Бақылау сұрақтары:
1. "Жеңімпаздар ішіндегі жеңілген ел"
2. Либералдық мемлекеттің дағдарысы
3. Фашистік тәртіптің мемлекеттік институттары
4. Корпоротивті жүйенің құрылуы
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Новейшая история стран Европы и Америки. Под ред. А. М. Родригеса. Часть 3. М., 2001.
2. Новейшая история стран Европы и Америки. В.В. Александров. М.,1986.
3. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. Часть: 1-2.М.,1993
4.История новейшего времени стран Европы и Америки (1918–1945). М., 1984.
5. Язьков В.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время (1918–1945): Курс лекции. М., 1998.
6. Кредер А.А. Новейшая история ХХ века. М., 2000.
7. Новейшая история отечества: В 2-х томах. Т. 1, 2. М., 1999.
Қосымша:
1. Всемирная история. 1961-1983. М., Т-8-13.
2. История Италии. М., 1971. Т. 3.
3. Италия. М., 1983.
4. Комолова Н.П. Новейшая история Италии. М., 1970.
Лекция 22. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945жж.)
Қарастырылатын мәселелер:
1.Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
2.Фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы.
3.Жапонияның Америка Құрама Шаттатарына шабуылы. Перл-Харбор.
4.Германияның талқандалуы
5.Жапонияның тізе бүгуі. Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихнамасы
1939 жылы тамыз айының 31-і күнi Германияның Польша шекарасы маңындағы Глейвиц (Гливще) қаласында поляк әскерлерінің киімін киген эсэсшілер Гитлердiң нұсқауымен қалалық радио үйiне шабуыл ұйымдастырды. Эфир арқылы поляк тiлiнде сөз сөйлеп, Германияға Польша шабуыл жасап, радио үйiн басып алды деген хабар таратты. Шын мәнiнде бұл Польшаға қарсы ұйымдастырылған арандатушылық болатын. Осыдан кейiн Гитлер өзінің Польшаны басып алу үшiн жасаған «Вайс» соғыс жоспарын iс жүзiне асыруға кiрiстi. 1939 жылы 1 қыркүйек күнi фашистiк Германия Польшаға баса-көктеп кiрдi. Польша халқы бiрiншi болып фашистiк Германияға қарсы өз Отанын қорғауға шықты. Әскери күш тең емес едi. Себебi, бұл соғысқа Германия жақсы дайындықпен келдi. Германия Польшаны жаулап алу үшiн 1,6 млн адам, 62 дивизия, оның iшiнде 7 танк дивизиясы, 2,8 мың танк, 6 мың әр түрлi зеңбiректер, және 2 мың самолет дайындады. Ал Польша-ның соғыс басталған кезде 1 млн әскері, 24 жаяу әскер дивизиясы және 12 бригада құрамы, сонымен бiрге 4300 әр түрлi зеңбiрек, 220 жеңiл танк, 800 самолеттерi бар еді. Фашистiк Германия әскерлерi кең түрде шабуыл бастады. Польша әскерлерi өз жерiн айтарлықтай ерлiкпен қорғап, қарсылық көрсетiп жатты. Қыркүйектiң 7-і күнi Польша әскерлерiнiң азғантай тобы Вестерплятте түбегінде айтарлықтай ерлiк көрсетiп, немiс әскерлерiнiң шабуылына тойтарыс бердi. 8 қыркүйекте фашистiк Германия әскерлері Варшава қаласын қоршауға алды. Байырғы Польша мемлекетiнiң астанасының тұрғындары асқан қайсарлықпен u1082 күрестi. Варшава қаласы үшiн шайқас 20 күнге созылды. Польша халқы ерлiкпен күресiп жатқанда, 17 қыркүйек күнi етi Сталиннiң бұйрығымен Кеңес үкiметінің әскерлерi Батыс Украина мен Батыс Белоруссияның халқын азат етемiз деген сылтаумен Польшаға соғыс жариялап, жаулап алды. Сонымен қатар, Кеңес үкіметі Германиямен арақатынасты жақсартуға тырысты. 18 қыркүйекте КСРО мен Германия Польша жерiндегi бiрiккен соғыс қимылдары 1939 жылғы 23 тамыздағы Герман–Кеңес келiсiмiне ешқандай қайшы келмейдi деп мәлiмдедi. Польша мемлекетi Германия мен КСРО-ға қарсы соғысуға мәжбүр болды.
Германияның КСРО-ға шабуылы. 22 маусым, 1941 ж. Гитлер Батыс Еуропа елдерiнiң көбiн жаулап алғаннан кейiн, КСРО-ны (Кеңес Социалистiк Республикалар Одағы) жаулап алуға дайындыққа кiрiстi. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мерзiмде басып алу мақсатында дайындалған «Барба-росса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Германия КСРО-ға қарсы негiзiнен үш бағытта шабуыл жасап, 8–10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Бiрiншi бағыт - Ленинград, екiншi бағыт - Мәскеу, үшiншiсi - Киев қалалары. Соғыстың түпкi мақсаты - социалистiк ел КСРО-ны жою еді. 1941 жылы «Барбаросса жоспарын» жүзеге асыру үшiн КСРО шекарасына 190 дивизия, оның 153 дивизиясы Германиядан, 5,5 млн адам, 47 мың зеңбiрек, 4300 танк және 5 мың әскери самолеттер шо-ғырландырылды. Мұндай қарулы күштi жинақтау адамзат баласының тарихында бұрын-соңды болмаған. Кеңес үкіметі Фин соғысынан кейiн ғана әскери күштердi қайта құрып, жаңа қару-жарақтармен жабдықтауға кiрiсе бастаған едi. Соғыс қарсаңында КСРО-ның әскер қатарында 5,3 млн адам болды. Батыс шекарада 2,7 млн адам, 170 дивизия, 147 танк және 1510 самолет, 375 әр түрлi зеңбiректер болды. Осы кезде Кеңес Армиясының қатарын тазарту мен репрессия кең етек алды.
Мәскеу қаласы үшiн болған шайқас. Смоленск шайқа-сынан кейiн гитлершiл неміс әскерлерiнiң бас штабы Мәскеуге шабуыл жасаудың жасырын «Тайфун» деп аталатын жоспарын жасады. Фашистiк Германия әскерлерi Мәскеу қаласына ша-буыл жасауға зор дайындықпен келдi. Олар Мәскеу түбіне 1 млн 800 мың солдаты мен офицерiн, 1700 танкiсiн, 14 мың зеңбiрек, 1390 самолетiн шоғырландырды. Ал Кеңес әскерле-рінде 1 млн 250 мың жуық адам, 7600 зеңбiрек, 990 танк, 677 самолет болды. Күш жағынан басымдық жау жағында болды. Фашист армиясының шабуылы 1941 жылы 30 қыркүйекте бас-талды. Мәскеудi қорғау бүкiлхалықтық майданға айналды. «Бәрiмiз сүйiктi Мәскеудi қорғауға аттанайық» деген үндеу-шақыру негiзгi ұранға айналды. Мәскеудi қорғау Батыс майдан қолбасшысы Г.К.Жуковқа тапсырылды. Жау өте көп шығынға ұшырай отырып, қазан, қараша айларында Мәскеуге жақындай түстi. Жау тым жақындап қалса да, 6 қараша күнi Мәскеудегі Маяковский метросында Ұлы Қазан Социалистiк революциясының 24 жылдығына арналған салтанатты жиын өттi. 7 қарашада Қызыл алаңда әскери парад өткiзiлдi. Әскерлер алдында И.В.Сталин сөз сөйледі, оның сөзi радио арқылы берiлдi. Парадтан кейiн оған қатысқан әскер бөлiмшелерi Мәскеудi қорғау үшiн бiрден майданға аттанды. Мәскеуге тiкелей қауiп төнгенiмен, И.В.Сталин қаладан кеткен жоқ. Үкiметтiң кейбiр мекемелерi Куйбышев қаласына көшiрiлдi. Фашистiк әскерлердің Мәскеуге шабуылы 15–18 қарашада басталды. Кеңес әскерлерiнiң қуатты соққыларына тойтарыс беруге немiс-фашист әскерлерiнiң шамасы келмедi. Жау Мәскеуден 100–250 шақырымға дейiн аласталды. Мәскеуге төнген қауiп жойылды. Фашистiк басқын-шыларды Мәскеу түбiнде талқандау - соғыстың барысында түбегейлi бетбұрыс болды.
Сталинград шайқасы. 1942 жылы 23 шiлде немiс-фашист әскерлерi Сталинград қаласына шабуыл бастады. 27 қыркүйекте қалаға кіріп, қала көшелерiнде ұрыстар жүредi. Сталинград шайқасына 80-нен аса дивизия қатысты. Екi жақтан 2 млн адам қатыстырылды. Сталинград қорғанысын 62 және 64 армия басшылары генерал-лейтенант В.И.Чуйков және генерал-майор М.С.Шумиловтар басқарды. Кеңес әскери басшылары «Уран» атты шартты түрде жоспар жасап, қарсы шабуылға дайында-лады. Бұл соғыс операциясы Бас Ставканың шешiмiмен армия генералы К.Г.Жуков және генерал-полковник А.М.Васи-левскийлерге жүктелдi. Оңтүстiк Батыс майдан қолбасшысы – генерал-лейтенант Н.Ф.Ватутин, Дон майданы қолбасшысы – генерал-лейтенант К.К.Рокосовский, Сталинград майданы қолбасшысы – генерал-полковник А.И.Еременко қатысты. Бұ-лардың ойы жау әскерлерiнiң негiзгi күштерiн қоршап алып, құртып жiберу. Кеңес әскерлерiнiң тарихи қарсы шабуылы қуатты артилле-риялық әзiрлiктен кейiн 1942 жылы 19 қараша Оңтүстiк Батыс және Дон майдандарының әскер құрамалары берген соққы-лармен басталды. 20 қарашада Сталинград майданының әскерлерi де шабуылға шықты. 23 қарашада Оңтүстiк Батыс пен Сталинград майдан әскерлерi Калач-Советский ауданында тоғысты. Жаудың 330 мың адамнан тұратын топтарын қоршауға алды. 1943 жылы 10 қаңтарда кеңес әскерлерi шабуылға шықты, 2 ақпан күнi қоршауда қалған генерал-фельдмаршал Паулюс әскерлерiмен қолға түстi. Сталинград шайқасы кеңес әскерлерiнiң жеңiсiмен аяқталды. Сталинград шайқасы Герман фашизмiнiң аса iрi әскери-саяси жеңiлiсi болды. Ол Ұлы Отан соғысындағы түбегейлi бетбұрыс-ты жүзеге асыруда шешушi роль атқарды және екiншi дүние-жүзiлiк соғыстағы түбегейлi бетбұрыс болды. Сталинград шай-қасы Еуропаның немістер басып алған елдерiнде қарсылық қозғалысын өрiстеттi. Қызыл Армия әскерлерi барлық майданда шабуыл жасап, қоршау бұзылды, Ленинград жауға төтеп берiп жеңiп шықты.
Курск шайқасы. 1943 жылдың ортасында Кеңес – Герман соғысының майдандары Курск – Орел – Белгород бағытына ауысты. Германия басшылары кеңес әскерлерiне шешушi соққы беру үшiн «Цитадель» жоспарын жасайды. Бұл жоспар бойынша немiс-фашист әскерлерi кеңес әскерлерiн Курск бағытында қоршап жеңiске жету болды. Орел және Харьков бағытында шабуылға шығуды көздедi. Германия осы бағытта 50 дивизия, 900 мың адам, 10 мың зеңбiрек және 2700 танк, 2 мың самолет шоғырландырды. Немiстердiң жаңадан жасалған «Тигр», «Пантера» танкілерi қатысты. Кеңес әскери басшылары К.К.Рокосовский, Н.Ф.Ватутин, М.М.Попов және И.С.Конев Курск иiнiндегі шайқастарға қатысты. Орталық, Воронеж, Брянск және Далалық майдан-дардың әскерлерi терең тiзбектелмелi қорғаныс шептерiн жасады. Фашистердiң шабуылы 1943 жылы 5 шiлдеде бастады. Бұл мерзiмдi бiлетiн кеңес басшылығы жаудың шабуылы басталуға 10 минут қалғанда, таңғы 4 сағат 50 минутта артиллериямен үстi-үстiне атқылап, есiнен тандырды. Кеңес әскерлерiнiң ерлiгi бұқаралық сипат алды. Курск түбiндегi шайқаста фашистiк Германияның одақтасы фашистiк Италия әскерлерiнiң жеңiлiс тауып, Италия соғыстан шықты. 1943 жылы 10 шiлдеде АҚШ және Ұлыбритания әскерлерi Сицилияға түсiп, Италия әскерлерi ешқандай қарсылық көрсете алмай жеңiлiс тапты. 1943 жылы 25 шiлдеде Муссолини үкiмет басшылығынан түстi. Оның орнына маршал Бадольо тағайындалды. 1943 жылы 13 қазанда Италия Германияға соғыс жариялады. Фашистiк блок елдерi әлсiрей түстi.
Қырым (Ялта) конференциясы. 1945 жылы 4–11 ақпанда Ялта қаласының Ливадий сарайында өттi. Қырым (Ялта) конференциясына АҚШ (Рузвельт), Ұлыбритания (Черчилль), КСРО (Сталин) қатысты. Соғыстан кейiн Германия демокра-тияландыру, демиллитаризациялау және денацификалау жүргiзу келiсілдi. ДДД формуласы пайда болды. Бiрiккен Ұлттар Ұйымын құру туралы мәселе қаралып, оның құрылымын бекiтілдi. БҰҰ-ның қауiпсiздiк кеңесi дауыс беру арқылы шешiлiп, оның мүшелерiне «вето» дауыс беру құқығы берiлетiн болды. Қырым конференциясы БҰҰ-ның құрылуын 1945 жылы 25 сәуiрде Сан-Франциско конференциясына қалдырды. Сонымен қатар, Ялта конференциясында Польша мәселесi де қаралды. Польшаның шекара мәселесi Тегеран конференция-сындағы келiсiмге тоқталды. Польша уақытша үкiметiнiң құрамына эмиграциялық үкiметтiң басшылары да кiретiн болды. АҚШ пен Ұлыбритания Польша уақытша үкiметiн мойын-дайтын болды. Үш елдiң басшыларының, бұдан бұрын келiсiл-гендей, Германияны талқандағаннан кейiн Жапонияға соғыс жариялайтынын бiр ауыздан мақұлдады. КСРО өз жағына Сахалин, Куриль аралдары қайтарылған күнде, Жапонияға соғыс жариялайтынына сендiрдi. Антигитлерлiк бiрлiк елдерi фашистiк Германияның жеңiлiс табатынына ешқандай күмән қалмағанын түсiндi. Еуропада жеңiс күнi жақындап қалды.
Фашистiк Германияның тiзе бүгуi. 1945 жылы 16 сәуiрде Берлин қаласына таңертеңгi сағат 5-те Кеңес әскерлерiнiң шабуылы басталды. Фашистiк Германия Берлин бағытында 1 млн адам, 10 мыңнан аса зеңбiректер, 3,5 мыңға жуық самолет және 1,5 мың танктер ұстады. Кеңес әскерлерi жағынан Берлин операциясына 2,5 млн адам, 41600 зеңбiрек, 6250 танк және 7500 самолет қатысты. Берлин бағытында шешушi шабуыл жасау үшiн Ставка аса көрнектi кеңес әскери қолбасшылары Г.К.Жуков, К.К.Рокосовский, И.С.Конев басшылық жасаған, 1–2-Белорусс майдандары мен 1-Украин майдаанының әскерлерiн бөлдi. Күштiң едәуiр басымдығына қарамастан, кеңес әскерлерiнiң алдында немiс-фашист әскерлерiнiң күштi қарсылығын жеңу мiндетi тұрды. 29 сәуiрде кеңес жауынгерлерi рейхстагқа шабуылды бастады. Сол күнi кеңес жауынгерлерiнiң алды рейхстагқа жақындап, қазақ жауынгерi Р.Қошқарбаев рейхстагтың екiншi қабатына ту тiктi. Бiрақ шабуыл тоқтаған жоқ, екi күнге созылған шайқастан кейiн 1 мамыр күнi рейхстагтың күмбезiне орыс М.А.Егоров пен грузин М.В.Кантария ту тiктi. Келесi күнi Берлин гарнизоны тiзе бүктi. 5-армия қолбасшысы Кеңес Одағының Батыры, генерал Н.Э.Берзарин Берлиннiң комендан-ты болды. 1945 жылы 8 мамырда Берлиннiң iргесiндегi Карлсхорст қаласында немiс фельдмаршалы, вермахтың Жоғарғы командо-ваниесiнiң штаб бастығы Кейтель, флот адмиралы Х.Фридебург фашистiк Германияның сөзсiз тiзе бүгуi туралы актiге қол қойды. КСРО жағынан Кеңес Одағы маршалы Г.К.Жуков қол қойды. Ұлы Отан соғысында гитлерлiк Германияны толық талқандауымен белгiлi болып, жеңiстiң құрметiне КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Президиумы 9 мамырды бүкiлхалықтық салтанат күнi - Жеңiс Мерекесi деп жариялады.
Екінші дүниежүзілік соғыс - адамзат баласының тарихын-дағы ең сұрапыл соғыс болды. Бұл соғысқа 61 мемлекет қатысты. Соғыс жылдарында 70 млн астам адам өлдi. КСРО жағынан 26 млн адам қаза болды. Германия барлық майданда 12 млн адамынан айрылды. АҚШ-тың 405 мың адамы, Ұлыбрита-нияның 375 мың адамы өлдi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың негiзгi қорытындысы. КСРО және АҚШ, Ұлыбритания, Франция мемлекеттерiнiң антигитлерлiк қарсылық бiрлiгiнiң барысында фашизм талқан-далды. Фашистiк мемлекеттер Германия, Италия, Жапония жеңiлдi. Фашизмнiң қол астындағы халықтар күрес жүргiзiп, өз елдерiнiң тәуелсiздiгiн орнатты. Фашистiк Германия мен милитаристiк Жапонияны жеңуде КСРО халықтарының Ұлы жеңiсi маңызды роль атқарды, соғыстың негiзгi ауыртпалығын КСРО мемлекетi көтердi. Фашистiк Германияның КСРО-ға қарсы жасаған соғысы қарама-қарсы екi қоғамдық жүйенiң күресi болды. Кеңес халықтарының Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлiгi бүкiл дүниежүзiлiк тарихта маңызды орын алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес коммунистiк партиясы И.В.Сталиннiң басшылығымен өз Отанының бостандығы мен тәуелсiздiгiн сақтап, дүниежүзi халықтарын фашистiк құлдықтан қорғап қалды. Көп ұлтты Кеңес халықтарының Отан сүйгiштiгi мен социализмнiң болашағына деген сенімі бүкiлхалықтық сипат алды. Кеңес халықтарының туысқандық семьядағы ұлдары мен қыздарының ерлiктерiн елiмiз жоғары бағалады
Достарыңызбен бөлісу: |