Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1. Захарова М.Н. Народное движение в США против рабства:1831-1860. М., 1965.
2.Иванов Р.Ф. Авраам Линкольн и Гражданская война в США.М., 1964.
3.Бурин С.Н. На полях сражений Гражданской войны в США. М., 1988.
4.Ефимов А.В. США. Пути развития капитализма: Доимпериалистической период. М., 1969.
Лекция 14 Халықаралық қатынастар
Қарастырылатын мәселелер:
1.XIX ғ. аяғы -XX ғ. басындағы ескери одақтардың құрылуы. Үштік Одақ- Антанта.
2.1914 жылдың жазындағы халықаралық жағдай
Францияны жеңгеннен сон шақырылған Вена конгресі 1814 жылдың 1 қарашасынан 1815 жылдың 9 маусымына дейін созылды. Конгреске Европа мемлекеттерінен 216 өкіл қатысты. Францияда конгреске өз өкілін қатыстыра алды. Франция өкілі Талейран болды. Австрия канцлері Миттернихтің кеңесшісі болған Ф.Генц "әділеттік негізіндегі тұрақты бейбітшілік, Европада саяси жүйені жаңғырту сөздері халықтың көңілін басу үшін айтылды. Конгресстің негізгі мақсаты жеңілген елдің мұрасын, жеңгендердің өзара белісуі", деген болатын.
Жеңген мемлекеттердің негізгі мақсаты бұрынғы монархиялы құрлыстарды қалпына келтіру, Францияны әлсірету, Наполеон империясының кайта құрылмауына кепілдік алу, отарларды бөлісу, барлық, жерде революциялыққозғалыстарды басу болды. Бұл мәселелерде ортақ келісім болғаныменен территориялық бөліністе келіспеді.
1815ж. 8 маусымында Россия. Англия. Австрия. Пруссия және Швеция, Португалия. Вена конгресі актісіне қол койды. Франция барлық жаулап алған жерлерінен айрылды. Италияда Сардиния корольдығы қайта құрылды. Австрия Венеция мен Ломбардиядағы билігін кайта орнатты. Герман одағы құрылды. Конгресте ІПвейцарияның мәңгілік бейтараптығы жарияланды. Англия Европада гегомон елге айналды. Француз революциясы мен Наполеон соғыстары кезіндегі Францияның бар отарын өзіне қаратты. Франция бес жыл ішінде 700 млн алтын франк контрибуция төлеуге тиіс болды.
Жаңа халықаралық, саяси жүйе негізі Венада жеңген мемлекеттер құрған Қасиетті Одақ болуы керек болды. Одақ актісін 1815 жылдың 26 қыркүйегінде Александр I құрды. Қасиетті Одақ мүшелерінің бәсекелестігінен 4 конгресі ғана шақырылып күйреді. 1833 жылы Қасиетті Одақ принциптерін орнатпақ болған ойы. жүзегс аспайтындығын көрсетті.
Үштік одақ және Антантаның құрылуы
1879ж. Австро-Венгриямен Германия соғыс одағын жасады. Бисмарктың Францияны жеке қалдыру саясаты, Италияның отарлау саясатын қолдауы нәтижесінде 1882 жылы Европада Германияның басшылығымен соғыс саяси одағы-Үштік Одақ құрылды. Құрамына Германия, Австро-Венгрия, Италия кірді. Бұл одақ бір жағынан Россияға, екінші жағынан Францияға қарсы бағытталды. Австриямен қактығыста болған Италия тек Германиямен одақ құруды ойлайды. Бұған жауап ретінде Бисмарк Берлинге жол Вена арқылы жатқандығын ескертеді. Бұл келісім алғашқыда бес жылға жасалып кейіннен жаңартылып 1915 жылға дейін созылды. 1879ж. Австро-германдық екі жақты одақ, 1882 жылы үштік одақ Үш императорлық келісімге қайшы еді. Бұлар сипаты жағынан Германия басшылығындағы келісімдер жүйесі ғана болатын.
Франция мен Россия жақындасуының астарында саяси және стратегиялық мүдделер бар болатын. Герман империясының құрылуымен Франция халықаралық изоляцияда қалып қойды. Француз дипломатиясының міндеті германдық агрессияға қарсы күшті одақтастар табу болды. Германия империясы Францияның шығыс шекараларына қатер төндірсе, Россияның батыс шекараларына да қауіпті еді. Германия өзіне қысым жасағанда Россия Франциямен жақындасты. 1891 ж. Россия мен Франция консультативті пактіге, 1892ж. құпия әскери конвенцияға қол қояды. Ол 1893ж. ратификацияланды. Бұл Франция үшін Германия, Италияда, Россия үшін Германия, Австро-Венгридан төнген қауіпке қарсы одақ елі. Европаның ірі державалары біріккен кезде Англия өзінің дәстүрлі изоляциялық саясатын ұстап қала берді.
Фашод қақтығысынан кейін Англия мен Франция бір-біріне жақындасып, 1904ж. 8 апрелінде Лондонла екі ел кұпия келісімге қол қояды. Келісім мақсаты Англияның Египеттегі, Францияның Мароккодағы үстемдігін мойындау болғаныменен соғыс одағын құруға қадам жасалған еді. Англия мен Россия арасында отар жерлер мәселесінің шешілуі /Иран, Ауғанстан/ 1907ж. августінде Петербургтс қол қоюммен аяқталды Бұл келісім Антантаның құрылуының соңы еді. Үш мемлекет арасында түгел бас қосқан келісім тек I д.ж.согыс кезінде ғана өтеді. Келісімдерде Германия аталмасада Антантаның австро-германдық блокка қарсы екендігі анық еді.
Соғыс қарсаңында ағылшын үкіметі Германиямен отар жерлср мәселесіне байланысты бірнеше келіссөздер өткізді. Онда нәтижелі жетістіктерге жеткенменен шын мәнісінде бұл келіссөздер ағылшын дипломатиясының ағылшын-герман қатынасының шиеленісін жасыру, Германиямен қақтығысты кейінге созу мақсатында жүргізген саясаты болатын. Алайда бұл саясат соғыста Англия қатыспайды деп үмітпен Германия агрессиясы жандануына әкелді.
1914ж. екі лагердеде жаппай қарулану өз шегіне жетті. Францияда екі жылдық әскери міндеткерлікті үш жылмен ауыстырған заң француз әскерінің санын бейбіт жағдайдың өзінде 30 процентке өсірді. Россия темір жолдар салып, әскери кадрлар даярлаумен айналысты. Германия рейхстагты үш рет әскер санын көбейту туралы заң қабылдады. Герман армиясы техникалық жағынанда француз, орыс армияларына қарағанда жақсы жабдықталды. Европа державаларының ішінде Германия басқалардан бұрын соғысқа дайындалып соғыс бастар себеп қана күтіп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |