Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет3/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Тәуелсіздік соғысының мақсаты мен міндеттері
2. Тәуелсіздік декларациясы, оның тарихи маңызы
3. Бостандағы шай ішу оқиғасы
4. Жаңа конституцияның сипаты, тарихи маңызы
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период.(Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза) М., 1998
2. Новая история стран Европы и Америки. Второй период.(Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза) М., 1998
Қосымша:

  1. Аптекер Г. Американская революция 1763-1783гг.М., 1962

  2. Война за независимость образование США. Под ред. Г.Н. Севостьянова. М.,1976

  3. Сорин В.В. Идейные течения в Американской революции XVIIIв. М.,1980.

  4. Ушаков В.А. Америка при Вашингтоне. (1789-1797) М., 1983



Лекция 3 Франция
Қарастырылатын мәселелер:
1.Людовик ХІҮ кезіндегі француз абсолютизмі
2.Француз буржуазиялық революциясы.
3. Француз революциясының сипаты және нәтижелері.
XVIII ғ. аяғы мен XIXғ басындағы кезеңде Еуропалық мемлекеттердің дворяндық - династиялық дипломатиясының нысандары мен әдістері күрт өзгере бастайды. XVIII ғасырдағы абсолюттік монархиялардың дипломатиясын 1789-1794жж. Ұлы француз революциясы түбегейлі түрде күйреуге ұшыратты. Феодалдық- монархиялық күштерге қарсы күресінде француз буржуазиясы халықтардың теңдігі , еркіндігі мен ағайындығы ұрандарын жария етті. Бұл күрес жаулап алушылық пен құпия шарттар саясатын жоққа шығарды. Алайда осынау жолмен жариялана бастаған жаңа сыртқы саясаттың тәжірибеде іске асуы екіталай болды және 1794ж 27 шілдесіндегі Франциядағы термодориан төңкерісіне дейінгі кезеңде бұл саясатты қолданудың жекелеген талпыныстарын есептемегенде жиі сөз жүзіндегі декларациялар шеңберінде қалып отырды. Еуропалық монархиялар тарапынан француз буржуазиялық революциясының басталуы, билікке келген буржуазияның әсіресе революциялық күрестің шарықтаған кезіндегі – якобиндік Конвенттің қызметі кезеңіндегі кейінгі әрекеттері сияқты, айтарлықтай деңгейде қызығушылық пен үрей туғызбады.
Француз буржуазиялық революциясы елдің тек экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуына ғана емес, Францияның дипломатиялық қызметін ұйымдастыру жүйесіне де өзгерістер енгізді. Монарх билігінің шектелуі револяция басталысымен, оның сыртқы саися өкілеттілігіне де көшеді. Революцияға дейін сыртқы істер министрі монархпен тағайындалып, тек соның алдында ғана жауапты болған. Елшілер мен министрлер, әдетте, король сарайымен тығыз байланыстағы аристократиялық әулеттерден тағайындалған болатын. Сыртқы істер министрлігі территориалдық белгісі бойынша бөлінген екі басқармадан тұұрды. Біріншісі Батыс және Орталық Еуропа, Америка мемлекеттерімен, ал екіншісі Шығыс және Оңтүстік Еуропа, Скандинавия мемлекеттерімен қатынастар жүргізді. Осы екі басқармадан басқа қосымша бөлімдер де болды.
Халық билігі қағидасын тек қана ішкі саясаттың ғана емес, сонымен бірге сыртқы саясаттың да жетекші қағидаларының бірі ретінде жариялаған Ұлттық жиналыс құрылғаннан кейін сыртқы істер министрлігі жүргізген сыртқы саясат пен дипломатия билік басына келген буржуазияның бақылауына алынды. Корольдың сыртқы саясаттағы қызметі айтарлықтай қысқартылды. Сөйтіп, 1790 ж мамырында Ұлттық жиналыс дипломатиялық келіссөздерді өзі қадағалап, шарттарды өзі бекітетіні туралы үкім шығарды. Ары қарай король ұсыныс жасаған жағдайда ғана, Ұлттық жиналыс қана соғыс жариялап, бітімге келе алатындығы бекітілді. Сөйтіп, соғыс пен бітім құқығын король мен Ұлттық жиналыс бөлісті.
Сыртқы саяси мәселелерге қатысты отырыстарда депутаттар әулеттердің құпия дипломатиясы мен одақтарын қатаң түрде айыптады және Франция тек қана «әділетті халықтар» жасағын «ұлттық шарттар» керек деп мәлімдеді. Ұлттық жиналыс дипломатиялық істерді бақылау үшін тұрақты клмитет құрды. Граф Мирабо дипломатиялық комитеттің басшысы болды. Дипломатиялық комитет жәнне Ұлттық жиналыс король мен министрліктің ресми дипломатиясын өздеріне бағындырды және де ірі байыпты буржуазия ақырында Францияның сыртқы саяси басшылығына келді.
1791 ж желтоқсанда қабылданған ерекше декретте француз ұлты жаулап алушылық соғыстардан бас тартып, кез келген халықтың бостандығына қарсы өз күшін жұмсамайтыны жайлы бекітілді. Алайда француз буржуазиясының жаулап алушылық ниеттері кейінірек оның билігі нығайып, теңіздегі иеліктер мен территорияларды кеңейту қажеттігі пайда болғанда білінді. Еуропаның ағартушы қоғамы жаулап алушылық соғыстардан бас тарту туралы декретті ерекше ықыласпен қарсы алды. Алдыңғы қатарлы интеллигенцияның көбі Франция олардың отанын феодалдық тәртіптерден босататынына көмектеседі деп армандады. Алайда француз Ұлттық жиналысы Францияға жүктелген құтқарушы ел миссиясын атқаруға асықпады.
Ұлттық жиналыстың бейбітсүйгіштігіне қарамастан, феодалдық алымдарды алып тастау Франция мен феодалдық-монархиялық Еуропа арасындағы кейбір қарама-қайшылықтарға алып келді. Францияда, Эльзаста, герман империялық князьдарының бірқатар ұсақ иеліктері болды.
Ұлттық жиналыс жүргізген шіркеу жердерін тәркілеу және дінбасыларын азаматтық тұрғыда тіркеу жобасы Франция мен Рим Папасы арасындағы қақтығысты тудырды. Бұл мәселені шешуге тырысқан Ұлттық жиналыстың мүшелері Папамен біраз уақыт бұрын өздері айыптаған құпия келіссөздерге барды. Келісімге өқол жетпеді, өйткені революциялық көтерілістер француз иеліктерімен қоршалған, Папаға қараған Авиньон жеріне (Лион мен марсель арасындағы Рона алқабындағы қала) жайылды.
1791 ж сәуірінде Авиньон тұрғындары оларды Франциямен біріктіруді талап етті. Бұл қақтығыс шеңберінде еуропалық дипломатия тарихында алғаш рет сол территорияда тұратын халықтың тілегі негізінде территориялық қосып алулар қағидасы жарияланды. Дипломатиялық комитеті ұсыны бойынша 1791 ж 14 қыркүйектегі Ұлттық жиналыстың декреті бойынша Авиньон Францияға қосылды. Бұл әрекет Францияның тек Риммен ғана емес, сонымен бірге революциялық рух пен территориалдық қосып алулар преценденті өз елдеріне жайылатынынан шиеленістірді.
1791 ж корольдің Франциядан Варенге қашуы және революцияны тұншықтыру мақсатындағы оның еуропалық державалардың Францияға қарсы коалициясын құру туралы құпия қызметі монархиялық билікті және XVI Людовикті биліктен алып тастуына себепкер болды. Бұның нәтижесінде шетел елшілерінің барлығы дерлік Франция елшілерімен қатынастарын үзді. Революцияның ары қарай жайылуынан қорқып, Ұлттық жиналыс корольдің билігін қайтадан қалпына келтірді: 1791 ж конституция бойынша, оған бүкіл сыртқы қатынастарды жүргізіп, кейін Заң шығарушы корпус ратификациялаған жағдайда шарттарға отыру құқығы берілді.
1791 ж қыркүйегінде XVI Людовик конституцияны қабылдап, еуропалық мемлекеттерге өзінің Ұлттық жиналыспен бірауыздылығы жайында қайтадан ресми түрде хабарлады. Сонымен бір уақытта революцияны басып тастау үшін ол Францияға контрреволюциялық интервенцияны ұйымдастыру мақсатында құпия хаттармен алмасып отырды. Бұл жағдайларда 1791 ж қазанында Заңшығарушылық жиналыс құрылды. Жиналыстың депутаттары корольге сенбей, оның тарапынан қастандықтың ұйымдастырылуынан қорықты. Шынымен де, контрреволюцияны дайындауға көмектескен және «австриялық жүйе» жақтастарын құралған корольге жақын бірнеше аристократ құпия комитет құрды.
Соғыс қаупі заң шығарушы жиналыс кезіндегі Францияның сыртқы саясатының негізгі мәселесі болды. Еуропалық интервенция қолдауымен одақтастар және контрреволюция жеңіске жетеді деп үміттенген сарай мен аристократия соғысты қалады. Заң шығарушы жиналыстың оң партиясы – фельяндар соғысты қаламады, себебі әлі бекімеген билікті жоғалтып алудан қорықты. Жирондистер белсенді сыртқы саясаттың және Австриямен соғыстың нағыз жақтаушылары болды. Олардың пікірі бойынша, соғыс жалпыға бірдей патриотизмді оятып, қара халықтың назарын ішкі реформаларды тереңдетуден бұрады. Сонымен бірге олар соғыс Бельгиядағы революциялық әрекеттердің күшеюіне алып келіп, оны француз ықпалына бағындырады да, әрі қарай революциялық әскери қимылдар барысындағы басқа да территориялық қосып алулар есебінен француз мемлекетін күшейтеді деп есептеді.
Фельяндар да, жирондистер де француз дипломатиясының негізгі міндеті деп коалицияның құрылуына жол бермеуді және Австрия мен пруссия олардың өзара жауласуын қолдану арқылы бір-бірінен ажыратуды көрді. Екеуі де Австрияны Францияның басты жауы деп есептеді. Фельяндар мен жирондистер Пруссиямен жақындасып, одан одаққа болмаса да, бейтараптыққа қол жеткізуге талпынды. Олар австрия-француз соғысы бола қалған жағдадйда Англия тарапынан бейтараптыққа жетуге де ұмтылды. Ұлттық заң шығарушы жиналыста мейлінше көп ықпалы бар жирндистік қанаттың әсерімен Франция революциялық соғыстар жолына түсті. 1792 ж 20 сәуірінде Жиналыс корольдің соғыс жариялау туралы ұсынысын ерекше ықыласпен қабылдады.
1792 ж 10 тамызындағы көтеріліс Франциядағы монархияны құлатып, Ұлттық конвенттің шақырылуына және жанама түрде жария етілген Франция Республикасының сыртқы саяси бағытындағы басымдықтарының өзгеруіне алып келді.
Француз революциясы жалпы халықаралық қатынастардың, оның ішінде еуропалық дипломатияның дамуындағы жаңа кезеңді ашты. Революция басталысымен, Еуропадағы күштердің ескі арасалмағы құртылды. Одан артық республика жарияланысымен феодадық-абсолюттік монархиялардың блогы қирады. Аз уақыт ішінде Франция Республикасының өз елдеріне революциялық рухтың таралып кетуінен қорыққан ең мықты еуропалық державалардың интервенциясымен күресі барлық халықаралық оқиғалар мен дипломатиялық келіссөздердің өзегіне айналды.
Француз революциясының жарқылы аз ғана уақыт өмір сүрді. Революцияның нағыз мазмұны - буржуазияның үстемдігінің орнауы, капиталистік қоғамның құрылуы - көп ұзамай-ақ революциялык жылдардағы ерлікке толы тарихынан асып түсті. Буржуазиялык революционерлер армандаған бостандық пен жалпы халықтық бақыттың алтын ғасырының орнына байлыққа жанталасқан, еңбекшілерді аяусыз қанаған таптың билігі салтанат құрды.
ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы Француз буржуазиялық революциясы ХҮІІ ғасырдың ортасындағы ағылшын революциясына қарағанда, өз міндетін негізінен орындап шыққан революция болып табылады.Ол жаңа ғана аренаға шыға бастаған буржуазия мен қалың көпшіліктің бостандық пен еркіндік жолында алған беттерінен қайтпайтын, тайсалмас күш екендігін дәлелдеді. Француз революциясы болашақ тарихшылардың күрделі оқиғалар мен белестерге толы ХҮШ-ХІХ ғасыр тарихын оқуда алға жетелейтін жарқын бет болып табылады.
кі істеріне араласуды қолданды. Сөйтіп, мәселен, оның ақыл-кеңесінсіз түрік сұлтаны 1787 ж Ресеймен соғыс бастаса, 1788 ж швед королі III Густав Петербургты басып алу мақсатымен Ресейдің солтүстігіне басып кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет