Сензитивті (VI). Бұл шкала бойынша өз сәтсіздіктеріне тым әсерленіп, тез ренжиді және оған депрессивті реакция берулері жоғары болады. Олар өз кінәларын ұлғайтуға ұмтылады. Кластастарымен қарым-қатынаста олар келісім позицияны ұстанады, лидерлікке ұмтылмайды, класта өзін жайлы, күшті жеке тұлға ретінде сезінеді, мұғалімдерден, ата-аналардан қолдау іздейді және оларды қорған тұтады. Оқуда ұқыпты және жауапкершілікті, емтихан кезінде қатты мазасызданып, төмен бағаға жаны күйзеледі. Олар дерекі әділеттсіздікке ренжіп, ауыр қиналысқа түседі. Даулы жағдайда олар суицидті тенденциялардан және ұзаққа созылған депрессивті реакциялардан қорқады. Оқу процесінде олар кебінесе гуманитарлық ғылымдарға бейімделеді. Оларға орыс тілі мен әдебиетті тереңірек меңгерткен дұрыс, өйткені оларды лирика, поэзия тартады. Олар математика мен физикаға сирек келеді. Мұндай типтегілер достықта, махаббатта тұрақты және балаларға аяушылық білдіріп, қорғап жүреді, оларға сенім артады.

Мазасыз (VII). Бұл шкала бойынша балада мынадай мінез ерекшеліктері басым болады: жасқаншақ, жауапкершілік сезімін сезгіш, ішкі қажеттілігі ортаға - мұғалімдер, ата-аналар, класқа сай болады: күмәнданғыш, қорқақ, негізсіз үрейленуге әуес. Мұндай типтегі оқушылар әдетте тапсырманы орындар алдында жөнсіз үрейден төмен баға алады, кінәдан, жазадан қынжыла уайымдайды, бақылау жұмыстары мен емтихан алдында өте қатты күйзеледі. Достарына жанын береді. Олар үпкендердің - ата-ана, мұғалімнің жетекшілігіне арқа сүйейді, яғни өздерінің ренжігенін, жамандағанын, шағымданғанын айтып келгенін ұнатады. Мұндай типтегілер қыздардың арасында сирек кездеседі. Ұлдар бұл типте "сыпайы", "тәрбиелі", «сабырлы» болып жүреді.

Лабильді (VIII). Бұл шкала бойынша балаларда (лабильді, қозғалмалы) эмоционалды тұрақсыздық жоғары көрінеді. Бұл балалардың көңіл-күйі жеңіл өзгереді - қуанышты күйден көңілсіз күнге тез түседі. Қамығу реакциясы былай сипатталады: беті қызарады, бас ауыруы пайда болады, тамыры жиі соғады, температурасы кетеріледі, есінен танып қалады, қалшылдап тітіркенеді, жүрегі айнып, лоқсып құсады. Бұл әсерленулер қиялы бай және қиялдануға бейім балаларда болады. Олар мектепте өз бетінше ән салумен, өлеңдер оқумен, би билеумен қуана-қуана шұғылданады. Олардың мінез-құлқы көп жағдайда еліктеушілікке басым, олар кез келген әлеуметтік рольден шығады. Педагогикалық-әрекеттің негізгі рычагы - оларда атақ-даңққа ұмтылу. Мұндай типтегі жеке тұлғалардан жақсы спортшылар, әсіресе слорттың әр түріне икем балалар жиі кездеседі. Олар тәртіпті және ер жүрек, батыр болып өседі. Оларда нанггы ғылым, білім жақсы беріледі, олар лоэзияда аяныш жанды, ал дау-дамайда қаттылық пайда болады.

Қарым-қатынаста қиындықтар орын алу себептері әр түрлі болғанымен

оларды бес топқа бөліп топтастырдық. Олар келесі кестеде көрсетілген.

Оқу және қарым - қатынастағы қиындықтар себептері.

Зерттелінушілер саны

Мұғалім оқушыны жиі кіналауын бала көтере алмай конфликтіге түсіп жүргендер

3



Қатарластарымен тіл табыса алмай конфликтіге түсіп жүргендер, эгоцентризмі өте жоғары болуы және басқаларды төмен бағалауы

3

Қатарластарымен де мұғаліммен де конфликтіге түскендер

2

Физиологиялық бұзылыстар, психоз белгілерінің орын алуы

0

Өзіне конфликтілік қатынасы, өзін төмен бағалауы, басқалардан кем санауы

5

Қорытынды: зерттелген 28 оқушының ішінен 4 оқушының оқу және қарым - қатынас барысындағы қиындықтары өте тереңдеп кеткені анықталды. Олар мектеп талаптарын бұзуға жиі барып, -кей кезде ішімдік ішетіндігі де анықталады. Қарым - қатынас және оқу барысындағы балалардағы кең тараған, бұзылыс мұғаліммен конфликтіге түсу болып табылады. Бұл жерде біз бір -біріне ұқсамайтын 3 конфликтімен кездестік:

Бірінші жағдайда, оқушы мұғалімді қабылдамайды, бала да мұғаліммен қатынас кезінде агрессия, дөрекілік пайда болады. Қатарластарымен де дәл осындай мінез - құлықты көрсетеді, Мұның себебі, өзін төмен бағалау болып табылады.

Екінші жағдайда, оқушы мұғалімнен қорқады, бала үндемейді, психологиялық жағынан тез жарақаттанады, сонымен катар, бала қатарластарымен де қарым - қатынас жасаудан қашады т.с.с. Мұның негізгі -себебі жоғары мазасыздану, өзін төмен бағалау. Бұл балаларға оқу материалдарын меңгеру қиын, сондықтан бұлармен жеке жұмыс істеу керек. Қатарластарымен қарым - қатынас қиындығы олардың өзіндік басын бағалауы төмендеп кеткен.

Үшінші жағдайда, баланың үндемеушілігімен мұғалімді қабылдамауы арасында қарама -қайшылық туады, бірақ мұғалімге қатты қызығушылықпен қарайды. Бұл оқушыда танымдық мативацияның артта қалуы байқалады, бала мұғалімге сенбейді, сонымен қатар, өзінің айналасып жатқан іс-әрекетіне де сенімсіздікпен қарайды.

Зерттеулер нәтижесі бойынша белгілі болғандай, оқушылардың оқу және қарым қатынас барысындағы барлық қиындыктары өзіне сенбеушілік пен, мазасыздануы, өзін төмен бағалаумен байланысты екен. Сондықтанда оқушыларды бір коррекциялық топқа біріктіріп, коррекциялық жұмысты келесі бағыттар бойынша жүргізуді ұсындық:

1. Оқу дағдыларын қалыптастыру машықтарын жүргізу;



  1. Баланың отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасын реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру;

  2. Баланың қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау;

  3. Баланың өзін-өзі бағалауын адекваттыққа жақындату мақсатымен баланың өзіндік бағалауын реттеу, көпнәрсе қолынан келетінін дәлелдеу мақсатьіида оның әрекеттерін ұйымдастыру.

Осы міндеттерді орындау үшін арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдандық. Жүргізілген коррекциялық жұмыс үш аптадан кейін оң нәтиже бере бастады. Нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан асық болған тоғыз оқушының ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізілді.

Ата-аналарға келесі кеңестер берілді;

А) Мұндай оқушыларды еш уақытта катты сынауға, түсіндірмей тиым салуға, үрсумен басуға болмайды. Сондықтанда ата-аналармен мұғалімдер мазасыздануы жоғары және сезімтал балалардың эмоционалды күйін үлкен шыдамдылықпен қабылдауы керек. Мұндай балаларға барлық айтылған нәрселер оларды «жаман адам» деген баға емес, олардың болашақта жақсы болуына қамқорлық екенін түсіндіру қажет. Сонымен қатар жеткіншек жасындағы балалармен қарым-қатынас барысында салт-дәстүрге сай келмитін мінез көрсеткен адам еш уақытта басқалармен сыйысымды өмір сүруі қиын екенін түсінуіне көмектесу керек.

Б) Психологиялық ғылыми еңбектерден және көркем әдебиеттерден жеткіншектік кезеңнің драмалық уайымдауларға, қиындықтармен кризистерге толы екендігі белгілі. Өйткені жеткіншектік жас диспропорциялану кезеңі болып табылады. Бұл жаста адам өзінің физикалық ерекшелегіне көбірек көңіл бөле бастайды, айналадағылардың көзқарасына деген реакция күшейе түседі, тез өкпелеу басым болады. Барлық ескертулерге баланың жауап реакциясы тітіркендіргіштер күшінен көп басым келеді. Сондықтан оларды ата-аналар, оқытушылар түсінбей қалуы мүмкін.

Пайдаланған тестердің барлығы психодиагностикалық мағынасымен қатар коррекциялық әсері бар екені сөзсіз. Дегенмен арнайы жасалған коррекциялық ойындарды пайдаланудың орны басқаша. Сондықтан бірнеше коррекциялық ойындар ұйымдастырдық.

Мақсаты: Топта әр адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қалыптастырудың ең тиімді жолы - ойын тренингін жүргізу. Ойын адамның мінез-құлқын, қабілетін, әлеуметтік ортада өзін ыңғайлы сезінуге үйретіп, өз құрбыларымен, оқытушылармен қарым-қатынас жасау жолдарын көрсету, мінез-құлық нормаларын меңгертіп, құндылықтары мен таныстыру үшін тиімді әдіс-тәсілдер жинағы болып табылады. Сондықтан коррекпияның басым көпшілігі ойын арқылы жүргізіледі.


10-лекция.
Жеткіншектердегі мінез-акцентуациясын диагностикалаудың теориялық негіздері.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Мінез акцентуация негіздері.

  2. Жеткіншектер мінез акцентуациясын диагностикалау сатылары.


Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

  2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

  3. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

  4. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

  5. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.


Қосымша:

  1. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.

  2. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.

  3. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

  4. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.

  5. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. А.,2003.



Лекцияның мәтіні:

Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді. Адамның жекелік қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның жалпы адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін, сыйысымдылығын анықтап отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты, сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жекелік қасиеттердің көрінісі бойынша сипаттауға болады.

Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто - қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т.с.с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қазіргі кезде цивилизацияның дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан өрескіл мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп, балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.

Адамның мінезінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, группадағы студенттер, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады.

Мінез детеминиз ұстанымына сай барлық психикалық қасиеттермен тағыз байланысты. Мінезге темпераменттің тигізетін әсері өте үлкен. Холериктің жеңілтектігі мен қызбалығы, сангвиниктің сөзшеңдігі, флегматиктің байсалдылығы, меланхоликтің тұйықтығы мен ұстамадылығы мінезге әсерін тигізіп тұрады. Мінез бен темпераменттің өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді. Холерик пен сангвиникке белсенділікті, шығармашылық қасиетті қалыптастыру оңай, ал флегматик ерінбестен оның бәрін меңгеруге шамасы келеді, меланхоликке ашық-жарқын болу өте қиын. Осы ерекшеліктерді ескерсе отырғанда тәрбие нәтижелі болады. Мінез - тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі.

Психолог өз қызметін ұйымдастыру үшін психолог басқа адамдардың мінезін біліп, ол адамның неше түрлі жағдайларда өзін қай жағынан көрсететінін болжамдауға болады. Сондықтан мінез ерекшеліктерін біліп алу негізінде ол адамды тәрбиелеуге, жекелік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік туады.

Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді - іші тар; жеңілтек - байсалды; адал - арам; сыйысымды - сыйысымсыз; қорқақ - батыл, сезімтал - қатыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреу жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.

Мінездің барлық көрсеткіштері бір-бірімен тәуелді байланыста. Сондықтан егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетіп жүруі өте қиын. Қорқақтың сыйсымдылығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылық (ұйып сенуі), тілалғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі жиі кездесіп тұрады.

Сондай ақ, батыл, шешім қабылдағыш, адам қорқақ болуы мүмкін емес, ол мырзалық көрсете алады, басқалардың пікірін сыйлайды, бірақ кейде тік мінездік көрсетіп, керек емес жерде тәуекелшіл болып, өз өміріне қауіп тудыруы мүмкін.

Мінездің бір-бірімен тәуелді байланыстағы көрсеткіштерінің ішінде біреуі доминанта болып, барлық басқа көрсеткіштеріне әсерін тигізіп тұрады. Доминантасының ерекшелігі: мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы болып негізгінің көрінісін тереңдетіп, құлпыртып тұрады. Оны келесі мысалдармен дәлелдеуге болады:

а) кең пейілділік доминанта, жетекші көрініс берген адамның басқа
мінез сипаттарының барлығы жалпы ол адамды «жақсы адам» деп
қабылдатады. Ол тірлікті асығыс, шала, үстіртін істейтін, кейде сөзінде
тұрмайтын болса кеңпейілділігі бұл осалдылығын жұмсартып көрсетеді;

б) сыйымсыздық, қатыгездік доминанта болса ол адамның барлық басқа қасиеттеріне теріс белгі береді. Доминантасы қатыгез болса ол адам іскер, білімі терең, барлық мәселені шешу жолдарын тез анықтайтын болғанымен қоршағандар жалпы оның мінезі теріс деп қабылдайды.

в) доминантасы сыйысымдылық, кешірімді, ұрысқақ емес, басқалардың жағдайын түсінетін болса, ол адам шалағай, сөзінде тұрмайтын болса да оны басқалар оң қабылдайды, жақсы адам деп санайды.

Доминантадан басқа мінез құрылымының келесі көрсеткіштері бар.

1. Қоршаған ортаға көзқарасы. Қоршаған ортадағы ең маңызды құндылық - басқа адамдар. Егер әр адам басқа адамдарды сыйласа, олармен тіл табысып өмір сүргісі келсе, ешкімге зиян келтірмесе, туған-туысқандарына қамқорлық білдірсе оны басқаларда силайды.


  1. Өзіне деген көзқарасы. Адам өзін сыйлап, өзінің беделін, іскерлігін, қоршаған өмірге икемділігін барлық уақытта жетілдіріп жүрген адамның өзін-өзі бағалап, сыйлағанын көрсетеді. Эгоизм, эгоцентризм, өзін ерекше деп есептеп, өзінен басқа ешкімді сыйламау - теріс көрсеткіш.

  2. Іс-әрекетке, еңбеккке көзқарасы. Адамды адам қылған еңбек. Жұмысқа ынталы болу, тілалғыштық, өз мамандығының барлық қыр-сырына жақсы түсініп, шебер, іскер болу - оң көрсеткіштер. Барлық уақытта тәртіп бұзып, тапсырманы уақытында орындамай жүрген теріс көрсеткіштер, өзін сыйламағандықтың белгісі.

  3. Заттарға көзқарас. Барлық заттар адамның еңбегінің нәтижесі. Оны ұқыпты ұстау керек. Заттарға деген салақтық, өзіңдікі емес заттарға, киім-кешекке, оқу құралдарына көзқарастар адамгершіліктің көрсеткіштері.

Мінезінің оң көрсеткіштері басым келсе ол адамды адамгершілігі күшті, жақсы адам деп бағалайды. Сондықтан, мінез адамдық қасиеттердің қалыптасқандығын, адамдар ортасында өмір сүруге икемділігін анықтайтын қасиет болып табылады.

Мінез адамның барлық басқа жекелік қасиеттерімен тікелей байланысты.



  1. Ерікпен тығыз байланыстылығы адамның барлық істеген тіршілігін тиянақты, уақытында орындауы, іс-әрекет барысында басқа адамдармен қарым-қатынасын қалыптастыруы, ұйымдастырғыштық, іскерлік, жауапкершілік т.б. көрсеткіштермен сипатталады.

  2. Сезіммен байланыстылығы оның іс-әрекет барысында күйгелек немесе жайбарақаттығы, байсалдылықпен мәселелерді шешу жолдарын іздеуі, өзінің және басқалардың табысына қуанатындығы, ашушаңдығы, көңіл-күйінің тұрақты немесе тұрақсыздығы, тілектестіктің көрініс беруі.

  3. Ақыл-оймен байланыстылығы интеллектуалдық қабілеті, іс-әрекетте пысықтық, іскерлік, ізеттілік, жеңілтектік, шалғайлық көрсетуі.

Сондықтан мінездің анықтамасында бұл қасиет көптеген жеке ерекшеліктер жиынтығы екені көрсетілген. Мінез көп аспектілі қасиет. Мінездің осы көріністері әр адамда әр түрлі вариантта болады. Дегенмен адамның өмірінде қалыптасқан мақсаттарга байланысты әр адамның өмірге деген көзқарасы және бағыттылығы болады. Адам мінезінің бағыттылығы дегеніміз оның қызығушылығының, идеалдарының және сенімінің жиынтығы (неге сенеді, нені көздейді). Екі адамның мақсаты, бағыттылығы бірдей болуы мүмкін ал сол мақсатқа жету үшін қолданған әркеттері және әдіс-тәсілдері әр түрлі болады.

Адам мінезінің көрсеткіштері көп түрлі. Дегенмен әр ортада мінез ерекшеліктеріне, тәртіп сақтауға, үлкен-кішілер қарым-қатынас ерекшеліктеріне қойылатын талаптар бар. Мінездің әр құрамды бөлігі адам өмір сүретін ортада қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа сай болуы керек. Дәстүрлі қалыптасқан нормалардың бұзылуы адамдар ортасында басқаша бағаланады және норма шегінен асып немесе одан төмен көрсеткішке ие болған жеке адам мінезінің акцентуациясы анық байқалады.


11-лекция.
Жеткіншектік кезеңдегі девиантты мінез-құлық ерекшеліктері.

(1 сағат)
Жоспары:

  1. Мінез-құлық формаларын ұйымдастыру механизмдері.

2. Девиантты мінез-құлықтың себептері мен факторлары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

  2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

  3. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

  4. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

  5. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.


Қосымша:

1.Битянова М. Практическая психология. М.,1996.

2. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.


  1. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

  2. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.

  3. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.



Лекцияның мәтіні:
Девиантты мінез- құлық ерекшелігі.
Мінез-құлық көп деңгейлі прцесс ол түрлі механизмдерді жүзеге асыру мен қамтамассыз етуде айқындалады, оның басты көрінулері:

Бейнелеу механизмі: Адам белгіні нақты жағдайда немесе ортаға байланысты қоюы: Субьективтінің қимыл механизмі, нақты және тепе –теңдікті бейнелеу шарты : Мінез-құлықты эмоцианалды реттеу механизмі: барлық кезеңде қарастырылуы:

Осы айтылған механизмдер қызметі жанама түрдегі сөйлеу мен есте сақтауда көрінеді . Бейнелеу механизмі процесс түрінде – қабылдау, түйсік ойлау т.б. Қимыл механизмі - әрект түрінде , іскерлік, дағды, бағдарлама немесе стратегия; эмоционалды реттеу механизміне тікелей сезім және уайым жатады.

Мінез-құлықтың ұйымдастырылуы түрлі деңгейде қарастырылады: биохимиялық, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық, әр қайсысы арнайы қоршаған ортамен жеке қызмет атқарады; дене ортасына қатысты; жанама түрде субьектінің даралық-жеке тұлғалық сипатына; әлеуметтік-психологиялық жағдайға қатынасы.

Девиантты /ауытқулы/ мінез-құлық – деп қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез-құлықты айтады (И.А. Невский). Танымал социолог И.С.Кон анықтамасында,-“девитантты мінез-құлық ол психикалық саулық, құқық, мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы”-деп қарастырды. Бейімделген мінез-құлық тұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез-келген бейімделуді бұзады ( психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық орта). Девиантты мінез-құлықты үлкен екі категорияға бөліп қарастырсақ. Біріншіден ол мінез-құлық - ережеден ауытқыған психикалық саулық, ол ашық немесе ашық немесе жабық психопотологияны білдіреді. Екіншіден бейәлеуметтік мінез –құлық, ол әлеуметтік мәдениет және құқықтық ережелерді бұзу. Егер әрекет аз болмашы болса онда құқық бұзушы, ал маңызды күрделі болса қылмыс түрінде - ол қылмыскер днп қаралады. Әлеуметтік ауытқуды С.А.Бличева “девиантты мінез-құлық” деп төмендгідей топтастырды:


Пайдақор бағывтта: құқық бұзу, материалды, ақшалай, мүлікпен пайда табу (ұрлық , алдау жымқыру, сату т.б.)

Агрессивті бағытта: жеке бас дамуына кері бағытталған қимыл (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау)

Әлеуметтік - енжар түрі. әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид) белсенді өмір сүрүден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жалтару.

Бейсаналық мінездің сыртқы жағдайда көрінуі, ол ішкі ресурстың реттелуімен: әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруі негізінде қарастырылады.Сондықтан баланың бір жағынан мінез-құлықында белгі, дабыл, нышан пайда болуы және дамуы деп қарастырсақ, екіншіден жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік әсердің сапа көрсеткіші.

Мінез- құлық феномені ретінде қарастырсақ индивид психикасы ерекшелігіне сай жеке бас дамуының жағдайын дұрыстау сыртқы процестерді даму бағытында ескеруіміз қажет. Психолог ауытқу деп мінез-құлықты қарастыруда ( жағдайын, тұрақтылығын, пайда болу жиілілігін, жекебас ерекшелігін, сипатын және жас ерекшелігін т.б.) түрлі әсерді анықтауға көшеді. Жеткіншек жасында ауытқудың байқалуы адамгершілік және әлеуметтік дамуда: уақытша, жағдайлы тұрақты болып келеді. Ол жеке бас дамуында дара ерекшелігіне нақты әрекетіне және өмір сүру жағдайына қарай қарастырылады.

Мінез –құлықта кертартпалық жағымсыз жағдай немесе өмірдегі жүйелі, бір жақтылы әрекет, біртіндеп жиналып кейіннен өткір кедергіге әкеледі. Кертартпалық мінез-құлықтыңдеңгейіне мысал келтіріп өтсек қарсылық, шектелу, кету, агрессия. Ол белгілі бір психологиялық жағдайларда пайда болады, ал одан арылуға ниет етіп, күш салғанда жоюға болады. Егерде жағдайлар қайталана бкрсе, психологиялық бүтін емес сезінуі қалыптасады. Мінез-құлықтағы белсенді және енжар ыңғайлану топ ішінде және жеке әрекетінің өзгеруі: бұзылған- агрессия ол қайта құруға бағытталуы, деструктивті- орнын толықтыру ол көну немесе талапты орындаудан тұрады. Девиантты мінез-құлықты бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.

Девиантты мінез-құлық.


Бейімсіз мінез-құлық. Бейәлеуметтік мінез-құлық.

Аффектілі. Агресивтілік

Аутилді құқыққа қарсылық

Суицалды. қылмыстық

Аддиктивті.

Негізінде. Негізінде:

Жеке бас және психикалы Әлеуметтенудің бұзылуы

Дамуындағы бұзылыс. әлеумкттік –педагогикалық.

Психикалық депривация, кері кету, Мінез-құлық

Психологиялық жайсыздық. Реттелінуінің бұзылысы.

әлеуметтіліктен кету.

Девиантты мінез-құлықтың себептері мен факторлары.
Балаларжда мінез-құлықтың бұзылуы келесі себептерге байланысты болуы мүмкін.

А) Әлеуметтік-пелагогикалық қараусыздық баланы тәрбиелеуде қажетті жағымды дағдылардың, білім және іскерлік дұрыс берілмеуінен онда жұмыссыз стеротивтер қалыптасады.

Б)Психикалық терең жабдықталмау , отбасында психологиялық ахуалдың жағымсыз орнауынан, ата-аналар отбасы мүшелері, мұғалім арасында озара қатынастың қолайсыздығынан (әділ болмау , дөрекілік, мейрімсіздік) баланың оқуға деген ынтасын төмендетеді, сондай- ақ құрбы - құрдастарымен қарым-қатынасы дұрыс түсе алмайтын болады.

В) Денсаулық және психикалық жағдайын дамуы мен бұзылуы, жас ерекшелік дағдарысы мінездегі акцентуатция, түрлі физиологиялық және психоневралогиялық себептер жатады.

Г)Сыртқы және ішкі белсенділікті шығаруға шынаиы жағдайдың қарастырылмауы: пайдалы іс-әрекет түрімен шұғылданбау, балада әлеуметтік маңыздылықтың жеке мақсат пен жоспардың болмауы.

Д) Әлеуметтік- психологиялық бейімделмеу негізгі бақылаусыздық онда әлеуметтік және жекелік құндылықтың жағымсыз жағы қаралыстырылады, қоршаған ортаның кері әсері.

Жетекші рольде әлеуметтік-психологиялық бақылаусыздық себебі тәрбиеде немқұрайдылық , қарым-қатынаста назардан тыс қалу балада жалғыздық сезімін тудырады, өзін керексіз санайды. Осындай әлеуметтік жағымды тәжірибенің жоқтығы әлеуметтану мен құндылық бағытын, этикалық нормаларды, эстетйкалық сезімді дамытпайды. Осыдан барып балада үлкенді сыйламау, шеттелу , қажетсіз сезіну байқалады. Қазіргі жеткіншек микроортасы жағымды деп қарастыраалмаймыз себебі:: қоршаған ортада, аулада, және үйде түрлі мінез- құлықтың бұзылу түрлері мен кездеседі, оған әлеуметтік, мәденй ,эканомикалық факторлар әсер ететіні белгілі. Тұрмыстық идеология негізі қоғамды ырықтандыру процесіне әкелуде. Күнделіңкті әңгімеде беделге жету жеке құндылықтар негізінде емес заңсыздық және құқық бұзу деңгейінде жеткені туралы көп қозғалады, ол тек материалды тұрғыда табысқа жету мен қатар қоршаған орта құрылымына енуі және қоғамдық лауазымды һошеметіне жетіп отырғаны баяндалады. Жас жеткіншектің идеялды әлеуметтік және жекелік құндылық бағыттарына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда мектепте еркін ортаны қарастыру баланың жағымды әлеуметтік тәжірибе жинауына бар қажетті мүмкіндіктерді жасау. Балап келешекте кім болады іштей кімге еліктейді, идеяны жүзеге асыру үшін қандай жоғары адамгершілік принциптері мен ізгілік құндылықтарын меңгеру керектігін біртіндеп қарым-қатынас жасау барысында қалыптастыру қажет. Тәуекел тобына табысты болу үшін қажетті факторларды анықтап алып оның әсерін мінез-құлықтың ауытқуына апаратын жақтарын қарастыру жатады.И.А.Невский, Л.С. Колесова тәжірибеде мектеп қызметкерлеріне экспертті сұрақнама өткізілген. Педагогтар пікірінше сыртқы факторлар негізінде қаланатын мінез-құлықты түзетуге жататындар: 1. Қоғамда болып жатқан процестер: қоғамдық құндылықтың иерархиялық өзгермеуі , мемлекеттік идеологияның болмауы: қылмысты жазалауы заңның дұрыстығы , құқық қорғау қызметкерлерінің өз жұмысына жауапкершілік алуы. Жұмыссыздық (ашық және жабық): отбасына әлеуметтік қолдау мен жәрдем вқыны дұрыс қарастырмауы ақпарат көздері арқылы қаталдық және зорлық туралы көп насихат жасалуы: баланың дене және психикалық жаұынан түзетуге және көмек көрсетуге қажетті мекемелердің аздығы: Балаға ақысыз сапалы үйірмелердің қосымша білім алу көздерінің қарастырылмауы, керісінше ішкілік пен темекіні жарнамалау және оны сатып алу оңайлығын сөз етуге болады.

2.Отбасы жағдайы және оның ахуалы.

Бүтін емес отбасы : отбасының материалды жағдайы (кедейлік және байлық) : ата-ананың төменгі әлеумкттік - мәденй деңгейі : отбасында тәрбие стилінің болмауы (ата-ана қаталдығы, балаға жүйелі талаптың қойылмауы, жазалаудың әділ болмауы): Балада өзіндік құндылықтың болмауы: баланың мүмкіндік қажеттілігін өтеуде

Асыра істеушілік немесе жеткізбей бағалау: Ата-ананыңішімдік және нашақор пайдалануы: Ата-ананың шектен тыс мейірімінен балаға психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау. 3.Мектептің ішкі өмірінде ұйымдастыру жұмысының жетілмеуі: Оқыту мен тәрбие процесін басқару тдұрыс жолға қоылмаған. Материалды жабдықталу төмен: қоғамда және отбасымен бірге бала тәрбиесі туралы жүйелі жұмыс жасау жоспары қарастырылмаған :Пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі сабақтың жиі өтілмей қалу себебінен: Сакбақтан тыс мерекелерден қанғаттанылмауы балаға қажетті үйірмелердің ұйымдастырылуы мен өтілуіне шығармашылықтың аздығы. Мұғалімдердің кәсібй қызметіне біліктіліктің жетіспеуі , жас ерекшелік психологиясын тұлғааралық қатынастағы өзара әрекет (айқай, көңіл қалатын сөздер қолдану) жүйесін ықпал етуді жеткілікті меңгермеуінен : Жаңа оқу бағдарламаларын құруда “неге және қалай оқытамын” түсініктеріне қарастылмау: мектепке қабылданған балада төменгі матйвацияның болуы.
Осы айтылған факторлар сыртқы әсер болып табылады. Сондай-ақ тәуекл тобына әсер ететін ішкі фокторлар бар. Педагогтар оны білуі қажет. Бала өзін керексіз және қажетсіз сезіну, төменгі өзін-өзі бағалауы , өзіне сенімсіздігі өзін бақылау және тәртіпке әкелу жеткіліксіздігі түрлі жағдайды сынай қарауы , өзінің ойын еркін жеткізе алмауы, өзіңндік ашылуы сезілмейді.



Өзара

Қимыл


Кезеңдері.



Байланысқа түсу сипаты мен мазмұны.

Негізгі

әдістер.


Нәтиже.

Қарым

Қатынасқа

әкелу.


Жалпы қабылданған фраза мен түрді қолдану Мазмұнды мейрімді және тепе-теңдік қарым-қатынасты орнату арқылы эмоциялық реакцияның болмауы. Кеңес беруде сенімге ене білу тәуелсіздік, еркіндік көңілді басқаға аудару.

Қолдау келісу шартсыз қабылдау.

Қабылданған келісім.

Жалпы қызығушы- лықты іздеу.

Қарым-қатынаста қызығушылықтың бейтараптылығы. Бірегей еске түсіру арқылы жалпы пікірден нақты пікірге әкелу оның құндылығы жағдай сапасына өзіне талдау жасауға жеткізу.

Тепе-тең қатынаста жеке бас дамуының бірегейлігін ескеру.

Эмоциялық жағымды келісім.

Жағымды сапаны алдын-ала ескеру.

Бірегейлігіне өзгеріс, әңгімені жағымды сапаға аудару, өз бойынан жағымды сапаны таба білуге әрект ізденіс.

Сенімді толықтыру.

Жеке тұлға шеттенуін қабылдауы.

Қауіпті сапаны алдын-ала анықтау.

Жеке тұлғаның шекарасын және жететін жерін бекіту. Қарым-қатынасқа келтіретін сапаны анықтау, болжау, көру және түсініксіз жағын ашу.

Сенімді қатынасты жалғастыру.

Жағдайдың ашыққар алуы.

Мінез-құлық жағдайын бейімдеу.

Жағымды және жағымсыз сапаны еске алу. Қарым-қатынасты есепке алу және жекелікті ескеру. Қиындықтың неден туындағанын пікірлесу.

Кері байланыс.

Келісім.

Орнықты қарым-қатынас құру.

Баламен бірге жалпы жосларды бірге құрастыру , рольдерге бөлу қарым-қатынас нормасы. Өзгеруге жоспар құру.

Резюме

Нақты жоспар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет