Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет11/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1.Ішкі нарықтың бытыраңқылығы
2.Елдің бірігуінің аяқталуы жене Герман империясының құрылуы
3.Әлемді бөліске салу соғысына әзірлік
4.Үкіметке төтенше құзырет беру туралы заң (1914).
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1.Канделоро Дж.История современной Италии. М., 1975. Т-6.
2..Кин Ц.И. Италия на рубеже веков. Из историй общественно-политической мысли. М., 1980.
3..Триторьева И.В. К историй революционного-общественных связей между Россией и Италий в 60-90-егоды XIX в. М., 1968


Лекция 11 Австрия империясы. Австро-Венгрия
Қарастырылатын мәселелер:
1.Австро-неміс 1848 жылғы Австрия империясындағы революция.
2.Австро-Венгр саяси жүйесінің дағдарысы


1867ж. келісімі Австрияның ірі жер иеленушілері мен буржуазиясының венгер магнаттарымен компрамиссте болды. Келісімнің басты мақсаттарының бірі Пруссия тарапынан төнген қауіпке қарсы бірлесе одақ құру. Бұл келісім бойынша: Венгрия габсбургтер билеген жеке корольдік болды. Өз парламенті /сеймі/ бар өзінің саяси экономикалық дербестігі болды. Австрияның Венгрияда көздеген мақсаты: Венгер магнаттарына сүйене отырып басқа халықтарды езгіге салу. Келісім бойынша: Конституциялық-бюрократтық екі жақтық, мемлекет құрылды: Австрия-Венгрия. Бұл отау австриялықтардың да, венгерлердің мемлекеттік ұлттық құрамын көрсетпеді. Австрияның 27 млн халқының 10 млн-ы ғана австриялықтар. Венгрияда 10 млн венгер, 10 млн басқа словян халықтар, 52 млн халықтың 30 млн. словян халықтары Габсбургтер монархиясын Лейта өзені екігс бөлді: Австрия /Цислейтания/ 14 облыстан тұрды. /Жоғары, Төменгі Австрия, Чехия, Моравия, Галиция, Далмация, Тироль, Буковина/. Венгрия /Транслейтания/ Венгер жерлері. Словакия, Хорватия, Словения, Трансильвания, Закарпаттық Украйна т.б.
Жалпы ортақ министрліктер: Соғыс, сыртқы істер, финанс. Австрияның да Венгрияның да ішкі дербестігі сақталды. Финанстық, таможниялық, сауда келісімдерін екеуі он жылға жасап отырды. Жалпы империялық мәселені талқылау үшін жыл сайын 30-40 адамнан тұратын делегация жиналысында талқыланады.
1867 жылы Австрия - Венгрияда жаңа конституция енгізілді. Конституция бойынша мемлекет басында – Австрия императоры венгрия титулы король Австрияда – рейхерат екі палатадан жоғары палата және депутаттар палатасынан тұрды. Жоғары палата мүшелері – император үйінің принцтері ірі дін иелері Депутаттар палатасы габсбургтер корольдігі жерлерінен екі сатылық жолмен сайланған депутаттарынан тұрды.
Венгрияда екі палата магнаттар палатасы мүшелері – ірі жер иелері, ірі дін иелерін король тағайындады. Депутаттар палатасы мүшелері – ірі мүліктік цензалы, ашық дауыспен сайланады.
Көп ұлттық Австрия – Венгрия мемлекеті: ірі жер иелері, үстем тап өкілдері мүддесін қорғады. Олардың мүддесін сайлау жүйесі қамтамасыз етті. Сайлау құқын мүлік байлығы, жасы, куриялық жүйе шектеді. 1867 жылғы конституция ұлттық езгіні бекітті.
Австро - Венгрия құрамындағы халықтар
Наполеон соғыстарынан Австрия территориясы ұлғайып шықты. Вена конгресінде Австрияға Солтүстік Италия /Ломбардия-Венеция облыстары/ қосылды Герман одағында ықпалды орыңды иемденді. Габсбургтер үйіне 10 провинция, жоғарғы және төменгі Австрия, Тироль. Штирия, Каринтияда австриядықтар басым болса, оңтүстіктегі Кройне, Истрия, Дальмацияда халықтың басым бөлігін словендер мен хорваттар құрады.
Чехия, Моравия және Силезияда негізінен чехтар тұрды. Чехияның Германияға жақын бөлігінде Судет тауы, облыс-райондарында, қалаларында австриялықтар көп тұрды.
Батыс Ғалицияда поляктар, шығысында және Буконинада украиндар мекен етті. Венгер корольдығының Дунай мен Тиса ортаңғы ағысында Венгерлер, корольдықтың солтүстік - батысында словактар, онтүстікте - Хорватия мен Славонияда хорваттар, Банатта - сербтер, немістер, валахтар, Карпаттық Украйнада - украиндер көптеп тұрды. Венгерлер корольдық халқының 2/5-ін құрады.
1867ж. келісімнен кейін Австро-венгрия империясында неміс, венгер ұлттарының үстемдігі орнады. Бұл елде демократиялық, ұлттық қозғалыстын туындауына ықпал етті. Әсіресе Австрия мен Чех буржуазиясы арасындағы күрес шиеленісті. Чех буржуазиясының венгерліктермен бірдей чех жеріне құқығы болды. Чехиядағы ұлттық қайшылықтар ұлттық партияда 1867 жылғы келісімнен кейін тіпті өршіп кетті. 1874 жылы партиядан сол қанаты Младочехи бөлініп, дербес ұлттық либералдық, партия құрды. Консервативтік /Старочехи/ оң қанаттағылардан младочехтардың айырмашылығы Младочехтар: Жалпыға бірдей сайлау жүйесін енгізуді, Чехияның Венгрияда венгерлермен бірдей ету. Австро-Венгрияны үш жақты, Австрия, Венгрия, Чехия етіп құруды талап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет