Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет8/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Ресей мен Австрияның соғысқа кірісуі
2. Француз империясы ішкі дағдарысының пісіп-жетілуі
3. Наполеон соғысы жылдарындағы Еуропа елдерінің саяси ұстанымдары мен әрекетінің барысы. Вена конгресі
4.1812ж Отан соғысы
5. Еуропадағы территориялық құрылымдар
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1.Ришелье. Оливер Кромвель. Наполеон I. Князь Бисмарк: Биографические очерки. - М.: Республика, 1994.с.34.
2.Тарле Е.В. Наполеон. М., 1989г.
3.Манфред А.З. Наполеон Бонапарт. М., 1990 г.
4. Туган-Барановский Д.М. У истоков бонапартизма. Происхождение режима Наполеона I. Саратов, 1989.143с.


Лекция 8. Ұлыбритания
Қарастырылатын мәселелер:
1.Чартистік қозғалыс және оның әлеуметтік негізі.
2.XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Англияның экономикалық дамуындағы ерекшеліктер


1833 жылы жұмысшылардың лондондық ассоциациясы атғынан жазылған сайлау реформасы жаңа заңының нұсқасы 6 пунктен тұрып, Халық Хартиясы аталды. Онда:
1. 21 жасқа толған барлық ерлерге сайлау құқын беру
2. Жасырын дауыс беру
3.Бүкіл Англияны парламентке бір өкілін жіберетіндей тең сайлау округтеріне бөлу
4.Парламентке жыл сайын сайлау өткізу
5.Сайлауда мүліктік цензге жол бермеу
6.Парламент депутаттарын марапаттау
Хартия ағылшын пролетариятының ұзақ жылдық күресінің туына айналды Парламентке петиция дайындалып, 6023752 ердің /21 жастан асқан/ тек 839519-ы ғана сайлау кұқы бар делінді. Петицияға хартияның алты пункті қоса тіркелді. Жұмысшылар хартия жүзеге асса жұмыс сағаты қысқарады, жалақы өседі, салық азаяды деп түсінді. Хартия жақтастарының өзі "моральдық күш" - петиция ұсыну арқылы хартияны енгізгісі келген /қолөнершілер/ және физикалық, күш қолдану Хартия үшін қарулы күреске дайын болуға шакырған өнеркәсіп пролетариаты болып екіге бөлінді. 1839ж. Петицияға 1 млн 200 мың адам қол қойды. 12 шілде күш қауымдастар палатасы 235 дауыс петицияға талкылауға қарсы болды, 40 дауыс қарсы. Жұмысшы делегаттар тұткындалды. Шахтерлер көтерлісі күшпен басылды.
II чартистік қозғалыс 1840 жылы Манчестерде Ұлттық Чартистік ассоциация ұйымы кұрылумен байланысты болды.. 1842 жылы ассоциацияның 40 мың мүшесі болып, бұл пролетариаттың алғашкы партиясы саналды. II Чартистік козғалыс талаптары күшті болды. Ирландияға өзін-өзі басқару талап етілді. 1842 жылдың 2 мамырында 3.5 млн қол қойылған петиция парламентте талқыланбады. Жауап ретінде барлық жерде ереуіл, стачка, қарулы қақтығыстар басталды.
1842 жылдың соңында қозғалыс бәсеңдеді. 1847ж. сауда өнеркәсіп дағдарысы III кезеңді бастады. Парламент алғашқы жеңілдік 10 сағаттық, енбек күшін қабылдады. Нотингем қаласынан Фергус О.Коннор парламентке жұмысшы табынан бірінші депутат болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Антанта елдерінің жеңісі Ұлыбританияның беделiнiң өсуiне әкелдi. Негiзгi қарсыласы Германия жеңiлiп, Версаль бiтiмi нәтижесінде Германия отарлары Ұлыбританияға берiлдi. Сонымен қатар, араб және басқа шығыс елдерi де бағындырылды. Ұлыбритания бұрынғыша отарлық империя болып қала бердi. 1918 жылы 11 қараша күнi бiтiмге қол қою салтанатында Ұлыбританияның сыртқы iстер министрi Керзон сөз сөйлеп, «Империяның қасиеттi туы бүкiл әлемде желбiреуде, бiртұтас империя дүниежүзi халықтарының тағды-рын шешуге бел байлап отыр» – дедi. Ал, шын мәнiнде ағылшын буржуазиясының бұл мақтанышы ұзаққа барған жоқ. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн Ұлыбританияның экономикалық дамуы әлсiреп, дүниежүзiндегi үлес салмағы азайып, экономикасының дамуы «ауру» адамға ұқсады.
ХIХ ғасырдың соңғы он жылында Ұлыбритания экономикасы жедел дамыды. Оның негiзгi себебi: Өндiрiстiк төңкерiс аяқталып, өнеркәсiп шаруашылығы жаңа құралдармен жабдық-талып, өндiргiш күш тез өстi. Шет елде ағылшын қаржысы үстем болды. Ұлыбритания отарлық империя ретінде өз отарларында үстемдiкке ие болды. Халықаралық сауда жүйесi ағылшын монополиясының қолында болды. Ұлыбританияның бақталас елдерi болмады. Ұлыбритания дүниежүзiндегі бiрден-бiр империя болды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында Ұлыбританияның көмiр өнеркәсiбi 20%-ға жаңа технологиямен жабдықталса, АҚШ-та көмiр өнеркәсiбiнiң 70%-ы жаңа техникамен жабдықталды. Көмiр шахталарында бұдан 50-60 жыл бұрынғы техника пайдаланылды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жаңа экономикалық дағдарысқа әкелдi. 1921 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 1913 жылғы шығарылған өнiмнiң 61%-ын бердi. Өнеркәсiптегi тұрақсыздық жұмыссыздықты көбейтiп, 1 млн адамға жеттi. Дүниежүзiлiк өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрудегi үлес салмағы төмендедi. 1913 жылы 15% болса, 1921 жылы 10%-ға жеттi.
Ағылшын корпоративтiк буржуазиясы жұмысшы табының сағын сындырғаннан кейiн, кәсiподақ ұйымымен және лейбо-ристік партиямен ынтымақ орната бастады. 1927 жылы тред-юнион конгресiнiң Бас кеңесi өнеркәсiп иелерiн бiрiгуге шақы-рып «өндiрiстi жақсарту және ағылшын өндiрiс тауарларының рынокке шығарудағы бақталастықты күшейту» туралы келiсiмге қол қойды. Өндiрiс иелері атынан Империялық химия трестiнiң басшысы Альфред Монд осындай келiсiмге келуге шақырды. Бұл келiсiмдiк саясат «Мондизм» деп аталды. 1928 жылы тред-юнион конгресiнiң жиналысында баяндама жасаған кәсiподақ басшылары «тап күресiнен бас тарту» керек екендiгiн айтты. «Мондизм» жұмысшы табына жақсылық әкелген жоқ. 1929-1933 жылдарда Ұлыбритания экономикасында дағдарыс күшейдi еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайы нашарлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет